Орыс тілі және әдебиеті сабағында жаңартылған технологияларды қолдану әдістері

Тақырып бойынша 28 материал табылды

Орыс тілі және әдебиеті сабағында жаңартылған технологияларды қолдану әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі тіл мамандарының алдында өте күрделі міндет тұр: бір жағынан, міндетті білім деңгейін, біліктілік пен дағдыларын жетілдіру, ал екінші жағынан - жоғары деңгейдегі оқушылардың потенциалдық шығармашылық мүмкіндіктері мен ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақта ақпараттық технологияны қолдану мақсат түрінде емес, оқушы әлемін жетілдірудің бір жолы, пән бойынша қосымша ақпарат көзі, баланың жеке белсенділігі ортасын дамыту түрі, оқытушы мен оқушының өз беттерімен жұмыстануы мен өзіндік білімдерін жетілдіру әдісі ретінде қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжі

Орыс тілі және әдебиеті сабағында жаңартылған технологияларды қолдану әдістері

Балғабай Алина Болатқызы,. Мынбаева Гульжан Рысбаевна, ОҚГЭК



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»  деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ұйымдарының, әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттігі туындайды..

Қазіргі кезде оқу үрдісін ақпараттық коммуникациялық құралдарсыз көзге елестету қиын. Әсіресе, интернет технологиясы  арқылы оқыту өте танымал болып келеді. Интернет технологиясы  арқылы оқыту (E-learning) – бұл интернет желісі арқылы оқу үрдісіне қажетті ақпараттың үлкен көлемін тасымалдауды және оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивтік арақатынасты жүзеге асырып, осы процестерді компьютерлік бақылауға негізделген.  Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі басты мақсат –  білім беру үрдісінің барлық құрамдас бөліктерінің үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі  тіл мамандарының  алдында  өте  күрделі  міндет  тұр: бір жағынан, міндетті  білім деңгейін, біліктілік пен дағдыларын  жетілдіру, ал екінші   жағынан   - жоғары  деңгейдегі оқушылардың  потенциалдық шығармашылық мүмкіндіктері мен   ойлау  қабілеттерін  дамыту.

Сабақта  ақпараттық  технологияны қолдану  мақсат түрінде емес, оқушы әлемін жетілдірудің бір жолы, пән бойынша қосымша  ақпарат көзі, баланың жеке белсенділігі ортасын  дамыту түрі, оқытушы мен оқушының өз беттерімен жұмыстануы мен өзіндік  білімдерін  жетілдіру әдісі ретінде   қарастырылады.

Қазіргі мектеп, соның ішінде ауылдық мектеп алдында  білім алушылардың мүмкіндіктерін, қызығушылығы мен икемділіктерін  ескере отырып, сапалы білімнің қолжетімділігін  қамтамасыз  ету міндеті  тұр, тұлғаның  әлеуметтену  белсендігін  дамытып, әдістемелік  құралдарды  тұтастай  қайта қарауға  міндетті. Жаңа  ақпараттық  технологиялар, сөзсіз, маңызды  роль атқарады.

АКТ-ны  сабақта  қолдану   білім  алушылардың  танымдық  қызметін қалыптастырады,білім сапасын  көтеруге септігі  тиеді, сапалы  және тез сабақ дайындалады.

АКТ-ны  қолданудың  негізгі  мақсаты  ойлауды  дамыту, ойлау  қызметінің  тәсілдерін  қалыптастыру  болып  табылады.

Компьютерді  қолдану мұғалімді   сабақтағы күнделікті  қайталанатын жұмыстан  босатады, яғни тақтаға  жазу,  тақтаны  сүрту. Көрнекі  құралдарды  таңдауда да жұмысы  жеңілдейді. Компьютер мұғалімге  жаңа  мүмкіндіктер   жасайды. Заманауи ақпараттық  технологиялар оқушыларға  дәстүрлі емес  ақпарат көздеріне  жол сілтейді, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін  игеруді  үйретеді.

Орыс  тілі мен  әдебиетін оқыту  үшін  қызығушылығын  ояту қазіргі  уақытта  қиындығы  бар  мәселе, бірақ  мүмкіндік  бар  деп  есептеймін.  Бұл   жерде  көмекке мультимедиялық  тұсаукесерлер  көмекке келеді, оларды  жаңа сабақ  түсіндіру, сабақты  бекіту,қайталау  кезеңдерінде қолдануға  болады.

Өзімнің  оқыту  жұмысымда  интербелсенді  тақтаны  қолданамын.

Мақсатым – белсенді, өмірде  қолдана  алатындай  жоғары  білім  деңгейі бар  тұлға  тәрбиелеу.

Бұл  мақсатымды  жүзеге  асыру  үшін, мен  алдыма  мынадай  міндеттерді  қоямын:

-         Интербелсенді  оқуға  дайындығын  қалыптастыру;

-         Оқу-тәрбие жағдайындағы  өзара  әрекеттесу дағдыларын  дамыту;

-         Өз пәнімді  оқытуда оқушылардың  коммуникативтік қабілеттерін  қалыптастырып және дамытатын жаңа  интерактивтік тәсілдерді  енгізу.

Болашақ  азаматтар

v Бірге  жұмыстануы

v Тең  жұмыстану, сонымен бірге басқара да  жетекшілік  жасай да  білу;.

v Өзгені  сыйлау;

v Өз  көзқарасын  білдіру.

v Өз  пікірін  қорғау және  түрлі  жағдаяттармен байланыстыра  білуі керек.

Әр  мұғалімнің  алдында: оқушы  қызығушылығын  қалай  тұрақтандыру, білім сапасын қалай көтеруге  болады  деген сұрақтар  туындайды. Оның жауабы, әдісте, жаңа технологияларды  оқып  үйреніп, одан кейін өз жұмысыңда  қолдану.

Орыс  тілі мен  әдебиеті сабақтарында интербелсенді  әдістер  оқу  процессіндегі өте қажетті  нәрсе деп білемін.

  1. Интербелсенді  тақтаны меңгеремін.

  2. Интербелсенді  тақта тұсаукесерлермен  жұмыс жасауда жаңа  мүмкіндіктер береді, яғни  слайдтарды  көрсету  кезінде тақтада берілген мәтінге маркермен түзету енгізуге болады. Жаттығу жұмысында – сөздерге әріптер, тыныс белгілерін қою, жақшаларды ашу.

  3. Жаттығулардың  келесі  түрі – тесттік  жаттығулар. Олар  Ұлттық  бірыңғай  тестілеуге дайындыққа есептелген. ҰБТ-ге дайындалуға арналған  жаттығулар  жиынтығын  қолдана  отырып,барлық  тараулар  бойынша  ұқсас  жаттығулар  дайындауға  болады.

  4. Қазір орыс  тілінен  тесттік  жаттығулардың  тренажерлары  бар.

Оларды  да интербелсенді  тақтамен  жұмыстану  үшін қолданамыз, өте тез оқыған тақырып бойынша  білімдерін  тексеруге  жеңіл, әрі сабақтағы  уақытыңды  үнемдеуге  болады.

  1.  Жаттығулардың   тағы  бір  тобы  - сызба немесе кесте бойынша  жетіспейтін 

  2. элементтерін  толтыру.

  3. Сөздік жұмыс.Экранға бір сөз немесе топ сөз  шығарылады,есте сақтау  үшін жазылуы, лексикалық  түсінігі  беріледі.

  4. Үй тапсырмасын  тексеруді  түрлендіру үшін  интербелсенді  тақтада мұғалімнің немесе бір-екі  оқушының  алдын ала  дайындаған  жаттығу материалдары бойынша өзін-өзі тексеру, өзара тексеру   түрлері  тиімді.

  5. Тақырыптың  теориялық  материалын түсіндіру  үшін сызба немесе кесте түрінде  беруге  болады.

  6. Емле ережесін есте  сақтау  үшін алгоритм  құрастыру  жұмысын жасауға  болады.

  7. Өткен  тақырыпты  бекіту  үшін дұрыс  жауаптары берілген  сұрақтарды, кезектеп  ашып  көрсету арқылы  білімдері тексеріледі.

  8. Дайын  дидактикалық  материал.

  9. Тест  түріндегі  бақылау.

  10. Мәтінмен  жұмыс. Мәтін –мұғаліммен  алдын ала  дайындалған модель, жан-жақты талдаудың  негізі  болып табылады:орфографиялық, лексикалық,  пунктуациялық. Мәтінде ерекше назар  аударуға  жататын ерекшеленген сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер болуы мүмкін.

  11. Мәтінмен  кешенді  жұмыс.

  12. Грамматикалық  талдау  түрлері.

  13. Орфографиялық  сауаттылығын дамыту.

  14. Интербелсенді  тақтада  тест арқылы  оқушы  жоғары  қызығушылықпен өткен сабақты қайталап, бекітіп, сол мезгілде өз жұмыстарының  қорытындысын  көре алады.

Интербелсенді  тақта  қызметі  компьютер мүмкіндіктерін  толықтырады және сабағыңды   түрлендіруге, есте қалатындай,сабақтың негізгі сәттерін  бөліп көрсетуге және оны  сақтап қоюға   көмегі  тиеді. Интербелсенді  тақтаны  қолдану  сабақта  уақытты  дұрыс  пайдалануды  үйретеді. Интерактивті  әдістердің  құндылығы, олардың оқушыны  машықтандырып, білім, білік-дағдыларын  сабақта  және  шынайы  өмірде  жаттықтыруында.

Сонымен  даму үстіндегі  қоғамға заманауи, білімді, тәрбиелі, жауапты  шешім  қабылдай алатын, өзара  әрекеттесуге  қабілетті, жауапкершілігі  мол адамдар керек.

Өз жұмыс  тәжірибеме  сүйене  отырып, интербелсенді оқыту  арқылы  белсенді  өмірлік  позициясы  бар  еркін  тұлға  тәрбиелейтінімізді  атап айтқым  келеді. Тек  өз  пікірін жақтап қана  қоймай, басқаны  да  тыңдай  білетін  тұлға.

АКТ-ны  қолданып  өткізген  сабақ – көрнекті, ақпараты мол, интербелсенді, сабақта мұғалім мен оқушы  уақытын  үнемдейді, оқушыға  өз ырқында  жұмыс  жасауға жағдай  жасайды, мұғалімге  оқушымен  топпен немесе жеке  жұмыстануға, бірігіп  тексеріп, оқыту  нәтижесін бағалауға көмектеседі,

Колледжде жалпы білім  беретін пәндерді оқытуда АКТ-ны  қолдану білім сапасын  арттыруға  бағыттайды.

Тәжірибеміз  бойынша  оқушылар:

-         Егер сабақта АКТ қолданылса, балалар жоғары жетістікпен оқу материалын  меңгереді.

-         Интеллектуалдық даму бағытында АКТ-ның  маңызы  зор.

-         Колледж студенттерін  әлеуметтенуі  үшін  өте қажетті  - ақпараттық  мәдениеті  қалыптасады.

-        Студенттің  рухани,әлеуметтік,мәдени  ойы  дамиды.

Колледждерде  орыс  тілін оқытуда  компьютерлендіру   жұмыс  әдісін  өзгертеді, ең бастысы  нәтижесін  береді.

Біріншіден, компьютер   өз жадында  мол  материалды  сақтай  алады, дер  кезінде қажетті  ақпаратты тауып бере алады,оны  қайта  өңдеп, салыстырып, қайта  құрайды. /2,б.4/

Екіншіден, ең маңыздысы компьютер  оқушымен  диалог  жүргізеді. Оның  көмегімен кері байланыс жасалады, компьютер «сұхбаттасушы» бола алады, оқушының әр ісіне жауап береді, жауаптарын бағалайды т.б.

Үшіншіден, компьютерді  қолдану оқу  ақпаратын   кеңейтеді. Графика, мультипликация, дыбыс, яғни барлық заманауи видеотехника  құралдарын  қолдануға  болады.

Төртіншіден, компьютермен  жұмыс оқушының пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады. Ол белсенді  түрде  оқыған  материалдарының ең маңызды аспектілеріне  назар  аударуға  көмектеседі.

Бәрінен бұрын, компьютер психологиялық  күйзелістен  арылтады және  қате  жауап беріп  қалудан  қорқуды  сейілтеді. /2,б.5/

Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпіріне  SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертті. Бұл компанияның жұмыс нәтижесін тапсырыс берушілер: бұлар мұғалімдер, оқушылар және де іскер адамдар SMART құрылғыларының оқытуда жаңа тәсілдер енгізуге, бірлескен жұмыстың  жаңа тәсілін ойлап табуға және жаңа идеялар тудыруға мол көмегі тигендігі жөнінде пікірлерімен анықтауда. SMART құрылғыларының ең танымалы 1991 жылы қолданысқа енген интерактивті тақталарды ерекше атап өтуге болады.  SMART құрылғылары білім беру жүйесінде де, жоғары білім беру жүйесінде де, бизнес саласында да, әкімшілік пен қарулы күштер саласында да сұранысқа ие. SMART өнімдерін әлемнің 175 елі кең қолдануда. SMART құрылғыларының ең танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі кезде интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, үстелдер, интерактивті экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз "грифельді" тақталар, күшейткіш аудиожүйелер, документ-камера секілді т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді.  SMART education-нің негізгі идеясы техникалық құралдарды, қызметтер мен интернетті қолдану арқылы адам өмірінің барлық аспектісін жетілдіру болып табылады. Мұндай стратегия АҚШ, Корея, Жапон және Еуропа елдері үшін эталонға айналды. Ал Кореяда инновациялық білім беру  технологиялары  1996 жылдан беру белсенді дамып келетінін ескеретін болсақ, біздің білім беру саласындағы мұндай инновациялық жаңалығымыз кешеуілдеп дамып келе жатқандығын көрсетеді      Егер дамыған 30 елдердің қатарына енгіміз келсе, білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатын қойып, білім саласын қаржыландыруы қажет.


Пайдаланған  әдебиеттер:

  1. SMART – EDUCATION:келешекке  бағытталған  білім.  В.А. Даулетова.

  2. С.Рах.  Компьютер на уроках русского  языка.  /Текст/

  3. Интернет  материалдары http://matthewalunbrown.com/autostitch/autostitch.html


 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.05.2025
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі