Ортаңғы топ перспектива

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ортаңғы топ перспектива

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшаның ортаңғы топтарына арналған перспективалық жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және

Мектепкедейінгітәрбиеменоқытудыңүлгілікоқубағдарламасынегізінде

2024 –2025 оқужылынаарналған

ұйымдастырылғаніс-әрекеттіңперспективалықжоспары

Мектепке дейінгі ұйым: «» балабақшасы

« » ортаңғы тобы

Балалардың жасы 3жас


Айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылғаніс-әрекеттің міндеттері

Қыркүйек

Дене шынықтыру

Дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту;

негізгі қимыл түрлері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу,

еңбектеу мен өрмелеуді орындаудың қарапайым дағдыларын жетілдіру; мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

Жүру.

Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 сантиметр), арқан бойымен жүру, тура жолмен, бір-бірінен 10 сантиметр қашықтықта орналасқан тақтайшалардың, қырлы тақтайдың бойымен жүру.

Жүгіру.Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 метр қашықтық), төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр) лақтыру (1-1,5 метр қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бірбіріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату. Допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Кеудеге арналған жаттығулар: допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа

(солға- оңға) бұрылу; солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта);

аяқты көтеру және түсіру, аяқтарды қозғалту (шалқасынан жатқан

қалыпта); аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан

бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жанжаққа созып еңкею (етпетіненжатқанқалыпта).

Спорттықжаттығулар.

Велосипед тебу. Үшдөңгелектівелосипедті тура, шеңбербойымен, оңғажәнесолғабұрылып тебу.

Мәдени-гигиеналықдағдылардықалыптастыру

Балалардысыртқыкелбетінбақылауғаүйрету; сабындыдұрысқолдануды, қолды, бетті, құлақтытазалапжууды, жуынғаннанкейінқұрғатыпсүртуді, орамалдыорнынаілуді, тарақтыжәнеқолорамалдыпайдаланудыүйрету.


Сөйлеуді дамыту

Балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету;

түрлі балалар әрекетінде балалардың бір-бірімен сөйлесуіне жағдай жасау; әрбір баланың қызығушылығына мән беру, сұрақтарына жауап беру, жеке

сөйлесу;

дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану

арқылы сөздік қорды байыту; шешендікке, әдеби тілде сөйлеуге баулу;

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

Сөздік қор.

Балаларға тұсау кесу дәстүрімен таныстыру арқылы олардың алғашқы қадамы ересектерді қуанышқа бөлейтінін жеткізу және оларды ересектердің жақсы көретінін білдіру, дәстүрге байланысты балалармен ән айту, би билету, жұмбақ шешкізу, жаңылтпаш, санамақ айтқызу, сөздік қорларын жаңа сөздермен байыту.


Көркем әдебиет

артикуляциялық және дауыс аппаратының, есту қабілетінің дамуына

ықпал ету; қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларымен, салт-дәстүрлерімен,

мәдениетімен таныстыру; қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға

тәрбиелеу; балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты қалыптастыру.

Кітаптарға қызығушылықты ояту.

Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.

Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балаларменкейіпкерлердіңәрекеттері мен олардыңәрекеттерініңсалдарынталқылау.


Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.


өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтау.

Сөздік қоры:

Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды

Тілдің грамматикалық құрылымы:Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрықрайлыетістіктердіжекелейқолдануға баулу (бар, кел, айт).


Математика негіздері

қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

бақылау арқылы қоршаған орта заттарының санын, пішінін, шамасын,

олардың кеңістікте орналасуын ажыратуға үйрету; заттарды зерттеуге қызығушылықты ояту, жаңаны тануға, өзіне

сенімділікке баулу; командада жұмыс істей білуге дағдыландыру; көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту.

Сан.

«Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету: көп-біреу (біреу-көп), біртекті заттарды топтастыру және олардың біреуін бөліп көрсету, қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «қанша? неше?» сұрағына жауап беру.

Шама

Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.


Құрастыру


музыкаға, бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру,

шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту; бейнелеу әрекеті мен оның нәтижесіне эмоционалды жағымды қарым

қатынас орнату; бейнелеу әрекетін балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастыру, балаларға бейнелейтін заттарды өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беру; Құрылыс материалдарынан құрастыру

әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;

Қоршаған ортамен таныстыру

Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін қалыптастыру

Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

Менің отбасым.

отбасылық суреттерді қарауға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін атауға үйрету

Көлік құралдарының түрлерімен таныстыру.

Балабақша, балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту

Балалар тұратын қала мен ауыл атауын атау.

Сурет салу

Заттық сурет салу.

көкөністер мен жемістерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, жануарларды бейнелеу, дөңгелек пішінді заттардың суретін салу (шарлар, бұлт, күн);

Сәндік сурет салу.

ою-өрнектерді жазықтыққа орналастыру

Сюжеттік сурет салу

Қарапайым табиғат құбылыстарын

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу:

Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру;


Жапсыру

дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету

бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау

Музыка

Музыка тыңдау

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

Ән айту.

Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;





















ҚАЗАН АЙЫ


Айы


Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қазан

Дене шынықтыру

Жүру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, сапта бір-бірден, екеуден (жұппен) жүру.

Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 сантиметр), арқан бойымен жүру

Жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, сапта бір-бірден, алаңның бір жағынан екінші жағына, әр түрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша»,шашырап жүгіру

Секіру. Тұрған орнында қос аяқпен, 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, құрсаудан құрсауға, заттарды айналып және заттардың арасымен секіру

Жалпы дамытушы жаттығулар.

Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:

қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру

Аяққа арналған жаттығулар: аяқтың ұшына көтерілу, аяқты алға қарай қою, аяқты жан-жаққа, артқа қою

Қимылды ойындар

Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға,қимылдарды үйлестіру

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

Балалардың денсаулығын және жергілікті жағдайларды ескере отырып,табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з)дыбыстарды анық айту

Сөздік қор.

Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту.

Сөйлеудің грамматикалық құрылымы:Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру

Байланыстырып сөйлеу.

Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылауға үйрету.

Көркем әдебиет

Кітаптарға қызығушылықты ояту.

Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Тілдік дамытушы орта.

Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауынажағдай жасау:.


Сөздік қоры:Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы: Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрдеқолдануға үйрету.

Математика негіздері

Сандар. "Көп", "бір"ұғымдарытуралытүсініктердіқалыптастыру.Дағдылардықалыптастыру: біртектізаттардантоптарқұружәнеоларданбіреуінбөлу;

топтықбөлмедегізаттардыңайырмашылықтарыжәнеолардыңсанынанықтау.

Шамасы.Заттардыңмөлшеріәртүрліболуымүмкіндегентүсінікберіңіз. Дағдылардықалыптастыру: ұзындығыбойыншаекіқарама-қарсыжәнебірдейзаттардысалыстыру.

Геометриялықфигуралар. Балалардыгеометриялықфигуралардытануғажәнеатауғаүйрету:

шеңбер, шаршы. Дағдылардықалыптастыру: геометриялықфигуралардытанужәнеатау; фигуралардыңпішінінзерттеу.Кеңістіктегібағдарлау. Дене мүшелерініңорналасуынбағдарлайбілугеүйрету. Дағдыларды

қалыптастыру: дененіңбөліктерінде (бас, аяқ, қол) атаужәнебағдарлау

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

«Мен» бейнесін, құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезінуге, әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнауға үйрету, өз іс-әрекеттерін оң бағалау және өзін-өзі бағалауын, ойында туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін дамыту

Заттық әлем.

Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың

көлемін, түсін,пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттардың сапалары мен қасиеттерін: сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру.

Құрастыру

Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру.

Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және

қолдануға үйрету

Сурет салу

Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.

Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету

Мүсіндеу

Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу. Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалану


Жапсыру

Балалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру. Қағаз

бетінде көлемі,түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра

отырып, ойдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау

Музыка

Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындау.Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян

секіреді, құстар ұшады.








































ҚАРАША АЙЫ

Айы


Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қараша

Дене шынықтыру

Жүру. Әртүрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен,

«жыланша», шашырап, тапсырмаларды орындай отырып жүру

Жүгіру.тура, шеңбер бойымен, «жыланша»,

шашырап жүгіру; белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы: тоқтап жүгіру

Секіру.15-20 сантиметр биіктіктен секіру, ілініп тұрған затқа қолды тигізіп,тұрған орнынан жоғары секіру

Жалпы дамытушы жаттығулар. қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау

Аяққа арналған жаттығулар: отырып құм салынған қапшықтарды аяқтың бақайларымен қысып ұстау

Қимылды ойындар қимыл түрлерін өзгерте отырып,

ойындарға күрделі ережелерді енгізу

Сауықтыру-шынықтыру шаралары. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес

олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту

Сөздік:сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы және ерекше белгілерібойынша жалпылаушы сөздермен байыту.

Сөйлеудің грамматикалық құрылымы: зат есімдердітәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану

Байланыстырып сөйлеу.

Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну

Көркем әдебиет

Оқу, әңгімелеу. Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Тілдік дамытушы орта.

бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісу

Сөздік қоры:Көрнекілікпен немесе көрнекіліксіз өзіне айтылған сөзді тыңдаужәне түсінуді дамыту

Тілдің грамматикалық құрылымы: Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу

Математика негіздері

Заттардыңсанынажыратуғаүйрету

Дағдылардықалыптастыру:біртектізаттардантоптарқұружәнеоларданбіреуінбөлу;

топтықбөлмедегізаттардыңайырмашылықтарыжәне


олардыңсанынанықтау.

Шамасы.Өлшемдеріқарама-қарсыжәнебірдейзаттардысалыстыру.

Геометриялықфигуралар.Ұстаужәнекөрутәсілдеріарқылыаталғанфигуралардызерттеуге

мүмкіндік беру.

Уақыттыбағдарлау.

Қарама-қарсытәулікбөліктерінбағдарлау

Қоршаған ортамен таныстыру

Өз іс-әрекеттерін оң Бағалау және өзін-өзі бағалауын, ойында туындаған мәселелерді шешутәсілдерін дамыту.

Заттық әлем.

заттардың сапаларымен қасиеттерін: сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман»әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту

Еңбекке баулу

Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойынәрекетіне ынталандыру.

Құрастыру

Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер,кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білу

Сурет салу

Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып,қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету

Мүсіндеу

Пәндік модельдеу: Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю

тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-

түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету

Жапсыру

Іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру:Қағаз бетінде көлемі,

түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра

отырып, ойдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау

Музыка

Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық

жанрлар: ән, би, маршпентаныстыру.

.













ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ

Айы


Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Желтоқсан

Дене шынықтыру

Жүру. қол ұстасып,арқаннан ұстап, тоқтап, жартылай отырып, бұрылып, заттарды айналып жүру

жүгіру. Белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіру; қарқынды өзгертіп, жылдам (10-20

метрге дейін), тоқтамай баяу қарқынмен (50-60 секунд ішінде) жүгіру.

Секіру.сызықтан секіру, тұрған орнынан ұзындыққа 40

сантиметр қашықтыққа секіру.

Жалпы дамытушы жаттығулар.қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру

Аяққа арналған жаттығулар:таяқтың, білікшенің (диаметрі 6-8 сантиметр) бойымен қосалқы қадаммен жүру

Қимылды ойындарҚимылды ойындарды ойнату

Сауықтыру-шынықтыру шаралары. Арбалар, автомобильдер, велосипедтер, доптар,

шарлармен өз бетінше ойнауға ынталандыру.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту

Сөздік:қарама-қарсы мағынадағы сөздерді-антонимдерді енгізу.

Сөйлеудің грамматикалық құрылымы:зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану

Байланыстырып сөйлеу.

Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану

Көркем әдебиет

Оқу, әңгімелеу. Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне

жанашырлық танытуға тәрбиелеу

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Тілдік дамытушы орта.

өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен

қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтау

Сөздік қоры:Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы: тұрмыстық

заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.




Математика негіздері


Заттардыңсанынажыратуғаүйрету

Дағдылардықалыптастыру:қоршағанортаданбірнемесебірнешебірдейзатты табу, «қанша? неше?» сұрағынажауапберу.Шамасызаттардысалыстырудашаманыңберілгенбелгісібойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы

шамасыбойынша) бірзаттыекіншізатпенбеттестіру.

Геометриялықфигуралар.ұстаужәнекөрутәсілдеріарқылыаталғанфигуралардызерттеу

Уақыттыбағдарлау.Балалардыңшығармашылықдағдыларын, зерттеуіс-әрекетін

дамыту

Қоршаған ортамен таныстыру

Балаларды отбасы бейнеленген фотосуреттерді қарауға, отбасы мүшелерін, олардың іс-әрекеттерін атауға, өзінің отбасы, отбасылық қарым-қатынас туралы әңгімелеп беруге, жақындарына қамқорлық танытуға баулу.

Заттық әлем.Заттар, ойыншықтар,кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеуӨзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауғатәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдауБалалардың назарын адамның жеке

қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор, ұқыпты) аудару.

Құрастыру

Құрастырылатын құрылысты қарапайым сызбаларға, суреттегі үлгісіне қарап зерттеуге және кірпіштерді, тақтайшаларды тігінен қатарға орналастырып, бір-бірімен мықтап бекіту тәсілдерін қолданып, өз бетінше құрастыруға мүмкіндік беру

Сурет салу

тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру

Жапсыру

Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу,

жаймадағы дайын үлгіге жағу

Музыка

Ересектердің орындауындағы және аудио-бейнежазбадан музыка

тыңдауға үйрету.

Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен

бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау.











ҚАҢТАР АЙЫ

Айы


Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Қаңтар

Дене шынықтыру

Жүру. заттарды айналып жүру,еденге қойылған заттардан аттап жүру, жан-жаққа баяу айналу.

Жүгіру.төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң

және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр) лақтыру (1-1,5 метр қашықтық)

Секіру.сызықтан секіру, тұрған орнынан ұзындыққа 40

сантиметр қашықтыққа секіру.

Жалпы дамытушы жаттығулар.алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру,түсіру, саусақтарды қозғалту

Кеудеге арналған жаттығулар:допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа

(солға- оңға) бұрылу Өрмелеу, еңбектеу дағдыларын,

ептілікті, жылдамдықты дамыту, қимылдарды мәнерлі орындауға баулу Спорттық жаттығулар.

Шанамен сырғанау

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту

Сөздік:дәстүрге байланысты балалармен ән айту

Сөйлеудің грамматикалық құрылымы:зат есімдердітәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану

Байланыстырып сөйлеу.

Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым

тәсілдерін қолдану

Көркем әдебиет

Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Тілдік дамытушы орта.

құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу

Сөздік қоры:Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды

жаттауға баулу.

Тілдің грамматикалық құрылымы: Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен

сұрақтарға жауап беру

Математика негіздері

заттарғақосунемесезаттарданалутәсілдеріарқылы

теңжәнетеңемесзаттартобынсалыстыру

Шамасы.енібойыншакең-тар, бірдей, тең, биіктігібойыншабиік-аласа, бірдей, тең, жалпышамасыбойыншаүлкен-кішісөздеріменбелгілеу..

Геометриялықфигуралар.Ұстаужәнекөрутәсілдеріарқылыаталғанфигуралардызерттеуге

мүмкіндік беру.


Қоршаған ортамен таныстыру

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру. Заттар, ойыншықтар,кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.


Құрастыру

Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату

Сурет салу

Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу

Мүсіндеу

Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға,тұмар) таныстыру

Жапсыру

Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру

Музыка

Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу.

Ересектердің орындауындағы және аудио-бейнежазбадан музыка тыңдауға үйрету































АҚПАН АЙЫ

Айы


Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Ақпан

Дене шынықтыру

Жүру.жан-жаққабаяуайналу.

Секіру.Сапқатұру, қайтасапқатұру

Жалпыдамытушыжаттығулар.қолдыалға, жан-жаққасозу, алақандарынжоғарықарату, қолдыкөтеру

иықтардыжоғарыкөтеріп, қолдыжан-жаққасозыпеңкею (етпетіненжатқанқалыптаҚимылдыойындарқимылтүрлерінөзгертеотырып,ойындарғакүрделіережелердіенгізу.Мәдени-гигиеналықдағдылардыжетілдіру, тамақтану, жуынукезіндеқарапайыммінез-құлықдағдыларынқалыптастыру.Денсаулықтыңқұндылығытуралытүсініктідамыту; ауырмауға, денсаулықтысақтауғаынталандыру

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. дәстүрге байланысты балалармен ән айту, би билету, жұмбақ шешкізу, жаңылтпаш, санамақ айтқызу Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру,

қызығушылығын ояту

Көркем әдебиет

Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ дыбыстарын өздігінен дұрыс айтуға баулу.

Тілдік дамытушы орта. өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтау

Сөздік қоры:Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу

Тілдің грамматикалық құрылымы: Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге,

олардыжайсөйлемдерменсипаттапайтыпберуге баулу

Математика негіздері

«Тең бе?», «Қайсысыартық (кем)?» сауалдарынажауап беру.

Дағдылардықалыптастыру:қоршағанортаданбірнемесебірнешебірдейзатты табу, «қанша? неше?» сұрағынажауапберу.Шамасызаттардысалыстырудашаманыңберілгенбелгісібойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпышамасыбойынша) бірзаттыекіншізатпенбеттестіру.

Геометриялықфигуралар.

Балалардыгеометриялықфигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпентаныстыру

Қоршаған ортамен таныстыру

отбасылық қарым-

қатынас туралы әңгімелеп беруге, жақындарына қамқорлық танытуға баулу.

Заттық әлем.

Әртүрлі заттардың

атауларын сөйлегенде белсенді қолдану, заттардың атқаратын қызметтерін

түсіну, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгеру.

Көлік, байланыс құралдары.

Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс

құралдарымен таныстыру

Құрастыру

өз бетінше құрастыруға

мүмкіндік беру, өзінің тұрғызған құрылысын талдауға баулу

Сурет салу

өз бетінше ойдан сурет салуға

мүмкіндік беру..

Мүсіндеу

Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған

бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.


Жапсыру

Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым

элементтерімен безендіру

Музыка

Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету: ре (ми) — ля (си) диапазонында,

барлығымен бір қарқында әнді таза айту, сөздерді анық айту, әннің сипатын

жеткізу (көңілді, созып, ойнақы айту).




























НАУРЫЗ АЙЫ

Айы


Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

НАУРЫЗ

Дене шынықтыру

Допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр) лақтыру (1-1,5 метр

қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бір-біріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату.Сапқа тұру, қайта сапқа тұру. Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа тұру, шеңберге тұру (көзбен бағдарлау бойынша). Саптағы,

шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.Өрмелеу, еңбектеу дағдыларын,ептілікті, жылдамдықты дамыту, қимылдарды мәнерлі орындауға баулу.Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.


Сөйлеуді дамыту

сөздік қорларын жаңа сөздермен

байыту. ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру

Көркем әдебиет

Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтау

Сөздік қоры:Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды

жаттауға баулу

Тілдің грамматикалық құрылымы: Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу.


Математика негіздері

Шамасысалыстырунәтижелерінұзындығыбойыншаұзын-қысқа, бірдей, тең, енібойыншакең-тар, бірдей, тең, биіктігібойыншабиік-аласа,бірдей, тең, жалпышамасыбойыншаүлкен-кішісөздеріменбелгілеу.

Геометриялықфигуралар.

ұстаужәнекөрутәсілдеріарқылыаталғанфигуралардызерттеугемүмкіндік беру.




Қоршаған ортамен таныстыру


Еңбекке баулу.

Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру..

Өсімдіктер әлемі. Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру

Көлік, байланыс құралдары.Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.


Құрастыру

Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып,

дайын болған құрылыспен бірге ойнату

Сурет салу

Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету

Мүсіндеу

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.


Жапсыру

Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.


Музыка

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

Музыкамен жүру мен жүгіруді ырғақты орындау, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүру және шашырап жүруге үйрету.Музыканың басталуы мен аяқталуына сәйкес қимылдарды орындау,қимылдарды өз бетінше бастау және аяқтау
























СӘУІР АЙЫ

Айы


Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

СӘУІР

Дене шынықтыру

Жүгіру Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу, еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр),.

Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау Кеудеге арналған жаттығулар:

допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа(солға- оңға) бұрылу;солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру Дене мүшелері мен ағза жүйесін нығайтатын жаттығулармен таныстыру.Өзінің денсаулық жағдайы туралы ересектерге айту, науқастанған кезде дәрігерге қаралып, емделу қажеттігін білу.Шынықтыру шараларын жүргізуде балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру.

Сөйлеуді дамыту

Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру

Көркем әдебиет

Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.


Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.

Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім және етістік) үйрету.

Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу

Математика негіздері

Шамасыбірдей, тең, биіктігібойыншабиік-аласа,

бірдей, тең, жалпышамасыбойыншаүлкен-кішісөздеріменбелгілеу.

Уақыттыбағдарлау.

Қарама-қарсытәулікбөліктерінбағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.


Қоршаған ортамен таныстыру

Еңбекке баулу.

Қарапайым тапсырмаларды өздігінен орындауға, түрлі балалар әрекетіне

қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды дайындауға, қолданып болған соң

ойыншықтарды, кітаптарды, заттарды орнына жинауға баулу.

Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының


нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.

Жануарлар әлемі.

Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру,табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат

құбылыстарын бақылау

Құрастыру

Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.


Сурет салу

Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану. Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу

Мүсіндеу

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру. Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.


Жапсыру

Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдану..


Музыка

Қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталау Балалардың билейтін музыкаға сәйкес би қимылдарын өз бетінше орындауына, таныс би қимылдарын ойындарда қолдануына мүмкіндік беру.















МАМЫР АЙЫ


Айы


Ұйымдастырылған іс-әрекет




Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

МАМЫР

Дене шынықтыру

Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу, еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр), көлбеу модуль бойымен, туннель арқылы еңбектеу; саты бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу (биіктігі 1,5 метр).

Ырғақтық жаттығулар. Таныс, бұрын үйренген жаттығуларды және қимылдарды музыканың сүйемелдеуімен орындау

Кеудеге арналған жаттығулар:

шалқасынан жатқан қалыптан бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жан- жаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта).

Серуенде қимылды ойындар мен дене жаттығуларына қатысуға қызығушылықты арттыру.

Шынықтыру шараларын жүргізуде балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру. Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.


Сөйлеуді дамыту

Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.


Көркем әдебиет

Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу. Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.


Қазақ тілі

Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу.

Математика негіздері

Заттардысалыстыру:заттарғақосунемесезаттарданалутәсілдеріарқылытеңжәнетеңемесзаттартобынсалыстыру, «Тең бе?», «Қайсысыартық (кем)?» сауалдарынажауап беру.

Кеңістіктібағдарлау.

Өзініңденемүшелерінбағдарлаужәнеосығанбайланыстыөзінеқатыстыкеңістікбағыттарынанықтау: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол.




Қоршаған ортамен таныстыру


Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға баулу.

Адамгершілік және патриоттық тәрбие.

Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» рекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор, ұқыпты) аудару, жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін қалыптастыру.

Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау (саңырауқұлақтар мен жидектерді жемеу, жануарларға тиіспеу, қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау), топта (терезенің алдына шықпау, розеткаларды ұстамау, баспалдақпен көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау), серуенде (отпен ойнамау, жолға шықпау) ойын алаңында және құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).


Құрастыру

пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.

Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу

Сурет салу

Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға

мүмкіндік беру.

Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Мүсіндеу

Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған

бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.


Жапсыру

Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасау.

Жапсыру барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыпты болуға баулу.

Музыка

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.

Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, сылдырмақ, маракас және барабанмен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.

Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал ету.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2025
164
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі