400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсиет туралы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының дәстүрі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨСИЕТ


Әкесі өлерінің алдында баласына өсиет айтты: «Жақсы жүр, ешкімге жалынба, бөтен біреу саған жалынатын болсын. Және де ішкен тамағың тәтті көрінетін болсын, сонда бай боларсың», - деді. Әкесі о дүниеге қайтты. Баласы әкесі айтқан қалыпша ешкімге жалынбай, жақсы тамақ ішіп, жақсы киім киіп, жүрді. Бірақ кедей бола берді. Бір күні ол әкесінің туған ағасына барып, әкесінің айтып кеткен өсиетін айтты. Сонда ағасы оған айтты: «Сен әкеңнің айтқан өсиетін түсінбеген екенсің, - деп. – Сен жұмысқа ерте шық, сонда сен біреуге жалынбайсың, саған біреу жалынады, жұмыстан кеш қайт, сонда саған ішкен тамағың тәтті көрінеді, әм бай боларсың».

Сонда баласы әкесінің айтқан өсиетіңе түсініп, орнына келтіріп, жақсы тұра бастады.























Тапсырмалар:

  1. Әңгіме неге «Өсиет» деп аталады?


2) Мағынасын мәтін бойынша дұрыс келтіріп, сөйлемді аяқтаңыз

1. Бала ағасына барып, ...

2. Баланың әкесі о дүниеге ...

3. Сен жұмысқа ерте шық, сонда ...

4. Сонда бала әкесінің айтқан ...


3) Мәтін бойынша мағынасы сәйкес келетін сөйлемдерді табыңыз (сәйкес, сәйкес емес)

1. Бала ағасының үйіне барап, тамақ ішетін.

2. Бала ағасының тірісінде көп жұмыс істеп шаршайтын.

3. Бала әкесінің ағасы ақылды, мейірімді адам.

4. Бала әкесінің тілін алатын.

5. Бала байып кетті.

6. Бала қайғырып, әкесін есіне ала берді.


4) Қай сөйлем дұрыс құрастырылмаған?

1. Мен жұмысты жақсы істеп, беделді адам болғым келеді.

2. Беделді болу үшін көп жақсы іс жасау керек.

3. Сен өтірік айтып, беделіңізден айырылдыңыз.

4. Ол бүкіл әлемге әйгілі адам.


5) Қай сөйлемде орфографиялық қателер бар?

1. Жұмысты көп істесең бай боларсың.

2. Жұмыс істемесек бай бола алмаймыз.

3. Сен жамаңдағаңды ұнатпайсын, мақтағаңды ұнатасын.

4. Жұмысымыз табысты болсын.












Переведите предложения


  1. Сен маған қонаққа неге келмедің?

  2. Жәшікке ештеңе салма.

  3. Балалар өздерінің керуерттеріне жатсын.

  4. Заң Департаментінің мамандары құжаттарды ресімдеді.

  5. Біз отырысқа дайындалып жатырмыз.

  6. Оның ағасы дүкеннен асқабақ пен қияр сатып алды.

  7. Көршінің үйіне мына ыдыстарды апарып берші.

  8. Ербол өзінің достарымен ертең кешке кездесуге келісті.

  9. Сағат беске қарай біз мәжілісті аяқтаймыз да үйге барамыз.

10.Сендер бөлімнің бастығына есепті тапсырмайсыңдар ма?

11. Анам кешке туыстарын қонаққа шақырды.

12. Ол жұмыстан қатты шаршап келді.

13. Баяндамадан керек мәліметтерді ғана алыңыздар.

14. Бастық түпнұсқаның көшірмесін сұрады.

15. Әріптесіңмен бірге мына құжаттарды дайында.

16. Сен кеше соңғы жаңалықтарды тыңдадың ба?

17. Төрағаның қабылдау бөлмесінде жиналыс болады ма, әлде болмайды ма?

18. Басқарма директорымен немесе төрағаның орынбасарымен келіс.

19. Жұмыстан кейін екеуіміз қыдырайық.

20. Бүгін бөлімнің бастығы кезекті демалысқа кетеді.

21. Оның ұлы қысқы демалысқа ауылға ата-әжесіне кетті.

22. Қазазға жазба, дәптерге жаз.

23. Жұмыстан кейін мен балабақшаға баруым керек.

24. Сен есебіңді өзінің бастығына тапсырдың ба?

25. Арман өзінің достары туралы шығарма жазып отыр.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
1010
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі