400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс графикасына арналған қазақ жазуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: __________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 8-сабақ.

Бөлім:

1-бөлім: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Орфография

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:

Күні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Орыс графикасына негізделген қазақ жазуы. Бөлім бойынша жиынтық бағалау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақтың мақсаты

Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжай алады. Тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жаза алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету;

-мемлекеттік тілді меңгеру;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

Тапсырманы орындау барысында еңбекқорлық танытып іздену.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут























Сабақтың ортасы

35 минут
























































































































Сабақтың аяқталуы

5 минут







Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Ортақ портрет»

2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;

1-тапсырма

Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтін не туралы екенін анықтаңдар.

1.Қазақ жазуын орыс графикасына негізделген жаңа әлібиге көшіру туралы заң қашан шықты?

2. Қазақ әліпбиінің орыс графикасына негізделген жаңа жобасын кім жасады?

Мәтін үзіндісін тыңдаңдар.

1940 жылы 5 қарашада қазақ жазуын орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшіру туралы заң шығарылады.

Қазақ әліпбиінің орыс графикасына негізделген жаңа жобасын ғалым С.А.Аманжолов жасаған еді.

3. Жаңа әліпбиде орыс әліпбиінің неше әрпі бар?

Оның авторлығымен 1940 жылы латын графикасымен жазылған емле ережелері де жарық көрді. Бұл алфавитте 41 әріп, яғни орыс әліпбиінен 32 әріп және қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін танытатын 9

әріп, болды. Әліпбидегі әріптер орналасу тәртібі бойынша алдыңғы жағында орыс тіліне тән әріптер, ал соңғы жағында қазақ тіліне тән әріптер орналасты. Кейіннен ё дыбысы енгізілді. Қазақ әліпбиіндегі әріптердің орналасу тәртібі 1957 жылы қайта өзгертіліп, қазіргі тәртіпке көшті.

4. Қазақ тіліне тән қандай әріптерді білесіңдер?

Қазіргі әліпбиімізде 42 әріп бар, оның 9-ы қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігіне сай келтірілген (ә, ө, ү, ұ, і, ғ, қ, ң, һ ) әріптер болса, 33 әріп орыс тілінен таңбалау үшін өзгеріссіз алынды.

4-тапсырма

Төмендегі ережелердің шын (Ш) немесе жалған(Ж) екенін табыңдар.

1-Шын

2-Шын

3 -Жалған

4.Жалған

5 . Жалған

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Оқу мақсаты 8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу ;

Бағалау критерийі Білім алушы

Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.

Ойлау дағдыларының

деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма

Жазба жұмысы

1. Мәтінді мұқият тыңдап, диктантты сауатты түрде орфографиялық және пунктуациялық норманы сақтай отырып жаз.

Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түркі халықтарының көне тілін, тарихын, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.

Көне түркі жазулары – дыбыстық жазу түрі, сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Соңғы 50–60 жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл обл.) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы обл.) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды.

Сыр бойындағы (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған дөңгелек алқаға, сазбалшықтан күйдірілген құмыраға ойылып жазылған руникалық жазулар белгілі болды.

Ертіс өңірінен (Шығыс Қазақстан обл.) екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазулар табылды.

Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды.

(Алтай Аманжолов)

2.Мәтіннен бас әріппен жазылатын күрделі атауларды теріп жазып, жасалу жолын түсіндір.

Үлгі: Оңтүстік – біріккен сөз

Ақтөбе - біріккен сөз

Шығыс Қазақстан – тіркесті сөз т.б


Бағалау критерийі

Тап

сыр

ма

Дескриптор

Балл

Білім алушы


Мәтінді сауатты жазады.









1







Орфография

лық норманы сақтайды:

5 балл- 1 қатеге дейін

4 балл- 2-4 қатеге дейін

3 балл – 5- 8 қатеге дейін

2 балл – 9 –11 қатеге дейін

1 балл - 12 қатеден жоғары

5


Пунктуациялық норманы сақтайды:

5 балл-1 қатеге дейін

4 балл- 2-4 қатеге дейін

3 балл – 5- 8 қатеге дейін

2 балл – 9 –дан жоғары

5



Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазады.


2

бас әріппен жазылатын күрделі атауларды теріп жазады;


жасалу жолын түсіндіреді

1







1

Барлығы

12

Үйге: Өзіңді тексер! 28-бет.

 


Психологиялық ахуал

«Ортақ портрет» Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары мен иықтары, үшіншісінің шашы мен аузы, төртіншісінің мойыны мен мұрыны т.с.с), оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды. Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс. Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді.












Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтін не туралы екенін анықтайды. Мәтін үзінділерін тыңдау арқылы мәтіндегі көтерілген мәселені талдайды. Өз болжамдарын мәтін мазмұнымен салыстырады.

Берілген ережелердің қайсысы жалған, қайсысы шын екенін анықтайды.
























«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы. Орфография» бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды орындайды.



































































Рефлексия арқылы сабақтың қызықты тұстарын айта отырып, нені меңгергенін сараптайды.

Қандай мәліметтер алғанын жеткізеді.


Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
















Дескриптор

Білім алушы

-мәтін үзіндісіне сүйене отырып, сұрақтарға жауап береді;-1

- болжамын мәтін мазмұнымен салыстырады.-1






Оқулық

8-сынып

«Мектеп» баспасы

2018жыл



Қалыптастырушы бағалауға арналған


тапсырма

лар жинағы

8-сынып




ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ















Оқулық

8-сынып

«Мектеп» баспасы

2018жыл

































https://docs.google.com/document/d/1BeeNGsSBBoBDIlMzF2Al6DIw1mA7EtQk/edit?usp=sharing&ouid=118053835997988243010&rtpof=true&sd=true





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18.12.2025
84
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі