400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ортаңғы топтарға арналған "Алтын күз" мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
күз мерекесіне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы топқа арналған «Алтын күз» мерекесі Қатысатындар: Жүргізуші, Бұлт, Аю. Атрибуттар: Жапырақ, қөкөнiс пен жемiстер, себеттер, жұмбақ, қолшатыр.

Әуен ойнайды

Жүргiзушi мен жапырақ ұстаған балалар залдың ортасына шығып жарты шеңберге тұрады

Жүргiзушi: Ой,балалар, балалар, Қонырқай күз болыпты. Қурап жапырақ солыпты, Ел егiнiн орыпты.

Балалар қараңдаршы бiздiң залымыз қандай әсем және көркем. Қызыл- сары жапырақтар шашылған. Бiзге қонаққа күз мерекеci келдi.

Біздің балалар күз туралы тақпақтар біледі, кәне

Балалар:

1. Алтын күзде болып қалып, Жапырақтар сарғайды. Жауын шөпке құйып тұр , Салқын бізге келіп тұр.

2. Күз мезгілі- молшылық, Жадыраған қабағы. Заңғар көкте қол созып, Құстар қайтып барады.

3. Суық желмен желпініп, Ысқырынып күз келді. Жалаңаштап ағашты, Жапырақтарынан бөлінді.

4. Күз келіпті дегенше , Алма пісті дегейсің. Бақшамызда ендеше, Жеміс-жидек көбейсің.


5.Егін- жерім жиналып, Құйылатын қамбаға. Қазан айын ұнатып, Білмейтұғын жан бар ма?

Жүргізуші: Балалар орнымызға отырамыз, енді әдемі бір би билейік.

(жүргiзушi балаларға би ұсынады) Жапырақ биi орындалады (балалар орындықтарға отырады)

Жүргiзушi: Күз - өте әдемi жыл мезгiлi! Көшедегi бақшадағы және ормандағы барлық ағаштар әдемi киiнген.

Осы күзгі жапырақтар туралы біздің балалар тақпақтар айтады кәне,

Балалар:

6. Мерекелі күз келді, Берекелі күз келді. Жаттығу жасап көңілді, Қуантайық біз енді.

7.Күзде жайнап ашыла, Күннің нұры көшкендей. Алма ағаштың басында, Қызыл қарбыз өскендей.

8.Сары жапырақтар төгілген, Тоғайды да көрдім мен. Енді сары бояумен, Күз суретін салам мен.

9.Көктемде егін егетін, Күзде жиып беретін. Біздің дала- бай дала, Алтын астық айдала.

Жүргiзушi: Терезенiң артында күн суытып, жаңбыр жауып жатсада, бiз Күз мезгiлiн жомарттығы үшін ұнатамыз. Күз бiзге бай егiн көкөнiстер мен жемiстерiн бередi.

Ал енді балалар бір ән айтайықшы

Ән орындалады «Не бередi алтын күз?» (балаларға орындықтарға отырады)

Жүргiзушi: Менiң қолымда себет бар Iшi күзгi cыйлыққа толы Балалар барлық жинаған - Күзгi жемiстерiн , маған әкелдi.

Ал енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.Сендер мұқият тыңдаңдар.

Жұмбақ жасырады:

1.Жұпар иiсi – тамақтың 2.Көктемде танапқа себемiз Дәмiн бiлгiзедi. Өнiмiн зауытқа беремiз. Сепкен кезде салаттың, Домалақ дақылдың ағарып, Сәнiн кiргiзедi. Қант боп шыққанын көремiз. Ол не? Ол не? (Аскөк) (Қызылша)

3.Саяжайдан көресiң, Қурай десе сенесiң. Таңмен бiрге таласып, Тәттi жемiс тересiң. Ол не? (Таңқурай)

Жүргiзушi: Осы жемiстер мен көкөнiстердi қай жыл мезгiлiнде жинаймыз?

Балалар: Күзде!

Жүргiзушi: Ал сендер балалар ойын ойнағанды жақсы көресiңдер ме?

Балалар: Иә.

Ойын «Көкөнiс пен жемiстер» (Ойыншылар әр себетке көкөнiстер мен жемiстердi бөлiп жинайды.)

Найзағай мен жаңбырдың дыбысы шығады.


9.
Жау, жау,жау жаңбыр, Жау жаңбыр. Жау егіннің көгі өссін, Жаңбыр жауып еліме, Жерім менің көгерсін.

(қайтадан найзағай мен жаңбырдың дыбысы шығады)

Жүргiзушi: (тыңдайды) Балалар, бізді біреу таба алмай жүрген сияқты Аяғымызды топылдатайықшы, Алақанды соғайықшы. Бізді табуына көмектесейікші.

Әуен ойнайды.

(Балалар аяқтарын топылдатып, алақандарын соғады, залға «Бұлт» кiрiп келедi қолында қолшатыры бар)

Бұлт: Көкпеңбек көгiлдер бұлтпын, Кiшкентай болғаныммен күштiмiн. Егерде мен шындасам, Бәрiңдi малмандай су қыламын.

Әуен ойнайды

Бұлт балалардың жанынан өтiп оларға су шашады

Жүргiзушi: Бұлт, бұлт саған ән айтып берейiк жаңбыр жаууыңды тоқтатшы.

Ән орындалады «Жау, жау»

Бұлт: Қандай әдемi ән! Рахмет сендерге балалар!

Жүргiзушi: Сен қорқынышты бұлт болсаңда, бiздiң балалар сенен қорықпайды.

Олай болса, балалар біз ойын ойнайық. (Бұлт)

Ойын «Эстафета» (Балалар 2 топқа бөлiнедi, қолшатырды алып шеңберге айналып келесi балаға бередi кiм бiрiншi бiтiре сол жеңiмпаз)

Бұлт: Сендермен өте көңiлдi, бiраң маған үйге қайту керек.

Жүргiзушi: Бұлт, сен үйiңе асықпа, бiзбен бiр би билеп кет.

«Бақалар» биi биленедi

Бұлт: Би биледiм, көңiл көтердiм. Осы тойғаныммен үйге қайтайын.

Бұлт рахметiн айтып кетедi.

Жүргізуші: Бұлтпен қоштастық, ал мерекеміз жалғасады.

Ағылшын тілінде тақпақтар

10. Ел егінді жинайды, Қырманға дән сыймайды. Біздің дала бай дала, Алтын астық айнала.

11. Астық –дала сәулеті, Астық- отан дәулеті. Біздің дала- бай дала, Алтын астық айнала.

12.Сары ала тон жамылған, Күз атамыз секілді. Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп әртүрлі.

13. Күзде жайнап ашыла, Күннің нұры көшкендей. Алма ағаштың басында, Қызыл қарбыз өскендей.

Жүргiзушi: (жұмбақ жасырады) Өзi орманда өседi, бiр аяғы бар Үлкен қалпағы бар. Ол не балалар?

Балалар: Саңырауқұлақ!

Жүргiзушi: Жарайсыңдар, ал орманда жидектер өседі ма? Таңқұрай өседі ме?

Балалар: Иә. Онда таңқұрайды жинауға барамыз.

Ән би орындалады «Таңқұрайды жинаймыз,» (әндi айтып балалар жүргізушінің қасына тұрады. Аю шығып, ұйқысынан оянады)

Аю: Орманымда жүрген кiм? Таңқурайымды жинаған кiм? Ән айтып, билеп, ұйқы бермеген кiм? Жыным келсе, ырылдап кiм екенiңдi табамын.

Ойын аюды « Аюдың апанында» (ойыннан кейiн жүргiзушi балаларды отырғызады)

Жүргiзушi: Миша,Миша, ағамыз,

Ырылдамашы сен бiзге. Бiз саған тоқаш беріп, Оркестрде ойнаймыз.

Оркестр

Аю: Мiне рахмет, балалар, қөңiлiмдi көтердiңдер тамақтандырдыңдар мен орманда жалғызбын, аңдар қысқа дайыңдалып жатыр. Сендер, балалар, маған тоқаш бердiңдер, ал мен сендерге орманда жинаған алмаларымды беремiн. Дәмiн татқанда менi естерiңе алып отырыңдар.

Жүргiзушi: Аю, сiзге сыйлығыңызға көп рахмет!

Аю: Мен сендердi жазда қонаққа күтемiн. Сау болыңыздар, балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Аю кетедi

Жүргiзушi: Ал хош ендi көркем күз Алтын кез иесi. Мың алгыс саған айтайды Алтын астық мол өнiм. Дархан дала киесi, бiздi алда күтiп тұр, Ақ күмiс қысымыз.

Қош бол енді, сүйікті біздің күзіміз

Балалар әуенмен залдан шығады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
1094
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі