Тақырыбы: «Өсер ұрпақтың жан дүниесі өз қолымызда» тренинг-ойыны
Мақсаты: Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру, олардың алдын алу. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру. Өзіндік бағаны жоғарылату.
Міндеті:
- өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу;
- Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру;
- Қайырымдылыққа, білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қатысушылар: 11 сынып оқушылары
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
Ұйымдаструшылық кезең
Кіріспе сөз: Сәлесметсіздерме оқушылар! Бүгінгі тренинг-ойын сабағымды мына өлең шумақтарымен бастағым келіп отыр:
Өмір деген тұрады: таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп, Армен кешкен
–
Өмір деген екі өзен:Мұң – қуаныш,
Толқыны: Шындық-Жалған,Күлкі-Намыс.
Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,
Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз. –
Жас өмір жайқалтады жапырағын,
Жас өмір жардай ыстық жақсы әнің.
Жас өмір толған мақсат,шексіз арман,
Батыл ой,ұшқыр қиял,батыл адым. –
Өмір – өзен ағып жатыр, тыңбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы.
Сондықтан да, өз-өзіңе абай бол,
Өмір сені сонда ғана шыңдайды. –
Бұл өлеңдер не жайлы айтылған? Иә, әрине өмір жайлы. Ендеше бүгінгі біздің тренингтің тақырыбы «Өсер ұрпақтың жан дүниесі өз қолымызда» деп аталады. Тренинг ережелерімен таныстыру. А.Құнанбаев атамыз айтқандай үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек- дей отыра бүгін сіздер 3 топқа бөлеміз. 1 топ – Ыстық қайрат тобы, 2 топ – Нұрлы ақыл тобы, 3 топ – Жылы жүрек тобы. Мына түрған түске де мән беру керек әр түстің өзіндік адамға әсер ететін дүниесі бар. Жасыл үйлесім, тыныштық мейірім. Қызыл энергия,батылдық, көшбасшылық. Сары қуаныш, шығармашылық.
Психолог: Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен
сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады. Міне өмірдің өзі біле
–білсең сонысымен қымбат.Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг
жаттығулар жасау арқылы
жалғастырайық
«Тез шешім» жылыту ойыны.
Мақсаты: Ойды жылдам жинақтап, күтпеген жағдайды мүмкіндікке айналдыруға үйрету. Оқушылар ойланбастан қысқа жауап береді.
Сұрақ: «Егер бүгін кенеттен бос бір сағат берілсе сен не істейсің?»
Сұрақ: «Егер сенде қазір 500 теңге ғана болса, оны қандай пайда әкелетін іс бастай аласың?»
Сұрақ: «Егер сенде уақытты сатып алуға мүмкіндік болса оны қалай падаланар едің?»
Сұрақ: «Егер сенде бір ғана арманды орындау мүмкіндігі болса ол не болар еді?»
Сұрақ: «Егер сенің қолында әлемді жақсартатын күш болса, не істеген болар едің?»
Өмір –арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып өту сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатына жету оңай емес. қиындықтарға кездесуің мүмкін, ал енді береулерге қиындықтар кездеспеуі де мүмкін. Сондай кездерде қызғаншақтық, көреалмаушылық танытпау керек. Адам өз мақсаты үшін күресуі тиіс.
Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып: Бәрі маған байланысты. Бәрі менің қолымда!!! –деп өзіңізді сендіріңіз.
Сіздер бір-бірлеріңізге қызықты өмір сүру үшін қандай кеңес берер едіңіздер? Оқушылар сіздер қалай ойлайсыздар «Қызықты өмір сүру үшін не қажет?», «Сіздер қызықты өмірді қалай қалыптастырасыздар? Күн режимі қандай?». Ендеше оқушылар мына психологиялық кеңеске құлақ түріңіздер. Психологиялық кеңес «Қызықты өмір сүру үшін...» 7 кеңес».
-
Өзіңе дос бол! Күнде өзіңе жылы бір сөз айт.
-
Шынайы күлімде! Күлімдеу -көңіл -күйді жақсартады, әрі айналаңа да жақсы әсер етеді.
-
Күнделік жүргіз! Ойың мен армаңынды жаз. Бұл өзіңді түсінудің ең керемет жолы.
-
Уақытты бағала! Телефонда емес, өмірде өмір сүр. Әр сәт қайталанбайды.
-
Кішкентай істерден қуаныш тап! Күннің шығуы, достың күлімі,ән тыңдау -осының бәрі қымбат.
-
Қателесуден қорқпа! Қате- өсуге берілген мүмкіндік. Әр сүріну -жаңа сабақ.
-
Арманда! Үлкен армандар -үлкен жетістіктердің бастауы. Сен арманыңды жүзеге асыра аласың!
Бейне ролик
«Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әр біреуіне «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды»,Себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды.
Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш –бұл ..........
Мен мынадай адамдарға сенбеймін .......
Мен ренжимін, егер .........
Мен ұнатпаймын, егер........
Маған көңілсіз, егер ........
Егер маған дауыс көтерсе , мен .......
Мен қарсыласқанда ......
Егер мен сенімсіз болсам, онда ......
Менің жақсы қасиеттерім.......
Өзімді мақтай аламын себебі..............
Психолог : Сөйлемді аяқтағанда , сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине , әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік.Ренжіген,нашар көңіл-күй немесе көнілсіздік болған шығар. Бұл сәтте
қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Ештеңеге мойымай өзіңе сенімді болсаң, міне сол бақыт. қиындықты жеңе білу керек. Мағынасыз ойлар адамды психикалық не тәндік жарақатқа шалдықтыруы мүмкін. Өмірде кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің соңын шыдамдылықпен күтіп, не істесең де ойланып істеу керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болу керек.
Ситуациялық сұрақтар.
Қазір әр топқа ситуациялық сұрақтар беріледі, сол сұрақтарды топпен шешеді.
-
топ. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүруге жағдайы жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі. Осы жасөспірімге қалай көмектесер едіңдер?
-
топ. Әкесінің тік ұшағы бар. Ол бизнесмен. Шалқыған бай. Ол жасөспірімде барлығы бар. Бірақ өзін бақытсыз сезінеді. Достары да аз, ата-ананың жылулығы жоқ. Бұл жасөспірім байлықтан шаршаған. Бұл жасөспірімге қалай көмектесер едіңдер?
-
топ. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Дұрыс өмір сүрудің жолын білмейтін жасөспірімге қалай көмектесер едіңдер?
Осы жерде ұстаздарға қойылатын жаттығуым бар еді. «Бір сөзбен әсер ет» жаттығуы «Ұстаз», «Оқушы», «Білім» деген сөзбен оқушыларға айтсаңыздар
Релаксациялық жаттығу: «Менің қолымнан барлығы келеді»
Мақсаты: Ғажайып баққа саяхат жасау арқылы дүниенің бірлігін, біртұтастығын, әр адамның қайталанбас тұлға екенін сезінуін қамтамысыз ету, өзін бағалай білуге жетелеу.
Қазір мен мәтіндерді оқимын сіздер оны естіп, елестеп, сезінулерің керек. Ыңғайлы отырып, терең дем аламыз. Көзімізді жұмамыз. Көз алдыңыз қараңғылап кетті. Қараңғылық ішінен әдемі өрнекті түрлі-түсті қақпа пайда болды да, жарқ етіп ашылып кетті. Әрі қарай өтіңіз. Сіз тамаша бақтың ішіңдесіз. Алуан түрлі гүлдер тобы сізге қарап, сүйіспеншілікпен иіліп, тербеліп сәлем бергендей болды. Кенет гүлдер тез көбейе бастады, жүздеген мыңдаған қызылды жасылды гүлдер жер бетін жауып кетті. Шеті мен шегі жоқ…Самал жел таза ауа мен гүлдердің иісін жеткізеді. Сізді жеңілдік пен еркіндік, қуаныш сезімі билейді. «Әр гүлдің өзінше бір исі бар, өзіне тән сұлулығы бар екенің ұмытпаңыз!» Өзіңізді бағалай біліңіз. Өзіңізді де, айналаңдағылардың бәріне де сүйіспеншілікпен қарауға тырысыңыз! Сіз өзгелерге қалай қарасаңыз, сізге де өзгелер солай қарайды. Сіз өзіңізді қалай сыйласаңыз, сізді де өзгелер солай сыйлайды.
Маған іштей қосылып қайталаңыз»: Мен-ол — мен» бүкіл әлемде маған ұқсайтын жан жоқ. Менің барлық жеңісім мен табысым тек маған ғана тиесілі. Менің барлық жеңілісім мен қателігім өзімдікі. Менде бәрі жеткілікті. Мен өте тамаша адаммын. Мен өмірдегі ең бақытты адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді.
Талдау: елестеу кезінде қиындықтар болды ма? қандай сезімде болдыңыздар?
«Өмір ағашы» жаттығуы
Мақсаты: Арман мақсатқа бағыттау
Үлкен қағазға ағаштың суреті саласындар. Тамырына - өз құндылықтарынды, жапырақтарына- армандарынды, діңіне- қазіргі мүмкіндіктерін жазасындар
Пікірталас сұрақтары:
«Сендер балалар өмір дегенді қалай түсінесіндер? Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар? Өмір адамға несімен қымбат?»
Психолог: Өмір –ол адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды сыйлаған кім? … Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сендердің ата-аналарың. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен де соған лайықты өмір неге сүрмеске?.. Ата аналарын сендерге үлкен дүние беріп жіберді, сол дүниені алып оқындар
Қорытынды бөлім
«Мен саған тілеймін ...» ойыны
Оқушылар берілген открыткаларға бір бірлеріне тілек жазып, сыйлайды.
«Жеміс ағашы» рефлексиясы
Оқушылар тренинг-ойынынан алған әсерлерін алма қағазына жазып, ағаштарға жабыстырады. Бүгін тренинг-ойын сабағында не білдіңіздер?

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өсер ұрпақ өз қолымызда. Тренинг

шағым қалдыра аласыз