400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Орта ғасырлар тарихы нені оқытады

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұнындағы жоспарлар. ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6. 1А VI – IX ғғ. Қазақстан

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Кіріспе сабақ.

Зерттеу сұрағы: Орта ғасырлар тарихы нені оқытады?


Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Қазақстанның орта ғасырлар тарихына жалпы шолу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Орта ғасырлар кезеңіндегі өзгерістерді анықтайды;

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері мен олардың ерекшеліктерін түсінеді.


Бағалау критерийлері

Сыни ойлау. Орта ғасырлардың әр кезеңіндегі маңызды өзгерісті анықтайды.


Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Орта ғасыр, халық, этнос, этноним, түрік, қағанат, қаған, ерте орта ғасыр, дамыған орта ғасыр, Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі.


Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Ортағасырлық кезеңінің ерекшелігі....

Орта ғасырда Қазақстан аумағында ...

Ортағасырлық дәуірі........кезеңнен тұрады.

Ең маңызды өзгеріс .... болды.

Алдыңғы білім


Ежелгі Қазақстан дәуіріндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдар, тайпалық одақтар, ежелгі дәуірдің ерекшеліктері.


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

0-5 мин





Сабақтың ортасы

5-15









15-25























25-35

Ұйымдастыру:

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.

Ой қозғау:

Орта ғасырлар қандай кезеңдерге бөлінеді? (алдыңғы сабақ материалын еске түсіру)

Бұл кезеңдер бір-бірінен қалай ерекшеленуі мүмкін?


(Т) Тапсырма 1. Орта ғасыр кезеңдерін талдау.

Орта ғасырлардың әр кезеңі бойынша өзгерістерді кестеге толтырады:

1-топ. Ерте орта ғасырлар

2-топ. Дамыған орта ғасырлар

3-топ. Қазақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі.


Ерте орта ғасыр

Дамыған орта ғасыр

Кейінгі орта ғасыр





(Т) Тапсырма 2. Орта ғасырлардың үш кезеңі бойынша стикерлерге белгілі тұлғалар, оқиғалар және ұғымдарды жазып, 1-сабақтың басында дайындалған уақыт сызығына орналастыру. (Алдын-ала стикерлерге кейбір маңызды ұғымдарды жазып қойып, оқушыларға ойлануға беріңіз).

Уақыт сызығы бойынша келесі сұрақтар қою:

Ежелгі дәуір мен орта ғасырлар кезеңдері арасында қандай сабақтастықты байқадыңыз?

Сіздің ойыңызша, адамзат қоғамының дамуында әр кезеңнің қандай маңызы болды?


Бағалау (оқушылардың бірін-бір бағалауы)

Бағалау критерийі: Орта ғасырлардың әр кезеңіндегі маңызды өзгерісті анықтайды. (1-2-тапсырма)

Дескрипторлар:

Ерте орта ғасырлардағы кемінде 3 өзгерісті біледі;

Дамыған орта ғасырлардағы кемінде 3 өзгерісті түсіндіреді;

Кейінгі орта ғасырлардағы кемінде 3 өзгерісті атайды.

Кезеңдер арасындағы сабақтастықты түсіндіреді;

Кезеңдердің ұқсастығы мен айырмашылығы туралы дәлелдер келтіреді;

Орта ғасырлардың адамзаттың даму тарихындағы маңызы туралы пікір келтіреді.


(Ж) Орта ғасырлардағы өзгерістерді топтастыру. Тақтаға төрт бөліктен тұратын кесте сызыңыз.




Саяси



Экономикалық

Мәдени

Әлеуметтік



Оқушылар алдыңғы тапсырмада уақыт сызығында стикерлерге жазылған оқиғалар немесе ұғымдарды кесте бөліктеріне тиісті салалар бойынша орналастыру керек. Оқушыларды қоғамдық өмірдің әр саласында орта ғасырларда ірі өзгерістер болғаны туралы қорытынды жасауға жетелеңіз.




Орта ғасырлардағы Қазақстан картасы:

http://www.tarih-begalinka. kz/ kk/ history/ medieval/maps/


Хронология тюркской государственности:

https://www.youtube.com/watch?v=QatYv-4VP6Y (карталар)



Аманжолов Қ. Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 кітаптар. – Алматы: Білім, 2002 ж.


Сабақтың соңы


35-40




Қорытындылау:

Қазақстан тарихында орта ғасырлар кезеңінің қандай негізгі ерекшеліктері бар?

Мұғалімнің кері байланысы.


Рефлексия: «Білдім – Білемін – Білгім келеді».



Стикерлер

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Оқушылар бағалау критерийі арқылы бір-бірін бағалайды.

Сабақ барысында белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану. Интерактивті тақтаны мөлшерлі пайдалану.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
1169
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі