400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы

Мектеп: №7 орта мектеп Іле ауданы Өтеген батыр ауылы


Уақыты:1.11.2018

Мұғалімнің аты - жөні:

Мулдагалиева Айдана Шаймардановна

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы

Зерттеу сұрақтары:

-Ғалымдар Орталық Азия өркениетінің әлемдік өркениеттегі рөліне қандай баға береді?

Тарихи концепт:

маңыздылық

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Бірқатар деректерден дәлелді ой-пікір түйіп, қорытынды жасау

Меңгерілген материал бойынша дәйекті қорытынды жасау

Сабақтыңмақсаты:

10.1.1.2 Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу

Бағалау критерийлері:

1)Орталық Азиядағы өркениеттер туралы зерттеген ғалымдарды атайды, ұстанымдарын сипаттай алады;

2)Орталық Азиядағы өркениеттер туралы ғалымдардың зерттеулеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды;

3)Орта Азия өркениетінің әлемдік өркениетке қосқан құндылықтарын біледі.

Тілдікмақсаттар:

Қорытынды жазу(жазылым)

Топтық жұмыстың нәтижесін ауызша қорғау(тыңдалым, айтылым)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Өркениет,тарихи, географиялық ерекшелік, өркениет ошақтары

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Көшпеліліктің қалыптасуына .......... факторлар әсер етті.

Қазақстанда мекендеген тайпалар мен мемлекеттердің аумақтық орналасуындағы сабақтастық болды, өйткені ...

Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуында ежелгі ошақтарының ерекшеліктері .....


Құндылықтардыдарыту:


- Патриотизм,ұлттық сана-сезім

-жалпы азаматтық құндықтар, көзқарастар

- азаматтық жауапкершілік

- мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы

Пәнаралықбайланыстар:

Дүние жүзі тарихы пәні және география пәндерімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім:


Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының қалыптасуын және дамуына әсер еткен факторларын біледі.

Сабақ барысы:

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер


Оқытуресурстары

Сабақтың басы



БЫМ.«Суреттер де сыр шертеді» тақырыпқа шығу мақсатында 1)Орталық Азия өркениет ошақтарына байланысты суреттер топтамасын ұсыну. Суреттер арқылы оқушыларға сұрақ қойылады: Суреттер бойынша қандай ой қалыптасты?





2)Немесе сабақты «өркениет» ұғымын талқылаудан бастауға болады

  • Өркениет дегеніміз не?

  • Өркениетке тән қандай негізгі белгілерді білесіздер?


Б Өркениетке тән негізгі белгілерді болжау. Оқушылар өркениет белгілерін ұсынған соң төменде берілген тізіммен толықтыру.

Өркениетке тән белгілер:

  1. Өндіргіш шаруашылықтың пайда болуы;

  2. Жеке меншік институтттардың қалыптасуы;

  3. Мемлекет пен құқық институттарының құрылуы;

  4. Қалалардың шаруашылық, әкімшілік, әскери және мәдени орталық ретінде қалыптасуы;

  5. Монументалды құрылыстың дамуы (пирамида, патша сарайлары, т.б.);

  6. Жазудың пайда болуы.

Б.Оқушылардан өркениеттің қалыптасуына және дамуына әсер ететін факторларды .

Б.Өркениеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі факторлары:

-- географиялық;

- экономикалық;

- демографиялық;

- волюнтаристтік;

- әлеуметтік-рухани;

- технологиялық т.б.

Б.Орталық Азия өркениеттерінің сабақтастығы туралы тұжырым жасайды.


1)Тақтаға түркітанушы Л.Н. Гумилевтің пікірін жазып қою:

«...Орталық Азия ежелгі халықтарын Қытай мен Иранның көршілері ретінде қарастыруды тоқтату қажет. Олардың тарихы мен мәдениеті дербес дамыған деген тұжырым жасаудың уақыты келді.» Пікір туралы оқушылармен талқылау.

Сабақтың тақырыбы қалай аталуы мүмкін?

Оқу мақсаттарын анықтау.


Лаумулин М.Т. Л 21 История Казахстана и Центральной Азии в мировой ориенталистике (к 550- летию Казахского ханства). — Астана: КИСИ, 2016. — 392 с.http://kisi.kz/ru/categories/books/posts/m-t-laumulin-istoriya-kazahstana-i-central-noj-azii-v-mirov


ГумилевЛНДревние тюрки [Текст] / ЛНГумилев. - М. : Т-ВО "Клышников, Комаров и К", 1993. - 513 с.http://www.e-reading.club/book.php?book=17524

Путешествие по Средней Азии / Арминий Вамбери ; Пер. с нем. ... М. : Вост. лит., 2003. — 320 с.http://kungrad.com/history/biblio/vamberi/


Булекбаев С. Вклад тюрков в мировую цивилизацию [Текст] : время / С. Булекбаев // Мысль. - 2015. - №12. - С. 31-36. http://mysl.kazgazeta.kz/?p=6838




Сабақтың ортасы


























Жұмысты қорғау:



Бағалау критерийлері:

























































Зерттеу сұрағы:

  • Ғалымдар Орталық Азия өркениетінің әлемдік өркениеттегі рөліне қандай баға береді?

1)Тақтаға түркітанушы Л.Н. Гумилевтің пікірін жазып қою:

«...Орталық Азия ежелгі халықтарын Қытай мен Иранның көршілері ретінде қарастыруды тоқтату қажет. Олардың тарихы мен мәдениеті дербес дамыған деген тұжырым жасаудың уақыты келді.» Пікір туралы оқушылармен талқылау.

2)Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев“Орталық Азия елдері Одағын” құруды ұсынды. Мемлекеттердің бірлескен іс-қимылдарының негізгі стратегия бағыты – саяси, экономикалық, ғылыми, әскери, әлеуметтік, гуманитарлық, т.б. салалардағы үйлесімділіктерді нығайту, дамыту болып табылады.»

Ж/Т «Ойлан. Талқыла. Бөліс» стратегиясы бойынша:

(Т) Зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде:Елбасы Орталық Азия елдері Одағын құруда қандай ұстанымдарды басшылыққа алды деп ойлайсыздар?

Тапсырма:

1) «газет бетіне» мақала жазу

2)немесе постер құру

Дескриптор:

1)Мақаланың атауы;

2)Тақырыптың негізгі идеясы;

3)Басылымда жариялануын анықтау;

4)Тақырыпқа қатысты деректер келтіру

5)Тайм-менеджменттің сақталуы

Жұмысты қорғау

Тапсырма орындалған соң, топтар бірін-бірі бағалау үшін төмендегідей бағалау критерийлерін пайдаланады.

Бағалау критерийлері:

1)Тақырыптың атауы нақты қойылған;

2) Идеясы қызықты;

3)Танымал баспасөз басылымын атады;

4)Тақырыпқа сәйкес деректер келтірілген;

5)Тайм-менеджмент сақталды


Мұғалімнің кері байланысы.


Зерттеу мен Интерпретация

Ж.Орталық Азия аймағының ерекшеліктерін анықтайды және ғалымдардың берген бағасына өзіндік пікірін білдіреді. Берілген пікір авторлары: Л.Н. Гумилев, Ш.Уәлиханов, Ш.Монтескье, С.Хантингтон, А.Вамбери, Э.Добльхофер.


Негізгі ойды анықта-ңыз

Автор көзқарасымен келісемін, себебі...

Автор көзқарасымен келіспеймін, себебі...

Сұрағым бар

Л.Н. Гумилев,





Ш.Уәлиханов





Ш.Монтескье





С.Хантингтон





Э.Добльхофер





А.Вамбери





Өзіндік пікір:





Бағалау критериилері:

1)Орталық Азиядағы өркениеттер туралы зерттеген 5 ғалымды атай алады

2)Зерттеуші ғалымдардың Орталық Азиядағы өркениеттерге байланысты басты ұстанымдарын сипаттай алады

3)Орталық Азиядағы өркениеттерге байланысты 2 басты ұқсастықты анықтай алады

4)Орталық Азиядағы өркениеттерге байланысты 2 басты айырмашылықты анықтай алады

Мұғалімнің кері байланысы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
124 ұстаз жүктеп алған
12.09.2023
2957
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі