400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдік тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану негіздерінің термині

Мектеп: Үш тілде оқытатын 21 орта мектеп- гимназиясы

Күні:1 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 2



Сабақ тақырыбы

Өсімдік бөліктері қандай қызмет атқарады?

Оқу мақсаттары

2.2.1.3 өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Өсімдіктің негізгі бөліктерін біледі және ажыратады;өсімдік бөліктерінің негізгі қызметтерін зерттейді ;өсімдік бөліктерінің қызметтерін сипаттайды.

Бағалау критерийлері

Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Өсімдік мүшелерінің атаулары және т.б. сөздерді пайдаланады.

Құндылықтарды дарыту

еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, география, биология.

Алдыңғы меңгерілген білім


Оқушылар 1-сынып бағдарламасынан адамзат ашқан жаңалықтар үшін қоршаған ортаны бақылау маңыздылығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы


5 минут

(МК) Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды/

-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін, жұмбақ шешіп көрейік.

Үйi де жоқ,

Күйi де жоқ.

Бiрақ

Жауыннан да,

Дауылдан да

Қымсынбайды.

Ыстыққа да,

Суыққа да

Шын шыдайды.

Шешуiн айта ғой,

Балалар бiлсiн жайды.

-Сонымен бұл не?

ӨСІМДІКТЕР

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.















Жұмбақ











суреттер


Сабақ ортасы


5 минут






5 минут










5 минут










5 минут








10 минут






(Т) Ассоциациялық картаны толтыру

-Балалар, «өсімдіктер» дегенде ойларыңа не келеді?

Оқушылар топта ақылдаса отырып, барлық айтылған сөздерді жазыпғ картаны толтырады.

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ұ) Оқушылармен диалог құру

-Балалар, өсімдіктер мен адамдардың қандай ұқсастықтары бар?

Мүмкін болатын жауаптар: тыныс алады, көбееді, қоректенеді, өседі, тірі ағза.


-Адамның қандай дене мүшелерін білесіңдер?

-Олар не үшін керек?

-Өсімдіктердің қандай дене мүшелері бар?

/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ұ,Т) Проблемалық сұрақ

-Өсімдік мүшелерінің қызметі қандай?

/оқушылар топта отырып, сұраққа жауап іздейді/

Әр топқа өздеріне берілген мүшенің қызметі бойынша топ алдында баяндама жасауды ұсынамын. Әр топ өз түсіндірмесінен кейін гүл мүшесінің суретін тақтада салуын өтініңіз.

(Ұ) «Лото» ойыны

Оқушыларға өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ және гүл) суреттерін және олардың қызметтері туралы кеспе қағаздар таратып беремін.Оқушылар өсімдік бөліктерін сәйкестендіреді.

(Ө,Қ)Өздік жұмыс

. Әр оқушы сабақтағы білімін қорытындылайды.

а) Өсімдіктің негізгі бөліктерінің атауын жазыңыз:

Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін түсіндіріңіз.

Ассоциациялық карта





















Энциклопедиялар мен суреттер








https://www.youtube.com/watch?v=Juxk-MYJk_Q









ҚБ жұмыстары


Сабақтың соңы



5 минут

Рефлексия:

-Қане, балалар!

Оқыдық, салыстырдық.

Сөздік жұмыс жасадық,

Соныменен сабақта

Нені оқып үйрендік?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп сұрақтарға жауап береді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- қандай жұмысты жалғастыру қажет



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Топта отырып,ақылдасып, картада топ нәтижелерін жазады және қорғайды.

Қалыптастырушы бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
440
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі