400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдік әлемін қалай сақтауға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарбағатай ауданы

Тана мырза ауылы

Тана мырза орта мектебі

Мектеп психологы: Тураова Карлыга Кенескалиевна

«Тана мырза орта мектебі» ММ-де

өткен «2017 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру»

атты  тақырыпта өткен  есебі.

  Қазіргі таңда мектептер үшін ата-анамен жұмыс жүргізу басты бағытта. Бала тәрбиесінде ата-аналар да өздерінің баласы үшін басты педагог екенін естен шығармай, осы үрдісті үздіксіз жалғастыруға міндетті. Осы  орайда ата-анаға бағыт ,бағдар беруші ұстаздар. Бүгінді таңда ақпараттың кеңістік ауқымын кең жайып отырған заманда ата-ана жиналысын «дәстүрлі» түрде бір сарынды жүргізу өзінің маңыздылығын жойып келеді. Бүгінгі ата-ана мен кешегі ата-ананы салыстыруға болмайды. Заман талабына сай ата-ана тарапынан мектепке деген және мектеп тарапынан ата-анаға

деген талап, сұраныс та өзгеріп келеді. Бүгінгі ата-ана мектепке қандай талап

қойып, сұраныс жасап отырғанын білу және келешекте ата-анамен байланысты  үздіксіз үдеріске айналдыру мақсатында Тана мырза орта мектебінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы жаңа форматта өткізілді.  Ата-аналар жиналысы өте үлкен дайындықпен өтті.

Жиналыс «2016 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Жиналысқа қатысқан ата-аналарды   2-топқа бөлінді. 

Жиналыстың бірінші бөлімінде  ата-аналарға «Жанұя»  жаттығуы жасалынды, яғни  ата-аналар  бір-біріне допты беру арқылы 

баласына байланысты сұрақтар қойылып оған жылдам жауап берілді.  Осылайша ата-аналар  балаларына қатысты сұрақтарға жылдам жауап бере отырып өздерінің  шапшаң екендіктерін көрсете білді.  Ал екінші

бөлімде сергіту сәті ретінде ата-аналарға  «Бала тәрбиесі»  атты видеоролик

көрсетіліп олар өздерінің пікірлері мен бөлісті.   Сондай ақ  әр топқа  2 ситуациялық сұрақтан таратылып, олар оған  топ болып ойласа

келе жауап берді. Сондай ақ  жауап беру барысында  бүгінгі таңда туындаған бала тәрбиесіне байланысты проблемалық сұрақтарды да өзара талқылап шешімін тапқандай болды.  Ситуациялық  сұрақтарға қызу тартыспен жауап берген ата-аналарды сергіту мақсатында «Ата – аналарға»  кеңес тақырыбында  құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары туралы видеоролик ұсынылды.   Жиналыстың  ең қызықты бола түскен жағы бұл  «ой толғаныс»  бөлімі.  Яғни  екі топқа  «Мінсіз оқушы», «Мінсіз ата-ана», «Мінсіз мектеп» тақырыптары берілді.  Бұл тақырыптар бойынша

ата-аналар  қалай елестететінін  плакатқа сурет түрінде немесе кластер түрінде жасап ортаға шығып  таныстырды. Осы сәтте ата аналардың  шығармашыл екені байқалып   мінсіз  баланы 

тәбиелеу  үшін  мінсіз ата-ана  болу керектігін  баса айтып өтті. Жиналыс соңында «Екі жұлдыз, бір тіліек» әдісімен рефлексия жүргізілді. Рефлексия арқылы әрбір ата-ананың жеке пікірін білуге мүмкіндік алды. Рефлексия арқылы ата-аналардың жаңаша өткен жиналысқа деген

ризалығын өздеріне берілген мүмкіндікті пайдалана отырып көкейінде жүрген ойларымен бөліскендігін 1 топ  ата-аналары білдірсе, 2  топтағы

ата-аналар: біздің бір-бірімізбен пікірлесуге үлкен мүмкіндік алдық десе, 2 топтағы ата –аналар баланың кітап оқымауы, компьютер деген баланың шектен тыс қызығушылығы көптеген ата-ананың басында бар ортақ проблема екенін біліп, оны шешуде ортақ пікірге келдік деген ата-аналардың пікірін білдік.

Қорыта келе, ата-аналармен коучинг-сессия ұйымдастыру олардың өз пікірін білу, бала тәрбиесінде кездесін ортақ проблемаларды бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.


Ата –аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысының ашылуы.


Психологтың тренингінен көрініс.


Picture 5 Picture 6

Мектеп медбикесінің дәрісі. Ата-ана пікірі.


Ата-аналар жиналысы

Тана мырза орта мектебінде 2017 жылғы 18 мамыр күні ата - аналар жиналысы өтті.


Қатысқаны: 38

Қатыспағаны- 2

Күн тәртібі:

  1. Ата-аналарға арналған « Жанұя » тренинг.

Турарова К – мектеп психологы.

2. «Кене энцефалиті» дәріс . Г. Жылкышинова – мектеп медбикесі.

3. Сынып бойынша жылдық хабарлама. Сынып жетекшілерінің есебі.

4. 2016 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру. Искаков Е – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

5. Профилактикалық шаралар.

6. Қорытынды.

Тыңдалды:

  1. К .Турарова - мектеп психологы.

Ата-аналарға тренинг жүргізілді.

  1. Г. Жылкышинова - мектеп медбикесі. «Кене энцефалиті» дәрісін оқыды, қазіргі кезде кене шағуына байланысты дер кезінде дәрігерге баруларын, қауіпті екендігі ескертілді.

Сынып бойынша хабарламалар, сынып жетекшілердің есебі тыңдалды.


  1. Е Искаков – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Оқушылардың жазғы демалыс кезінде балаларын үйден қадағалап отыру, сауықтыруларға, танымдық жорықтарға дер кезінде жіберіп отырулары ескертілді.

Қаулы:

  1. Демалыс уақыттарында балаларды кездейсоқ болатын табиғат апаттарынан, үнемі сақтандырып отыру ата-аналардан сұралсын.

2. Ата-аналарға балалардың бос уақытта түнгі көшеге шығуына, тойға, отырыс өткізуге тыйым салынатындығы ескертілсін.

3. Ата-аналардан, сынып жетекшілерден оқушылардың жазғы еңбек тоқсанында практикаға келуі қадағалансын.

Жиналыс төрайымы Слямбаева Т.Ж

Жиналыс хатшысы Турарова К.К



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі