400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Білу және түсіну -оқушы коэффициенттердің ЕҮОБ-ін анықтай алады -көпмүшенің құрамындағы бірмүшелерге ортақ әріпті көбейткішті немесе көпмүшені және оның үлкен дәрежесін табады -алдында тапқан ЕҮОБ пен ортақ айнымалының ең кіші дәрежесінің көбейтіндісі ортақ көбейткіш болып табылатынын біледі Қолдану -ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3. В. Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.14. Алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктей алады ( .

Сабақ мақсаттары

-өрнектің құрамындағы қосылғыштардың құрамындағы ортақ көбейткішті таба алады

-қосылғыштарды көбейткіштер түрінде жаза алады

-ортақ көбейткішті жақша сыртына шығара алады

Бағалау критерилері

Білу және түсіну

-оқушы коэффициенттердің ЕҮОБ-ін анықтай алады

-көпмүшенің құрамындағы бірмүшелерге ортақ әріпті көбейткішті немесе көпмүшені және оның үлкен дәрежесін табады

-алдында тапқан ЕҮОБ пен ортақ айнымалының ең кіші дәрежесінің көбейтіндісі ортақ көбейткіш болып табылатынын біледі

Қолдану

-ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: қажетті терминдер мен сөз тіркестерін қолданып ережелерді тұжырымдайды, қорытындылыр жасайды
Пәнге тән лексика мен терминология:

-алгебралық өрнек, көпмүше

-ортақ көбейткіш

-әріпті ортақ көбейткіштің ең үлкен дәрежесі

-бірмүшені көбейткіштерге жіктеу

-ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-алгебралық өрнекті көбейткіштерге жіктеу үшін...

-коэффициенттердің ЕҮОБ-ін табу үшін...

-бірмүшелердің ортақ көбейткішін анықтау үшін...

Құндылықтарды
дарыту

Оқушыны математикалық тілде сөйлеу дағдысы. Сыныптастарының пікірін тыңдай алу, сыйластықпен қарау.

Пәнаралық
байланыстар


АКТ қолдану
дағдылары


Бастапқы білім

Бірмүше, көпмүше, ортақ көбейткіш, сандардың және әріпті өрнектердің ЕҮОБ-і ұғымдарын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

10 мин

1-сабақ

а)1.Мақсаты:Ұйымдастыру сәтін өткізу.

Үй жұмысын тексеру.

б) 1.Мақсаты: алдыңғы өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасын қаншалықты орындап келгендігін тексеру.

2. Мазмұны: өтілген тақырып бойынша тапсырманы жұмыс дәптерінен қара

3. Әдісі: оқушылар берілген шаблон бойынша өзінің жұмысын өзі тексереді

4. Формасы: жеке жұмыс

5. Құралы: оқулық, жұмыс дәптері

6. Оқушының іс-әрекеті: дұрыс орындалған тапсырмаға + таңбасын қояды

7. Мұғалімнің іс-әрекеті: нәтижені кестеге жазады, (оқушылардың тапсырманы орындау деңгейі көрінеді)

8. Нәтижені бағалау: қабілеті мен еңбегіне сәйкес бағаланады

в) 1. Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге қажет өтілген материалдардан қайталау тапсырмаларын қаншалықты орындап келгендігін тексеру

2. Мазмұны: карточкаларда;

Берілген бірмүшелердің ортақ көбейткіштерін анықтаңыз: 1)9а және 3ab; 2)12x және 15xy; 3) -10 және 20a ; 4) 3a(x-y) және 2 ;

5) 6m(4n-7m) және 2p(7m-4n).

3. Әдісі: сұрақ-жауап

4. Ұйымдастыру формасы: жеке орындайды (Ж)

5. Оқушы: сұрақтарға жауап береді, жауаптарын түсіндіреді, орындап келген тапсырмаларды талдайды , салыстырады.

6. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын сұрайды, көмекші сұрақтар береді

7. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады, не ескерту беріледі




Сабақтың ортасы

20 мин

Жаңа тақырыпты талқылау.

а) 1.Мақсаты: жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу

2. Мазмұны: тақтадағы тапсырма:

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеңіздер:

І топқа 1) ax+ay+az; 2) 12 -18x -30xy;

ІІ топқа 1) –ax-bx-cx; 2) 3x+6xy+9 ;

ІІІ топқа 1) + - ; 2)8 -24 -2

3. Әдісі: диалог, пікірлесу

4. Формасы: жұптық жұмыс

5. Құралы: жұмыс дәптері

6. Оқушы: барлық оқушы қатысады, қабілетіне қарай әрқайсысы жұп жұмысына үлес қосады .

б) 1.Мақсаты: мұғалімнің көмегімен жаңа тақырып тапсырмаларын талқылап, ережені оқушының өзі қорытып шығаратындай мүмкіндік туғызу

І.4 -2 +6 көпмүшесін көбейткіштерге жіктеу керек

1.4, -2 және 6 коэффициенттерінің ЕҮОБ-і 2-ге тең

2.х айнымалысы сәйкесінше 5, 3 және 2 дәрежесінде көпмүшенің құрамындағы бірмүшелердің барлығында бар, ең кіші дәрежесі 2-ге тең

3.у айнымалысы қосылғыштардың бәрінің құрамында болмағандықтан, оны жақша сыртына шығара алмаймыз

Қорытынды: жақшаның сыртына 2 өрнегі шығады

4 -2 +6 = 2 х

ІІ. 3х(х+у) +х+у көпмүшесін көбейткіштерге жіктеу керек.

Қойылатын сұрақтар:

-Берілген көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін бірінші әдісті қолдана аламыз ба?

(Қолдана алмаймыз. Себебі жақшаны ашып түрлендіретін болсақ, алынған көпмүшенің қосылғыштарының ортақ көбейткішін анықтау мүмкін болмайды.)

Көпмүшені 3х(х+у) +х+у=3х(х+у) +(х+у) түріне келтіре аламыз. Көпмүшенің құрамындағы қосылғыштарға ортақ көбейткіш бірмүше емес (х+у) екімүшесі болады. Демек

2. Мазмұны: оқулықта, презентацияда

3. Әдісі: диалог

4. Формасы: фронтальды

5. Оқушы: мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырып мазмұнын меңгеруге берілген тапсырмаларды талдайды

8. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар ауызша марапатталады немесе ескерту алады

Есептер шығару

в) 1.Мақсаты: меңгерген теориялық білімдерін қарапайым мысалдармен бекіту

2. Мазмұны: оқулықта №217, 218, 224, 235

3. Әдісі: есептер шешу

4. Формасы: жеке тақтада

6. Оқушы: көпмүшені көбейткіштерге жіктеу әдісін қолданып есептер шығарады

7. Мұғалім: қосымша сұрақтар беру арқылы оқушыға бағыт береді

8. Нәтиже: ауызша марапатталады











































Ә.Н Шыныбеков Алгебра 7-сынып Алматы Атамұра 2012 жыл


Сабақтың соңы

10 мин

Кері байланыс (оқушыларға деңгейлік тапсырмалар орындату)(1)

І деңгей 219, 220

ІІ деңгей 225, 226

ІІІ деңгей 239, 240

  1. Мақсаты: алған білімдерін қолдану

  2. Мазмұны: оқулықта

  3. Әдісі: есептер шығару.

  4. Формасы: жеке жұмыс

Тапсырмалар оқушыларға үйден аяқтап келуге беріледі.

Ә.Н Шыныбеков Алгебра 7-сынып Алматы Атамұра 2012 жыл


Сабақтың басы

10 мин

2-сабақ

а)1.Мақсаты:Ұйымдастыру сәтін өткізу.

Үй жұмысын тексеру.

б) 1.Мақсаты: алдыңғы өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасын қаншалықты орындап келгендігін тексеру.

2. Мазмұны: өтілген тақырып бойынша тапсырманы оқулықтан қара

І деңгей 219, 220

ІІ деңгей 225, 226

ІІІ деңгей 239, 240

3. Әдісі: оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді

4. Формасы: жұптық жұмыс

5. Құралы: оқулық, жұмыс дәптері

6. Оқушының іс-әрекеті: дұрыс орындалған тапсырмаға + таңбасын қояды

7. Мұғалімнің іс-әрекеті: нәтижені кестеге жазады, (оқушылардың тапсырманы орындау деңгейі көрінеді)

8. Нәтижені бағалау: қабілеті мен еңбегіне сәйкес бағаланады


Сабақтың ортасы

20 мин


Есептер шығару

в) 1.Мақсаты: меңгерген теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдану

2. Мазмұны: оқулықта №654, 656, 657; №28.15, 28.16, 28.23

3. Әдісі: есептер шешу

4. Формасы: жеке тақтада

6. Оқушы: көпмүшені көбейткіштерге жіктеу әдісін қолданып есептер шығарады

7. Мұғалім: қосымша сұрақтар беру арқылы оқушыға бағыт береді

8. Нәтиже: ауызша марапатталады

Ю.Н.Макарычев Алгебра (учебник) 7кл Москва Мнемозина 2011г

А.Г.Мордкович Алгебра (задачник) 7кл Москва Мнемозина 2011г.


Сабақтың соңы

10 мин

а)Кері байланыс (тестік тапсырма екі нұсқада)

  1. Мақсаты: алған білімдерін қолдану

  2. Мазмұны: оқулықта

  3. Әдісі: есептер шығару.

  4. Формасы: жеке жұмыс

б)Үйге тапсырма беру.

  1. Мақсаты: алған білімдерін қолдану

  2. Мазмұны: оқулықта

І деңгей №221, 222

ІІ деңгей №227, 228

ІІІ деңгей № 248

  1. Әдісі: есептер шығару.

  2. Формасы: жеке жұмыс

қосымша 1







Ә.Н Шыныбеков Алгебра 7-сынып Алматы Атамұра 2012 жыл




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі