жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Орыс тілді мектептерде қазақ тілін үйретуде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер

Орыс тілді мектептерде қазақ тілін үйретуде қолданылатын
инновациялық әдіс-тәсілдер
№30 ЖОМ ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ШАНАШОВА САУЛЕ БОРАНБАЕВНА
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие
беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету
екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды.
Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен
шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта
алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы
болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби
міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды
шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа
қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану.
Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа
әдістеме мен жаңа технология.
Қытай даналығына сүйенсек: «Ауызша айтылғанды ұмытамын.
Көрсетсең, мүмкін есімде сақтармын. Қатысушы болсам, мен түсінемін»
делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін
табады.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?
1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде
жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес
болу керек.
2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа
икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.
3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері.Ақпаратты
белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса,
өздері істегеннің 90% қалады.
Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын
болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
(оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген
сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту
технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық
потенциалын дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш
өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта
оқыту идеясы жүзеге асырылады).[1,22 б].
Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» деген ұғым «оқыту»
деген ұғыммен жиі кездеседі. «Техника» терминінің екі мағынасы бар:
1.Өндіріс құралдарының жиынтығы.
2. Бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы.
«Технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны
білдіреді. Бірінші кезеңде білімді көмекші құралсыз берген; екінші кезңде

оқулық арқылы; ал бүгінгі заманда оқыту технологиясы үлкен өзгеріске
түсті. Бүгін біз сабақ барысында тірек сызбалардан қалып, ақпараттық
технологиялар арқылы (компьютер, электрондық оқулық, интернет)
оқытамыз.
Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми
тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қалай сабақты ұйымдастыру
керек, қандай принциптер арқылы, қандай факторларды үнемі ескеру
керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сондықтан, оқыту технологиясы
оқытудың мақсат, мазмұн, принцип, әдіс және құралдармен тығыз
байланысты.
Қоғам талабына сай инноваиялық технологияны меңгеру ғалым
В.Максимов өз зерттеулерінде келесі инновациялық технологияларының
түрлерін ұсынады:
- құрылымдық логикалық технология;
- интеграциялық технология;
- ойындар технологиясы;
- тренингтік технологиясы;
- ақпараттық технология;
- сұхбаттық технология.
Бүгінгі кезде әдістеме саласында жоғары аталған технологиялар жиі
қолданылуда. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей
шарттар қажет:
- оқу үрдісін белсендіру және басшылыққа алу;
- студенттердің ғылыми-әдістемелік, оқыту әдістемелік,
ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарға алу;
- жаңа пәндік білім стандартымен танысу.
Осы шарттарды үнемі ескеріп жүрсек, педагогика ғылымы жаңа
технологияны тиімді пайдаланумен ерекшелінеді. Білім беру барысында
оқыту,тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру
қажет.
Қазіргі инновациялық технологиялардың жиі қолданылатыны –
ақпараттық технологиялар. Оларды пайдалану барысында бұрыннан біз
көбінесе компьютерді қолданып, сабақты түрлендіріп, оқушылардың
пәнге деген қызығушылықтарын дамытамыз.
Инновациялық технологиялар мультимедиялық сабақтар да жатады.
Ағылшын тілінде multimedia, латын тілінде multum – көп және media,
medium –жинақ дегенді білдіреді , яғни құрамына бірнеше мәтін, сурет,
бейне, көрініс, анимация кіреді.
Инновациялық технологияларға бүгінгі кезде – электрондық
оқулықтар да жиі қолданылуда. Оқытушы бағдарламаға сай өз
электрондық оқулығын дайындайды. Білім саласында компьютер студент
үшін құрал, ал оқытушы үшін ол күнделікті қолданылатын жұмысшы
болып табылады. [2,17 б ].
Электрондық оқулықтар – ғылыми негізінде дайындалған
педагогикалық-ақпараттық өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер

тапсырманы қызыға орындайды, кейде қателерін өздері табады.
Электрондық оқулықтар – оқытушылар үшін күннен күнге дамытылып
отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында
оқытушы ғылыми-әдістемелік электрондық оқулықты пайдаланғанда
сабақтың ыңғайына қарай қосымша материалдарды кірістіруге болады.
Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу мен компьютер
арасындағы байланыс жасауда да студенттерге көп көмек көрсетеді.
Жоғарыда көрсетілген инновациялық технологиялардың түрлері
қазіргі жағдайда жоғары оқу орнының оқу процесінде қолдануға өте
тиімді. Білім берудің мемлекеттік стандарттарында анықталған оқытудың
мазмұнына ешбір нұсқан келтірмейді, керісінше оқу пәндерінің
бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыптасқан
әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде әр мұғалім үшін көмек болатын «ақпараттық-
коммуникативтік технологиялар (АКТ)» деп айта аламыз.Сонымен бірге,
Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік
білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру өте қажет»-деген бағдарлы сөзі ұстаздардың алдына қойылар
міндеттерді де саралайды.Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену
мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі
ізденістер бастау алуда.«Білім туралы заңда» оқытудың жаңа
технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген.
[3, 14 б] .
Ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуына байланысты
түрлерінің қызметі де өзгеруде. Орта білім беру жүйесін
ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты әлемдік
ақпараттық кеңістікке ену. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін интернет
желісіне қосылу және пайдалану қажет.
Қазір компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына, оның
ішінде білім беру салаларына да енді. Бұған дәлел 1997 жылғы 22
қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Орта білім беру
жүйесін ақпараттандыру» мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының
бірі: компьютер техникасымен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне
қол жеткізу үшін орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу.
Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарында оқушылар қазақ тілін оқу
барысында мұғалімнің қойған сұрақтарына түсініп, оған жауап қайтаруға,
үйренген сөздерін бұзбай айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән
дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді
дұрыс құруға үйретіледі.Бұл мәселені жүзеге асыру үшін, біріншіден
жүйелі түрде, «оңайдан қиынға принципін» басшылыққа сала отырып
күнтізбегін жоспар қажет деп ойлаймын.Содан кейін жоспарды

басшылыққа ала отырып, оқушылардың тілін дамыту үшін әр түрлі
тәсілдер арқылы жұмыс жүргізу. Осы мақсатта оқытушы әр түрлі оқыту
әдіс-тәсілдерін пайдаланып, тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементтерін
және тақырыпқа сәйкес көрнекіліктер қолданады. Басты назар
аударатынымыз оқу, сөйлеу, талдау, жазу жұмыстарына мұқият көңіл
бөлу.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен
үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз
таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі
әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды. Кейбір грамматикалық
түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен,
салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Заман
өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр.
Әр түрлі жаңа технологияларды қазіргі мұғалімдер өз
тәжірибелерінде қолданып жүр.Сонымен қатар орыс тілді мектеп
оқушыларына қазақ тілін үйретуде пән бойынша жүргізілетін сыныптан
тыс жұмыстардың маңызы зор. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыс
оқушылардың білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олардың тілді
үйренуге ынтасын, құмарлық сезімін оятуға көмектеседі. Орыс тілді
мектеп оқушыларын қазақ тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін
жетілдіру-бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Мектеп тәжірибесінде
білім мазмұнын жетілдіру, үшін оқыту процесінің тиімді жолдары, жаңа
әдістері жан-жақты қарастырылуда. Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін,
оның оқыту әдістемесін жетілдіре түсіну -үлкен мәселе.Жалпы
педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән әдістері шығады. Менің
жүргізіп жүрген пәнім орыс мектебіндегі қазақ тілі орайында әңгіме
болады. Тіл дамыту - ең негізгі жұмыстың бірі болып табылады. [4, 19 ].
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен
дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл
мамандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілінен
үйретілетін сөздер біріншіден, белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз
таптарға қатысты болады, сол себептен қазақ тілі сабағы әрі тілдік, әрі
әдебиеттік оқу материалдарын қамтиды.Кейбір грамматикалық
түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен,
салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Заман
өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Әр түрлі
жаңа технологияларды қазіргі мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып
жүр. Сонымен қатар орыс тілді мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретуде
пән бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.
Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыс оқушылардың білімін
тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олардың тілді үйренуге ынтасын,
құмарлық сезімін оятуға көмектеседі.Орыс тілді мектеп оқушыларын қазақ
тілінде сөйлеуге үйрету, оны оқыту әдістемесін жетілдіру-бүгінгі күннің
аса маңызды мәселесі.Мектеп тәжірибесінде білім мазмұнын жетілдіру,

үшін оқыту процесінің тиімді жолдары, жаңа әдістері жан -жақты
қарастырылуда.
Қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін, оның оқыту әдістемесін жетілдіре
түсіну- үлкен мәселе.Жалпы педагогиканың әдістерінен әр пәннің өзіне тән
әдістері шығады. Менің жүргізіп жүрген пәнім орыс мектебіндегі қазақ тілі
жайында әңгіме болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде
қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж., (22-24).
2. Н.Амирғалина. «Білім берудің инновациялық технологияларының
бірі- тірек конспектілері». // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (17-19б.).
3. Г. Такишева. « Модулдік оқыту технологиясын пайдаланудың
тиімділігі», // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (14-17б.).
4. М.М. Жанпейісова. «Технология модульного обучения» Ақтөбе,
1998 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген