Орыс тілі пәні сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Орыс тілі пәні сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс тілі пәні сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы



Орыс тілі пәні сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану

Қазіргі заман талабына сай шет тілінің пән ретінде қажеттілігі артып келеді. Орыс тілін оқытуда басты мақсат – оқушыларды шет тілінде қарым-қатынас жасай алуға дағдыландыру, шет тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақта дидактикалық материалдарды қолданудың жолдары:

Қазіргі заманда сабаққа қойылатын талаптар мұғалімнен шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалдарды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана  оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцзийдің «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, орындасам түсінемін» — деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Сондықтан сабақта қолданылатын интербелсенді оқыту тәсілдерін  пайдалану оқушының бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығын қалыптастырады. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар атқара отырып, оқушының белсенділігі артады, бір-біріне көмектесе отырып, сабаққа барлық оқушы қатыса алады. Өзінше ізденіп, өз ойын толық жеткізе алатын дәрежеге жетеді. Нашар оқитын оқушының өзі ойын элементтері арқылы интербелсенді оқыту тәсілдерін  қолдану барысында оқушының ой-өрісін дамытуға көмектеседі. Жаңашыл ұстаздар сабақ арқылы оқушыға емес, оқушы жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудыруды ұсынады.

Ал, енді интербелсенді оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылар орындайтын бірнеше тапсырма түрлері:

  1. Орыс тілінде сөздік қорын көбейту үшін тақырыптық суреттермен жұмыс жасаған өте тиімді. Оқушыларды төрт топқабөле отырып, оларға суреттері бар кубиктер беріледі. Суретпен жұмыс жүргізудің бір түрі — кубиктер. Кубиктің алты беті болады, сол алты бетіне тақырыпқа байланысты суреттер қоямыз. Кубикті лақтырып қалған кезде қайсы беті түссе, сол бетін суреттейміз. Топтар кезек-кезек кубик лақтыра отырып, тапсырманы орындап отырады. Мысалы, жан-жануарлардың суретін әрбір бетіне саламыз. Оқушылар сол жануардың атын, сын-сипатын айтып беру керек.

Бұл кубиктер орыс тілін жаңадан бастағандарға арналған бастапқы этапта пайдаланатын кубиктер. Келесі кубиктер күрделірек.

Әрбір бет бір-бір тақырыпқа арналады. Мысалы: бірінші бетте киім-кешектер болса, екінші бетте ыдыстар, үшінші бетте жеміс-жидектер, төртінші оқу  құралдары, бесінші үй жиһаздары, алтыншы табиғат бейнеленеді. Кубикті лақтыру арқылы тапсырмалар беріп оқушылардың барлығын дерлік сабаққа жүмылдырып, қызықты өткізуге болады.

Сабақта бір сарынды ұзақ жаттығулар мен ұзақ оқытулар оқушыларды жалықтырады, сондықтан да оқыту тәсілінің бірі ойын элементтерін пайдалану оқушылардың сабаққа деген жалпы шет тіліне деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырады.

Сабақта мен бастауыш буындарда мынадай ойын элементтерін пайдаланып өткіземін. Келесі ойын сабақ барысында өтіп кеткен қандай да бір дыбыс бойынша ойын жүргізуге болады. Мысалы, [әе] дыбысына. Мұғалім әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызады. Қай топ көп сөз айтса, сол жеңеді.

  1. «Қатесін түзе» ойыны – Бұл ойында берілген сөздің қатесін табу керек. Яғни,  қайсы әріп дұрыс қойылады.

  1. «Күн сәулесі» ойыны – Қажетті сөзді тиісті тақырыпқа пайдалану (Венн диограммасы)

Бұл ойын күн сәулесіне адамның мінез-құлықтарын жазып толтырамыз. Күннің әрбір шуағына әр оқушы бір мінез түрін жазып, кеспе қағаз оқушыдан-оқушыға өте отырып, соңында өз иесіне қайтады. Бұл ойын арқылы оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.

  1. «Сөздерді толықтыр» – Бір сөзден келесі жаңа сөз табу (зат есімнен – етістікке айналдару т.б.с.с.).

Сонымен қатар қазіргі жаңа технология заманында  заман талабына сай білім беруде, жаңа технологияларды қолдана отырып сабақ барысын қызықты өткізу,ә р оқытушының үздіксіз үрдісі десекте болады.

Орыс  тілі мен  әдебиетін оқыту  үшін  қызығушылығын  ояту қазіргі  уақытта  қиындығы  бар  мәселе, бірақ  мүмкіндік  бар  деп  есептеймін.  Бұл   жерде  көмекке мультимедиялық  тұсаукесерлер  көмекке келеді, оларды  жаңа сабақ  түсіндіру  ,сабақты  бекіту,қайталау  кезеңдерінде қолдануға  болады.

Өзімнің  оқыту  жұмысымда  интербелсенді  тақтаны  қолданамын.

Мақсатым – белсенді, өмірде  қолдана  алатындай  жоғары  білім  деңгейі бар  тұлға  тәрбиелеу.

Бұл  мақсатымды  жүзеге  асыру  үшін, мен  алдыма  мынадай  міндеттерді  қоямын:

Интербелсенді  оқуға  дайындығын  қалыптастыру;

Оқу-тәрбие жағдайындағы  өзара  әрекеттесу дағдыларын  дамыту;

Өз пәнімді  оқытуда оқушылардың  коммуникативтік қабілеттерін  қалыптастырып және дамытатын жаңа  интерактивтік тәсілдерді  енгізу.

Болашақ  азаматтар

Бірге  жұмыстануы

Тең  жұмыстану, сонымен бірге басқара да  жетекшілік  жасай да  білу;.

Өзгені  сыйлау;

Өз  көзқарасын  білдіру.

Өз  пікірін  қорғау және  түрлі  жағдаяттармен байланыстыра  білуі керек.

Әр  мұғалімнің  алдында: оқушы  қызығушылығын  қалай  тұрақтандыру, білім сапасын қалай көтеруге  болады  деген сұрақтар  туындайды. Оның жауабы, әдісте, жаңа технологияларды  оқып  үйреніп, одан кейін өз жұмысыңда  қолдану.

Орыс тілді оқытуда мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін  одан да маңызды.

Қорыта айтқанда оқу процесін  жеделдетумен байланысты шет тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолданбау керек деген емес. Қайта бұл әдістеменің дамуына негіз салады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
146
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі