400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Орта мерзімді сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақтың сапалы білім алуының бірден-бір шарты-мұғалімнің ізде-німпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім дең-гейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, педагогикалық білім-дерін жетілдіріп, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті деп білемін. Оқытудың озық әдістерін меңгерген жаңа-шыл ұстаз болу-бүгінгі күннің басты талабы. Осы себепті мен де өз іс-тәжіри-бемді өзгертіп, сабақтарымды жаңаша ұйымдастыра алуым қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Жас ұрпақтың сапалы білім алуының бірден-бір шарты-мұғалімнің ізде-німпаз болуы. Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білім дең-гейімен өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша құрып, педагогикалық білім-дерін жетілдіріп, оны дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу-әрбір ұстаздың міндеті деп білемін. Оқытудың озық әдістерін меңгерген жаңа-шыл ұстаз болу-бүгінгі күннің басты талабы. Осы себепті мен де өз іс-тәжіри-бемді өзгертіп, сабақтарымды жаңаша ұйымдастыра алуым қажет.

Математика пәні- мектептегі басты жетекші пәндердің бірі. Қазіргі кездегі математика пәніне қойылатын жаңа талаптар:

1.Мектепте сабақ беретін ұстаздар-сыни тұрғыда ойлай алатын, кәсіби біліктілігі жоғары маман болуы.

2. Білімнің негізін қалап, балалардың бойында білімге деген құштарлығын ояту.

3. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту. «Мұғалім-оқушы» арасындағы қарым-қатынастар сапасын жақсарту.

4. Білімді күнделікті өмірде пайдалануға бағыт беру.

Балалардың оқуын дамытуға бағытталған оқу және оқыту ортасын құру үшін балалардың қалай оқитынын түсінуім маңызды. «Егер адамдардың қалай оқитыны туралы психологиялық еңбектерге сүйенетін болсақ, ол үш түрлі теорияда қарастырылады: танымдық теория, аффектілік теория, әлеуметтік теория. Танымдық теория адамдардың еске сақтау,қабылдау,ойлау сияқты үдерістерді зерттеуге негізделген. АҚШ-тағы Мэн штатындағы Бефель ұлттық оқу зертханаларының зерттеулері нәтижесінде білім алушылардың алған ақпаратты меңгерудің орташа пайыздық көрсеткіші көрсетілген.Жоғары көрсеткіштерге талқылау, білімді тәжірибеде қолдану, басқаларды оқыту әдістері ие болды. Олай болатын болса, оқушы оқу үдерісінде белсенді араласқан кезде ғана оқу материалын терең меңгеруге қол жеткізе алады.

Әлеуметтік теория адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасау нәтижесінде туындайтын оқуға негізделеді. Бұл туралы Выготский баланың өзекті даму аймағынан жақын арадағы даму аймағына өту үшін ересектер мен анағұрлым қабілетті құрбы-құрдастары әсерінің маңыздылығы туралы айтқан.

Аффектілік теория оқудағы эмоциялардың үлесі жағынан қарастырылады. Балалар белгілі бір жағдайдың әсерімен білім алғанда, оқуға олардың эмоциялары да үлес қосады. Оқушыларды ынталандыру, таң қалдыру, қызықтыру, қолдау көрсету, балалардың оқуына жағымды және қолайлы орта қалыптасуына ықпал етеді.» (Орта мерзімді жоспарлау: талап, түйсіну, рефлексия; Астана 2014).

Математика пәнін оқытуда мына бағыттарды ескеруім керек:

-оқушыға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру,

-оқушыларға топтасып есеп шығаруға жағдай жасау,

-оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату,

-іс-ірекет барысында білім игеруге жол ашу.

Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты «дайын білімді» қабылдау арқылы оқушылардың бойында қажетті дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың оқуға бағытталған ортадағы арнайы іс-әрекет барысындағы дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту-балалардың білімді өздігінен оқып-үйренуіне, есеп шығаруына бағытталуы керек.

Математиканы тиімді оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегі іскерліктерін практикада қолдануды көздейді, олар:

-формулалар мен ережелерді есте сақтау(аса көп күш қажет етпейді);

-олардың мәні мен маңызын түсіну;

-шыққан есептердің нәтижелерін дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;

-анализ(нәтижеге бірнеше есеп шығару жолымен жету);

-синтез(нәтижелерді топтастыру);

-бағалау(есептің мазмұны мен сапасы туралы пікір бөлісу).

Осы аталған іскерліктерді математиканы оқытуда қолдана білсек, математиканы оқытудың ұйымдастыру ережелері шығады:

  1. Сыныпты жұмысқа дайындау.

  2. Топқа бөлу.

  3. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.

  4. Қажетті ресурстардың түгел болуы.

  5. Барлық сынып оқушыларын есеп шығаруға жұмылдыру.

  6. Тыңдай білу, барлық пікірлер тыңдалу керек.

  7. Жазбаша жұмыстар.

  8. Кері байланыс.

«Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасынан алған білімімді тәжірибемен байланыстыру мақсатында мектебімнің өзім сабақ беретін 9-сынып оқушыларына алгебра пәнінен орта мерзімді жоспар(тізбектелген сабақтар топтамасын ) жоспарладым. Тізбектелген сабақтар топтамасы «Теңдеулер. Теңсіздіктер және олардың жүйелері» тарауынан «§1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу», «§2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу және оларды шешу» тақырыптарын қамтыды.

Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудағы мақсатым: Бағдарламаның жеті модулін өз оқыту тәжірибеме енгізу,кіріктіру, ықпалдастыру. Оқу мақсаты- «оқушының нені білуі мен нені үйренуі керек?» деген сұраққа жауап берумен астасады. «Теңдеулер» тақырыбы бойынша оқушылардан күтілетін нәтиже: 1) Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын, формуласын, графигін салуды білу; 2) Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің анықтамасын, формуласын, графигін салуды, дәрежесін анықтай алуды білу. Екі теңдеудің бір-бірінен айырмашылығын ажырата білу. Табыс критерийлері(барлығы, көпшілігі, кейбіреуі) оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар ретінде қарастырылады. Табыс критерийлерін айқындау мұғалімге оқушылардың алға жылжуына қолдау көрсетуде, оқушылардың өзін-өзі бағалауына, өзара бағалауына мүмкіндік береді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өзара бағалауы формативті бағалау ретінде Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің жоспарға енгізілгенін көрсетеді. Сабақтың барысында мұғалім үнемі бағалау жүргізіп отырады. Бағалауды мұғалім бақылау, зерделеу немесе сұрақтар қою арқылы жүргізе алады. Сыныптағы әртүрлі деңгейдегі оқушылардың оқу қажеттіліктерін ескеріп, әрбір сабақтағы барлық, көпшілік және жекелеген оқушылардың табыс критерийлерін айқындадым. Бұл жерде орта мерзімді жоспарға «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулі мен «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі кіріктіріледі. Әрбір оқушыдан әртүрлі нәтиже күте отырып, олардың дамуына бағытталған тиімді әдістерді қолданып, оқу мен оқыту үдерісін инклюзитивті оқыту ортасына айналдырамын деп ойлаймын. Сыныпта әртүрлі қажеттіліктері бар оқушылар отырады. Сыныбымда дарынды және талантты оқушылар немесе сыныпта қарастыратын сұрақ бойынша білімі мен дағдысы жеткілікті деңгейдегі оқушылар бар.

Оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытатын модульдердің бірі-«Сын тұрғысынан ойлау». Сын тұрғысынан ойлау модулі оқушылардың өздігінен ізденіп, өз бетімен ойлануына, өз пікірін жеткізе білуіне үйретеді, сынып оқушыларының жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ал мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлана отырып: оқушының танымдық ойлауын дамыту, математика пәніне қызығушылығын арттыру, іздене отырып нақты шешім қабылдауға дағдыландыру, сөйлесу мәдениетін дамыту, ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге үйрету,өз білімін бағалай білуге үйретуге бағытталған оқытудың түрлі әдістерін, стратегияларын жоспарлайды және іске асырады. « Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі негізінде жатыр. «Диалог негізінде оқыту және оқу» оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 9-бет) Осыдан біз «Сын тұрғысынан оқыту» модулі мен «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің бір-бірімен байланыса іске асатынын көреміз. Диапроектор арқылы слайдтарда үй жұмысының шығарылуын, есептерді, тест тапсырмаларын көрсету, оқушылардың компьютерді, ноутбукті, ұялы телефонды, ғаламторды пайдалана білуі-«Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды(АКТ) пайдалану» модулінің кіріктірілуі болып табылады. Сонымен қатар ақпараттық технология оқушыға оқу материалын қайталауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға, уақытты үнемдеуге тиімді. Ақпараттық технология мұғалімнің қосымша құралы ретінде ғана қолданылады.

«Оқытуды басқару және көшбасшылық модулі: Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ) бағдарламасы « мұғалім-оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделген. Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 82-бет) Мұғалім сабақты жоспарлайды, сабақтың өтілу барысын қадағалайды, барлық оқушыны сабаққа қамтуды, тапсырмалардың тиімді болуын, сұрақтардың дұрыс қойылуын, оқушылардың жұпта, топта белсенді жұмыс істеуін ұйымдастырады. Бұл мұғалімнің сабақтағы көшбасшылығының көрінісі.


























Тізбектелген сабақтар топтамасындағы орта мерзімді сабақ жоспары

Алгебра 9-сынып

Р/с

Сабақ тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сабақ мақсаты

Сабақта модульдердің кіріктірілуі

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау

Барлық оқушылармен жұмыс (тапсырмалар)

Негізгі дерек көздер, ресурстар

1

§1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Барлық оқушылар:Екі айны

малысы бар сызықтық теңдеу анықтамасын, формуламен жазылуын, графигін салуды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәндес теңдеу

лердің қасиеттерін қолданып,теңдеулерді түрлендіре алады.

Кейбір оқушылар: кез-келген екі айныма

лысы бар сызықтық теңдеулердің шешім

дерін анықтап, графи

гін координаталық жүйеде кескіндей алады.

1.Сын тұрғысы

нан ойлауға үйрету

2.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

5.Оқытуды басқару және көшбасшылық

6.Оқушылардың жас ерекшелік

теріне сәйкес оқыту және оқу

7.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

1. «Ізгі ой шебері»

шаттық шеңбері

2. «Функциялар атауы»арқылы топқа бөлу.

3. Үй тапсырмасын тексеру

4.Ой қозғау.

5. Тұжырымдамалық жұмыс жасау.

6.Деңгейлік тапсырмаларды орындауда топпен бірлесе талқылау арқылы өзіндік ой-тұжырымын қалыптастыру.

7.Кері байланыс «Инсерт» әдісі

Формативті бағалау:

өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.


Деңгейлік тапсырмалар

А:№1,№2,№3

В:№11

С:№15

(ескерту: А, В, С деңгейлік тапсырмалары оқулық бойынша алынған)

Алгебра Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, Алматы «Мектеп» 2006,

А.Әбілқасымова,

А.Абдиев,

З. Жұмағұлова.

6-сынып Математика оқулығы,Т.А. Алдамұратова,Т.С.Бай-шоланов. Геометрия 8-сыныпқа арналған оқулық,И.Бекбоев, А.Абдиев,Ж.Қайдасов,Г.Хабарова Алматы «Мектеп» 2008;

2

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбына есептер шығару

Барлық оқушылар:Екі айнымалысы бар сызық

тық теңдеу анықтама

сын, формуламен жазылуын, графигін салуды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәндес теңдеу

лердің қасиеттерін қолданып,теңдеулерді түрлендіре алады.

Кейбір оқушылар: кез-келген түзудің теңдеуін жаза алады

1.Сын тұрғысы

нан ойлауға үйрету.

2.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

5.Оқытуды басқару және көшбасшы

лық


1.Шаттық шеңбері «Серіппелі доп»

2. «Фигуралар атауы» арқылы топқа бөлу

3. Үй тапсырмасын тексеру

4. «Кім жылдам?»

5. «Формуланы түрлендір»

6. «Түзу теңдеуін жаз» графикпен жұмыс

7.Кері байланыс «ББҮ» әдісі


Формативті бағалау:

өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.


Деңгейлік тапсырмалар

А:№6

В:№12,№13,

№14

С:№16

(ескерту: А, В, С деңгейлік тапсырмалары оқулық бойынша алынған)

Алгебра Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, Алматы «Мектеп» 2006,

А.Әбілқасымова,

А.Абдиев,

З. Жұмағұлова.

6-сынып Математика оқулығы,Т. А. Алдамұратова, Т.С. Баайшоланов. Геометрия Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық,И.Бекбоев,А.Абдиев,Ж.Қайдасов,Г. Хабарова, Алматы «Мектеп» 2008

3

§2. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу және оларды шешу

Барлығы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу анықтамасын,формула

мен жазылуын, екі айны

малысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесін анықтауды біледі.

Көпшілігі: Екі айныма

лысы бар сызықтық емес теңдеудің формуласын пайдаланып, шеңберді, параболаны, кубтік параболаны, гиперболаны сала алады.

Кейбірі: Берілген нүктенің координатасы арқылы Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің белгісіз коэффициентін есептей алады.

1.Сын тұрғысы

нан ойлауға үйрету.

2.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

5.Оқытуды басқару және көшбасшылық

6.Оқушылардың жас ерекшелік

теріне сәйкес оқыту және оқу

7.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

1. «Жылы лебіздер» шаттық шеңбері

2. 1-ден 4-ке дейін сандаржазылған кеспе қағаздар арқылы топқа бөлу.

3. «Жұбыңның жұмысын тексер» үй жұмысын бағалау.

4.Өткен сабақты пысықтау(тест:жеке жұмыс,топтық жұмыс, сыныппен талқылау).

5. «Қарлы боран» әдісі, жаңа тақырыпты талқылау

6.Деңгейлік тапсырмаларды орындауда топпен бірлесе талқылау арқылы өзіндік ой-тұжырымын қалыптастыру

7. «Активатор 3-2-1» кері байланыс жасау

Формативті бағалау:

өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.


Деңгейлік тапсырмалар

А:№19, №20

В:№25,№26,

С:№31

(ескерту: А, В, С деңгейлік тапсырмалары оқулық бойынша алынған)

Алгебра Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, Алматы «Мектеп» 2006,

А.Әбілқасымова,

А.Абдиев,

З. Жұмағұлова.

Алгебра 8-сынып ӘбілқасымоваА., И.Бекбоев,А. Абдиев,З. Жұмағұлова Алматы «Мектеп» баспасы 2012ж;Геометрия Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық,И.Бекбоев, А.Абдиев,Ж.Қайдасов, Г.Хабарова, Алматы «Мектеп» 2008

4

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу және оларды шешу тақырыбына есептер шығару


Барлық оқушылар:Екі айны

малысы бар сызықтық емес теңдеу анықтама

сын, формуламен жазылуын,

екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің дәрежесін анықтауды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Екі айнымалысы бар сызық

тық емес теңдеудің формуласын пайдаланып, шеңберді, параболаны, кубтік параболаны, гиперболаны сала алады.

Кейбір оқушылар: Берілген нүктенің координатасы арқылы екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеудің белгісіз коэффициентін есептей алады.

1.Сын тұрғысы

нан ойлауға үйрету.

2.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

3.Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

5.Оқытуды басқару және көшбасшылық

6.Оқушылардың жас ерекшелік

теріне сәйкес оқыту және оқу

7.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

1. «Терминдер тізбегі» шаттық шеңбері

2. «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.

3. «Дәптер алмасу» әдісімен үй жұмысын тексеру.

4. Өткен сабақты пысықтау(тест:жеке жұмыс,топтық жұмыс, сыныппен талқылау).

5. «Қызықты сұрақ» әдісі (сабақтың тақырыбы туралы ой тастау)

6. «Кім жылдам?»

7. «Суреттеу» (теңдеудің графигін салу)

8. «Формуланы анықтау» графикпен жұмыс

9. «+,-, ?» әдісімен кері байланыс орнату

Формативті бағалау:

өзін-өзі бағалау, өзара бағалау.


Деңгейлік тапсырмалар

А:№22,№23

В:№29,№30,

С:№34

(ескерту: А, В, С деңгейлік тапсырмалары оқулық бойынша алынған)

Алгебра Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, Алматы «Мектеп» 2006,

А.Әбілқасымова,

А.Абдиев,

З. Жұмағұлова.

Алгебра 8-сынып ӘбілқасымоваА., Бекбоев И.,А. Абдиев, З. Жұмағұлова Алматы «Мектеп» баспасы 2012ж;Геометрия Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық, И.Бекбоев,А.Абдиев, Ж.Қайдасов, Г.Хабарова,Алматы «Мектеп» 2008.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
844
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі