400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ортаңғы «Көгершін» тобына арналған квест-сабақ «Аңдар қысқа қалай дайындалады»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жабайы аңдармен және олардың қысқы тіршілігімен таныстыру .Табиғаттық маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Аңдардың қысқы тіршлігі мен жазғы тіршілігімен салыстыра отырып олардың сырт келбетіндегі өзгерістері мен өміріндегі құбылыстардың өзгеруіне балалардың назарын аудару.Сөйлеу технологиялырын қолдана отырып балалардың сөздік қорын молайту байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы МКҚК








Ортаңғы «Көгершін» тобына арналған квест-сабақ











Тәрбиеші: Капышева Ж.В.
















2015-2016 оқу жылы

«Әулиекөл ауданының әкімдігінің

Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы МКҚК 25 қараша 2016 жыл


Ортаңғы «Көргершін» тобына

арналған оқу қызметінің ұйымдастырылған

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ


БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: "Коммуникация", «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет»

БӨЛІМІ: «Сөйлеуді дамыту», «Экология», «Жаратылыстану»

ТАҚЫРЫБЫ: «Аңдар қысқа қалай дайындалады»

МАҚСАТЫ: Балаларды жабайы аңдармен және олардың  қысқы тіршілігімен таныстыру .Табиғаттық маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін  жетілдіру. Аңдардың қысқы тіршлігі мен жазғы тіршілігімен салыстыра отырып олардың сырт келбетіндегі өзгерістері мен өміріндегі құбылыстардың өзгеруіне балалардың назарын аудару.Сөйлеу технологиялырын қолдана отырып балалардың сөздік қорын молайту байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР: презентация, суреттер

СӨЗДІК ЖҰМЫС: Апан, ін,қуыс,жыртқыш.

БИЛИНГВАЛЬДЫ КОМПОНЕНТ: Аңдар-звери, аю-медведь, қасқыр-волк,түлкі-лиса, кірпі-еж, тиін-белка.


ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

ТӘРБИЕШІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

БАЛАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ



Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Қүннің көзі ашылды,

Көкке шуақ шашылды,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің ісі ғой,

Ал,қанекей,бәріміз

«Сәлем» дейік әркімге!(СЛАЙД 2)


Балалар тәрбиешімен шаттық шеңберге тұрып, қайталайды.






Ұйымдастырушы

лық-ізденістік

- Балалар бүгін бізге орманнан хат келді . Қанеки, хатты оқиық

(СЛАЙД 3).

«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздерге жазып отырған ормандағы аңдарБүгін бізсендерді қонаққа шақырып , қысқа қалай дайындалатынымыз туралы айтып бергіміз келеді..»

- Балалар, ормандағы аңдарға қонаққа барамыз ба?

-Ендеше орманға саяхатқа шығайық.

Бір орында тұрып

«Көзімізді жұмайық,

шыр айналып алайық,

көзімізді ашайық,

орманға саяхатты бастайық»

(Слайд 4) видео

- Балалар бұл орманның аңдары суық болғандықтан тығылып қалыпты, Оларды табу үшін жұмбақтарды шешейік.

1-жұмбақ:

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал,оның баласын « көжек»   дейді. (СЛАЙД 5) 6 ақ қоян, 7 немен қоректенеді

-Балалар қоян қыста өз сұр тоңын ақ тоңға ауыстырады. Қоянға ақ тоң не үшін керек? Бірақ мына қоян ауыстыруға ұмытып кетіпті. Егер қоян тоңын ауыстырмаса не болатынын көрелік.

«Тоңын ауыстыр» кескіндеме арқылы (СЛАЙД 8)тәжірибе жүргізу.


- Ыс, - ыс, - ыс келіп қалды қыс,

- Ян, - ян, -ян, ақ тон киді қоян.


Келесі аңды тауып көрейік. (СЛАЙД 9 -10 ұйықтайды)

Балалар кірпі қыста түбіртектін астына жатып ұйықтайды. Кірпі ұйықтар алдында бізбен серігіп бой жазып алғысы келеді.


Сергіту сәті : Кірпі (Слайд 11)12 видео


2-жұмбақ: Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу
(СЛАЙД 13)

Жаздағы түлкі (СЛАЙД 14)


Артикуляциялық жаттығулар жасау: Қасқыр қалай ұлиды у - у - у - у - у - у - у - у.

Күртік қар қалай сықырлайды. Қырт - қырт, қырт - қырт.

Қасқыр қалай ырылдайды р(- р - р - р - р - р - р).

Аю қалай ақырады. О - о - о - о - о - о - о -.

Тиін жаңғақты қалай шағады. Шық - қық, шы - қық, шы - ық

Балалар қолы тоңғанда ай - ай - ай – ай ой - ой - ой - ой - ой дейді.


3- жұмбақ:

Жеміс-жидек жегенім

Балды жақсы көремін

(СЛАЙД 16) 17 немен қоректенеді.18 ұйықтайды


Тапсырма:

«Сөзді тауып айт».

- Қоян жазда сұр, қыста …….

- Қоянның құйрығы қысқа, ал құлағы …….

- Тиіннің артқы аяғы ұзын, ал алдыңғы аяғы …….

- Кірпі кішкентай, ал аю …….

- Қоянның жүні үлпілдек, ал кірпіде …….

- Қыста қасқыр жортады, ал аю…….

(СЛАЙД 19)


Жауымнан мен қашқанда

Ағаштарға самғап бағам

Ал қарным ашқанда

Отырып ап жаңғақ шағам.

(СЛАЙД 20)


- Балалар тиін қыста ағаштағы ұясына өз қорығын жинап алады жинап алады екен. Ол не екенін табу үшін келесі тапсырманы :


ОЙЛАН ТАП (СЛАЙД 21)

Суреттен келесі тапсырмаларды орындау:

- тоңын ауыстыратын аң; (қызыл)

- ұйықтайтын аңдар; (жасыл)

- бұтақтан бұтаққа секіретін аң; (көк)

-Түлейтін аң (сары)(СЛАЙД 21)





Балалар қызығушылық танытып, мұқият тыңдайды.

- Иә




Тәрбиешілермен бірге тақпақты қайталайды.









Қоян




Балалар өз ойларымен бөліседі.




Тәжірибеге жаппай қатысады.


Буынды жаттығуны қайталайды.





Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.



Сергіту сәтін орындайды.


- Түлкі




Артикуляциялық жаттығулар жасайды.















- Аю






- Ақ

- Ұзын



- Қысқа

- Үлкен

- Тікенек


- Ұйықтайды




- Тиін










Балалар үстел басына отырып, берілген тапсырманы орындайды.


Рефлексиялық - түзетушілік

Балалар осымен бүгін біздің ормандағы саяхатымыз аяқталды енді өз тобымызға қайтатын уақыт келді «Көзімізді жұмайық,

Шыр айналып алайық,

Көзімізді ашайық,

Тобымызға оралайық»


Балалар тәрбиешінің соңынан қайталайды.


Күтілетін нәтиже:


Орындайды: Жабайы аңдар мен олардың тіршілігін


Түсінеді: Табиғаттық маусымдық өзгерістерге байланысты аңдар тіршілігінің өзгерістерін


Қолданады: Қыс мезгілінде аңдардың тіршілігіндегі өзгерістерді жаз езгіліндегі тіршілікпен салыстыруды


Тәрбиеші: Капышева Ж.В

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
821
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі