Авторы:
Сыдыкова Мадина Ментаевна
Сабақтың
тақырыбы: Қазақстан
Республикасының рәміздерін құрметте
Сабақтың
мақсаты: Балаларға
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздерімен таныстыру.Туды,Елтаңбаны
және Гимнді бір-бірінен ажырата білуге
үйрету.Балаларға рәміздерді
құрметтеуге,қастерлеуге рәміздерді
бәрінен биік ұстауға,рәміздердің әр
элементтерін,бөлшектерін атауларын
жатқа білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
(Ту,Елтаңба және Гимн)
Сабақтың
байланысы: Тіл
дамыту.
Сабақтың
түрі: Ашық
оқу қызметі
Сабақтың
әдіс-тәсілі: Әңгімелеу,өлең
жолдарын қайталату,рәміздерді сурет
бойынша таныстыру,сұрақ-жауап т.б.
Гимн
орындау
Сабақтың
барысы:
Балаларды
оқу іс-әрекетіне дайындау.Сабаққа деген
зейінін психологиялық ойындар арқылы
оятып,қызығушылығын арттыру.
Әрина
Қазақстан Республикасында тұрамыз?
Ал,сендер
біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың
есімін білесіңдер ме?Әрине Қасым
Жомарт Тоқаев Кемелұлы .(Суреттен
көрсету)
Балалар
кейбір жаңадан келген балалар танығанымен
толық білмеулері мүмкін,мен сендерге
таныстырып өтейін.
Мына
бірінші суреттегі Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы.
Балалар
тудың түсі көк.Көк түс болудың себебі
адам бойына адалдық пен тазалық пен
үміт сияқты қасиеттеріне сәйкестенуі
тегін емес,көк түс әрқашан
бейбітшіліктің,тыныштық пен жарқын
болашақтың белгісі.Яғни аспанымыз ашық
болсын дегеннің белгісі екен.Тудың қақ
ортасында күн мен қалықтаған қыран
құсымыз және оң жағында оюдың суреті
бар.Күннің болуы әрқашан күндей
нұрымыз жарқын болсын деген ниетпен,дала
бүркіті Қазақстандықтар ұғымында
дархандық пен қырағылық,биіктік пен
бейнеленген.Тудың оң жағында оюдың
бейнеленуі біздің қазақ екенімізді
білдіретін қазақтың ою-өрнегі
бейнеленген.Ал түстерінің сары болуының
себебі сары түс молшылықтың байлықтың
белгісі.
Балалар
ендеше рәміздерге
байланысты тақпақ айтайық:
Айша:
Желбірейді
шалықтап
Қазақстан
жалауы.
Көкке
қыран қалықтап,
Қанат
қағып барады.
Расул:
Көк
аспанда нұрлы Күн
Күлімдейді
далама.
Бақыт
тілеп тұр бүгін
Ол
барлық пәк балаға.
Алихан
Ұлттық
өрнек мұрамыз
Адастырмас
мұраттай.
Нық
көтеріп тұрамыз
Жалауды
біз құлатпай!
Азамат
Бейнелеп
сан ғасырды
Елтаңбасы
елімнің,
Таратады
хас үлгі
Киесіндей
жерімнің.
Жанель:
Бабам
тұлпар жаратты,
Құлынында
танып-ақ.
Тұлпар
барда қанатты,
Шайқалмайды
шаңырақ.
Даниял
Тәуелсіздік
көркі ол да,
Өркениет
өрінде.
Нұр
төгеді ЕЛТАҢБА
Ақ
орданың төрінде.
Келесі
суреттен біз Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының
ортасында елтаңбаныі негізі ретінде
шаңырақ бейнеленген.Ол елтаңбаның
жүрегі іспеттес.
Шаңырақ
еліміздің біртұтастығын,мемлекеттік
бастауы,отбасы ошағын бейнелейді.Екі
жағындағы қанатты тұлпар мәңгілік
өмір,болашаққа үміт артқан сендер сияқты
балалардың арманы,самғау биігі.
Шекесіндегі
бес жұлдыз мемлекетіміздің жарқын
болашағына жол көрсетер жұлдызы.Елтаңбаның
астында «Қазақстан» атты жазу біздің
қазақ екенімізді білдіретін айырықша
белгі екен.
Біздің
рәміздеріміздің бірі Қазақстан
Республикасының Менлекеттік Гимні.Балалар
ҚРМ Гимнінің сөзін Елбасымыз Нұрсұлтан
атамыз және Жұмекен атамыз жазған.Әні
жазған Шәмші атамыз.
Балалар
Мемлекеттік Гимнді қалай болса солай
орындауға болмайды,оны барлығымыз
орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүрек
кеудемізге қойып бойымызды тік ұстап
орындау керек.
Қорыту:
Балалар
бүгінгі іс-әрекетімізде біз Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік рәміздері
туралы ілім алдық.
Кәне
маған кім рәміздерді атап береді?
Ту
және Елтаңба жайында өлең жолдарын
қайталату.
ҚР
Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады.