400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ортаңғы «Балауса» тобы Тақырыпша «Менің көшем»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы «Балауса» тобы Тақырыпша «Менің көшем» ІІ апта ( 9-13 қазан, 2017 ж.)

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Балаларды қабылдау



Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Балабақша туралы жан-жақты әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға арналған ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. Балалардың көңіл -күйлеріне назар аударып, қызуын өлшеп қабылдау. Медбике, психологпен бірлескен жұмыс.


Ата – аналармен әңгімелесу

Қабылдау ережелері, демелыс күндерін өткізу дәстүрлері т.б. бойынша ата-аналармен пікірлесу;

Баланың өміріндегі екінші әлеуметтік орта - балабақша туралы, ондағы тәрбиелеу мен оқыту үдерістері жайлы әңгімелесу; Балалардың өсуі мен дамуы үшін отбасында жасалынған жағдай жөнінде әңгімелесу;

Балаларды үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері, озық іс-тәжірибелер бойынша әңгімелесу;

Өзін – өзі күтуге және жақындарына көмек беруге үйрету тақырыптары бойынша сөйлесу, пікірлесу

Ойындар (үстел-үсті, саусақ және т.б. )

Дидактикалық ойын:

«Ұшады,жүреді,жүзеді»

Мақсаты: Көліктерді өз орнына орналастыра білу

Үстел-үсті ойыны: «Көліктерді құрастыр»


Үстел-үсті ойыны:

«Бағдаршам түсін ретімен орналастыр»

Үстел-үсті ойыны: «Көшедегі әр-түрлі көліктер»


Бағдаршам

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба

Таңертеңгі гимнастика (5 мин)


Музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар кешені. Ұйқы ашатын музыкалық-ырғақты қимылдарды орындау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын айту.

Таңғы ас


Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау

Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық


Дидактикалық ойын:

«Көліктерді дыбысынан ажырат»

Мақсаты: дыбысынан тани білуге үйрету , аңғарымпаздыққа баулу



Үстел-үсті ойыны: Құрастыру «менің көшем»

Мақсаты: тар және кең көше құрастыру

Дидактикалық ойын «Бағдаршам» ойыны. Мақсаты: бағдаршам көздерінің атқаратын қызметтерін атап тұру, соған сәйкес бағдаршамның көзін көрсетіп отыру.

Компьютерден бейнеүзік көрсету

«Бағдаршам» әні

Мақсаты: «Бағдаршам» әнін жатқа үйрену



Үстел-үсті ойыны:

«Бағдаршам түсін ретімен орналастыр»

Мақсаты: Түстерді ажырата білу.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері


1.Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Біз тұратын көше»

Мақсаты: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын үйрету. Әңгімені айтып беруге үйрету дағдыларын қалыптастыру.

Дид-қ ойын: «Көшедегі көлік түрін дыбысынан таны» Көрнекіліктер:көлік түрлері суреттері, слайд, үнтаспа

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді : көшеде жүру ережелерін

Қолдана алады: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын


2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Түрлі тапсырмалармен жүгіру:шапшаң және баяу қарқынмен., жетекшімен ауыса отырып жүгіру. Ені 20см, биіктігі 30см тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру, секіріп, қос аяқпен тұру.

Қимылды ойын:

«Торғайлар мен автомобиль»

2. Ені 20см, биіктігі 30см тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру, секіріп, қос аяқпен тұру. Тақтай үстімен(8м) көлденең еңбектеу.

3.Сурет

Тақырыбы: «Менің көшем» (Сюжетті сурет салу)

Мақсаты: Сюжеттік сурет салуды (ағаштар мен бұталарды) және қарындашпен сурет салу тәсілдерін үйрету. Жақсы нәтижеге ұмтылуға тәрбиелеу. Бейнелік сезіну қабілеттерін дамыту.

Дид-қ ойын: «Менің көшем» (Воскобовичтің дамытушы ойындары) Көрнекілік:тар және кең көше үлгі суреті. Ағаштар,бұталар

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: сурет салу барысында түстерді сәйкесінше қолдану

Қолдана алады: үлгі бойынша қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай сурет салады.


1 .Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көшеде өзін ұстау тәртібі»

Мақсаты: Көшеде өзін дұрыс ұстау ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.

Дид-қ ойын: «Көшедегі қауіпсіздік»

Көрнекіліктер:көлік түрлері суреттері, слайд, үнтаспа

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді : көшеде жүру ережелерін

Қолдана алады: Қоршаған ортада өзін дұрыс ұстау дағдыларын


Орыс тілі

Тема: «Моя улица».

Цель: воспитывать у детей любовь и чувство гордости к своей улице, родному городу. Учить использовать обобщающие слова, образовывать множественное число существительных в именительном и родительном падежах, использовать притяжательные прилагательные. Развивать словесно-логическое мышление, объем памяти и устойчивость внимания. Совершенствовать произношение согласных звуков к, м, д, т.

Дид-я игра: «Путешествие по улицам города»

Көрнекіліктер:көлік түрлері суреттері, слайд, үнтаспа

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді : көшеде жүру ережелерін

Қолдана алады: көше-улица, бағдаршам-светофор сөздерін қолдана алу.


1. Құрастыру

Тақырыбы: : «Біздің көше (Құрылыс материалдарынан)

Мақсаты: Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңнен орналастыру.

Үстел-үсті ойыны: «Көшедегі әр-түрлі көліктер»

Көрнекіліктер:көлік түрлері суреттері, слайд, үнтаспа

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді : көшеде жүру ережелерін

Қолдана алады: тігінен және көлденеңінен орналастыру дағдыларын



2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:


1.Түрлі тапсырмалармен жүгіру:шапшаң және баяу қарқынмен., жетекшімен ауыса отырып жүгіру. Ені 20см, биіктігі 30см тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру, секіріп, қос аяқпен тұру.

Қимылды ойын:

«Аялдамаға дейін...»

3. Ені 20см, биіктігі 30см тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтап жүру, секіріп, қос аяқпен тұру. Доға астынан еңбектеп өту(биіктігі50см)


1. Драма

Тақырыбы: «Адасқан құмырсқа» ертегісі

Мақсаты: Таныс сюжеттер бойынша ертегілерді драмалау, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру.

Дид-қ ойын: «Құмырсқаның илеуіне жолды тап»

Көрнекіліктер:көлік түрлері суреттері, слайд, үнтаспа

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді : ертегі желісін

Қолдана алады: достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсету дағдыларын


2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: : Қала картасы (Геометриялық пішіндер) Мақсаты: Теңді кем топқа

үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып,екі тәсілмен орнатуға, «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.

Дид-қ ойын: «Көшедегі әр-түрлі көліктер »

Көрнекіліктер:көлік түрлері суреттері, слайд, үнтаспа

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді : «Қанша еді?», «Қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беру Қолдана алады:

Теңді кем топқа

үстемелей отырып немесе артық топтан бір затты алып тастай отырып,екі тәсілмен орнатуды

3.Музыка

Тақырыбы: «Менің көшем»

Мақсаты: Көшеде жүру ережесін сақтау, қауіпсіздікке баулу. Әннің сергек, ширақ, сабырлы сипатын және түстерді ажырата білу.

Әуенді ырғақты қимыл:

«Марш» Ю.Энтин

Музыка тыңдау: «Бағдаршам» Қ.Қайым

Ән айту: «Күз тамаша!» С.Шынымов

Ойын ойнау: «Светофор-айрықшам» Ю.Чичков


1.Аппликация

Тақырыбы: «Менің көшем»

Мақсаты: Заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша ара-қатынасын ескеру.

Дид-қ ойын: «Менің көшем» (Воскобовичтің дамытушы ойындары) Көрнекіліктер:көлік түрлері суреттері, слайд, үнтаспа

Әдіс –тәсілі: ақпараттық технологиясы.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді : құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша ара-қатынасын ескеруді

Қолдана алады: Заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын




2.Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1.Түрлі бағытта жүгіру.1,5м қашықтықтан тігінен (нысана ортасының биіктігі 1,5м) нысанаға дәлдеп лақтыру.

Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру(2-3рет жүрумен кезектестіре отырып,10 рет секіру).


Қимылды ойын:

«Көшедегі көліктер»


II Таңғы ас


Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау; Сөздік материалдарды қолданып, тамақ ішу ережелерін сақтауға баулу.

Серуенге дайындық


Балалардың киіну реттілігін бақылау, киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды жөндеуді қадағалау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинау.

Серуендеу


Бақылау:Бұлтты бақылау
Мақсаты: Балаларға бұлттың неге ұқсайтынын қай бағытқа көшіп жатқанын бақылатып әңгімелеу.
Еңбек: Учаскедегі шашылған ағаш бұтақтарын жинату.
Қимылды ойындар: «Ақ қоян», «Күзгі тіршілік»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау: Жәндіктерді бақылау
Мақсаты: Күзде жылы жаққа ұшқан құстарды бақылату.
Еңбек: Бөлме гүлдерін суару.
Қимылды ойындар: «Құс болып ұшамыз»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері








Бақылау:Күз мезгілінде желді бақылау
Мақсаты: Күз мезгіліндегі желдің салқын болатынын айту. Балалардың тілін дамыту, әңгімелеу арқылы.
Еңбек: Учаскедегі шашылған қағаздарды жинау.
Қимылды ойындар: «Күн мен түн»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Бақылау: Ағаштардан желмен ұшып түсіп жатқан жапырақ -тарды бақылау
Мақсаты: Жапырақтардың ағаштардан қалай түскенін бақылап, әдемі жапырақтардың айналаға қалай сән беріп тұрғанын әңгімелету.
Еңбек: Шашылған жапырақтарды ұшып келген қағаз қалдықтарын жинау.
Қимылды ойындар: «Тақия тастамақ»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері




Бақылау: Құмдағы іздерді бақылау.
Мақсаты: Учаскелердегі құмдағы іздердің кімнің ізі екенін айыра білуге үйрету.
Өз іздерін бір-бірімен салыстыру.
Еңбек: Құм салғыштағы құмды күрекшелерімен көтеру.
Қимылды ойындар: «Тышқан мен мысық»
Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері

Серуеннен оралу


Балалардың дұрыс шешінуін, шкафқа киімдерін орналастыру тәртібін бақылау. Жинақылыққа тәрбиелеу. Мәдени-гигиеналық талаптарды орындауларын қадағалау

Түскі ас


Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдану дағдыларын жетілдіру. Тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң ауыздарын шаюды қадағалау.

Түскі ұйқы


Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары


Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.

«Қайық» - Төсекте ішпен жатып , қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға- солға тербелу.

«Кемпірқосақ» - Төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау.

«Созылу» - Төсекте аяқтары бірге, қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу.

«Тышқандар» - Массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу

Бесін ас


Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау.

Ойындар, дербес әрекет



Балалармен жеке жұмыс: «Бұлт»

Қ. Әлімқұлов
Түрленді дала, бау- бақша
Құлпыра қалды тау жақта
Қара бұлтты жел қуып
Жөкеп берді аулаққа


Үстел үсті ойыны: «Менің көшем»

Мақсаты: үлгі бойынша орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, картиналар құрастыру.

«Мақал мәтелдер»

Мақсаты: Айтылған мақал- мәтелді қайталап айтып беруге дағдыландыру.

« Менің көшем»

Мақсаты:

Суретті үлгі бойынша бояп, эстетикалық талғамын дамыту.

«Санамақ айту»
Бөрік тіктім
Он ойланып
Тоғыз толғанып,
Сегіз рет сызып,
Жеті рет бұзып.
Алты рет қарап,
Бес рет санап,
Төрт рет қадап.
Үш тал үкі тағып,
Екі қолым талып.
Бір бөрік тіктім,
Әзер деп біттім.

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс


Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты: Жәниямен сурет оқу қызметі бойынша ағаштардың суретін үлгі бойынша салдыру, қарандашты дұрыс ұстауға үйрету.

Жеке баламен жұмыс: Мақсаты: Айзеремен сөйлеуді дамытудан «Менің көшем» тақырыбында дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру.

Жеке баламен жұмыс:

Мақсаты: Мирас пен Омарға пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңнен орналастыруды үйрету.


Вариативтік компонент


Вариативтік компонент


Серуенге дайындық


Балаларды киінгенде түймелерін қадап, аяқ киімінің бауын байлауды, киіміндегі олқылықтарды байқап, оны дұрыстай білулерін қадағалау.

Серуен



Балабақша ауласына серуен.


Кешкі ас


Ұқыпты тамақтану дағдыларын, ас құралдарын қолдануды жетілдіру. тамақтану алдында мұқият жуынуды, тамақтану әдебін сақтап, асты аз-аздан алып, шусыз жеуді үйрету. Тамақтан соң аузын шаюды қадағалау.

Үйлеріне қайтару.Өз бетінше ойындар


Ата аналарына тапсырып үйлеріне қайтару







Бекітемін:_____________________ Тексерілді:________________

№28 «Ақбота» бөбекжай- балабақшасының Әдіскер: Альменова Ж

меңгерушісі : Б.Жолболды



№28 «Ақбота» бөбекжай балабақшасы 2017-2018 оқу жылындағы

Ортаңғы «Балауса» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесі

Апта күндері

Білім саласы

Оқу іс - әрекеті

Дүйсенбі

Коммуникация

Денсаулық Шығармашылық

1.Сөйлеуді дамыту

2. Дене шынықтыру

3. Сурет

Сейсенбі

Таным

Шығармашылық

Коммуникация


1.Жаратылыстану

2. Музыка (1,3 апта);

Орыс тілі (2,4 апта).

Сәрсенбі

Таным

Әлеумет

Денсаулық

1. Құрастыру (1,2 апта); Қоршаған ортамен танысу (3 апта);

Экология негіздері (4 апта).

2. Дене шынықтыру

Бейсенбі

Коммуникация Таным

Шығармашылық

1. Көркем әдебиет (1,3 апта);

Драма (2,4 апта).

2.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

3. Музыка

Жұма

Шығармашылық

Шығармашылық

Денсаулық

1. Мүсіндеу (1,3 апта)

Аппликация (2,4 апта)

2.Дене шынықтыру
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
6644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі