ОРТА
МЕКТЕПТЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ КӨМЕГІМЕН
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Алменбетова
Улбосын Аманкуловна
almenbetova76@list.ru
Кенесары
Қасымұлы атындағы №33жалпы орта білім
беретін мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында
Білім беру жүйесінің басты міндеті
–ғылым мен практика жетістіктері
негізінде дамытуға және сапалы білім
алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
оқытудың жаңа технологияларын тиімді
пайдалану [1].
Сөздіктерде
берілген анықтамалар бойынша «технология»
сөзінің мағынасы грек тілінен аударғанда
«techne» «шеберлік, өнер» туралы ғылым деп
берілген.
Білім
беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық
технология дегеніміз – оқу және
оқу-әдістемелік материалдар жинағы,
оқу қызметіндегі техникалық құралдар,
олардың рөлі мен орны туралы ғылыми
білімнің жүйесін және оқытушылар
еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды
қолдану формалары мен әдістері деген
анықтама беруге болады.
Қазіргі
уақытта көптеген білім ошақтарында
сабақ барысында электрондық интерактивті
тақта қолданылады. Интерактивті –
«inter» өзара, «akt» - әрекеттесу деген
мағынаны білдіреді.
Сабақты
түсіндіру барысында оқытушы тақта
алдында тұрып бір мезетте мәтіндік,
аудио, бейне құжаттарды DVD, CDROM және
интернет ресурстарын қолдана алады. Ал
аудио және видео ақпаратты бір мезгілде
қолдану есте сақтауды 40-50 пайызға дейін
арттырады.
Сонымен
қатар, интернетке қосылған интерактивті
тақта арқылы басқа қаладағы, басқа
мемлекеттегі оқытушылардан да дәріс
алуға мүмкіндік бар. Интерактивті тақта
әртүрлі бағытта оқытуды және сабақ
беруді өзгертуі мүмкін. Алдын-ала
дайындалған оқу материалдары –
презентациялар, мәтіндік, графикалық
ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы
өтуін және барлық ақпарат түрлерін
қолдануды қамтамасыз етеді[2].
Электрондық
оқулық – бұл бағдарламалы–әдістемелік
кешен, компьютердің көмегімен дидактикалық
әдіс-тәсілдер және ақпараттық технологияны
қолдануға негізделген ғылыми- педагогикалық
құрал. Электрондық оқулықтарды пайдалану
оқушылардың танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс
жасауға жағдай жасайды.
Электрондық
оқулық арқылы түрлі суреттер, анимация,
гиперсілтеме, бейнекөріністер, дыбыс
және музыка тыңдатып көрсетуге болады.
Бұл, әрине, оқытушының тақтаға жазып
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі
әсерлі.
Электрондық
оқулықтардың тиімділігі:
-теориялық
материалды өз бетімен оқып үйренуге,
зерттеуге мүмкіндік береді;
-
сабақты иллюстрациялық материалдармен
жабдықтауға көмектеседі;
-сабақта
және сабақтан тыс уақытта өз бетімен
әртүрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар
орындауға мүмкіндік береді.
Соңғы
уақытта қашықтан оқыту түрі біршама
сұранысқа ие. Қазақстанда қашықтан
оқыту жүйесіне қызығушылық өсуде.
Қашықтықтан оқыту – оқулық материалды
жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену.
Серверде
интерактивті бiлiм беретiн сандық қорлар
базасы, сонымен қатар оқытушылардың
дәрiстерiнің бейне курстары бар.
Вебинар
мүмкiндiктері күндізгі оқитындардың
мүмкіндігімен бірдей, көзбе-көз on-line
арқылы оқытушымен қарым-қатынас бұл
технологияны тiптi тартымды етері сөзсіз.
«Вебинар» термині бізге ағылшынның
«webinar» (web + seminar) сөзінен келген.
Вебинар
– Интернет желісі арқылы қашық режімде
сәйкесінше техникалық құралдардың
қолданылуымен жүзеге асырылатын семинар.
Қажетті
техникалық құралдарға мыналар жатады:
вебинарларды жүргізуге қажетті
программалық қамтамасыз ету, сонымен
қатар, микрофон. Сондай-ақ, вебинарларға
арналған программалық қамтамасыз ету
веб-камераларды пайдалануды қолдайды.
Веб-камералар арқылы қатысушылар,
мысалы, оқытушылар бірін- бірі көрулеріне
мүмкіндік туады.
Еліміздің
орта білім беру жүйесінде E-learning
электрондық оқыту жүйесі қолданылады.
E-learning (ағылшын тілінен Electronic Learning
қысқартылған) – электрондық оқыту
жүйесі, қашықтықтан оқыту, компьютердің
көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуалды
оқыту, ақпараттық, электрондық
технологиялардың көмегімен оқыту
терминінің синонимі. E-learning – Интернет
және мультимедиа көмегімен оқыту.
Зерттеу
жүргізу барысында орта мектептің
математикасабағында мәтіндік есептерді
шығару жолы интерактивті тақтаны қалай
тиімді пайдалануы менMicrоsoft PoverPoint
компьютерлік бағдарламаны қолдануы
қарастырылды.
Мәселе
есептерді келесі топтарға бөліп
қарастыруға болады:
Арифметикалық
амалдардың компоненттерінің өзара
тәуелділігіне арналған есептер;
Жұмыс
және еңбек өнімділігіне арналған
есептер;
Қозғалысқа
арналған есептер;
Концентрация
және пайыздық құрамға арналған есептер;
Пайызға
арналған есептер.
Мәселе
есептерді шешуде қандай да бір ортақ
шешу әдісі жоқ, алайда есептерді
шығарғанда, келесі схеманы қолдануға
болады:
Ең
алдымен есептердің шартын ауызша
қайталай алатындай түсіну;
Ізделінді
өлшемдерді (өлшемді) әріптермен
(әріппен) белгілеп алу.Көп жағдайда
есепте берілген көмекші белгісіз
өлшемдерді (өлшемді әріптер (әріп)
арқылы белгілеп алу есептің шығарылуын
жеңілдетеді;
Ізделінді
белгісіз өлшемді берілген және көмекші
өлшемдер арқылы өрнектеу;
Теңдеуді
(теңдеулер жүйесін) құру, яғни бір
өлшемді беретін екі өрнек құрып, оларды
теңестіру;
Құрылған
теңдеудің (теңдеулер жүйесінің) түбірін
(шешімін) табу;
Теңдеуден
(теңдеулер жүйесінен) шыққан жауаптың
есептің шартын қанағаттандыратынын
тексеру.
Ақпараттық
технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты
білім алуына, іскер әрі талантты,
шығармашылығы мол, еркін дамуына жол
ашатын педагогикалық, психологиялық
жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы
зор.
Әдебиет
1.
Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңы. 2007 жылғы 27 шілде, 319 бет.
2.
Жұмашева Ж.Т. Онлайн режімінде вебинар
форматында дәріс сабақтарын жүргізу/
«Садықов оқулары: білім беру кеңістігіне
инновациялық технологияларды енгізу
мәселелері және жолдары» тақырыбындағы
халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары. 26-28.09.2013,
Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 2013,
б.316-317.