Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Орта топ балаларына дамытушы ойындар
1.Тақырыбы: «Кім тез жинайды» ойын
Мақсаты-міндеттері:
Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіреді. Себеттің сыртында алма мен қиярдың суреті жапсырылады. Алманың суреті бар себетке жемістер, ал қиярдың суреті бар себетке көкөністер салынады.
Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар ойынды бастайды. Ойын соңында қай топ тез әрі дұрыс жинайды сол топ марапатталады.Ойынды топта я болмаса аулада ойнауға болады. Ойын 4-5 рет қайталанады.
2.Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз» дидактикалық ойын
Мақсаты-міндеттері:
Балаларға екі бөліктен тұтас бейнені құрастыруды үйрету.
Ойын шарты:
Бір құстың екіге бөлінген суретін біріктіреді. Балалар суреттерді біріктіргеннен кейін, педагог олардан құстардың атауын сұрайды. Балалармен бірге құстардың атауларын қайталайды.
Құстар: қарға, қарлығаш.
3.Тақырыбы: «Бұл не?» диалог құруға арналған сөздік жаттығу.
Мақсаты-міндеттері:
Балаларға бір-біріне сұрақ қоюды және оған жауап қайтаруды үйрету.
Ойын барысы:
Педагог:
– Балалар, қазір суретке мұқият қараңдар. Аланға бір ғана сұрақ қойыңдар. Мысалы: «Мынау сенің етігің бе?»
– Алан жауабын таба алмай жатса, сұраққа басқа бала жауап береді.
– Мен көрсететін суреттерге мұқият қараңдар.
Педагог диалогтарды құруға қажетті суреттер тізбегін кезекпен көрсетіп тұрады. Суреттер: үй, ойыншық, автобус, ҚР Мемлекеттік Туының суреті, орман, қала, қошақан, жейде, әже, мәшине, ана, дос.
Суреттер интербелсенді тақтадан (тақта) көрсетіліп жатады.
Үлгі:
– Мынау сенің үйің бе? Мынау сенің ойыншығың ба? Мынау сенің (автобусың, туың, орманың, қалаң, қошақаның, жейдең, әжең, мәшинең, анаң, досың) ба/бе?
– Иә (жоқ). Бұл менің үйім (ойыншығым, автобусым, туым, орманым, қалам, қошақаным, жейдем, әжем, машинам, анам, досым).
– Жарайсыңдар!
4.Тақырыбы: Бауы байланатын ойыншықтармен ойнату.
Мақсаты-міндеттері:
Балалардың жағымды көңіл күйі пайда болуына мүмкіндік жасау; бау байлауды үйрету; ойлау қабілетін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Құралдар: бауы байланатын ойыншықтар.
Бауларды ұштарынан алайық,
Көзден өткізіп, жақсылап байлайық.
(сенсорика)Балаларға бір-біріне сұрақ қоюды және оған жауап қайтаруды үйрету.
5.Тақырыбы: "Дастархан жаямыз" дамытушы ойыны.
Мақсаты-міндеттері:Сыртқы белгілері бойынша ыдыс-аяқтарды тануды, атауларын дұрыс айтуды, не үшін қажет екенін білуді үйрету.
Ережесі. Балалар көрсетілген ыдыс түрлерін атайды (шайнек, кесе, қазан, мескей (тостаған), қасық). Балалар ыдыстың атауы не үшін қажет екенін қайталайды. Сөздердің дұрыс айтылуы мақталады.
Барысы.
– Балалар, Тарғыл мысық көп ыдыс-аяқ әкеліпті.
Үстелге бір-бір (ойыншық) ыдыстан қою немесе паннодан (слайдта) көрсету.
– Мынау шайнек. Қайталаймыз. Жарайсыңдар!
– Мынау шыныаяқ. Қайталаймыз. Жарайсыңдар!
– Шайнектен шай құямыз. Қайталаймыз. Жарайсыңдар!
– Шай тәтті. Жарайсыңдар!
– Есімізге сақтап алайық. Шайнек, кесе, шай. Жарайсыңдар, балалар!
– Мынау қазан. Қайталаймыз. Тамаша!
– Есімізге сақтап алайық. Қазан, мескей (тостаған), ботқа. Жарайсыңдар!
– Арман, маған шайнектің қайда екенін көрсетші. Мынау не? Дұрыс. Шайнек не үшін қажет? Шайнекке шай қайнатамыз. Қайталашы. Жарайсың! Шайды қайда құямыз? Кесеге құямыз. Қайталаймыз. Жарайсыңдар!
– Жадыра, қазанның қайда екенін көрсетші. Мынау не? Дұрыс. Қазан не үшін қажет? Ботқа пісіруге керек. Қайталашы. Жарайсың! Ботқаны қайда саламыз? Мескейге (тостағанға) саламыз. Қайталаймыз. Жарайсыңдар!
Жауап беру кезінде қиындықтар туындаса, бақылап отырған балалардан көмек сұрайды.
– Балалар, шайнек, шыныаяқ, қазан, мескейді (тостағанды) бір сөзбен - ыдыс-аяқтар дейміз. Қайталаймыз. Жарайсыңдар!
– Ой! Балалар, Тарғыл мысық мынаны үстелге қоюды ұмытып кетті.
– Мынау не? Мынау қасық. Қайталаймыз. Қантты қасықпен араластырамыз. (Пантомима.) Біз ботқаны қасықпен жейміз. (Пантомима.) Қасық не үшін керек? Жарайсың!
6. Тақырыбы: «Туған күн» ойыны
Мақсаты:Топты біріктіру, балалардың мәселелерін эмоционалды елеп-ескеру.
Ойын барысы:
Туған күн иесі таңдалады. Барлық балалар оған ыммен, мимикамен сыйлықтар береді. Туған күн иесіне өзі ренжіткендерді есіне түсіру және оны түзеу ұсынылады. Балаларға қиялдап, туған күн иесінің болашағын болжау ұсынылады.
7. Тақырыбы: « Айдаhар өз құйрығын тістейді » ойыны
Мақсаты:
Орта топ жас балаларының көңіл-күйлерін көтеру және қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту
Ойын барысы
Ойнаушылар алдыңғы тұрғанның белінен ұстап бірінен кейін бірі тұрады. Бірінші бала – айдаhардың басы, соңғы бала – құйрығы. Д.Нуриевтің « Шығыс биі » музыкасы ойнап тұрғанда бірінші ойыншы соңғы ойыншыны ұстап алуға тырысады –айдаhар өз құйрығын аулайды, қалған балалар бір-бірін берік ұстап тұрады. Егер айдаhар құйрығын ұстай алмаса, келесі жолы айдаhардың басы рөліне басқа бала тағайындалады.
8. Ойын: «Атомдар мен молекулалар»
Мақсаты: Балаллардың топтық қарым-қатынасын жақсарту,топты біріктіру.
Ойын барысы:
Әр қатысушы-жеке атомдар.Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі.Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады,сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек.Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.
9. Тақырыбы: «Не өзгерді?»
Мақсаты:
Баланың танымдық белсенділігін ояту, зейінін және ес процесін дамыту
Ойын барысы:
Балаларға үстелде тұрған ойыншықтарды есінде сақтау ұсынылады, содан кеиін «козіңді жұм» - деп нұсқау беріледі, осы кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін алып тастайды да қай ойыншықтың жоғалғанын табу ұсынылады.
Осы ойынның басқа нұсқасы ретінде; келесі тапсырма заттардың орналасуының озгергенін табу болып табылады. Ойыншыларға үстелдегі заттардың қандай тәртіппен орналасқанын өзінде сақтау ұсынылады, ал кейін ойынды жүргізуші бірнеше заттың орнын ауыстырады да не өзгергенін табу ұсынылады.
Егер бұл ойын балаларға тым қиын болса, онда сөзбен бірігіп айту тәсілі қоланылыды.
10. Тақырыбы: «Жалмауыз кемпір» ойын
Ойынның мақсаты –ашу сезімін түзеу, балалардың бір-біріне әсер ету қабілеттерін жаттықтыру.
Ойын барысы: балалар бір-біріне қарап, шеңбер бойында орындықтарда отырады. Психолог ересектердің (аналар, әкелер, әжелер, тәрбиешілер) балаларға ашуланғандағы бет-әлпеттерін, кейіптерін, қылықтарын көрсетуді сұранады. «Не үшін көбіне ересектер сендерге ашуланады?» (Балалар 2-3 сценка ойнап көрсетеді). Сендерге өте қорқынышты болғанда, ересектер қалай ұрсады? Жазамен қорқытып, белбеулерін алады? (Балалар айтады және көрсетеді.) Сендер қалай жауап бересіңдер: жылайсыңдар, күлімсірейсіңдер, төбелесесіңдер, қорқасыңдар?(2-3 сценка ойналады.)
11. Тақырыбы: «Доп» ойын
Дидактикалық тапсырма: Балалардың таным қабілеттерін дамыту. Балалардың есте сақтау, зейінін шоғырландыруды және сөйлеуін дамыту.
Ойын барысы:ойынға 4-5 бала қатысады.Балалар жарты дөңгелекке тұрады. Балаларға доп лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді көрсетші?»
12. Тақырыбы: «Үй жануарлары» ойын
Мақсаты:
Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға,олардың қимылын,қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттер,оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу .
Көрнекіліктер:үй жануарларының,төлдердің суреті.
Барысы: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі,олардың қалай аталатынын,қалай дыбыстайтынын,қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап,үй жануарлары туралы білетін жұмбақтарын шешкізеді.
13. Тақырыбы: «Ұшқыштар» ойын
Мақсаты:
Балаларды бір - біріне соғылмай жүгіруге, белгі бойынша қозғалуға үйрету; кеңістікті дұрыс бағдарлауларын дамыту.
Барысы: Балалар 3 - 4 топқа бөлінеді. Олар бірінің соныңнан бірі қолбасшының артында тұрады. Түрлі - түсті жалаушалармен белгіленген алаңдарда топтар орналасқан. Бұл - әуежай. «Ұшқыштар ұшуға дайындалыңдар» - деген тәрбиешінің белгісімен балалар әртүрлі бағытта жүгіреді, өз ұшағының қасында тоқтайды, жанармай құйып алады /еңкейеді/, моторды айландырады /қолдарымен кеуденің тұсында айландырады/, қанаттарын жан - жаққа созады, ұшады /әртүрлі бағытта жан - жаққа жүгіреді/. Ұшақтар тәрбиеші «қоныңдар», - деген белгі бергенше ауада ұшып жүреді. Бұдан кейін қолбасшы топтарын жинап әуежайға қонуға әкеледі. Қай топ бірінші келеді, сол жеңеді. Ойын 4 - 5 рет қайталанады.
Ұсыныс: ойында әртүрлі құралдарды пайдалануға болады. Әуежайды белгілеп қойған жалаушаларды тәрбиеші білдірмей ауыстырып қояды. Қолбасшының топтарын әуежайға дұрыс орналастыруы қажетБалаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі,олардың қалай аталатынын,қалай дыбыстайтынын,қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап,үй жануарлары туралы білетін жұмбақтарын шешкізеді.
14. Тақырыбы: «Сиқырлы қапшық» ойын
Мақсаты:
Балалардың сипап-сезу қабілеттерін дамыту.
Ойын барысы
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина. Балалар қолымен заттарды сипап , бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.
Көрнекіліктер: қапшық, әртүрлі заттар.
15. Тақырыбы: «Қайсы үлкен және кіші» дидактикалық ойын
Мақсаты-міндеттері:
Балаларға ойыншықтарды
үлкенді-кішілі өлшемдері бойынша ажыратуға және топтастыруға
үйрету; үлкенді-кішілі заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Шарты: үлкен және кішкентай ойыншықтарды екі топқа бөлу арқылы
жинау.
Құрал-жабдықтар: үлкенді-кішілі өлшемді
ойыншықтар.
(сенсорика, сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)

