Күні: 19.12.2017.
Тақырыбы:
Өрттен сақ
болайық!
Мақсаты:
Оттың тілсіз
жау екенін ұқтыру.Өрттен оттан сақтану жолдарын үйрету. Балаларға
өрт өшіретін құралдарды қалай пайдалануға болатынын үйрету. Өрт
сөндіру қауіпсіздік ережелерін түсіндіре
отырып,ұқыптылыққа,жауапкершілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілік
:Үйшік, өрт сөндіретін құралдар. Зал әсем
безендірілген.Балалар залда жиналып отырады.Музыка әуенімен
тәрбиеші ойын-сауықты ертегі түрінде
бастайды.
Ұйымдастырылған ойын-сауықтың
барысы:
Балалар: Сәлеметсіздер
ме!
Тәрбиеші: Баяғы ерте заманда орман
арасында қу түлкі өмір сүріпті. Түлкінің үйі басқа аңдардың үйіне
қарағанда өте әдемі болған екен.Бірақ түлкі қонақ келгенді
жаратпаған. Оның үйіне ешбір аңдар кіре
алмапты.
Күндердің бір күнінде сол орманда өмір сүрген
қоянның үйі өртеніп кетеді. Қоянның үйі өте қарапайым болған.Ол
енді далада қалған соң, түлкіге келіп, үйіне бірге тұрғызуын
сұрайды. (залға қоян келеді, түлкінің терезесін
қағады)
Түлкі: Бұл кім? Ұйқымнан оятып,
мазамды алған қайсысың?
Қоян: Кешірерсің түлкіжан,сені
мазалаған мен ғой, қоян.
Түлкі: Е, не болды саған? Не
керек?
Қоян: Түлкі менің үйім өртеніп
кетіп еді, үй салып алғанша біраз уақыт үйіңе
паналатшы.(мұңаяды)
Түлкі: Қой,қайдағы жоқты
айтпа.Үйім кішкентай, сыймайсың. Бар әрмен жүр,басқа жерден үй
тауып ал. Қоян мұңайып,бір ағаштың қасын келіп жылап
отырады.
Балалар серуендеп келе жатып,жылап отырған
қоянға жолығады.
Тәрбиеші: Балалар,мына жерде
мұңайып,жылап отырған кім?
Балалар: Қоян
ғой,қоян.
Тәрбиеші:Ендеше балалар,оның неге
жылап отырғанын сұрайық. Қоян,сен неге жылап отырсың? Біреу сені
өкпелетті ме?
Қоян:Жоқ ешкім тиген
жоқ.Бәріне өзім кінәлімін.Үйімді жылытпқшы болып, от жағып
ем,ұқыпсыздығымнан, отқ дұрыс қарамағндығымнанүйім өртеніп
кетті.Енді барар жер,басар тауым қалмады.
Тәрбиеші:Баллар қоянға
көмектесеміз бе?
Балалар:Иә,көмектессек
көмектесейік.
Тәрбиеші:Ендеше,балалар,қоянға үй
салуға көмектесейік.
Ойын (үй саламыз)
Барлық балалар қоянмен бірге пішіндерден үй
салады. Үй салынып біткен соң, балалар қоянға арнап тақпақтар айтып
береді.
Айару: Өрт пен түтін
айнала.
Қарап тұрма жай
ғана.
Тез хабар бер
101-ге.
Уақытты сен
байлама.
Аруна: Үтікпен киім
басарда,
Сақтық керек саған
да.
Мұқият бол қашанда.
Үйде жалғыз
қалғанда.
Бекжан: Отпенен сен
ойнама,
Өрт шалады айнала.
Ол-«тілсіз жау» біліп
қой,
Қызық көрем деп
ойлама.
Расул: От жақпа!
Күйерсің!
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң.
Бәлеге сен
түсерсің.
Тәрбиеші: Балалар, біз қоянға үй
тұрғыздық, мұқият болсын деп , тақпақтарымызды да айтып бердік.
Қоянжан , енді біз салып берген үйге мұқият қар.Қазір біз
балалармен бірге өрттен қалай сақтану керек екенін, қандай құралдар
қажет екенін айтып береміз.
1.Айару: -
Балалар.
1) Ең бірінші 101 құтқару қызметіне қоңырау
шаламыз.
2) Хасан: Үйімізде
құм,су,күрек,киіз,жалын сөндіргіш ,противогаз т.б. заттар болғаны
жөн.
3) Айгерім: От,сіріңке жаққанда абай
бол!
4) Ерасыл: Электр желісін дұрыс
пайдаланбасаң да өрт шығуы мүмкін.
Өрт-тілсіз жау. Бұдан барлығымыз абай
болғанымыз жөн.
Ойын «Не
істейсің? Егер ...»
1.Өрт шықса ... (101-ге хабар
беремін)
2.Бөлме түтінге толған жағдайда ... (есікке
қарай еңбектеу керек)
3.Теледидардан түтін шықса (оны өшіріп,
киізбен жабу керек)
4.Мал қорада шөп жанса ... (топырақ шашу, су
құю керек)
Тәрбиеші: Көрдің бе қоян? Менің
балаларым қандай ақылды десеңші.Олар әлі кішкентай болса да, өрттің
болдырмау және одан қалай сақтану жолдрын біледі. Балалар біз енді
келесіде мұндай жағдай қайталанбасын деп тілейік. Жаңа үйіне өрттен
сақтану үшін қауіпсіздік ережелерін сақтап жүрсін деп, мына
заттарды сыйлайық (шелек,күрек,жалын сөндіргіш
т.б.заттар)
Осы кезде алыстан «құтқарыңдар,құтқарыңдар»
деген дауыс естіледі.
Қоян: Бұл түлкінің дауысы
гой.
Тәрбиеші: -Балалар, түлкінің үйі
өртеніп жатыр. Келіңдер, үйін сөндіруге көмектесейік. Ол үшін өрт
сөндіретін құралдарымызды аламыз.(барлығы бірігіп түлкінің үйінің
өртін сөндіреді.)
Түлкі:Құтқарғандарыңа көп-көп
рахмет.Ой мына жерде қоян да жүр гой.Сен де көмектестің бе? Мен
сенен кешірім сұраймын.Мені кешіресің бе? Мен енді, мұндай өзімшіл
болмаймын.
Тәрбиеші: Балалар, біздер әрқашан
кімге де болса көмектесуге әзір болуымыз қажет. Себебі, өз
елімізді,жерімізді, Отанымызды қандай жағдай болса да қорғауымыз
керек.
Тапсырма:
-Тілсіз жау «өрт» неден шығады? Мезгілсіз
болса,не істер едің?
Жауабы: -Өрт, сіріңкеден, газ, темекі, электр
тоғынн, үтіктен, теледидардан шығуы
мүмкін.
-Егер мезгілсіз өрт шықса,101-ге
хабарласамыз. Аты-жөніңді, мекен-жайыңды және ненің өртеніп
жатқанын айтуымыз керек.
Жұмбақтар:
Бір үйде тұрады елу екі
батыр,
Үй сыртына сүйенсе-ақ өліп жатыр.
(сіріңке)
Өртті көрсе,
зулайды,
Жүрген жері шулайды.(өрт сөндіргіш
машина)
«Жейтін-жемейтін»
ойыны.
Жейтін зат аталса екі қолын жоғары көтереді,
ал жемейтін зат аталса үндемей отырады.
Сөздер:
Алмұрт,ұшақ,гүл,көбелек,доп,алма,қарындаш,банан,
қайшы,қияр,кәмпит,шеге,жапырақ,қызанақ,машина,құлпынай.
Тәрбиеші: Ал,балалар
тұрайық!
Көріскенше күн
жақсы.
Сау-саламат болайық!-деп оқу іс-әрекетті
аяқтаймыз. Өрттен
сақ болайық!