400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өрттің қаупі. Өрттен құтқарушы иттер

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: әдебиеттік оқу

Мектеп: 

Күні: 

Мұғалімнің аты-жөні: 

Сынып: 2

Қатысқандар саны:  Қатыспағандар саны:

Бөлім

Дені саудың – жаны сау

№61 сабақтың тақырыбы:

Өрттің қаупі. Л.Толстой. Өрттен құтқарушы иттер

Сабақтың оқыту мақсаттары

2.1.2.1*- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;

2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету

Күтілетін  нәтиже

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. 

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылық

Жеке және топта тиімді жұмыс жасай алу. Жан, тән саулығы және рух тазалығы.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, сурет

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, электронды оқу құралы

Алдыңғы білім

Судың қаупі



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Топқа бөлу





3-минут





Білу және түсіну




9 минут



Топқа бөлу:

Кәмпиттер арқылы топқа бөлу.

4 топқа бөлу. Ол үшін кәмпиттерге 1 ден 4 ке дейінгі сандарды жазып қоямын. Оқушылар асықты таңдағанда кәмпиттегі сандарға байланысты топқа бөлініп отырады.


Слайд №1

Психологиялық дайындық

Жақсылық бар менде де

Жақсылық бар сенде де

Жақсылық бар әлемде

Жақсылық тілеймін бәріңе


Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Лев Толстой. Өрттен құтқарушы иттер.

  • Әңгіммеде қандай оқиға сөз болады?

  • Өрт неден шығу мүмкін?

  • «Өрт тілсіз жау» дегенді қалай түсінесің?

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?


Слайд № 2

Ребусты шешу

Табиғат апаты

* Табиғат апаты туралы біледі;

* Табиғат апатына нелер жататынын біледі.


Кері байланыс «Смайлик» тәсілі.




Слайд № 2

Автор мәлімет

Лев Николаевич Толстой (28 тамыз (9 қыркүйек) 1828 жыл, Ресей империясы, Тула губерниясы Ясная Поляна — 7 қараша (20 қараша) 1910, Астапово, Рязань губерниясы, Ресей империясы) - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист[1].

1854—1855 жылдарғы Севастополь корғанысының қатысушысы. Үйінде оқып, тәрбие алған. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін, 1837 жылы 4 бауырымен Қазан қаласындағы қорғаушысы П. Юшкованың үйіне көшіп барады. 16 жасында Қазан университетіне түсіп, алғашында араб-түрік танушы факультетіне түскеннен кейін заңгерлік факультетке ауысады (1844-1847 жж). Алайда университетті тәмәмдамай, әкесінен қалған Ясная Полянадағы үйге көшеді.

Омаров Сейітжан (22.6.1906 Ақмола облысы Атбасар ауданы Керегетас ауылы - 19.12.1985, Алматы) - жазушы, журналист.
Қостанай халық ағарту ин-тын бітірген (1932). ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1930 - 42 жылдары мұғалім, аудандық, облыстық, республикалық газеттерде редактордың орынбасары жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі 1946 - 66 жылдары "Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жұлдыз") журналының жауапты хатшысы, Қазақ мемл. көркем әдебиет (қазіргі "Жазушы") баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.


Слайд № 3

« Бір қадам алға ...» әдісі арқылы

Өрттен құтқарушы иттер жайлы әңгімені тізбектеп оқиды.

Дескриптор

  1. Тізбектеп оқи алады

  2. Мәнерлеп, дауыстап оқиды

  3. Рөлге бөліп оқиды


Кері байланыс «Қол шапалақ» тәсілі.




Кәмпиттер













АКТ-ны пайдалану



Ортасы

Қолдану


4 минут

















3 минут








Сергіту сәті

2 минут























Талдау

13 минут

Слай № 4

Топтық жұмыс. Суретпен жұмыс

1 – топ «Өрт – тілсіз жау» атты сурет бойынша әңгіме құрап жазады

2 – топ үй жануарлары туралы әңгімелейді

3 – топ қазіргі кездегі батырлардың есімін жазады

4 – топ өрт шыққан жағдайда не істеу қажеттігін әңгімелейді.

Дескриптор

  1. Топта жұмыс жасайды.

  2. Топтың ережелерін сақтайды.

  3. Әңгіме құрап жазады.

  4. Үй жануарлары туралы әңгімелейді.

  5. Өрт шыққан жағдайда не істеу керектігін біледі.


Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі.




«Шебер және батыл қолды мүсіндейік»

Балалар «мүсінші» болып,саусақтарымен топырақты,уыстағандай қысып, ермексазды ширатқандай алақандарын бір-біріне үйкелеп, ашып-жұмып қолдарына жаттығу жасайды.Балалар бір-бірлеп саусақтарын ашып,санап,әр саусаққа сипаттама береді.

• Бас бармақ-өте күшті,қайырымды,бәріне негізгі,нағыз тірек болуы керек(Бұл әке).

• Балаң үйрек-қатал,тәртіпке қатаң қарап,қадағалайды(Бұл ана)

• Ортан терек -ата-ананың негізгі көмекшісі (Үлкен аға)

• Шылдыр шүмек-көп сөйлемейтін,бірақ өте еңбекқор(ортаншы аға)

• Кішкентай бөбек-ең титтей,бәрінің сүйіктісі,кішкентай көмекші.

• Осындай жұмыстан соң «мүсіншілер» жұдырықтарын жұмып,жасағандарын бағалайды.

«Тек осындай мықты,берік жанұяғана алдында тұрған мәселелер мен қиындықтарды сенімді түрде жеңе алады.

Слайд № 5

«Көкпар» ойыны

Үлгі бойынша ереже құрастыру


Өртті болдырмау шаралары

Өрттен сақтану шаралары

  1. Үйден шығарда газ, электр тогын өшіріп шығу керек

  2. Үтікті суыруды ұмытпау керек

  3. Түнде ұялы телефонды токқа қоспау керек

  1. Өрт сөндірушілерді шақыру керек (101)

  2. Дымқыл шүберекпен ауыз бен мұрынды жабу керк

  3. Мүмкіндігінше сыртқа шығып кету керек


Дескриптор

* өртті болдырмау ережелерін құрастырады

* өрттен сақтану шараларын біледі,жазады

Бірлесіп жұмыс жасайды


Кері байланыс «Қарындаш түстері» тәсілі.



Қима қағаз тарату








Қима қағаз тарату

















АКТ-ны пайдалану

























Қызыл қарындаш

Оқулық.

Жұмыс дәптер.

Жинақтау

Соңы


4 минут












Үйге тапсырма



Рефлексия



Дұрыс, дұрыс емес ойыны

Сұрақтар

Дұрыс

Дұрыс емес

Ауырып қалсақ 103 ке қоңырау шаламыз



Өрт шықса 101 ге қоңырау шаламыз



Өрт шықса айқайлап жылаймыз



Өрт бола қалса дымқыл шүберекпен ауыз бен мұрынды жаппаймыз



Шомылу кезінде үлкендерді тыңдамаймыз



Ұры түссе 102 қоңырау шаламыз






Оқулықтағы 30-32 беттегі әңгімені оқу, мазмұндау, 32 – беттегі №6 тапсырманы жазу


Слайд № 8

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  бүгінгі сабақтан не түсінгенімізді, жіпке тізіп шығайық.   (Жіп мұғалімге келеді.)

– Бізбен жіп не істеді?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1246
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі