400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдік бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратуға көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ тақырыбы:

Өсімдік бөліктері

Оқу мақсаты

1.2.1.2өсімдіктердіңнегізгібөліктерінажырату

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Өсімдіктің әр бөлігінің атқаратын қызметін біледі.

Көптеген оқушылар: Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады, маңыздылығын анықтайды.

Кейбір оқушылар:

Өсімдіктердің өсіп-өнуі жайлы өз бетінше зерттеу жұмысын жүргізіп, қорытынды жасайды

Бағалау критерийлері


Өсімдіктің негізгі бөліктерін ажыратады

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Өсімдіктердің негізгі бөліктерін атайды, ажыратады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс.

Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. 
Тамырдың атқаратын қызметі :

 Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды жәнетопырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады. Көбеюге қатысады.
Тамыр шығу тегіне қарай үшке бөлінеді.
1.Негізгі тамыр – ұрық тамыршасынан дамиды.
2.Жанама тамыр – тамырдың жан - жағынан таралады.
3.Қосалқы тамыр – сабақ пен жапырақтан өсіп шығады.
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әртүрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.

Сабақ – өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі. Қоректі заттар тамырдан сабаққа,жапыраққа гүлге және жеміске барады. Сабақтар әлтүрлі болады.

Жапырақ – сабақ пен бұтақта орналасқан. Өсімдік жапырақ арқылы тыныс алады. Жапырақ көмір қышқыл газын жұтады да, оттегін бөліп шығарады.

Гүл – өсімдіктің жемісі мен тұқымы өсетін бөлігі.

Гүл ашылғаннан кейін оның күлтелері түседі. Гүлдіңорнынажеміспайдаболады.

Тұқым- өсімдіктердіңкөбеюінежәнетаралуынаарналғанмүше.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Тамыр дегеніміз не?

- Тамыр шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?

- Сабақ дегеніміз не?

- Жапырақ өсімдіктің қай жерінде орналасады?

- Гүл өсімдіктің қандай бөлігі?

- Жеміс ненің орнына пайда болады?

- Тұқым қандай қызмет атқарады?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына жататын тұлғаның еңбек дағдыларының қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасты, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету.

Пән аралық байланыс

Сауат ашу, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бейнеролик. «bilim land»сайты.Өсімдіктердің бөліктері.

Бастапқы білім

Өсімдіктердің түрлерін біледі. Адам қолымен өсірілетін өсімдіктер туралы және күтімді қажет етпейтін өсімдіктер туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут








2 минут










Сабақтың ортасы

7 минут

























6 минут




















3 минут










7 минут



































Сәлемдесу:

Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару

Психологиялық көңіл-күй ахуалын орнату. Оқушылар өлеңді қайталап тұрып, қимылмен көрсетеді.

Күн жapығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Нұрын шашып жарығы мен мейірімі,

Көркін ашар мына әсем даланың.

Топқа бөлу.

-Балалар, қане мына қима қағаздарды алады. Қима қағаздың арт жағында ағаш, бұта, шөптекті өсімдіктердің суреті жасырылған.

Оқушылар сол өсімдіктердің тобына қарай (ағаш, бұта, шөптекті өсімдіктер)салынған қима қағаздарды алып топталып үш топқа бөлініп отырады.



Тапсырма-1. «Дұрыс, бұрыс» әдісі. (Ж)

Оқушылардың алдына кесте таратылады. Егер кестедегі сұрақтар«дұрыс» болса, дұрыс деген бағанға «д» әрпі, егер сұрақ қате болса «бұрыс»деген бағанға «б» әрпін жазады.

Жауабын интербелсенді тақтадан көрсету.


№

Сұрақтар

Дұрыс

Бұрыс

1

Өсімдіктертөрт топқа бөлінеді.


б

2

Шөппен жануарлар қоректенеді.

д


3

Өсімдік –тірі ағзалар.

д


4

Жансыз табиғат өседі, қоректенеді.


б

5

Мәдени өсімдіктерді адам өсірмейді.


б

6

Өсімдіктер өсу үшін ауа, жарық, жылу, қорек керек.

д



Дескриптор:

-Кестедегі сөздерді оқиды.

-Өсімдіктер туралы дұрыс жауапты тауып белгілейді.

-Өсімдіктер туралы бұрыс жауапты тауып белгілейді.

ҚБ: «Жасыл, сары,қызыл жапырақ» әдісі.

Жасыл- түсіндім

Сары- сұрағым бар

Қызыл- түсінбедім

Тапсырма-2. «Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі.(Ж)

Өсімдіктердің бөліктерінің аттарын реттілігін сақтап, баспа әріптермен ламинатталған А4 қағазына жұбымен ақылдасып жазады. Жазылған қағазды көршілерімен алмастырып, жұптар бір-бірін тексереді.

Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым.

Дескриптор:

- Әр жұпөсімдіктердің бөліктерін ақылдасып, талдайды.

-Өсімдіктің бөліктерін ретімен жазады.

ҚБ: «Жасыл, сары, қызыл гүл» әдісі

Жасыл- түсіндім

Сары- сұрағым бар

Қызыл- түсінбедім

Сергіту сәті.

Оқушылар шеңберге тұрып мұғалім қатты жел соқты ағаштар шайқалды дегенде оқушылар қолдарын жоғары көтеріп оңға, солға иіп, құстар да ұшты дегенде колдарын созып жоғары –төмен қозғалтып, жел тына қалды дегенде тып-тыныш отыр қалады.(2 рет қайталау)


Тапсырма-3. «Өсімдік бөліктерін дұрыс орналастыр» Құрастыру әдісі. (Т)

Оқушыларға өсімдіктердің дайын бөліктерінің суреттері таратылып, оны құрастыру тапсырылады. Әр топ өз жұмысын қорғайды.


1-топ: Қызанақ өсімдігін құрастыру.



2-топ: Бұрыш өсімдігін құрастыру.


3 -топ: Баялды көкөнісін құрастыру.



Дескриптор:

-Әр топөсімдік бөліктерін дұрыс орналастырады.

- Топпен қорғайды.

ҚБ: «Жасыл, сары, қызыл алма» әдісі

Жасыл-түсіндім

Сары- сұрағым бар

Жасыл- түсінбедім









Өсімдік суреттері

1-топ: 2-топ:

«Ағаш» «Бұта»

3-топ:

«Шөп»


Интербелсен

ді тақта























Ламинатталған А4 қағазы































9 минут





















Тапсырма-4. «Кел, зерттейік!». Зерттеу әдісі.

Жеміс-өсімдіктің бөлігі.

1-топ: Жемістің ішінде не бар?

Қорытынды:Жемістің ішінде тұқым бар. Алманы кескенде шырын пайда болды.

2-топ: Ақ гофрленгенқағаздан гүл жасап, бір гүлді ыдыстағы таза суға салып, ал екінші гүлді қызыл түске боялған суға салғанда қандай өзгеріс болғанын зерттеу.

Қорытынды:Қағазды суға салғанда тез ылғалданады, суды тез өткізеді.

Себебі:Гофрленген қағаз бояу сіңіргіш, сорғыштық қасиетке ие.

3-топ: Піскен және піспеген алманың ортасынан кесіп, ортасына бір тамшы йод тамызса, қандайөзгеріс болатынын зерттету.

Қорытынды:Піскен алманыңйод тамған жеріндегідегі йодтың түсі өзгерген жоқ, ал піспеген алманың йод тамған жері алдымен қоңыр түске, содан кейін көк түске айналады.

Себебі: Піскен алманың құрамында крахмал болмайды есесіне қант бар.

Піспеген алманың құрамында крахмал болады.
Дескриптор.

- Алманы кесіп ішінде тұқым бар екенін анықтайды.

-Шырынды жеміс екенін анықтайды.

-Тұқымның түсі қоңыр және не үшін керек екенін айтады.

-Гофрленген қағаздың тез ылғалданатынын анықтайды.

- Гофрленген қағаздың бояу сіңіргіштігін біледі.

-Піспеген алмаға йод тамған кезде, йодтың түсі өзгергенін көреді.

-Піскен алмаға йод тамызса, йодтың түсі өзгемегенін көреді.

-Қорытынды жасайды.

ҚБ:«Үш шапалақ» әдісі

















Сабақтың соңы

4 минут


Кері байланыс: «Гүл отырғызу» әдісі. Алдын ала гүл тұқымын сеуіп, гүлдің өскінін өсіріп қою. Соны сабақтың соңында қолдану.

Жасыл құмыра-түсіндім

Сары құмыра- сұрағы бар

Қызыл құмыра-түсінбедім.


Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?

Барлық оқушыға тапсырманы тапсырма тәсілімен беремін. Себебі мұнда білім деңгейі әртүрлі оқушылар отырады. Тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушылар үшін қолдануға болады.

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.Оқушылардан нақты жауап алу үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар дайындалады.

Бұл кезде диалог және қолдау әдісін қолданамын.

Кейбір оқушыларға тапсырманы қарқын тәсілімен беремін. Себебі бұл жерде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды, ал негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Әрбір тапсырмадан кейіноқушыларды әртүрлі әдіс арқылы саралап, бағалаймын.Әр түрлі деңгейдегі балаларды деңгейлік тапсырмалар арқылы саралаймын.

Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?




Қалыптастырушы бағалау:


1-тапсырма. ҚБ: «Жасыл, сары,қызыл жапырақ» әдісі. (Ж)




2- тапсырма.ҚБ: «Жасыл, сары, қызыл гүл» әдісі(Ж)





3 -тапсырма. ҚБ: «Жасыл, сары, қызыл алма» әдісі (Т)



4- тапсырма.ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі



Кері байланыс: «Гүл отырғызу» әдісі.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.


Оқушылар желімдеу кезінде желім жағылған қолдарымен көздерін уқалауға, желімді иіскеуге болмайтыны туралы айту.

Дәрі-дәмекпен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздікпен таныстыру.

Жұптық, топпен жұмыс істеу кезіндеоқушылардың денсаулық, қауіпсіздік сақтау ережелерін орындауы ескеріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:







Shape1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
583
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі