400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдік бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып мұғалімдеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Өсімдік бөліктері

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Пәні: Жаратылыстану


Сабақтың мақсаты:


1.2.1.1өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау;

1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;



Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.


Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. өсімдік суреттері;

  2. бөлме өсімдіктері;

  3. үрмебұршақ тұқымдары;

  4. стақандар;

  5. пластикалық тостағандар (кішкене стақандар және басқа да ыдыстар);

  6. мақта;

  7. тұқымы бар жемістер (қызанақ, шие, алма, алмұрт және т.б.);

  8. алдын ала дайындалған тәжірибе нәтижесі.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Өсімдіктердің қандай бөліктерден тұратынын білетін болады.

  2. Суретте көрсетілген өсімдік бөліктерін (тамыр, сабақ, жеміс, тұқым) танып, ажыратады.

  3. “Тұқымдар қалай өнеді?” зерттеуін жүргізуде оқушылар бақылау, талдау, қорытындылау дағдыларын жетілдіреді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Табиғатта тіршілік формалары мен мөлшерінің алуантүрлілігіне қарамастан, өсімдіктердің құры­ лысы ұқсас болып келеді. Өсімдіктердің мүшелері­ вегетативтік (өсімді) және генеративтік (көбею) болып екіге бөлінеді. Қоректену және өсу қызметін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады­. Өсімдіктердің ең маңызды вегетативті мүшелері­ өркені және тамыры болып табылады. Өсімдіктердің­ бұтағы сабақтан, жапырақтардан және бүршіктерден тұрады. Өсімдіктердің генера­ тивті мүшелеріне гүлдер мен олардан пайда болатын тұқымы бар жемістер жатады. Генеративті мүшелер өсімдіктердің жынысты көбеюін қамтамасыз етеді.

Өсімдік бөліктері


Суретке қара. Өсімдіктің бөліктерін көрсет және ата.




Жемістердің ішінде не болады?

Суреттегі тұқымдар мен жемістер несімен ерекшеленеді?

Өсімдік гүлінің орнында не пайда болады? Ойланып көр.

Есте сақта!



Өсімдік бөліктері — тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс және тұқым.






Кіріспе тапсырма. Оқушылардың сабаққа қы­ зығушылығын­ арттыру үшін сабақты ойыннан бастауға­ болады. Оқушылардан өздерін өсімдіктер рөлінде елестетулерін сұраймын: қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарының арасын ашсын. Оқушылардан қандай өсімдікті бейнелегенін және қандай бөліктері бар екенін сұраймын.


Өсімдік бөліктері. Оқулықтағы өсімдік бөліктері бейнеленген суреттерге қарауды ұсынамын. Оқушылардан бұл өсімдіктерді бұрын қай жерден көргенін және оның бөліктерін атап көрсетулерін сұраймын. Олар әр суретті мұқият қарап, әр мүшенің атауын оқып немесе тыңдап, оның ерекшеліктері мен орналасуын есте сақтаулары тиіс. Жұптасып немесе шағын топта бір-біріне өсімдік бөліктеріне қатысты сұрақ қоюды ұсынамын. Өсімдік бөліктерін нөмірімен атап, суреттерімен сәйкестендіру керек. Мысалы, 1 — тамыр.


Жеміс — өсімдіктің бөлігі. Оқушылардан оқулықтағы суретке қарап, бейнеленген жемістерді атауларын сұраймын. Олардан қандай жеміс-жидек­ терді жақсы көретіндерін және себебін сұраймын. “Жидектер мен жемістерді жеу” деген пантомима ойнауға болады. Оқушылардың бірі оларды қалай жейтінін көрсетуі тиіс, ал басқа оқушылар жеміс не жидек екенін табулары керек. Оқушылардың назарын жемістердің алуантүрлілігіне аударамын. Олар жемістердің пішінін, мөлшерін, түсін, сонымен қатар құрғақ немесе шырынды екенін сипаттасын. Егер пантомима көрсету мүмкін болмаса, оқушылардан жемістің іші қандай, олардың дәмі қандай екенін нақтылап сұраймын. Өсімдіктің жемісінде не бар екенін сұраймын. Оқушылардың жауабынан кейін ”Жемістің ішіндегі тұқымның саны қанша? Олардың пішіні мен мөлшері қандай?” деген сұрақтар­ қоямын. Мүмкіндігінше бірнеше жемісті алдын ала дайындап қоямын. Ортасынан жарылған жемістерді көрсетемін.


Мектептегі өсімдіктер. Шағын тәжірибелік жұмыс жүргіземін. Осы жұмыстың барысында оқушылар “Барлық өсімдіктердің бөліктері бірдей ме?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Егер ауа райы қолайлы болса, далаға шығуға болады. Ал егер оған мүмкіндік болмаса, онда бөлме өсімдіктерімен сыныпта жұмыс жасаймын. Қауіпсіздік техникасы бойынша­ нұсқаулық жүргіземін. Оқушыларға өсімдіктерді немесе олардың бөліктерін жұлуға бол­ майтынын ескертемін. Олар өсімдіктермен жұмыс істегеннен кейін қолдарын жууы керек.

Зерттейік. Шағын тәжірибелік жұмыс жүргіземін. Жұмыс барысында оқушылар “Тұқым қалай өнеді?” деген сұраққа жауап берулері тиіс. Бұл жұмыстың нәтижелері біраз уақыт күтуді қажет етеді. Сондықтан мұғалім алдын ала тәжірибе жасап, осы сабақта нәтижелерін көрсетуі керек. Кейін оқушылар өз жұмысының нәтижелерін мұғалімнің нәтижесімен салыстыра алады.

Оқушыларды бірнеше топқа бөлемін.


Әр топқа қажетті заттарды беремін: үрмебұршақ, кішігірім құтылар, мақта, су, стақан.

Оқушыларға мынадай нұсқаулар беремін:

  1. Шағын ыдысты алыңыз.

  2. Түбіне мақта салыңыз.

  3. Мақта ылғалданатындай, бірақ тұқымдардың бетін жаппайтындай етіп, аздап су құйыңыз.

  4. Егер тұқымдардың бетін су жауып тұрса, олар бөртеді, бірақ өнбейді, себебі су ауаның өтуіне кедергі жасайды.


  1. Бірнеше тұқымды мақтаның үстіне қойыңыз да, қақпақпен жабыңыз. Қақпақта ауа өтетіндей тесіктер болуы керек.


  1. Тұқымды жылы жерге қойыңыз.


Шамамен үш күннен кейін тұқымдар бөртіп, бір аптадан кейін өнеді. Алдын ала осы екі нұсқаны жасап қоюға болады.


Ойлан! Тұқымдардың өнуіне ылғал қажет, сондықтан олар ылғалды мақтада өнеді. Егер мақта құрғақ болса, тұқым өне алмайды. Егер тұқымды суға батырып қойса, олар өнбейді, себебі тыныс алуға қажетті оттек жетіспей қалады.





Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Өсімдіктің биіктігін салыстыру.


Кейбір оқушылар қолда бар заттарды пайдалана отырып, өсімдіктің коллажын жасап, оның бөліктерін белгілей алады.


Бағалау


Оқушылар өсімдіктердің бөліктерін ажырата алады.


Өсімдік бөліктері. Оқушылар өсімдіктің әр бөлігінің атын жазады. Жаза алмайтын оқушыларға өсімдік бөлігін, оның атауымен қосуды ұсынамын. Тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалаймын. Орындау жылдамдығы мен ұқыптылығына назар аударамын. Тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға көмектесемін.

  1. Оқушылар өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін ажыратады.


Жемістер және тұқымдар. Оқушыларға жеміс-терді бояп, тұқымдардың суреттерін аяқтауды, со­ нымен қатар оны дұрыс атауымен қосып, өсімдікті атауды ұсынамын. Жемістердегі тұқым санына ерекше назар аударамын. Бұл оқушыларға қиын болуы мүмкін. Оқи алмайтындарға көмектесемін.

Тұқымның өнуі. Оқушылардан үрмебұршақтың қалай өнетіндігін бақылауды сұраймын. Тұқымның өнуін бақылап, 3 және 6 күннен кейінгі суретін салуды тапсырамын.


Мұнда оқушылардың бақылау жүргізу және бақылау нәтижелерінің суретін дұрыс салу қабілеттерін атап, мақтап отыру қажет.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
598
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі