жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өсімдік бөліктері
|
Мектеп: Мұғалімнің аты –жөні: |
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі»КММ Бекмурзаева Б.Қ. |
||
|
ҰМЖ бөлімі: |
2.Менің мектебім |
||
|
Күні: |
|
||
|
Сынып: |
1 |
||
|
Бөлімше: |
2.1 Өсімдіктер |
||
|
Ортақ тақырып: |
Өзім туралы |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Өсімдік бөліктері |
||
|
Сабақтың оқу мақсаттары: |
1.2.1.2 Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату. 1.1.2.1.Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау. |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасайды. |
||
|
Көптеген оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасайды. |
|||
|
Кейбір оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасайды,зерттейді. |
|||
|
Бағалау критерийі |
Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады.Қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасайды. |
||
|
Ойлау деңгейлерінің дағдылары |
Білу,түсіну, қолдану. |
||
|
Тілдік мақсат |
Тамыр,гүл, сабақ, жапырақ, жеміс,тұқым. |
||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: |
|||
|
Өсімдіктер қандай бөліктерден тұрады? Тұқымдар қалай өнеді? |
|||
|
Құндылықтарды дарыту: |
Окушыларды ынтымақтаса жұмыс істеуге ,қоршаған ортаға құрметпен қарауға тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралақ байланыс: |
Математика. |
||
|
АКТны қолдану |
Таныстырылым. https:llbilimland.kz/ru/ |
||
|
Бастапқы оқу: |
Өсімдіктердің қандай түрлері болады? |
||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|
|
Басы 3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. Өсеміз біз күліп ойнап, Бәйтеректің бұтағындай Өсеміз біз күліп ойнап Бір адамның баласындай. «Ширату жаттығуы» «Ассоциация» әдісі арқылы ойын ойнатудан бастаймын. Шарты: Оқушыларды өздерін өсімдік ретіндеелестетулерінсұраймын. Қолдарын жоғары көтеріп саусақтарының арасын ашады.Қандай өсімдікті бейнелегенін,қандай бөліктерден тұратынын айтады. |
|
|
|
25мин. |
М.Т. Табиғатта тіршілік ететін барлық өсімдіктердің құрылысы ұқсас болып келеді.Өсімдік мүшелері вегетативтік (өсімді)және генеративтік көбею болып екіге бөлінеді.Өсімдіктердің ең маңызды өсімдік мүшелері тамыры мен өркені болып табылады.Өсімдіктердің бұтағы сабақтан,жапырақтардан және бүршіктерден тұрады.Өсімдіктердің генеративтік көбею мүшелеріне гүлдер мен олардан пайда болатын тұқымы бар жемістер жатады.(Жемістерді ортасынан кесіп ішіндегі тұқымын көрсетіп , түсіндіремін) «bilim land» сайтынан Өсімдіктердің бөліктері туралы мағлұмат беру. Оқулықпен жұмыс. «Ойлан-жұптас-бөліс» айдары бойынша оқулықтың 14,15-беттеріндегі тапсырмаларды жұппен талдау Оқушылар оқулықтағы өсімдік бөліктері бейнеленген суреттерге қарап тарсырманы орындайды.
Тапсырма:Бұл өсімдіктерді бұрын қай жерденкөргенін айту және оның бөліктерін атап көрсету. .Өсімдік бөліктерінің нөмерлерін атап, суреттермен сәйкестендіру. Егер өсімдіктің сабағы мен тамыры болмаса, не болар еді? сұрағына жауап береді. Бағалау «Үштік шапалақ» әдісі
сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар: Жемістердің ішінде не болады? Суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді? Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Бағалау «Күлегештер»әдісі. «Пантомимо» ойыны арқылы сергіту сәтін өткізу. Шарты:оқушылар тақтаға шығып ыммен жемістер мен жидектерді жеп көрсетеді.Қалған оқушылар олардың жеміс жеп немесе жидек жеп тұрғанын табады. Саралау тапсырмасын беру. |
Интербелсенді тақта. Слайт Қызанақ, алмұрт, шие. https:llbilimland.kz/ru/ Оқулық |
|
|
Соңы 7 минут
|
Қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырма:бөлмеде өсетін өсімдіктерге мұқият қарап,бөліктерін атау. Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма: өсімдік суреттеріне қарап пішіндерін салыстыр,пішіндері әр түрлі болса да бөліктері бірдей болатыны туралы қорытынды жасау. Бағалау: «Басбармақ» әдісі ТЖ. «Мен зерттеушімін» әдісі бойынша оқулықтың 15-і бетіндегі «Тұқым қалай өнеді» тақырыбында ғы зерттеуге арналған тапсырманы орындау. Тәжірибе шарты: Алдын ала жасалған тәжірибие нәтижесін көрсетеу. Кейін оқушылар өз жұмыстарының нәтижесін мұғалімнің нәтижесімен салыстырады. Сыныпты үш топқа бөліп тәжірибе жасату. 1-топ үрмебұршақ 2-топ бидай 3-топ арпа Шағын ыдысты алып,түбіне мақта саламыз.Мақта ылғалданатындай,бірақ тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп аздап су құйямыз. Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса ,олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өтуіне кедергі жасайды.Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойып,бетін қақпақпен жауып қоямыз.Қақпақта ауа өтетіндей тесіктер болуы тиіс. Тұқымды жылы жерге қоямыз. Тапсырма: «Тұқымдар қалай өнеді?» зерттеуі кезінде тұқымдарды отырғыздың.Үш күннен кейінгі және алты күннен кейінгі байқаған өзгерістердің суретін сал. Дескриптор.
Тұқым қалай өнетінін бақылайды. Бағалау: «Мадақтау»әдісі Дәптермен жұмыс Дәптердің 7-бетіндегі 5-тапсырманы орындату. Оқушылар өсімдік бөліктерінің атауларын жазады.
8-беттегі 6-тапсырманы орындату.
Әр жемістің тұқымдарының суретін салып,оларды боя. Бағалау «Табыс сатысы» әдісі. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын беру 14-беттегі тапсырманы орындату.
Бағалау критерийі. Өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр сабақ жапырақ, гүл, жеміс ) атайды суретін салады. Тапсырма Суреттегі өсімдіктерге мұқият қараңыз.Өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атаңыз.Бос орынға тамыры ,сабағы, жапырағы және гүлі, жемісі бар өсімдіктің суретін салыңыз. Дескриптор: -Өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атайды. -Өсімдіктің негізгі бөліктерін көрсетіп, сурет салады. Бағалау: «Күншуақ» әдісі «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып сбақты қорытамын. Шарты: бір оқушыны ыстық орындыққа отырғызып жаңа сабақ бойынша қалған оқушылар сұрақтар қояды.Оқушы сұраққа жауап бере алмаса орнына басқа оқушы шығады. Қойылатын сұрактар. Өсімдіктер қандай бөліктерден тұрады? Тұқымдар қалай өнеді? Өсімдіктердің пішіндері қандай? Бағалау: «Өсімдіктанушы» лауазымын беру Кері байланыс: «Тазалық»
-Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар -Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар. -Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар. |
|
|
|
|
|||
|
Саралау– сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма: Өсімдік суреттеріне қарап пішіндерін салыстыр.Пішіндері әр түрлі болса да бөліктері бірдей болатыны туралы қорытынды жасау. Қолдауды қажет ететін оқушыларға тапсырма. бөлмеде өсетін өсімдіктерге мұқият қарап,бөліктерін атау. |
Бағалау : «Үш шапалақ», «Күлегештер», «Басбармақ», «Мадақтау», «Табыс сатысы», «Күншуақ» Өсімдіктанушы лауазымын беру |
Пәнаралық байланыс: математика. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері: қауіпсіздік ережесі жазылған плакат. АКТ-мен байланыс: интербелсенді тақта. Құндылықтармен байланыс. (Тәрбие элементтері) |
|
|
|
|
|
|
|
«Рефлексия Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар сәйкес болды ма? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.Білім алушылар өсімдік түрлері әртүрлі болса да бөліктері бірдей болатынын және тұқымның қалай өнетінін түсінді. |
|
|
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: «Мен зерттеушімін»әдісі. 2.«bilim land» сайтынан алынған мағлұмат. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1 «Ойлан –жұптас-бөліс»айдары 2 «Ыстық орындық» әдісі Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?Сабақ барысында жекеленген оқушылардың белсенділігін арттыру керек екендігін түсіндім. |
|||
|
|
|||







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген