400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдік бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсімдіктің негізгі бөліктерін атай отырып ,сипатамма бере алады
Материалдың қысқаша нұсқасы




Мұғалімнің аты-жөні:Даутбаева Зауре

Мектеп №136 м-л

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:1-бөлім. Өсімдіктер


Сынып: 1-сынып


Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктің бөліктері

Сабақ негізделген оқу

мақсаты

1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

Сабақмақсаттары

Барлықоқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін біледі,ажыратады.

Көптеген оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін сәйкестендіріп, тұқымын салыстыра отырып сипаттайды.

Кейбір оқушылар:өсімдікке қатысты барлық атауларды және бөліктерді табады.

Бағалау критерийлері

- Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды;

- Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады;

- Өсімдіктердің бөліктерін сипаттап,сәйкестендіреді;

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Оқушылар өсімдік бөліктерінің атауларын біледі

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: тұқым, сабақ, тамыр, жапырақ, жеміс

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Өсімдік қалай пайда болады?

  • Өсімдіктің адамға қандай пайдасы бар?

  • Тамыр өсімдіктің нешінші бөлігі?

Құндылықтарды дарыту

Өсімдіктерге қамқорлық жасау. Топпен, жұппен жұмыс барысында өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау, санасу . Зерттеу жұмысы барысында өсімдіктерді күтіп –баптау жұмысын жүргізу арқылы оқушыларды жауапкершілікке баулу.


Пәнаралық байланыс

Математика – өсімдіктердің тұқымын санайды, мөлшерін, биіктігін салыстырады.

Топтық жұмыс жасау барысында өсімдіктің бөліктерін анықтап, оларды керекті түстермен бояу арқылы көркем еңбек пәнімен байланысады.

Бастапқы білім

Өсімдіктің түрлерін, негізгі сипаттамаларын біледі.


Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин






3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Гүлдер, гүлдер , көк гүлдер,

Қызыл, сары, ақ гүлдер.

Жұпар иісі аңқиды,

Көңіліміз шалқиды.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.


Ширату . Рөлдік ойын «Мен қандай өсімдікпін?»

Оқушыларға өздерін өсімдік ретінде сезініп, қолдарын жоғары созып, қандай да бір өсімдікті бейнелеулерін сұраймын. Бір-бірінің қандай өсімдікті бейнелеп тұрғанын тапқызамын.

Өткен білімді еске түсіру

  • Балалар, біз өткен сабақта өсімдіктер туралы айтқан болатынбыз. Өсімдіктер туралы не білетінімізді еске түсіріп алайықшы. (оқушыларды тыңдау)

  • Өсімдік қалай пайда болады?

  • Өсімдіктің адамға қандай пайдасы бар?

  • Олай болса, бүгінгі сабақта біздің дене мүшелеріміз сияқты өсімдіктердің де мүшелері болатынын білетін боламыз.

Өсімдік бөліктері

Оқулықтағы суретке назар аудартамын.

  • Бұл өсімдіктерді бұрын көріп пе едіңдер?

  • Оның қандай бөліктерін көріп отырсыңдар?

Топқа біріктіру

1 – топ «Жапырақ»

2 – топ «Жеміс»

3 - топ «Тамыр»



Сабақтың ортасы


Ұжымдық жұмыс. «Миға шабуыл» әдісі.

Белсенді оқу қалыптастыру, білім алушылардың қызығушылығын арттыру, зейінін шоғырландыру үшін:

Тапсырма. Суретке қара. Өсімдік бөліктерін көрсет және ата.



Кері байланыс:

-Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса не болар еді? Қалай ойлайсың?

Бағалау «Мадақтау сөздер арқылы»: «Жарадың», «Керемет», «Өте жақсы»


Топтық жұмыс

1- топ « Ойлан тап» әдісі

1. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін сәйкестендір;

2. Түстерді дұрыс таңдап, боя;

2- топ «Орнын тап» әдісі

1. Өсімдік бөліктерін дұрыс орналастыр;

2. Оларды ретімен ата;

3 – топ «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі

1. Жемістің ішінде не болатынын айт;

2. Тұқымын салыстыра отырып, сипатта;

Кері байланыс:

- Топта жұмыс жасау ұнады ма?

- Қай топтың жұмысы қызықты болды деп ойлайсыңдар?

« Бас бармақ » әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды


Сергіту сәті

Күн шыққанда сүйсініп,

Бәйшешектей иіліп,

Біз тынығып аламыз,

Жиі-жиі жаттығып,

Үлкен бала боламыз.


Жұптық жұмыс «Кел, зерттейік» әдісі


Суреттегі заттарға қарап не айтуға болатынын ойланады. (салыстырады,өлшейді,түстерін айтады)

1- жұп жапырақтарды зерттейді

2- жұп жемістерді зерттейді

3- жұп тамырды зерттейді

Бағалау- «+,-, қызықты» әдісі арқылы


Зерттеу жұмысы (жеке жұмыс)

Тұқымның өнуі

Өсімдік тарауы бөлімін өткен күннен бастап оқушылар

зерттеу жұмысын жүргізеді.

- құты , топырақ, жеміс тұқымын алып келеді;

- құтыны топыраққа толтырып тұқымды егеді,су құяды;

- күнде бақылап , өзгерістерінің суретін салып жүреді(нешінші күн дегенде сабағы шыққанын);

- осы сабақта зерттеу нәтижелерін айтады, зерттеуді әрі қарай жалғастырады;

Кері байланыс:

- Зерттеу жұмысы барысында не қызықты болды?

- Қандай қиындықтар кездесті?

- Зерттеу жұмысын жасау ұнады ма?

- Қандай ұсыныстар айтар едіңдер?

«Өте жақсы» , « Керемет» сөздері арқылы ынталандыру


Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

1- тапсырма

1. Өсімдіктің негізгі мүшелерін тап.

2. Негізгі мүшелерінің атауын сөздің бастапқы әріптерімен белгілеп, сәйкестендір.



Т- тамыр, С- сабақ, Ж- жапырақ, Г- гүл, Ж- жеміс

Дескриптор:

- Өсімдіктің негізгі мүшелерін табады;

- Өсімдіктің тамырын «Т» , сабағын «С» , жапырағын «Ж» , гүлін «Г» жемісін «Ж» әрпімен белгілеп,сәйкестендіреді;


Сараланған тапсырма :

Кестенің ішінен өсімдікке қатысты барлық атаулар мен бөліктерін табу керек. Қатар тұрған әріптер арқылы.


м

г

у

о

т

в

л

о

д

ү

н

с

а

б

а

қ

о

л

в

у

м

ш

у

п

ю

ж

а

п

ы

р

а

қ

т

о

п

ы

р

а

қ

ы

з

у

ж

е

м

і

с

р

Сабақ, жапырақ, тамыр, гүл,тұқым,жеміс,топырақ, су,бақ



Сабақтың соңы


Рефлексия«Алма ағашы»

Жасыл алма - толық түсіндім.

Сары алма – түсіндім, бірақ толық емес.

Қызыл алма– қайталауды қажет етемін.


Мұғалім қорытындысы








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі