400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Орыс тілді мектеп мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа сабақ беретін қазақ тілі мұғалімдеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9-бөлім. Қазақстан және «Ұлы Жібек жолы»

Мектеп:

Күні:

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Д.Досжан «Жібек жолы» (үзінді)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

О.3. Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Ж.4. Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау

Сабақ мақсаты

  1. «Жібек жолы» романының үзіндісін оқу, шығармада көтерген мәселені анықтау, постер құрастыру

  1. Тірек сөздер негізінде тақырыпқа сай сөйлем құрастыру

  1. Бейнелі суреттерге сүйеніп, «Тарих сыр шертеді» тақырыбында шағын әңгіме жазу


Бағалау критерийі

  • көркем шығарманы оқиды, тақырыпты және оның негізгі ойын анықтайды, постер құрастырады

  • мәтіннің мазмұндағы қажетті сөздерді тіркестіріп жазып, тақырыпқа сай сөйлем құрастырады

  • бейнелі суреттер тізбегін пайдаланып, шағын әңгіме жазады, ой-тұжырым жасайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: «Жібек жолы» романың үзіндісін оқиды, мазмұнын түсінеді, постер қорғайды, шағын әңгіме жазады

Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: құдірет, ежелгі, таусылмас, көріпкел, сәуегей, салтанатқа бөлеу, байлыққа бөлшеден бату, дамылдау, қорған,соқпақ


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Ұлы Жібек жолы» қай ғасырда пайда болған?

Не себепті... деп ойлайсыз?

Не себепті Ұлы Жібек жолы деп аталады?

Ишара: қолпаштау ишарасы, қолдау

Құндылықтарға баулу

  • ұлтаралық ынтымақтастыққа шақыру, салт-дәстүрді сақтау

  • өз еліңнің тарихын білу, құрметтеу

  • өз мәдениеті мен тіліне, өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарихы, география, информатика, дінтану

Алдыңғы білім

Түркістан – тарихи қала

  • Оқушылар Түркістан қаласының тарихи орны туралы мәлімет алады

  • Оларды салыстыра біледі

  • Ой өрісі дамыды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы – 7 минут


1.Ширату. «Ыстық алақан» әдісі

Мақсаты: бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы көңіл күйді көтеру.


Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақтарға жауап беру.

1.Ахмет Ясауи қандай адам болған?

2.Қай қала Қазақ хандығының орталығы болған?

3. Қалалардың гүлденуіне не әсер етті



ҚБ. «Бас бармақ» әдісі

Мақсаты: оқушылар бір-бірін бас бармақ көрсету арқылы өзара бағалайды.




«Пазл» әдісі

Мақсаты: Бір-біріне қолдау көрсету, жұптық, топтық жұмыстар жасау үшін сынып оқушыларын топқа бөлу

Күтілетін нәтиже:

1. Кесілген суреттерді пазл ретінде сәйкестендіріп топ құрады

2.Пазл артына жазылатын 5 ұстанымға топппен жұмыс барысында бағынады.

Топ ережесі:

1.Бір-бірімізді тыңдаймыз.

2.Басқаның пікірін сыйлаймыз.

3.Тақырып көлемінде сөйлейміз.

4.Бір – бірімізге көмектесеміз.

5.Сабаққа белсенді боламыз.


«Қазақ тілі мен әдебиеті». Бәйшешек. Оқулық, 6-сынып, 2-бөлім.

Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т.ДаулетбековаА.Қ.Рауандина , Р.С.Рахметова, А.Н.Юсуп./

Көкжиек- Горизонт, 2018

28 -31 бет

https://yandex.kz/images


https://yandex.kz/images


Сабақтың ортасы – 25 минут


Оқылым алды тапсырмасы

Ж. 1-тапсырма «Миға шабуыл» әдісі

Мақсаты: Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.

  • Қалай ойлайсындар, осы фильмде не көрдіңдер?

  • Фильмде не бейнеленген?

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?

Дескриптор:

  • бейнебаянда берілген материалдың не туралы екенін түсінеді.

ҚБ.Жарайсың! Жақсы. Орташа әдісі бойынша бағалайды.


Оқылым кезі тапсырмасы

Т.Ж. 2-тапсырма «Бірін – бірі оқыту» әдіс

Мақсаты: Оқушы мәтінді топта таныса отырып, бір- біріне үйретеді.

Оқушылар топта абзац бойынша іштей оқу, әр топ өз тобында талдайды, оны постер «5 сөйлем, бір сурет» арқылы сынып алдында қорғайды.

«Жібек жолы»

(үзінді)

І топ. ...Отырардың бүгінгі құдіреті ше?... Мәрмәр теңізінен басталып, ежелгі Бабыл жерінен шығып, Үнді жерімен өтіп, Хорезмді басып, Қытайға қарай жүретін «Бас Жібек жолы», «Жау жолы» осы қаланың үстінен өтеді.Саудагерлер Отырардың «Қан базарына» саудасын салады, кең сарайда қонып, дамылайды, сосын тағы, да таусылмас жолға шығады. Осының өзі туған қаласын салтанатқа бөлеп,байлыққа белшеден батыра берді. Атағын дүйім жұртқа жайды...

ІІ топ. Әуелде араб жиһанкездері Отырарды «Фараб» не «Бәрәб» деп жазып жүрді. Отырарда қазір нешеме ғұлама, өнерпаз, көріпкел,сәуегей, зергер мекен етеді. Шаһарды екі жүз мыңдай халық мекендейді; көшесінде сан жүздеген тасболат тамдар, жәдігер, кешендер бар; монша, мешіт, саудахана, қышхана, гуртхана, әсем әуіздер, қорған мен соқпақтар бар.

... «Жәдігер» деген – тастан салынған ымырат, «дің үй» дегені – түрі киіз үй тәрізді күмбездеп салынған мекен, бұл екі құрылыс та шаһардың орталық көшесінде көп кездесетін.

ІІІ топ . Үй тас пен кешендерді көбіне диқандар мекендейді. Қаланың шеткі көшелерінде тасболат тамдар көп ұшырасады, тасболат тамдар киіз үй секілді дөңгелек еме, төрт бұрышты не қоржынды етіп салынған. Үйлерінің қабырғасы әрқылы әсем қыштан қаланған, оларға тән тұрақты құбылыс – есіктерінің біркелкі түстікке қарап тұруы еді. Тасболат тамдарды ұсталар, қолөнершілер, тоқымашылар жайлайды.

Д.Досжан.

Дескриптор:

  • Шығарманы оқып, тақырыптың және негізгі ойын анықтайды.

  • Мәтіннің мазмұндағы керекті сөздерді тіркестіріп жазып, тақырыпқа сай постер құрастырады. Нәтижесі бойынша өз ойымен бөліседі


КБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топ бір – бірін бағалауды жүргізеді.


Оқылым соңы тапсырмасы


Ж.Ж. 3-тапсырма «Сәйкестендіру аймағы» әдісі

(оқулықтағы №4 тапсырма, 29 бет бойынша)

Мақсаты: Тақырыпқа қатысты жауаптарын сәйкестендіру арқылы сабаққа тапсырмалар қолдану.

1- тапсырма

  • Мәтіннің мазмұнын бойынша керекті сөздерді тіркестіріп жаз.

  • Берілген ұғымдарды анықтамаларымен сәйкестендіріп сөйлем құрастыру.

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұны бойынша керекті сөздерді тіркестіріп жаза алады

  • Сөз тіркестерінен сөйлемдер құра алады


КБ. «Стикердегі хат» әдісі арқылы өзара бағалау жүргізеді.


2-тапсырма «Суретпен жұмыс» әдісі

Мақсаты: Оқушының өзіндік жұмысы ретінде қолданады.

Оқушыларды жұпқа бөледі. Бейнелі суреттерге сүйеніп «Тарих сыр шертеді» шағын әңгіме жазады, ой-тұжырым жасайды.





Дескриптор

  • Бейнелі суреттерге сүйеніп «Тарих сыр шертеді» тақырыбында шағын әңгіме жаза алады, ой-тұжырым жасайды.


КБ. «Бағдаршам» әдісі

Бағдаршам түстері бойынша өзін бағалайды.

«Қызыл» – орташа

«Сары» – жақсы

«Жасыл» – өте жақсы


Интербелсенді тақта, видиоролик

«Ұлы Жібек жолы» деректі фильм

https://yandex.kz/video/




















9 тақырып,

28 – бет, 3 – тапсырма.





ватман, маркер


https://yandex.kz/images










Екі жұлдыз, бір тілек» (смайликтер)

Shape1 Shape2 Shape3



https://yandex.kz/images








9 тақырып,

29-бет, 4 тапсырма

үлестірме материал





https://yandex.kz/images

























https://yandex.kz/images

Сабақтың соңы – 7 минут


Рефлекция «Бес саусақ» әдісі

Мақсаты: сабақ барысында игерген білімге кері байланыс жасау, оқушының бір-бірімен бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.


1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза еттім?

3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

5. «Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Үй жұмысы: Мәтін бойынша диалог құрастыру.

«Бес саусақ» әдісі


https://yandex.kz/images


Дескриптор:

  • Көркем шығарманы оқып, тақырыпты және оның негізгі ойын анықтап,постер құрастыра алады

  • Мәтіннің мазмұндағы қажетті сөздерді тіркестіріп жазып, тақырыпқа сай сөйлем құрастыра алады

  • Бейнелі суреттер тізбегін пайдаланып, шағын әңгіме жазады, ой-тұжырым жасайды

Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


  • Қабілеті жоғары оқушыларға арнайы тапсырма берілді.

  • Тақырыпты пайдалана отырып көзқарасын, ойын нақтылайды.

Оқушы білімін тексеру қалыптастырушы бағалау арқылы жүзеге асырылды:

  • «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.

  • «Екі жұлдыз,бір тілек» «Бағдаршам»

  • Ауызша кері байланыс: Жарайсың! Тамаша! Өте жақсы!

  • «Стикердегі хат

  • «Бес саусақ»

Сабақ бойынша өзінің іс-әрекетіне рефлексия жасайды

  • Топтық ережелерді есте ұстау

  • Сабақта АКТ-ны орынды пайдалану арқылы


  • Оқушылардың топтық жұмыс жасау арқылы бірлескен қарым-қатынас орнады.


  • Оқушыларды топқа бөлуде жаңа сабақтың тақырыбымен байланыс болды.


Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
1009
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі