№3925. Өсімдік ұлпалары мен мүшелері
Өсімдіктің
меристемалық ұлпасы мен басқа ұлпаларын
салыстыру
Ұлпа
Ұлпа
– шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі
ұқсас жасушалар тобы. Өсімдіктердің
мүшелері мен мүшелер жүйесі тек түзуші
(меристемалық) және тұрақты (жабын;
негізгі – қорға жинаушы және
фотосинтездеуші; тірек немесе механикалық;
өткізгіш және бөліп шығарушы) ұлпалардан
тұрады.
Камбий
Камбий
– өсімдік тамырының және сабағының
екінші реттік өсуіне (жуандап өсуіне)
жауапты меристемалық ұлпа. Камбий
жасушаларының бөлінуінің нәтижесінде
қабықтың тін қабатында флоэма жасушаларын,
ал ішкі сүректе ксилема жасушаларын
түзеді.
Меристема
Меристема
дегеніміз – меристемалық ұлпадан
тұратын сабақтың және тамырдың ұштары.
Ксилема
Ксилема
– өсімдіктердің негізгі су өткізгіш
ұлпасы; флоэмамен қатар, өсімдіктердің
екі өткізгіш ұлпасының бірі болып
табылады.
Флоэманың
сүзгілі түтіктері
Өткізгіш
ұлпаны түзетін сүзгілі жасушалар флоэма
деп аталады.
Түзуші
ұлпалар немесе меристемалық ұлпалар
Түзуші
ұлпалар немесе меристемалық ұлпалар
(грек тілінен μεριστός - бөлінетін,бөлуші)
- ұдайы бөлінуге қабілетті, бір-бірімен
тығыз жанасқан тірі жасушалардан тұрады
және басқа ұлпалардың (өткізгіш, тірек
т.б.) барлығы осы ұлпадан түзіледі.
Өсімдіктердің
ұлпалары
Меристемалық
|
Негізгі
|
сабақ
меристемасы
|
жабын
ұлпа
|
тамыр
меристемасы
|
паренхима
|
өткізгіш
ұлпа
|
камбий
|
тірек
ұлпа
|
бөліп
шығарушы ұлпа
|
Меристемалық
ұлпа қалай құрылған?
Меристемалық
ұлпа жұқа қабырғалары, майда вакуольдері
және үлкен ядролары бар ұсақ жасушалардан
тұрады. Бұл жасушалардың үнемі бөлініп
отыратынын және басқа өсімдік ұлпаларына
бастама беретінін білесіздер ме?
Меристема
қандай қызмет атқарады?
Сабақтың
және тамырдың ұшында орналасқан
меристемалық ұлпалардың есебінен
өсімдік ұзарып өседі. Камбий деп аталатын
меристемалық ұлпасы болғандықтан ағаш
тектес өсімдіктер жуандап өседі.
Өсімдік
ұлпалары
Меристемалық
ұлпалардың жасушаларының мөлшері
үлкейіп, күрделенгенде негізгі ұлпа
түзіледі. Түзілген ұлпалардың жасушалары
бөлінбейді, олардың қабырғалары қалыңдап,
кейбір жасушалары тіршілігін жояды.
Өсімдік
ұлпаларының қандай түрлері бар?
Тест
Төменде
көрсетілген сұрақтардың бір дұрыс
жауабын таңдаңыз.
1.________
дегеніміз – өсімдік тамырының және
сабағының екінші реттік өсуіне (жуандап
өсуіне) жауапты меристемалық ұлпа.
Тамыр
меристемасы
Камбий
Сабақ
меристемасы
Безді ұлпа
2.Өткізгіш
ұлпа қызметі:
өсімдіктерді
ұстап тұру және нығайту
өсімдікті
қорғау
су
және органикалық ерітінділерді өткізу
басқа
ұлпалар арасындағы бос кеңістіктерді
толтыру
3.Өсімдіктердің
бұтақтары мен тамырларын көлеміне қарай
өсуге көмектесетін меристемалық ұлпа:
төбелік
меристема
бүйір
меристема
қыстырмалы
меристема
сабақ
меристемасы
4.Судың
артық мөлшерін, шірнеліктерді, сүтті
шырынды, шайыр, эфирлі майларды және
басқа заттарды шығаратын ұлпа:
бөліп
шығарушы ұлпа
тірек ұлпа
негізгі
ұлпа (паренхима)
өткізгіш
ұлпа
5.Қай ұлпа
өсімдікке өз жараларын емдеуге
көмектеседі?
Ксилема
Каллус
Флоэма
Феллоген