400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ортағасырлық Қазақстан қалалары» курсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихқа ерекше ықылас танытқан оқушыларға өз елі тарихының ортағасырлық кезеңі туралы ғылыми-теориялық тереңірек білім алуына жағдай жасау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Түсініктеме


«Ортағасырлық Қазақстан қалалары» курсының мақсаты:

Тарихқа ерекше ықылас танытқан оқушыларға өз елі тарихының ортағасырлық кезеңі туралы ғылыми-теориялық тереңірек білім алуына жағдай жасау, күн санап өсіп келе жатқан тарихи ақпараттарды өз бетінше игеруіне ықпал ететін әмбебап әдістер қызметі мен жүйесін қалыптастыру, шығармашылық қабылетін дамыту, алдында тұрған мәселелерді оңтайлы шешуге талпынатын тұлғаны қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

Оқушыны өзінің жеке күш жігерін салу барысында басты назарын «қалай оқу керек ?» деген көзқарасқа бағыттап оқыту.

Оқушылардың бойына ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттермен қоса мұрағаттар құжаттарымен де жұмыс істей білу қабілетін дамыту.

Арнайы курс бойынша дәрісті өткізуде оқушының еңбегі нәтижелі болу үшін интерактивті әдістерді қолдану.

Тарихи деректерді белгілі бір тарихи оқиғаның иллюстративті қосымшасы түрінде емес, оқушыға сол деректі оқып тану білу үшін оқытудың тиімді жолдарын ұсыну.

Оқушылардың ойлау, танымдық қабілетін дамытуына, тарихи материалдың тәрбиелік мүмкіндігін тиімді пайдалануына көмек көрсету.

Өзектілігі:

Отан тарихына қатысты өзекті мәселелерді зерттеуде оқушылардың практикалық іс-әрекет дағдыларын дамыту.

Проблема:

Көптеген уақыттар бойы қазақ елінің тарихының көмескі жағдайда айтылып, жазылуы. Батысты- «өркениеттің алтын бесігі», шығысты- соның ішінде қазақ жерін «жабайылар мекені» ретінде қараған тарихшылардың бір жақты бағыт көзқарастарының ықпалымен тарихтың қатты бұрмалануы.

Болжам:

Егер осы «Ортағасырлық Қазақстан қалалары» курсын пайдаланса, Қазақстан тарихының ортағасырлық кезеңдерінің ғылыми мәселелеріне талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеуге болар еді.

«Ортағасырлық Қазақстан қалалары» курсын оқыту ұстанымдары:

1. Ғылымилық

2. Байланыстылық

3. Қызығушылық

4. Үздіксіздік

5. Өлкелік ұстаным

6. Кіріктіру ұстанымы


Курсты жүргізуде қолданатын инновациялық технологиялар:

Модульдік оқыту технологиясы.

«Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу» статегиялары

Интерактивті технологиялар

«Ғылыми жобалау әдістемесі» бағдарламалары

Дебат технологиялары


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

1.Тарихи картадан ортағасырлық кезеңдегі Қазақстан территориясында болған өзгерістерді, тарихи оқиғаларды , өмір сүрген мемлекеттер шекараларын, тарихи-географиялық орындарын анықтап алады.

2.Өзіне берілген тапсырма бойынша кітапханадағы каталог-карточкалармен, мұражайдағы мұрағаттармен өздігінше жұмыс істеп, оның нәтижесін практикада пайдалана алады.

3.Мерзімді баспасөз материалымен үнемі, әрі жүйелі жұмыс істейді, онан жинақталған мәліметтерді күнделікті оқу үрдісінде пайдаланады.

4.Монографиялармен жұмыс жүргізіп, өздігінше конспект, тезис, реферат дайындайды.

5. Тарихи оқиғалар туралы түрлі көзқарастарға өз пікірін білдіреді, оны дәлелдейді, пікірталасқа қатысады.

6. Мақсат қоя біледі, жоба құру. Болжам жасау сияқты шығармашылық іздену әдістемесін меңгереді.

Ғылыми жұмыстың зерттеу әдістері:

1.Әлеуметтік: талдау, синтез, қорыту, абстракция.

2.Проблемалық әдістер: Мәселені талдау, болжам жасау, тарихи жағдайды анықтау, болуы ықтимал нәтижені алдын-ала болжау, күтілген нәтижені бақыланған құбылыспен салыстыру.

Нәтижесі: реферат қорғау, ғылыми жобалар сайысы, түрлі жарыстар, пәндік олимпиадалар.

Бағдарламаны іске асыруда күтілетін нәтижелер:

Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тарихи маңызын ізденіп, зерттеуді дұрыс бағалай және тұжырымдай білуге үйренеді. Деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, пайдалану дағдысын дамытып, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады. Топтық жұмыс, іздену, ой қозғау, сұрақ-жауап арқылы білімдерін кеңейтеді. Берілген тапсырмалар бойынша оқушылар алдына мақсат қоюға дағдыланады. Жүйелі ойлау арқылы мәденит, өнер тақырыбына ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Қазақстан тарихы тақырыбы бойынша жан-жақты берілетін тапсырмаларды біліп шығады. Оқушылар ортағасырлық қалалардың қазақ тарихындағы сол кезде ішкі, сыртқы жағдайларын, оның алдында тұрған күрделі міндеттерді нақты түсініп, сол міндеттерді шешуге белсене қатыса алатын дәрежеге жетеді. Оқушы білімін тексеру мақсатында тақырып бойынша тестік, логикалық, проблемалық сұрақтарға жауап беруге дағдыланады. Маңызды тарихи деректерден келтірілген үзінділерді есте сақтау қабілеті артады.


Күнтізбелік жоспар

№

Тараулар мен тақырыптардың атауы

Сағат саны

Мерзімі


І тарау. Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеудің маңызы



1

Кіріспе. 1-тақырып. Қазақстанның ортағасырлық тарихына салыстырмалы сипаттама

1



ІІ тарау. Ортағасырлық қалаларға зерттеу жұмысын жүргізу әдісі



2

2-тақырып. Ортағасырлық қалаларды зерттеу жұмысын жүргізу әдісі.

1



ІІІ тарау. Ортағасырлық қалалардың дамуы.



3

3-тақырып. Ортағасырдағы қазақстандық қалалардың дамуы: тарихи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси сипаттамалары.

1


4

4-тақырып. Қазақстан территориясындағы ортағасырлардағы материалдық және рухани-мәдени мұралар

1


5

5-тақырып. Ұлы Жібек жолының әсері.

1



ІV тарау. Жетісу өлкесінің қалалары



6

6-тақырып. Жетісу қақпасы.

1


7

7-тақырып. Қаялық. Жаркент.

1


8

8-тақырып.Талхиз. Құлан

1


9

9-тақырып. Алматы. Мерке

1


10

10-тақырып. Тараз – саудагерлер қаласы.

1


11

11-тақырып. Тараз – діни ғимараттары.

1


12

12-тақырып. Тараз маңындағы кенттер

1


13

13-тақырып. Баласағұн – сағым қала. Суяб

1


14

14-тақырып. Кесте және кескін картамен жұмыс

1



V тарау. Оңтүстік Қазақстан қалалар жүйесі



15

15-тақырып. Испиджаб – Сайрам - бабтар мекені.

1


16

16 –тақырып. Сайрам - тас бетіне түскен жазулар. Оларға тарихи сараптамалық талдау.

1


17

17-тақырып. Презентациялық сабақ.

1


18

18-тақырып. Созақ. Баба-Ата. Манкент.

1


19

19-тақырып. Шымкент – шым қаласы.

1



VI тарау. Сыр бойындағы қалалар



20

20-тақырып. Фараб – ғылыми орталық

1


21

21-тақырып. Отырар – әскери бекініс

1


22

22-тақырып. Шауғар – Яссы - Түркістан.

1


23

23-тақырып. Сығанақ.

1


24

24-тақырып. Сауран. Жаңакент (Яңги кент).

1


25

25-тақырып. Сыр жағалауындағы оазис

1


26

26-тақырып. Кесте және кескін картамен жұмыс

1



VII тарау. Батыс Қазақстандағы ортағасырлық қалалар



27

27-тақырып. Сарайшық.

1



VIIІ тарау. Дештіқыпшақ даласы.



28

28-тақырып. Ортағасырлық Орталық Қазақстан

1


29

29-тақырып. Басқамыр. Аяққамыр

1


30

30-тақырып. Сарайлы. Торайлы

1


31

31-тақырып. Бозоқ

1


32

32-тақырып. Презентациялық сабақ.

1


33

33-тақырып. Кесте және кескін картамен жұмыс.

1


34

34-тақырып. Қорытынды сабақ

1






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
17 қыркүйек
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі