400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдік бөліктері 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге тәжірибе алмасуға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні:Жаратылыстану

Күні: 23.05.19

Сынып: 1

Мектеп: №4 Ю.А.Гагарин орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кубиева Маншук Талапкызы

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

1.3 Өсімдік бөлктері



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2. Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату

1.2.1.4. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу.

1.2.1.5.Мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратады, біледі.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеуді түсінеді.


Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттай отырып, оны өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратуды,

өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеуді,

мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

Жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,сауат ашу.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, видео жазба, суреттер.

Тілдік құзыреттілік

Тамыр-корень-root

Гүл-цветок-flower

Сабақ-стебель-stem

Жапырақ-лист-sheet

Жеміс-плод-raft

Тұқым-семена-the seeds

Бастапқы білім

«Қара жәшік» әдісі арқылы өткен сабақты жаңа тақырыппен байланыстырамын.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин






Психологиялық ахуал:

. Оқушылар шеңбер болып тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Топтастыру:

Ендеше оқушылар сіздерді топқа бөліп алайын.Бірақ сіздердің топтарыңыздың аты белгісіз. Топтың атын табу үшін,алдарыңызда суреттер берілген, сол суреттерде қайсысы артық сол арқылы өз топтарыңыздың аты шығады.

1-топ: (бидай, күріш, тары, арпа,қайың)

Мәдени өсімдіктер

2-топ: (емен,қайың,қарағай, шырша, жүзім)

Жабайы өсімдіктер

3-топ: (ағаштар бұталар,гүлдер,күн)


«Қара жәшік» әдісі арқылы әр топқа сұрақтар қойылады. Жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы жасырынған затты таба отырып, жаңа тақырыпты ашады. Жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылардың зейініні шоғырландырады.

1-топ:

Діңі қатты, жуан,биік өсімдік (ағаш)

Бұтақтары жіңішке,ұсақ,аласа өсімдік(бұта)

Сабақтары жұмсақ әрі жіңішке өсімдік (шөп)

2-топ:

Мектептің айналасында өседі,олар адамға өз жемісін береді,олар орманда,далада өседі. Алайда кейбіреулері күтімді қажет етпейді.

(мәдени және жабайы өсімдіктер)

3-топ:

Тамыр,гүл,сабақ,жапырақ,жеміс,тұқым,бұлар не болуы мүмкін балалар?

(өсімдік бөліктері)

Тақырыбы: 1.1.3. Өсімдік бөліктері

Мақсаты:Өсімдіктің негізгі бөліктерін ажыратып, тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеп, мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттауды түсінеді.


Сабақтың ортасы

Тыңдалым

Айтылым

12 мин













































Тілдік құзыреттілік:

1 мин





Оқылым

5 мин












Сергіту сәті

2 Мин


Жазылым

4 мин

Интербелсенді тақта арқылы өсімдік туралы видеоролик көрсетемін.


«Егерде болмаса…» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа түсемін.

Осы сұрақтар бойынша әрбір топтан бір оқушы шығып өз ойларын ортаға салады.

1-топ: Егерде тұқым болмаса?Егерде тамыр болмаса?

2-топ: Егерде гүл болмаса?Егерде сабақ болмаса?

3-топ: Егерде жапырақ болмаса?Егерде жеміс болмаса?

Мысалы 1 топқа берілген тапсырма,тұқым суретінің артына сұрақ жазылған.Егерде сол тұқымның сұрағына дұрыс жауап берген жағдайда тұқым себіледі. Егер тұқым болмаса өсімдік өспейтіндігі айтылады. Осылай егер тамыр,гүл,сабақ,жапырақ,жеміс болмаса деген суреттің артына жабыстырылған сұраққа дұрыс жауап берсе,гүліміз дұрыс құрылады.Егер гүлдің бір бөлшегіне дұрыс жауап бере алмаған жағдайда, оқушылардан сұраймын. Гүліміз дұрыс өстіме,сол кезде балалар сабақтың немесе тамырдың сұрағына дұрыс жауап бере алмаған жағдайда ол тақтаға ілінбеді. Басқа оқушылардың жауабы арқылы жетіспейтін бөлшегін жабыстырады. Сол кезде ғана гүліміздің бейнесі шығады. Осы тапсырма арқылы дескриптор құрдым.

Критерий:

Оқушылар өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажыратуды, өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеуді, мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттайды.

Дескриптор:

  • Өз ойын жеткізе алады

  • Өсімдік бөліктерінің қызметін түсінеді

  • Әр бөліктің маңызды қызмет атқаратынын біледі

  • Өсімдік бөліктерін атайды

Ынталандыру: «Керемет,Жарайсың!»


Тамыр-корень-root

Гүл-цветок-flower

Сабақ-стебель-stem

Жапырақ-лист-sheet

Жеміс-плод-raft

Тұқым-семена-the seeds


«Жарнама» әдісі арқылы үш топқа уш сурет беремін. Оқушылар сол суретті зерттей отырып жарнама жасайды.

Дәмі,түсі,пішіні,ерекшелігі,қолданылуы туралы жарнама жасайды.

Дескриптор:

  • Дәмін біледі

  • Түсін айырады

  • Пішінін сипаттайды

  • Ерекшелігін ажыратады

  • Қолданылуын айтады

Ынталандыру: «Керемет,жарайсың!»



«Гүлдер» әнін айтады.



Даптермен жұмыс:

Оқушылар «Тұқымдар қалай өнеді?» зерттеуі кезінде тұқымдарды отырғызып,үш күннен кейінгі және алты күннен кейінгі байқаған өзгерістердің суретін даптерге салады.

Дескриптор:

  • Тұқымдардың отырғызғаннан кейінгі өзгерістерді біледі

  • Өзгерістерді байқай отырып суретін салады.

«От шашу» арқылы ынталандырамын


Сабақтың соңы

Рефлексия

6 мин









Қорытындылау:

«Бағбанға көмек» әдісі арқылы оқушыларға Тамыр,гүл,сабақ,жапырақ,жеміс,тұқым туралы сұрақтар қойылады.

Оқушылар берген жауаптары арқылы барлығын зерттеп, гүл отырғызады.

Қалыптастырушы бағалау:

Оқушылар өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырата алады.


Ендеше оқушылар бүгінгі сабағымыз түсінікті болса, сіздерге гүлдің макетін ұсынамын соны бояап ілеміз.

Жасыл- түсіндім

Сары-орташа

Қызыл-түсінбедім




Дифференциация (саралау) – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауды – қалай жоспарлайсыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмасының, қарқын тәсілі

1- тапсырма:

Өсімдік бөліктерін ата




Саралау тапсырмасының , тапсырма тәсілі


2-тапсырма:

Жемістердің атауын табу және тұқымдардың суретін салу.













Дескриптор:

  • Өсімдік бөліктерінің атауларын жазады.

  • Өз беттерінше тапсырма орындай алады.

«Смайликтер» арқылы ынталандырамын





Дескриптор:

  • Әр жемістің атауын сәйкес суретпен байланыстырады

  • Әр жеміс тұқымдарының суретін салып,бояйды.

«Жұлдызшалар» арқылы ынталандырамын


Қалам, қарындаш қолданғанда

денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі