Ортаңғы
«Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өткізілу
күні:
Тәрбиеші:
Берік А.Б
Білім
беру саласы: «Шығармашлық»
Пән:
Аппликация
Өтпелі
тақырып: «Жер
– Ана!»
Тақырыбы:
: «Анама
не сыйлаймын?»
Мақсаты:
Тәрбиелеу:
Балаларды
аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Дамыту:Әсемдікке
баулу, эстетикалық талғамын, қиялын
дамыту.
Оқыту:
Қиылған
дайын пішіндерді қағаз бетіне дұрыс
орналастыра білуге үйрету
Педагогикалық
технологиялар:
түсіндіру, ойын, дамыту.
Ресурстармен
қамтамасыз ету: суреттер,
бидай өнімдерінің суреттері.
Билингвалдық
компонент: ана-мама,
гүл-цветок, сыйлық-подарко.
Ұйымдастырушылық
кезеңі
Балалардың
назарын топқа көңіл-күйі түсіңкі болып
кірген қуыршақ Айшаға аударады.
Қуыршақ
Айша балалармен амандасады.
-Сәлеметсің
бе,Айша!
-Неге
сенің көңіл-күйің жоқ?
Қуыршақ
Айша:
-балалар,
мен,
сендерден көмек сұрай келдім.
-Мен
анама мерекесіне сыйлық жасайын деп
едім,
бірақ
келістіре алатын емеспін.
Қолымнан келмейтін сияқты.
Тәрбиеші
Айшаға көмектесуге ұсыныс жасайды.
-Балалар,
қуыршақ Айша анасының мерекесіне сыйлық
жасағысы келеді екен. Ал аналар мерекесі
қай кезде болатын еді?
-Өте
дұрыс, ал көктемнің қай айында?
-Дұрыс
айтасыңдар балалар.
Негізгі
бөлім:
-Балалар
енді аналар туралы қандай тақпақтар
білесіңдер?
Балаларға
тақпақ айтуға ұсыныс жасайды.
Адия:
Жылылықтан
жаралған
Құшағы
оның таң мекен.
Менің
айдай анамнан
Асқан
сұлу барма екен?!
Ернар:
Жер
бетінің ғұмыры
Күн
нұрымен арайлы.
Біздің
үйдің жылуы
Анамыздан
тарайды?!
-Жарайсыңдар
балалар!Ал енді анамызға қандай сыйлық
жасайтынымызды білу үшін жұмбақ
жасырайық. Сол жұмбақты дұрыс шешсеңдер
соны сыйлық қылып жасаймыз.
Жұмбақ
Құлпырып,жайнап
өседі
Күннің
көзін сүйеді.
-Өте
дұрыс! Ендеше балалар, біз анамызға
әдемі гүлдің суретін жапсырып береміз.
-Айша,сен
келісесің бе?
-Әрине
келісемін.
Балалардың
назарын тақтадағы суретке аударып,
гүлдің жасалу жолын түсіндіреді.
Саусақ
жаттығуы.
Саусақтарды
тарамдап,
Ашып,жұмып
алайық.
Әр
саусақты бір-бірлеп
Бүгіп,
бүгіп алайық.
Балаларға
алдын ала дайындалған гүлдің бөліктерін
таратып береді.
Жапсыру
әдістерін түсіндіреді.
-Сабағы
мен жапырақтарын жапсырамыз.
Жапсыру
барысында қиындық танытқан балаларға
тәрбиеші көмектеседі.
Сергіту
сәті
Аппақ,қызыл,көк
гүлдер
Самал
желмен тербелер.
Гүлдер
өссе жайқалып,
Бүкіл
әлем гүлденер.
-Балалр
енді гүліміздің табақшасы мен
ортасындағы күлтесін жапсырайық.
1.Үлкен
табақшасы
2.Кіші
табақшасы
3.Ортасына
гүлдің күлдің күлтесін жапсырамыз.
-Міне,балалар,біздің
сыйлығымыз да дайын болды.
-Айша,біздің
балаларымыздың сыйлықтары ұнады ма?
-Әрине
ұнады.
Айша
балаларға алғысын білдіреді.
Балалармен
ойын ойнайды.
«Гүл
жинаймыз» д/о.
Ойын
шарты:
Екі
топқа бөлініп,өсіп тұрған гүлдерді
құмыраға жинайды.
Айша
балаларға рахметін айтып, қоштасып
кетеді.
Қорытынды:
Балалар
жұмыстарын аяқтайды, бір-біріне көрсетеді.
Тәрбиеші
мақтап мадақтайды.