400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдік бөлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Жаратылыстану Мектеп: №194

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2.1. Өсімдіктер.

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Досмағанбетова Райхан

Сынып: 1 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдік бөліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)



1.2.1.2.Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктері туралы айтады және ажырата алады;

Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің бөліктерін ретімен орналыстырады, өсімдіктердің бөліктерінің ерекшеліктерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар: Өсімдіктердің бөліктерінің маңыздылығын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

● Өсімдіктердің негізгі мүшелерін ажыратады.

● Өсімдіктердің негізгі мүшелерін ( тамыр, сабақ, жапырақ ,гүл, жемісін) атайды.

Тілдік мақсаттары




Оқушылар:

● Өсімдіктердің негізгі бөліктері туралы әңгімелейді немесе сипаттайды.

Пәнге тән лексика және терминалогия●

●Дің, тамыр, бұтақ, жапырақтың түсуі;

●Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен сөз тіркестері:

Талқылауға арналған сұрақтар:

●Өсімдіктердің қандай бөліктері болады?

●Жемістердің ішінде не болады?

●Өсімдіктердің сабағы мен тамыры болмаса не болар еді?

●Тұқым қалай өнеді?

●Тұқым ылғал мақтада өсе ме?

Жазбаша тапсырмалар:

Өсімдіктің негізгі мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен белгілейді.

Құндылықтарды дарыту

Жемістерді сипаттау арқылы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс жасауда қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау, достық және айналасындағыларға қамқорлық жасау құндылықтары жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек (өсімдіктердің бөліктерін жапсырмалау), сауат ашу (әріптермен белгілеу), математика (бөліктерді санау).

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Өсімдіктер тірі ағза екенін біледі, олардың түрлері туралы білімдері бар.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал.

-Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?

-Күзде табиғатта қандай өзгеріс болады ?

Ауа-райының салқындауынан өсімдіктерде қандай өзгеріс болады ?

Олай болса балалар мына гүлді алып бір-бірімізге гүлге байланысты жақсы тілектер айтайық. Мысалы: гүлдей жайна, гүлдей әдемі бол, гүлдей жайқалып өсе бер т.б.

Оқушыларды суреттер бойынша 3-топқа бөлемін.

1-топ Ағаштар

2-топ Бұталар

3-топ Шөптер

Әр топ өздерінің алдындағы қима қағаздағы суреттерді құрастырады.Сурет бойынша құрастырылған өсімдіктерді атайды.

Оқушылар назар салып қараңдаршы өсімдіктер бірнеше бөліктерден тұрады.

Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:

Өсімдіктердің бөліктері. Өсімдіктердің бөліктерінің атауларын танып, ажырата алатын боламыз.


Суреттер, қима қағаздар, пластик ыдыс, мақта, тұқымдар, семантикалық карта

Сабақтың ортасы

(Т).Әр топқа қиындылармен бөлінген суреттерді таратып беру және оны ретімен орналастыру ұсынылады. Бірлесіп өсімдік бөліктерін ретімен құрастырады және жапсырмалайды.

Қ.Б: «бас бармақпен» бағалау

Т.Топтарға тапсырма беріледі.

«Кім зерек?» ойыны ұйымдастырылады.

Әр топтан бір оқушыға құтыға салынған жеміс ортасынан кесіліп беріледі. Оқушы жемісті сипаттайды, қалған оқушылар жемісті табады. Табылған жемістің ортасын ашып тұқымдарының орналасуымен,тұқымдар саны туралы айтады.

Бағалау. 1. Жемісті дәл тапса, оқушылар о-о-о деп айтады.

2. Дұрыс таппаса у-у-у деп айтады.

М.К Жемістің тұқымы көрсетіліп, негізі мәдени өсімдіктердің көбісі тұқым арқылы отырғызылатыны туралы айтылады.

Оқушылар тәжірибесі

Т.Зерттеу жұмысын ұйымдастырамын. Әр топ өздерінің жемістерінің тұқымдарын қарап, олардың мөлшері мен түстері туралы және олардың дәмі туралы айтады

Бағалау. Толық айтқан топқа қызыл алма,

Толық жауап бере алмаған топқа сары алма беріледі

Picture 16


/Ұ/ “Сен маған, мен саған” ойыны. Допты бір-біріне лақтыру арқылы ашық сұрақтарға жауап алу.

-Өсімдік гүлінің орнына не пайда болады?

-Тұқым қалай өнеді?

-Егер өсімдікте тамыр болмаса не болар еді?

-Сабағы болмаса қандай болады?

-Тұқым ылғал мақтада өсе ме? – Неліктен?

ҚБ. “Сөздік баға”(жарайсың, керемет, жақсы, тамаша, сен ерекшесің т.б.)

Т.Топтарға өздерінің топтарының атаулары бойынша семантикалық картаны толтыру тапсырылады.



Т

С

Б

Ж

Г

Ж

Ағаш







Бұта







Шөп








ҚБ. Нұсқалардың барлығын толық дұрыс жауап берген топқа смайликтермен бағалау

/ Ө./ Сурет бойынша жұмыс. Өсімдіктің негізгі мүшелерін атайды.Өсімдіктің негізгі мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсетеді.

Дискриптор: Білім алушы

-өсімдіктің негізгі мүшелерін атайды:

-өсімдіктің тамырын «Т» әрпімен

-өсімдіктің сабағын «С»әрпімен

-өсімдіктің жапырағын «Ж»әрпімен

- өсімдіктің гүлін «Г»әрпімен

- өсімдіктің жемісін «Ж»әрпімен

белгілейді .

Picture 4


Сабақтың соңы

Ағаш

Бұта

Шөп

Picture 4

Picture 8

Picture 6

Өсімдіктердің түрлері беріледі.Сабақты өте жақсы түсінгендер ағашқа, жақсы түсінгендер бүтаға, әлі де сұрағым бар дегендер шөптесін өсімдігіне стикелерін жапсырады.



Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау - Топтық, жұптық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыға өзара қолдау,көмек көрсету жүзеге асырылады.

Сынып оқушылары зерттеу жұмысы арқылы тұқымның қалай өнетінін біледі.Өсімдіктің бөліктерін атай алады.


Бағалау

1.Ашық сұрақтар беру.

2.Кері байланыс.

3.Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

4.Бағалау критерийлері мен дискрипторды құру.

Тәжірибе кезінде және сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтауы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
558
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі