400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Орталық жүйке жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән

Биология

Сынып

7

Бөлім

7.3С Координация және реттелу

Тақырып

Орталық жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі

Оқу мақсаттары

        1. орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметін салыстыру

Сабақ мақсаты

ОЖЖ бөліктерімен танысу.

Бас миы бөліктерінің қызметін анықтау.

Жұлынның қызметін анықтау

Бас миы мен жұлынның қызметін салыстыру.

Бас миы мен жұлындағы ақ зат пен сұр заттың құрылыс ерекшелігіне байланысты салыстыру

Барлығы дерлік: бас мидың бөліктерін біледі, олардың қызметтерін атай алады, ОЖЖ салыстырады.

Көпшілігі: Бас мидың құрылысы жайлы деректерді мысалға келтіре алады.

Аз бөлігі: ВЖЖ түріне сәйкес кішігірім зерттеу жүргізе алады.

Тілдік мақсат

Орысша

Қазақша

Ағылшынша

Головной мозг

Ми

Brain

Спинной мозг

Жұлын

Spinal cord

Продолговатый мозг

Сопақша ми

Medulla

Мозжечок

Мишық

Cerebellum

Средний мозг

Ортаңғы ми

midbrain

Мост

Ми көпірі

Bridge

Промежуточный мозг

Аралық ми

diencephalon

Кора больших полушарий

Үлкен ми сыңарлары

Cortex

Белое вещество

Мидың ақ заты

White matter

Серое вещество

Мидың сұр заты

Gray matter



Күтілетін нәтиже

Бас мидың бөліктерін біледі.

Жұлынның құрылысын біледі.

ОЖЖ бөлімдерінің қызметін анықтай алады.

ОЖЖ құрылысы мен қызметін салыстыра алады.

Бағалау критерийлері

Бас мидың бөліктерін біледі.

Жұлынның құрылысын біледі.

ОЖЖ бөлімдерінің қызметін анықтай алады.

ОЖЖ құрылысы мен қызметін салыстыра алады.

Құндылықтарды дарыту

Бірлестіктегі тәрбие, қазақстандық патриотизм, еңбек пен өнер, өмір бойы оқуға талпыну, айналысындағы адамдарға, қоғамға деген сыйластық, (топтық жұмыстарда жаңа тақырыпты меңгеріп, қоғамда өздерін қалай ұстау керектігін үйренеді )

АКТ қолдану дағдылары

Презентация ppt., видео

Пән аралық байланыс

Физика (жүйке импульстері)

Бастапқы білім

«Тірі ағзалардың алуантүрлілігі» бөлімінен 7 сынпы оқушылары омыртқалылар мен омыртқасыздардың өзіне тән белгілерін сипаттай алады. «жасушалық биология» бөілімінде жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі терминдерінде жүйке жүйесі жайлы қарастырады.

Сабақ кезеңдері

Сабақ кезеңдері

Ресурстар

Сабақтың басы

10минут

Ынтымақтастыру атмосферасын құру. Сыртқы және ішкі шеңбер.

оқушыларды жұпқа бөліп, өтілген жүйке жүйесі тақырыбы бойынша 1 сұрағы бар карточкалар таратылады. Бірінші жұп қатысушылары ішкі шеңберді қүрып, оқушылар бір-біріне арқасымен тұрып, сыртқы шеңберге қарап тұрулары керек. Бірінші сұрақты ішкі шеңбер қатысушылары қойып, сыртқы шеңбер ол сұраққа 30 секунд ішінде жауап берулері қажет.

Әрі қарай сыртқы шеңбер сұрақ қойып, ал ішкі шеңбер керісінше жауап беретін болады. Одан соң сыртқы шеңбер сағат тілі бойынша келесі оқушыға барып, қайта сол сұрақты, бірақ енді басқа оқушыға қояды

Миға шабуыл. Бас ми жайлы деректер:

1. Миымыз біұлшықеттер секілді, неғұрлым көп шынықтырсаң, соғұрлым көп өседі. Ер адамның миы орташа есеппен 1424 г, қартайған сайын 1395 г. дейін азаяды. Ең үлкен әйел адам миы— 2049 г. И. С. Тургеневтің миы весил 2012 г. болған екен. миымыз эволюцияланды: 1860 жылы ер адамның орташа миы 1372 г.болған. Динозаврлардың ұзындығы 9 м болып, милары грек жаңғағындай 70 г.құраған.

2. Мидың ең күшті дамуы 2 мен 11 жас аралығында жүреді.

3. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты мидың зақымдану ауруларына ұшырау қаупі төмен. Интеллектуальді белсенділік ми ұлпаларын жаңартады.

4. Өзініңізге таныс емес нәрсемен айналысу – мидың жақсы дамуына алып келеді. Сонымен қатар, өзіңізден неғұрлым ақылды адаммен сөйлесіп, араласу да ми жұмысын күшейтеді.

5. Ең жоғары IQ әлем бойынша – жапондықтарға тиесілі -111. 10 пайыз жапондықтардың деңгейі – 130 жоғары.

6. Көру арқылы есте сақтау қабілеті ең жоғары Крейтон Карвелло болып табылады, бір қарағаннан реттілікпен орналасқан 6 бөліктердегі картаны есінде сақтай алады. (312 штук).


Сұрақтары бар карточкалар, секундомер

Қабілеті жоғары оқушыларға:

http://www.biology-pages.info/P/PNS.html

http://kk.convdocs.org/docs/index-33752.html

Қабілеті төмен оқушыларға:

https://www.youtube.com/watch?v=U5eYdwyH9hA&feature=youtu.be

http://paramitacenter.ru/content/video-repetitor-po-anatomii-stroenie-i-funktsii-golovnogo-mozga


https://www.twig-bilim.kz/film/introduction-to-the-brain-6150/


Сабақтың ортасы

20 минут

І топқа: «Плакаттар компаниясы» бойынша мидың құпиясын жарнамалау.

ІІ топқа: Ментальдық карта көмегімен мидың құрылысының ерекшеліктері мен қызметін көрсету

ІІІ топқа: Адамның миы жайлы қызықты мәлімет ТВ шоу дайындау

Ресурстар, парақтар,

Сабақтың соңы

7минут

ҚБ тапсырмаларын орындайды.

Бүгінгі сабақтағы алған мәліметтерді қатыстырып «Адамның миы - аса күрделі, шығармашыл дарынды жүйе» тақырыбында өлең, эссе, хат жазу



Рефлексия 3минут

Кері байланыс: Оқушыларға 3 түрлі стикерлер беріп: қызыл – алған білімім толықтай жеткілікті, сары – әлі де болса бірнеше сұрақтарым бар, жасыл- ештеңе түсінбедім, көмек қажет өз ойларын білдіреді.

Сабақты қорытындылау. Мұғалімнің кері байланысы.

Үй тапсырмасы:

Неліктен кейбір ақпараттарды ұмыту ми жұмысына пайдалы?

http://bilimland.kz/ru/home#lesson=13068

Стикерлер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
570
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі