Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ
ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ
Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытуда қолданылатын тиімді жаттығулар жүйесі қарастырылған. Әдістемелік құралды оқыту орыс тілінде жүретін орта мектептерде қазақ тілі сабағында мұғалімге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Жалпы білім беретін мектептердің орыс тілді 5-6 сыныптарында сабақ беретін қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
А
лғы
сөз
Әдістемелік құрал орыс тілді
орта мектептің 5-6 сынып оқушысына мемлекеттік тілді қатынас және
таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің
мәтінтүзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай
мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік
жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді,
әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игертуді
көздейді.
Әдістемелік құрал оқушылардың
қазақ тілінде қабілетін арттыратын, сыни ойлау қабілеті мен
шығармашылық әлеуетін дамытатын, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін мәтіндер бойынша
түзілді.
Әдістемелік құрал бірнеше
лексикалық тақырыпты қамтиды. Алайда әр тақырып бойынша қазақ
тілінің лексикасы мен морфологиясы бойынша орыс тілді мектептердің
қазақ тілі сабағында оқытылатын грмамматикалық тақырыптарға сай
тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі іріктеліп берілген. Оқушылардың
ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін,
айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны
тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің
танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін
меңгерту.
Әдістемелік
құралдың міндеттері:
тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін
түсіндіру;
қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз
ойларын жеткізе білуге
төселдіру;
тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын
меңгерту;
дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану
барысындағы табиғатын
түсіндіру;
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
қалыптастыру;
оқушылардың тілдік сауаттылығын
арттыру;
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың
амал-тәсілдерін үйрету;
шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне
төселдіру;
1 тақырып:
Отбасы
«Отбасы шағын мемлекет»
демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте
өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара
шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз –жан әкешім, «Әке - асқар
тау, Ана- етегіндегі бұлақ, Бала - жасындағы құрақ» деп тегін
айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңілерін сыйлай білген,
жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда
да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиері анық.
Осының бәрі «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»деген мақалға сай
келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенің
арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі.
«Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет» демекші, сыйласу арқылы бірлікте өмір
өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездергі
қателігімізді түсініп кешіре білген дер кезінде ақыл-кеңесін
аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа
итермелеуден жалықпайтын әке- шешеміз.
Тапсырма.
Берілген сөздерді орыс тіліне аудар. Туыстық атауларды қатыстырып
сөйлем құра.
«Ұяда не көрсең,
ұшқанда соны ілерсің»деген мақалдың мағынасын
түсіндір
3 тапсырма «Отбасы
оттан да ыстық», «Отансыз адам –ормансыз
бұлбұл».
ДескрипторБілім
алушы
- сұрақтарға толық
жауап береді
3-тапсырма.
Берілген мақал мәтелдерді
толықтыр.
Атаның көңілі
балада,
Баланың көңілі
...
Балалы үйдің ...
жатпас.
Әке көрген оқ
жонар,
шеше көрген
...
Ағасы бардың ...
бар,
інісі бардың ...
бар
Балалы үй
...
Бала - адамның
...
ДескрипторБілім
алушы
-мақал-мәтелдерді
оқиды
-мағынасына сәйкес
толықтырады
4-тапсырма.Сөздікпен
жұмыс
Ата-ана-
Родители
Отбасы -
семья
Шаңырақ – шанырак,
дом
Болашақ -
будущее
Сыйластық -
почтительное отношение
Тату-тәтті-дружный
Жақсылық -
доброта
Тәрбие-
воспитание
Ақылшы -
наставник
Қарапайым -
простой
ДескрипторБілім
алушы
- сөздермен сөз тіркес
құрастырады
- сөз тіркеспен
сөйлем құрастырады
5- тапсырма.
«Менің отбасым» тақырыбында эссе
жаз
ДескрипторБілім
алушы
- эссе құрылымы
(кіріспе, негізгі
және қорытынды)
толық келеді.
- ойын жүйелі түрде
жеткізеді.
- лексикалық
минимумды қолданады
2-
тақырып.Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздері.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздері
Берілген мәтінді
оқып шығып, төменде берілген тапсырмаларды
орындаңыз
Қазақстан Республикасының
Туы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап
ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың
сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн,
оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың
ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен
қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың
белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске
салады.
Геральдика тілінде көк түс пен
оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты
қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен
байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық
пен қырағылық, биіктік белгісі.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен
Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс
аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі)
түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар
шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты
пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты
көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.
Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың
бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын
түстес.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның
жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын,
мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар
мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ
астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі.
Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау
биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты
жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады.
Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы
керек.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен
Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Гимні
Сөзін
жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев
Әнін
жазған:Шәмші
Қалдаяқов
Алтын күн
аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің
елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол
ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің
елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
2. Мәтін
мазмұнына сәйкес төмендегі сөздерді өзара
байланыстыр.
Шаңырақ
Шота Уәлиханов пен
Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының
авторлары
әлемнің
біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын
бейнелейді.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Туы
дөңгелек нысанды
және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез
тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн
сәулесіндей тарап уықтар
шаншылған.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасы
ортасында шұғылалы
күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты
көгілдір түсті мата.
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз