Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ортақ біздің жеріміз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың бірлік,ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп,көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ортақ біздің жеріміз»

Мақсаты:Балалардың бірлік,ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп,көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:қима көгершіндер,бұлттар,шарлар,гүлдер,ұрандар

Жүргізуші: Күте тұғын асыға әр күнін біз

Арналатын ең тәтті,ән жырымыз

Меркелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын,Бірінші Мамырымыз!

Құрметті ата-аналар,әріптестер,бүлдіршіндер!Сіздерді 1-мамыр-Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Бірлік бар жерде тірлік бар» -дейді дана халқымыз.Бұл сөз тегін айтылмаса керек.Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді.Еліміз өркен жайып,әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.Қазақ халқы өте қонақжай халық.Келген қонағын қуана қарсы алады.Бүгінгі ортаңғы «Балапан» тобының бүлдіршіндері дайындаған «Ортақ біздің жеріміз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

«Әнұран» орындалады.

Жеңіс: Мамырдың бірі,достықтың күні

Ән салып билеген халықтың үні

Тұтасып тойлаған ұлттар

Керемет мереке мамырдың бірі

Айқаракөз:Дос бауыр көп

Тосқауыл жоқ

Айқара ашық есігі

Ұлы Отаным

Гүл Отаным

Тыныштықтың бесігі



Арнұр:Тілегі бір

Жүрегі бір

Достармен біз біргеміз

Туыс барда

Құрыштанда да

Берік біздің іргеміз

-Қанекей,балалар ата-аналарымызға,апайларымызға «Бақытты баламыз» әнімізді орындап берейік.

Жасмин:Жалауымда нұрлы күн

Нұрын шашып тұр бүгін

Паш етеді ол халқымның

Ынтымағын,бірлігін

Ақерке: Бір шаңырақ астында

Тату-тәтті тұрамыз

Бірге ішеміз асты да

Бірге сайран құрамыз

Жүргізуші:Бүгін бәрі ерекше

Бишілерді өнер көп

Өзбек биін билейді

Ортамызға қыздар кеп.

Ортаға өзбек биімен қыздарымызды шақырамыз.(Жеңіс,Көркем,Мерей,Айқаракөз,Гүлназым)

Орынбасар: Ортақ болып ісіміз

Еңбек десе тынбаймыз

Үлкен сыйлап кішіміз

Аға ақылын тыңдаймыз

Жәния: Достықты үлгі санаған

Бір үйде біз тұрамыз

Қалған ата-бабадан

Бірлік асыл мұрамыз

Гүлназым: Жан біткендей жас тауға

Шуақ ойнап арайлы

Күн күлімдеп аспанда

Мамыр әні тарайды

Жүргізуші:Құлақтан кіріп,бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп . «Балдырған» әнімен ортаға бүлдіршіндермізді шақырамыз.

Нұршайық: Достығымыз жарасқан

Ақпыз,қара,сарымыз

Қара жер мен көк аспан

Ортақ дала тауымыз

Нұрислам: Достық-шырағымыз

Достық-ұранымыз

Достық-туымыз

Достық-әніміз

Жүргізуші:Балаларда көңілді

Шақырамыз ортаға

Мерекеге сән беріп

Би билейді қуана-деп.Ортаға «орыс биімен» қыздарымызды шақырамыз.

(Жасмин,Жәния,Інжу,Дильназ,Айша,Ақерке)

Айша: Достар тату тәттіміз

Болса қолда тәттіміз

Біз бөлісіп жатаамыз

Бәріміз дәм татамыз

Мерей: Болсын жер мен суда ортақ

Болсын біздің туда ортақ

Ақпыз,қара,сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Көркем:Жақсылыққа,бақытқа

Талпынған әр уақытқа

Бала біткен дос бауыр

Болмасын еш тосқауыл

Хор: «Достар» әні

Дильназ:Ақпыз,қара,сарымыз

Ағайынбыз бәріміз

Ортақ болсын асқар тау

Жеміс толы бақша бау

Нұрасыл:Біз балдырған,тең басқан

Дос құшағын тең ашқан

Тілегіміз әділдік

Ашық болсын,кең аспан

Ән: «Дос болайық».Айқаракөз,Жеңіс,Жасмин.

Әлинұр:Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз

Інжу:Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан

Жүргізуші:Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен.

Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.

Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,

Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білуі жеңістен жеңіске жеткізеді. Осындай достықпен,татулықпен

қазақ халқының «Қара жорға» биін бүлдіршіндерімізді билеп береді. (Арнұр-Айқаракөз,Орынбасар-Жеңіс,Нұрасыл-Жасмин,Әлинұр-Мерей.)

Сөз беру.

Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!

Айнала жасыл кілем жамылған жай.

Алатауым басына ақ шәлі орап,

Мойнына гүлден алқа тағылғандай.

Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.

Күй толқын көңіліне жыр тұнады.

Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,

Секілді адамзаттың ынтымағы. –деп.Бүгінгі ортаңғы «Балапан» тобының «Ортақ біздің жеріміз» атты ертеңгілігіміз аяқталды,келіп тамашалағандарңызға көп-көп рахмет.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.05.2020
370
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12