400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдік бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ: №3

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты:

Сынып: 1 сынып

Пәні: Жаратылыстану


Ортақ тақырып:

Менің мектебім

Бөлім:

Өсімдіктер

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік бөліктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.2.1.2.Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату

1.1.2.1. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушы:Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атау, ажырату

Көптеген оқушы: Өсімдіктердің ерекшеліктерін саралау, қорытынды жасау.

Кейбір оқушы: Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу

Бағалау критерийлері

  1. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды, ажыратады(тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс).

  2. Өсімдіктердің ерекшеліктерін саралайды, қорытынды жасайды.

  3. Қоршаған орта құбылыстарына бақылау жүргізеді

Тілдік мақсат

Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды, сипаттайды. Диалогқа қатысады, өз пікірін айтады

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, жыл мезгілдері

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша, жазбаша

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Өсімдіктің тірі ағза екенін қалай анықтайсыздар?

- Бұталар мен ағаштың қандай ұқсастығы/айырмашылығы бар?

Не себепті......деп ойлайсыз?

Өсімдіктер не себепті біз үшін маңызды?

Ишара: қызыл түс – түсінбедім, сары түс – көмек керек, жасыл түс – тамаша


Құндылықтарды дарыту

Қарым-қатынас жасау, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік , шығармашылық, зерттеушілік, өз пікірін еркін жеткізу, өзгенің пікірін құрметтеу

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу (өсімдіктер бөліктерінің атын жазады)2 тапсырма

Көркем еңбек ( өсімдіктердің суретін салады) Қорытынды

АКТ



Интербелсенді тақта арқылы білім алушыларға дереккөздер тәсілі арқылы бейнежазба көрсету. Бұл білім алушыларда ізденушілік, шығармашылық дағдылары қалыптасады.

Бастапқы оқу:

Оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар екенін , оларды күту және өсіру жолдарын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар


Басы

Психологиялық ахуал.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен болып өседі.

«Мозайка» әдісі

Түрлі түсті қима қағаздар арқылы топқа бөлемін.

Білім алушылар түстерге қарап үш топқа бөлінеді. Қағаздың сыртындағы суретті құрастырады.

I-топ Тамыр

II- топ Гүл

III – топ Жапырақ

«Миға шабуыл» әдісі

Балалар бұлар нелер? Біз бұл бөліктерді нелерден көре аламыз? - деген сұрақтар аясында осылай жаңа сабақты ашамын








Түрлі түсті қима қағаздар

Ортасы










Ұжымдық жұмыс «Кинометафора» әдісі 1 тапсырма

Электронды оқулықтан өсімдіктерді көрсету арқылы тапсырма беремін

Өсімдіктерді сипаттап, негізгі бөліктерін ата

Дескриптор:

-өсімдіктердің негізгі бөліктерін сипаттайды және атайды (тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жеміс)


Кері байланыс «Смайлик» арқылы бағалау


Ширату жаттығу «Бұзық телефон» әдісі

«Кластер әдісі» 2 тапсырма

Топтық жұмыс Оқулық 14-15 бет

I топ суретке қара. Өсімдік бөліктерін көрсет және ата. Оқулықтағы 14 бет

II топ Өсімдік мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен жаз

III топ суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді? Өсімдік гүлінің орнына не пайда болады ? Оқулықтағы 15 бет.


Дескриптор:

-өсімдік бөліктерін көрсетеді, атайды ажыратады;

-өсімдік мүшелерінің атауын бастапқы әріптерімен жазады;

-тұқымдар мен жемістердің ерекшеліктерін атайды, түсіндіреді; - - өсімдік гүлінің орнына не пайда болатынын әңгімелейді


Топтар бір –бірін «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды

Топтық жұмыс «Зерттеушілік конференциясы » әдісі 3 тапсырма

Жемістердің ішінде не болады? Жемістің ішіндегі тұқым саны нешеу?

I топ -алма

II топ -қияр

III топ –қызанақ

Дескриптор:

-жемістің ішінде тұқым бар екенін атайды , көрсетеді, санайды.

Топтар бір –бірін «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды






Picture 2





Соңы




Қорытынды. Жеке жұмыс «Еркін әңгіме» әдісі арқылы


Өсімдіктің өсу ретін кестеге орналастыр

Дескриптор:

-өсімдіктің өсу ретін кестеге орналастырады.

Кері байланыс «Тілек ағашы»


Жасыл алма- жақсы түсіндім.

Сары алма- әліде көп үйрену керек?

Қызыл алма-түсінбедім.




1


2


3


4


5



Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы қолдауды үнемі қажет ететін оқушыларға суреттерді жазулармен сәйкестірдіру арқылы оқушының оқу үдерісіне толық қатысуына жағдай жасаймын. Оқушының тапсырманы қалай орындалғанына қарай саралаудың « бағалау» тәсілін қолданамын


Кейбір оқушыларға саралаудың «Дереккөздер» тәсілі арқылы тапсырма беріп зерттеушілік , шығармашылық қабілетін дамытып отырамын.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?




Білім алушыларды қалыптастыру мақсатында нақты белгіленген критерийлер негізінде тапсырмаларды орындаудағы өлшемді қадамдары дескрипторлармен бағалау жүргіземін. Білім алушылар критерийлерді білу арқылы қате жібермеу , сапалы нәтиже беруге ; рефлексияға қатысу , яғни өзін-өзі және өз достарын бағалауға дағдыланады. Бас бармақ , Смайликтер әдісі арқылы бағаланады.

Денсаулық және қауіпсіздік






Ширату жаттығуларын орындату. Партада денені дұрыс ұстау, қаламды дұрыс пайдалану.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
506
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі