Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 10.
Пәні: География.
1.Сабақтың
тақырыбы: Өсімдік шаруашылығының
географиясы.
2.Сабақтың түйінді
мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу
тәртібі: Өсімдік шаруашылығының маңызды
салаларын ажырата білу. Оқушыларды топқа бөліп,
тапсырмалар беру арқылы өз бетінше білім алуға
көмектесу .
3.Белсенді сабақ беру
тәсілдері мен сабақтағы жұмыс
түрі: эссе, жигсо, картамен жұмыс,
жеке жұмыс, топтық жұмыс.
4.Сабақтың
нәтижесі:
Білу: Өсімдік шаруашылығының маңызды
салаларын ажырата білетін болады.
Түсіну: Аса маңызды дақылдардың таралу
аймақтарын, оның себебін түсінеді.
Қолдану: Өсімдік шаруашылығы
өнімдерін өндіруден 1-3 орын алатын елдерді картадан тауып себебін
анықтай алады.
5.Өзіне оқыту үшін бағалау
кіретін бағалау: екі жұлдыз, бір
тілек. 6.Жоспарлау барысында әр
оқушының сұраныс-талабын есепке алу:
Мақсаттардың орындалуы үшін
оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Реурстар мен
жабдықтар: оқулық,
карта, постер,суреттер,
интернет материалдары.
Сабақ
барысы
|
Уа-қыт
|
Бөлім
|
Мұғалім іс-әрекеті
|
Оқушылар іс-әрекеті
|
|
5 мин
|
Кіріспе
|
1.Психологиялық ахуал
қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін
жасайды, топқа бөледі.
2.Үй
тапсырмасы бойынша оқушылардың жазған эсселерін оқытып, бір-біріне
бағалатады, ашық сұрақтар қояды.
|
1.Оқушылар сергіту
сәтін жасайды, шаттық шеңберіне тұрып бүгінгі сабаққа сәттілік
тілейді, топтарға бөлінеді. (бау-бақша
дақылдарының суреті арқылы)
2.Үй тапсырмасы
бойынша оқушылар жазған эсселерін оқып, бір-бірін бағалайды, ашық
сұрақтарға жауап береді
|
|
15 мин
|
Тұсаукеср
|
1. Оқушылармен бірге сабақтың
тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2.Мұғалім жаңа тақырыпты меңгеру
үшін топтарға жигсо әдісі бойынша өз мәтінін топта талқылап, ортаға
салуды тапсырады.
І топқа Дәнді
дақылдар ІІ топқа Техникалық дақылдар ІІІ топқа Бау-бақша
шаруашылығы
|
1.Оқушылар берілген
тапсырманы орындап, жаңа тақырып бойынша түсінгендерін ортаға
салып, бір-біріне түсіндіреді.
2 . Оқушылар сұрақтар қойып, бір-бірлерін
бағалайды.
|
|
15
мин
|
Негізгі
бөлім
|
1.Мұғалім өсімдік шаруашылығының таралу аймақтарын карта
бойынша анықтап, себептерін түсіндіруін
тапсырады.
2.Алдыңғы үштіктің
қатарындағы Қытай, Үндістан сияқы елдер неліктен астықты
экспорттайтын елдер қатарына кірмейінін айқындауды
тапсырады.
|
1.Карта бойынша
дақылдардың таралу аймақтары мен оларды егумен басым айналысатын
елдерді анықтайды.
2.Сыни тұрғыдан ойлана отырып неліктен Қытай мен
Үндістанның астық экспорттамайтынын анықтайды, бұл елдердегі дәнді
дақылдардың жан басына шаққандағы көрсеткішін 24- кесте бойынша
анықтайды.
|
|
5
мин
|
Қорытынды
|
1.
Мұғалім сабақты
қорытындылайды.
2.Үйге тап-ма: §38
оқу
|
1.Екі жұлдыз, бір тілек; оқушылардың бірін-бірі
бағалауы. 2. Оқушылар кері байланыс жасайды
|
Қосымшалар:
Сұрақ-жауап
-
Ауылшаруашылығының қандай
салаларын білесіңдер?
-
Ауылшаруашылығында ЭБХ
қанша пайызы жұмыс істейді?
-
Ауылшаруашылығы салалары
арасындағы байланыс қандай кешен арқылы жүзеге
асады?
-
Ауылшаруашылығының дамуы
мен өркендеуі сипатына қарай неше топқа
ажыратылады?
-
«Жасыл революция» ұғымын
қалай түсінесің?