Орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері
Қарағанды қаласы, № 21 негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі К.А.Ашимханова
Мемлекеттік тіл – Қазақ тілін өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі салаларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселесі. Тіл білу, тіл меңгеру дегенге белгілі бір тілдің грамматикасы мен сөздік қорын игеру жеткіліксіз. Өйткені сол сөз, сөйлемдердің немесе грамматикалық құрылыстың сөйлеу жағдаятының қай түріне орай қолдана білуді анық түсінігі болуы қажет. Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мен мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Принцип – principim латын сөзі - негіз, алғы бастама деген мағынаны білдіреді. Принцип - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады. Қазақ тілін оқытудың барлық деңгейлерінде бағдар беретін негізгі жұмыс бағыты осы. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Еліміздің осындай мақсат-ұстанымдарына қарай «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық- саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Бұл бағдарламада «Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру» делінген. Мектептерде оқу бағдарламасы жаңартылған білім мазмұнына құрылып негізделгендіктен, орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту,қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру,тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге,еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету, белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын бірудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Осы орайда оқу бағдарламасына сай берілген әрбір тапсырманы оқушыларға меңгерту , жеткізу мақсатында жаңа оқыту әдіс тәсілдерін байланыстыра қолданған дұрыс.Атап айтқанда 5- сыныпта Ұлы дала табиғаты тақырыбын түсіндіруде:«Суреттер әңгімелейді» оқу әдісі оқушылардың тілін дамыту мақсатында қажетті тірек сөздерді қолдана отырып, сурет бойынша мазмұнды әңгіме құру, оқушының қайсысының әңгімесінің мазмұнды, түсінікті болғандығына қарай мақтау айтып, жетелеп отыру керек. «Аяқталмаған сөйлем» оқу әдісі оқушылар мәтін бойынша берілген сөйлемдерді аяқтап жазып шығу тапсырылады. Қай оқушы берілген сөйлемдерді тез мазмұнды дұрыс аяқтаған оқушыны жеңімпаз атаған жөн. «Рөлдік ойын » оқу әдісі қорықшы Ақсу – Жабағылы қорығын туристерге таныстырып өтеді.Кезегімен ойын жалғастырған оқушылардың жауаптарының мазмұнды сауаттылығына қарай сол жұп жеңімпаз атанады. Міне, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Есте болатын бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа сөздерді жаттау, есте сақтау, тіл дамыту жұмыстарын үнемі түрлендіріп отыру міндет. Өтілген сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдерді үнемі қайталап отырмаса, тез ұмытылады. Сондықтан жаңа сөздерді үй тапсырмасын тексергенде, суретпен жұмыс жүргізгенде, мәтін оқығанда, сұраққа жауап бергенде, яғни сабақтың барлық кезеңінде үнемі қайталап, еске түсіріп отырған жөн. Сабақты тиімді де кұнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де жоспарлы жүргізу сабақ элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік береді.Қазіргі педтехнология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын таңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толықтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа жетелейдіТілдің қажеттігі оқушының сөздерді түсініуне, есіне сақтау қабілетінің артуына, сөздік қорының молаюына әсерін тигізеді.Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз.Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, орыс тілді мектептердегі оқушылардың қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады.Еліміз жыл сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те бізде мол.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз