400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ортақ біздің жеріміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге дайын ақпарат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Жаңаарқа ауданы, Қызылжар кенті, Қызылжар ЖОББ мектебі.

Шағын орталық тәрбиешісі: Тулепбекова Балдырган Серибаевна


Тақырыбы: «Ортақ біздің жеріміз»
Мақсаты:
1) Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.
2) Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу.

3) Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайд, ту, нақыл сөздер, шар, т.б.

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер! Құрметті ұстаздар мен оқушылар және

ата-аналар!

Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!- деп, «Ортақ біздің жеріміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Әнұран орындалады.


2-жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ - шуақты мамырым - ай.
Ортаға «Қазақ ұлтын» қошеметпен шақырамыз.


1-жүргізуші: Нәсілдерге нұрлы болсын нұрлы күн,

Ынтымақтын шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін

Ортаға «Қырғыз ұлтын» қарсы алайық. 


2-жүргізуші:
Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың. 

Ортаға «Өзбек ұлтын» қошеметпен шақырамыз.


1-жүргізуші:
Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
Ортаға «Орыс ұлтын» қошеметпен қарсы алайық.

2-жүргізуші: Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Ортаға «Испан ұлтын» қошеметтеп шақырамыз. 

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату - тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт - дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай - ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

2-жүргізуші:

Жарыстың кезеңдерімен таныстыра кетейін:

1) Таныстыру

2) Мақал-мәтелдер сайысы (жалғасын тап)

3) Өз өнері (ұлттық би, ән т.б.)

4) Ұлттық тағамы (жеңіл, оңай)

5) Марапаттау


1-жүргізуші: Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!

Енді, ұлт өкілдерін ортаға шақырып, таныстыру кезеңін бастаймыз. (Әр ұлт өзін таныстырады). Әділқазылардан таныстырудың бағасын сұраймыз. (Бағаларын айтады.)

2-жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Келесі кезең: Мақал-мәтелдер сайысы. Мұнда мақал –мәтелдің жалғасын табу керек. Әр топқа бір мақалдан қойылады.

Жауап бере алмаған жағдайда келесі топқа мүмкіндік беріледі.

1-топ: Досы көпті жау алмайды, ..........

2-топ: Теңге тиыннан, ............

3-топ: Бірлік болмай- ...........

4-топ: Байлық байлық емес, .............

5-топ: Бірлігі күшті ел азбайды, …............

Әділқазылардан мақал –мәтелдер сайысынын бағасын сұраймыз. (Бағаларын айтады.)


1-жүргізуші: Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Үшінші кезең: Өз өнері. (Әр ұлт өз өнерін көрсетеді.)

Әділқазылардан өз өнері кезеңінің бағасын сұраймыз. (Бағаларын айтады.)


2-жүргізуші: Бейбітшілік әніміз.

Бауырласпыз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз

Ұлы Отан аясында

Жадырайды жанымыз.

Төртінші кезең: Ұлттық тағам (жеңіл, оңай)

Әділқазылардан соңғы кезеңнің бағасын сұраймыз. (Бағаларын айтады.)

Әділқазылар қорытынды бағасын шығарғанша, 2-сынып оқушысы Маржанның үнді биін тамашалаңыздар.


1-жүргізуші: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!

Енді жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз. Ұпай саны есептеліп, «Үздік би», «Өнерлі ұлт», «Дәмді тағам», «Білімді ұлт», «Ең әдемі киім» номинациясы бойынша марапатталады. Сөз кезегі әділқазыларда.

Хор: Атамекен.

1 - мамыр бірлік күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Дадуова Батиха мұғалімге береміз.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі