Шымкент қаласы
Жекеменшік «Төржан» гимназиясының
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі
Тайтелиева Гүлмира Абдихаймовна
педагог-зерттеуші
еңбек өтілі – 30 жыл
ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ
Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану. Заман ағымына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы.
Сапалы білім - ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету - мұғалімнің басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады", - деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез-келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбелеу мәселесін қойып отыр. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыреттілік, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
Бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм құзыреттiлiгi жансыз жаттанды бiлiм түрiнде емес, оқушының жеке тұлға ретiнде танымға, ойлауға қатысын, әрекетке, белгiлi бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн талдауға, ұтымды тұрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.
Сонымен қатар оқушылар бойын
тәртіпті, көпшіл болуға, мінез-құлық
мәдениетін, жауапкершілікті және адамгершіліктің өзге де
белгілеріне тәрбиелейді, оқушылар бойында күш, ептілік, төзімділік
секілді моральдық-ерік сапаларын қалыптастырады. Олардың бойындағы
патриоттық сезім, яғни өз халқын, ұлтын мақтан тұту, жат қылықтарға
төзбеу, намысшыл болу, салт-дәстүрді қастерлеу, оны білуге
құштарлану, өз достарына, ұстазына, мектебіне деген сүйіспеншілікте
болуы, еңбекқорлық, т.б.
Мұғалімдерге алғашында пән бойынша оқуды ұйымдастыруда оқу ресурстарын таңдау және өзінің сыныбының қажеттілігіне сәйкес бейімдеу оңай болмады. Оқулықты ресурс ретінде қолданудың орнына оқулықпен оқыта берген жағдайлар кездесті. Ол жағдайда оқу мақсаттарына сәйкес тапсырмалардың берілмеуі әбден мүмкін. Сондықтан, бүгінгі мақаламда ресурстарға тоқталғым келеді. Ресурс деген не? Ғаламторда оған төмендегіше түсініктеме беріп, түрлеріне тоқталады. Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), қосалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері. Негізгі түрлері: ақпараттық ресурстар, банк ресурстары, бюджет ресурстары, еңбек ресурстары, қаржы ресурстары, материалдық ресурстар, табиғат ресурстары, экономикалық ресурстар, энергетикалық ресурстар т.б.
Оқытуда қолданатын ресурстардың бұл ресурстардан айырмашылығы қандай?
Оқыту мен оқуды жоспарлауда оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің қолданатын ақпараттық ресурстары. Ақпараттық ресурстар - әлеуметтік мәні бар және қоғамдық іс-тәжірибеде пайдаланылатын ақпараттық материалдардың (ақпараттық құжаттардың, ақпараттың), сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпараттың жиынтығы.
Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық аспектілеріне ақпараттық-коммуникациялық желіліер мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына қол қойылды. Заңға сәйкес, Қазақстандағы интернет- ресурстары атап айтқанда портал, форум, блог, чат, WAP портал, интернет телевидение, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары теңестірілді. Біз ақпараттық ресурстардың электронды және қағаз түрін қолдануымыз мүмкін. Оқытуда қолданылатын анықтамалық ресурстар:
-
Сөздіктер;
-
Пән бойынша ұсынылған кітаптар;
-
Әдістеме туралы кітаптар, газет-журналдар;
-
Оқулықпен бірге ұсынылған мұғалім нұсқаулығы;
-
Әдістеме, пән бойынша білім негіздері туралы ақпарат беретін ғаламтор сайттары;
-
Энциклопедиялар.
Анықтамалық ресурстарды қолданудың артықшылығына тоқталатын болсам:
1) Пән бойынша тілдік бірлікті (сөздің мағынасы, терминдер) жөнінде оқушыға лайықталған мәлімет ұсыну;
2) Сөздердің дұрыс қолданылуын, басқа сөздермен бірлікте айтылуы және жазылуын тексеру үшін;
3) Сабақтағы тілдік мақсатты жүзеге асыру үшін (функционалдық грамматика, коммуникативтік дағды үшін, т.б.);
4) Жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығуларды сабаққа қосу үшін (мұғалім нұсқаулығы, әртүрлі сабақ үлгілері, тапсырма түрлерін пайдалану);
6) Мұғалім нұсқаулығы (сабақ жүргізу туралы көп ақпарат береді, алайда белгілі бір сыныптағы жағдайға сай келе бермейді, сол себепті бейімдеп, толықтыру керек);
7) Сабақ немесе оқу материалдары жөнінде әріптестерден көмек сұрау.
8) Әдістеме, сөздіктердегі мәліметтер ескіруі мүмкін, сол себепті соңғы кезде шыққан материалдарды пайдалану (ғаламтор сайттарын пайдаланған өте қолайлы, іздеу ұзақ уақытты алмайды).
Мұғалімдер жиі қолданатын әдістемелік материалдар (http://www.smk.edu.kz/, https://bilimland.kz/ru ) сайтында орналасқан. http://www.smk.edu.kz/ сайтында мұғалімге көмек көрсетумен қатар, сұрақтарына жауап ала алатын диалогтік алаң-форум бар. Көп жағдайда сұрақтарымызға нақты жауап алып отырдық. Сонымен бірге сабақта қолдануға тиімді интернет ресурстар қатарына: Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ), Сөздіктер (http://www.lugat.kz/, https://kitap.kz/ әмбебап сөздік)Кітапханалар (http://kazneb.kz/, https://nlrk.kz/page.php)
Әдеби кітаптар (http://adebiportal.kz/kz, https://kitap.kz/ http://www.madenimura.kz/) сайтын қосуға болады.
Еліміздің барлық орта мектептеріне тегін қолдануға берілген www.Twig-BilimLand.kz сайтындағы видеоресурстар, аудиоресурстар сапалы болып отыр.
Қазіргі таңда шалғай ауылдағы мектеп мұғалімдері үшін негізгі оқыту ресурстары оқулықтар болып табылады. Оқулықтағы тиімді тапсырмаларды да жиі қолданамыз. «Атамұра», «Мектеп» және «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ баспаларынан шыққан оқулықтардың тапсырмалары оқушы мотивациясын оятып, белсенді оқуға әкеледі.
Әдетте, оқулық бірнеше компоненттен тұрады: оқулық, мұғалімге арналған нұсқаулық, оқушының жұмыс дәптері (әр баспа әртүрлі дайындауы мүмкін); Мұғалімге арналған нұсқаулықтарда ұзақ мерзімді жоспардың бағдарламадағы ұзақ мерзімді жоспармен сәйкес келмеуі орын алған тұстар кездесті. Мұғалім ең алдымен, оқу бағдарламасының 3-тарауындағы қосымша ұсынылған ұзақ мерзімді жоспармен сәйкестігін анықтауы тиіс.
Оқулықтағы материал өте тиімді ұсынылса да, ол әрдайым сынып деңгейіне сай келе бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда мұғалім берілген ресурсты, тапсырманы сынып деңгейіне сай етіп күрделендіріп немесе жеңілдетуі тиіс. Сондықтан сыныптың тілдік деңгейін анықтап алу қажет. Ол үшін мұғалім алдымен диагностикалық тест, сауалнама, сұқбат, т.б. жүргізеді. Кейде біздің оқулықты таңдау мүмкіндігіміз де болмауы мүмкін, бірақ оқулықта ұсынылған материалды тиімді пайдалана білуіміз керек.
Білім беру бағдарламасы бойынша белсенді мұғалімнің ұстанатын белсенді оқу қағидатының бірі ресурсты дұрыс таңдай алуы болып табылады. Онда мұғалім өзі таңдап алатын ресурстарына мынадай сипаттар тән екеніне көз жеткізуі қажет:
-
Ұйымдастырылған (қай жерде, қалай қолданатыны нақтыланған);
-
Қолжетімді(оқушылардың әрқайсысының кедергісіз оқуы немесе тыңдауына жағдай жасалған);
-
Ұжымдаса қолдануға қолайлы;
-
Бәріне таныс(алдын ала оқушыларының тілдік деңгейін ескерген);
-
Әзірленген(күрделендірілген немесе жеңілдетілген);
-
Жүйелі қолданылады(ресурстарды тиімділігі ескерген);
-
Уақыт өткен сайын күрделіп отырады;
-
Сапасы жақсы.
Сонымен бірге мұғалімдердің оқушының жас ерекшелігі мен танымын ескеріп, ресурстарды таңдай алады. Көп жағдайда http://www.smk.edu.kz/ сайтынан жүктелген орта мерзімді жоспарларда көрсетілген сілтемелерді қолданамын. Сонымен бірге төмендегі сайттардан ақпараттарды да қажеттілігіне қарай саралап қолданамын. Ақпарат іздеуде қолданатын сайттар қатарына: GoogleScholar - Ғылыми мақалалардың толық мәтінін барлық түрі мен пәндерді индекстейтін еркін қолжетімді іздеу жүйесін, google.com интернетте ақпаратты жылдам әрі қарапайым түрде іздестірумен қамтамасыз ететін іздеу сервері. http://www.bing.com/
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламаларының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде оқушылардың шығармашылық және зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
Тіл қарым-қатынас құралы болып табылады. Тілді оқытудың әдіс-тәсілдері оқу ортасы мен мәнмәтінді ескере отырып, оқушыны тиімді білім алу үшін ауадай қажет болып табылатын дербестікке ұмтылуға оң ықпал етуге тиіс.
Қорыта айтқанда, жан-жақты жетілген, білімді, білікті азамат болуға тәрбиелейді.Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз