Пәні:
Жаратылыстану
Күні:
24.09.2019ж
Сынып:
2
|
Мектеп:
Ергөбек
Мұғалімнің
аты-жөні: Оспанқұлова Н.
Қатысқандар
саны: 11
Қатыспағандар
саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Өсімдікке жыл бойы қалай
күтім жасау керек?
Өсімдік топтары
|
Оқу мақсаты
|
2.2.1.2 - өсімдіктердің
маусымдық өзгерістерін сипаттау;
2.2.1.6
- топырақты күтудің маңызын түсіндіру;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық
оқушылар: өсімдіктерге және топыраққа
қалай күтім жасау керектігін біледі.
Оқушылардың
басым бөлігі: Өсімдіктерге
күтім жасауға қажетті құралдарды
анықтайды.
Кейбір
оқушылар:
өсімдіктердің жыл бойы қалай өзгеретінін
сипаттайды.
|
Бағалау
критерийлері
|
Оқушылар
өсімдікке қалай күтім жасау керектігін
білетін болады. Бұл үшін олар
өсімдіктерге күтім жасаудың әртүрлі
әдістерімен, соған арналған арнайы
құралдармен танысады.
Жаңа
сабақта алған білімдерін өмірде
қолданады және
бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау
керектігін үйренеді.
|
Тілдік мақсат
|
Өзгеріс,
құрғақшылыққа, төзімді, ылғалсүйгіш.
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Сымбатты болып
өсуінің маңыздылығы жайлы айта келе
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
|
Алдыңғы білімдер
|
Оқушылар өсімдіктің өмірімен
және қызметін атап, көрсете біледі
(табиғат, топтары, тірі өсімдік, түрлері,
т.б.) және табиғаттағы өсімдіктердің
ролі, өсуі мен дамуы үшін керек
қажеттіліктерін анықтай алады.
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Жыл мезгілі
Сырттағы
күн райын бақыла.
Қазір
жылдың қай мезгілі?
Жыл
мезгілін ажыратуға болатын үш белгіні
ата.
Өсімдіктерге
назар аудар!
Бір
ағаштың оқиғасы
Суретке
қара. Нені байқадың?
Жыл
мезгіліне байланысты алма ағашында
қандай өзгеріс болады? Алма ағашының
басынан кешкен оқиғасы жайлы әңгіме
құрастыру
Құрал-саймандармен
таныс бол. Олардан суреттердегі
құрал-саймандарды анықтап, осы
құрал-саймандармен қалай жұмыс істеу
керектігін айтқызу және сол қимылдарды
жасап көрсетулерін сұрау.
Күтім жасау.
“Өсімдік өсіп тұрған топыраққа да
күтім жасау керек пе? Әлде өсімдікке
ғана ма? Неге? Өсімдіктің қай бөлігі
топырақта орналасқан? Тамыр
топырақтан не сіңіреді?”
Егер өсімдікті суармаса, оған не
болады? (Солып қалады.) Тыңайтқыштар
не үшін керек? (Уақыт өте келе, топырақтағы
қоректік заттар жойылады, сон дықтан
оған тыңайтқыштар қосып отыру қажет.)
Топырақты неге қопсыту керек? (Тамырға
ауа жақсы жетеді.)
|
|
Сабақтың
ортасы
|
Адам топырақ пен өсімдікке
жыл мезгілдеріне сәйкес күтім жасайды.
Көктемде топырақты тұқым себуге
дайындайды: жерді жыртады, тыңайтады.
Жазда өсімдікті суарады, топырағын
қопсытады, арамшөптерін отайды. Күзде
егін жинайды. Қыста егістікке қар
тоқтатады.
Бидай
егістігі
Суреттерде
жылдың қай мезгілі бейнеленген? Адам
бидайды қалай өсіріп, баптайды?
Әңгімелеп бер.
Оқушылардан
арамшөптер туралы не білетінін
сұрау.Неге адамдар арамшөптерді
жойғысы келеді?
Ойын
: Балалардың бірі мәдени өсімдік
,қалғандары арамшөп болады. Балалар
сығылысып бір-біріне өте жақын жүреді
мәдени өсімдік болған бала қысылғандықтан
қолын көтереді .
Сұрақтар
қою арқылы арамшөптердің зияндығын
білдіру.
|
Жеке
бөліктерінің суреттері мен олардың
аттары жазылған кесте;
|
Сабақтың соңы
|
Сабақты
қорыту:
Зерттейік
Бөлме
өсімдіктеріне қалай күтім жасау керек?
Оқушылар
өсімдіктерге күтім жасауға қолданылатын
құралдардың атауларын біледі.
Бау-бақша
құрал-саймандары
Оқушылар
құралдарды атауы тиіс. Бұл үшін олар
сөздердегі әріптердің орындарын сөз
шығатындай етіп ауыстырулары керек.
Міндетті түрде әр құралдың не үшін
керектігін сұрау. Оқушылардың берген
жауаптарын толықтыру үшін құралдарды
қолдану. Бұл оқушылардың тақырыпты
қаншалықты түсінгендерін байқау үшін
керек.
Жауабы
Күрек,
тырма, қайшы, сусепкіш.
Кері
байланыс:Ыстық картоп.
Өсімдіктерге
күтім жасау үшін қандай құрал -
саймандар керек? /атап айтқызу/
Күтімді
қалай жасайды ?
Дәптерге
нелердің аттарын жаздық ?
Арамшөптер
туралы не білесің?
|
|