400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сынып дүниетану сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні жаратылыстану

Ортақ тақырып: «Өзім туралы», «Менің отбасым және достарым»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жанды табиғат. Өсімдіктер

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Өсімдіктер


Оқу мақсаты

2.2.1.7 - өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру;

2.2.1.5 - өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттау;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсінеді, өз өлкесінің өсімдік топтарын біледі;

Көптеген оқушылар: өсімдіктерге қамқорлық жасау жолдарын анықтайды, өз өлкесінің өсімдіктерін ажыратады;

Кейбір оқушылар: өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын зерттеу арқылы айқындап береді, өз өлкесінің өсімдіктерін сипаттайды;


Бағалау критерийлері

өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіреді, өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар орындай алады:

Өсімдікке қамқорлық жасау керегін біледі, өз өлкесінің өсімдіктерін ажырата алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

қамқорлық, өнім

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қамқорлық- күту, баптау, суғару, қорғау

Өнім-өсімдіктерден аламыз.

- Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

- Осы топтардағы өсімдіктердің қайсысы біздің өлкемізде бар?

-Өсімдіктерді қалай қорғаймыз?

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық 7 құндылығының 1–ші құндылығы негізінде ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді сақтап, табиғатты сүюге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу;


Пән аралық байланыс

Дүниетану, өзін-өзі тану, көркем еңбек


АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік тақта, таныстырылым


Бастапқы білім

Өсімдік түрлерін, атауларын біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың

Жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы (4мин)











1 мин

























































3 мин






-Сәлемдесу.

-Көңіл-күйлерін сұрау

5-Т ережесін сақтау.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

- Балалар осы тыныштық сәтінде не сезіндіңдер?

- Ненің хош иісін сезіне алдыңдар? (гүлдің)

- Гүлдерді не деп атаймыз?(өсімдік)

- Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?(өсімдіктер)

Топқа бөліну.

Балалар столдан бір-бір сурет алады. Енді осы суретке байланысты топқа бөлінеді.

Неге олай бөлінгендерін түсіндіреді.


1-топ.Ағаштар

2-топ. Бұталар

3-топ. Шөптер

интербелсенді тақта




































































суреттер

Сабақтың ортасы


3 мин






































































































5 мин



















































Сергіту сәті

2 мин





10 мин


































9 мин






























3 мин


№1 тапсырма.

1-топ. (Ө) «Топтау» әдісі


Өсімдік аты

ағаш

бұта

шөп

Қайың




Бақбақ




Терек




Итмұрын




Қалақай




таңқурай




Аяқтаған соң бір-бірінің жұмысын тексеріп,

+, - белгісін қояды.


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Өсімдік топтарын ажыратады

- семантикалық картаны оқиды

- өсімдік топтарын ажыратады

- +,- таңбасын қояды


2-топ. (Т) «Ой қозғау» әдісі

Қима қағаздардағы берілген сұрақтарға жауап беру.

- Адам өсімдіктерге қандай күтім жасайды?

- Өсімдіктерге қамқорлық жасап жүрсіңдер ме? Қалай?

- Достарыңмен қандай қамқорлық жасап жүрсіңдер?

- Отбасыларың өсімдіктерді қалай қорғап жүр?

- Өсімдіктерді қорғау неге маңызды?



Бағалау критерийлері

Дескриптор

Өсімдіктерді қорғау маңыздылығын біледі

- қамқорлық жасау түрлерін айтады. (өзі туралы)

- қамқорлық жасау түрлерін айтады. (достарымен бірге)

- қамқорлық жасау түрлерін айтады.

(отбасымен бірге)

- өсімдіктерді қорғау маңыздылығын түсінеді



3-топ . (Т) «Теріп ал» әдісі

Алдарыңыздағы себетке берілген өсімдіктердің ішінен өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді теріп алып салыңыздар.


Shape1

Қ Б. «Бағалау ағашы»

Тапсырманы дұрыс орындаса, ағаштың басындағы адамның бірін, орташа орындаса ортасындағы адамның бірін, нашар орындаса жердегі адамның бірін қоршайды.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Өз өлкесінде өсетін өсімдіктерді ажыратады.

- өз өлкесінде өсетін өсімдіктерді атайды.

- өсімдікті ажыратады. (қайың)

- өсімдікті ажыратады. (қарақат)

- өсімдікті ажыратады. (алма)

- өсімдікті ажыратады. (бақбақ)

- өсімдікті ажыратады. (бидай)

- өсімдікті ажыратады. (күнбағыс)

- өсімдікті ажыратады. (итмұрын)


№2-тапсырма. (Ұ) «Көр, ойлан, талқыла» әдісі

  1. «Мемлекет өсімдікті қалай қорғап жатыр?»

Бұл сұрақ туралы оқушылардың не білетінін сұрау.

  1. Слайд арқылы қорықтар туралы мәлімет беру. Өсімдіктерді қорғаудың маңыздылығын түсіндіреді.



Марқакөл қорығы

1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және 22 түрлі бұта бар болса, Марқакөлде су және су маңы өсімдіктері, жоғары су өсімдіктерінің 30 түрі таралған. Көл жағасын бойлай қошқыл айрауық, қамыс тәрізді субидайық, торсылдақ және қияқөлең өседі. 

Катонқарағай ұлттық табиғи паркі - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында 2001 жылы ұйымдастырылған саябақ. Ауданы 643 мың га, оның 215 мың га-сы орманды алқап, ағаштарының қоры – 24 мың м³.
Саябақ жерінде самырсын, балқарағай, қарағай, 

шырша, қайың, мойыл, терек өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 40-тан астам өсімдік түрлері (алтын тамыр, алтай рауғашы, марал тамыр) кездеседі. 


ҚБ «Гүлдер

Белсенді қатысқан оқушыларға жасыл түсті гүлді, сары гүлді ең сыпайы оқушыларға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беріледі. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Өсімдіктерді қорғау жолдарын анықтайды.

- алынған мәліметті талдайды

- өсімдікті қорғау жолдарын біледі

- өсімдікті қорғаудың маңыздылығын түсінеді



«Бананы»

Бананның қимылын қайталау.





№3 тапсырма «Ізден, сипатта, анықта» әдісі (Т)

Өсімдіктердің қызыл кітабынан қорғауға алынған және шығыс қазақстанда өсетін бір өсімдік туралы айтып, ол өсімдіктерді қорғаудың маңыздылығын түсіндіріп береді.

Өсімдікті сипатта.

Оның пайдасын айт.

Одан алынатын өнімдерді ата.

Сол өсімдікті қорғау маңыздылығын іздеп тап.



ҚБ. «Қызғалдақ» (оригами тәсілімен жасалған)

Жасыл -Жарайсың!

Сары-Талпын!

Қызыл – Мақсатқа ұмтыл!


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Өсімдіктерді қорғау жолдарын біледі

- қызыл кітаптан мәлімет іздеп табады.

- өсімдікті сипаттайды

-оның пайдасын айтады.

-одан алынатын өнімдерді атайды.

-сол өсімдікті қорғау маңыздылығын түсіндіреді.



№4 тапсырма. (Т) «Таңбалау» әдісі

Өсімдіктерді қорғау маңыздылығын түсіндіру үшін таңба ойлап табу.



Қб «Табиғат қорғаушысы»

Ең үздік таңба ойлап тапқан топқа табиғат қорғаушысы төс белгісі беріледі.


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Өсімдіктерді қорғау маңыздылығын көрсететін таңба салады.

-өсімдікті қорғаудың таңбасын ойлап табады

- өсімдікті қорғаудың таңбасын салады

Т-5. (Ж) «Сәйкестендір»

-Балалар, енді ізденушілік тапсырма орындаймыз. Әр жұп өсімдіктің суреті мен одан өндірілген өнімді тауып сәйкестендіруі керек. (Күнбағыс майы-күнбағыс, зәйтүн майы –зәйтүн, жіп, жейде-мақта, ағаш-дәптер, қатырма қағаз, арпа-арпа ұны, бидай-бидай ұны)

ҚБ «Өсімдік тобы»

Ағаш - биіктен көріне білдің.

Бұта - әлі де тырысу керек.

Шөп – белсенділік таныт


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Өсімдік суретін өнімімен сәйкестендіреді.

- бидайды өнімімен сәйкестіреді (ұн)

- арпаны өнімімен сәйкестіреді (ұн)

- күнбағысты өнімімен сәйкестіреді (май)

- зәйтүн өнімімен сәйкестіреді (май)

- мақтаны өнімімен сәйкестіреді (жіп)

- ағашты өнімімен сәйкестіреді

(дәптер,қатырма қағаз)


Қима қағаздар, маркер, себет, өсімдік суреттері.


























































































Интербелсенді тақта

Слайд













































Интербелсенді тақта





















А-4, маркерлер
















Shape2










Суреттер


Заттар:


Сабақтың соңы

4 мин

Жасыл түсті алма-мен бәрін түсіндім, көңіл-күйім көтеріңкі.

Сары түсті алма-мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ.


Рефлексия.




Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?

Саралаудың тапсырма, диалог және қолдау тәсілін №1тапсырмаға қолдандым. Себебі, білім деңгейі әр түрлі оқушыларға арналған тапсырмалар дайындадым.

№2 тапсырмаға саралаудың дереккөздер тәсілін қолдандым. Себебі, кейбір оқушылар күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады, талқылайды.

Саралаудың дереккөздер, қорытынды тәсілін №3 тапсырмада қолдандым. Себебі, кейбір оқушылар күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады, талқылайды, өздерінен не күтетіндігін біледі.

Саралаудың қарқын тәсілін №4тапсырмада қолдандым, себебі, бұл тапсырмада көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар болады.

№5тапсырмаға жіктеу тәсілін қолдандым. Себебі, талаптары әр түрлі оқушылар ұйымдасып жұмыс атқарады.

Саралаудың бағалау тәсілін сабақтың әр кезеңінде қолдандым. Себебі, оқушыларды ынталандырып, үнемі бағалап отыру қажет.


Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


1 -тапсырмада «Бағалау ағашы» арқылы бағаланады.

2- тапсырмада «Гүл шоғы»

тәсілімен бағаланады.

3 -тапсырмада «Қызғалдақ» тәсілімен бағаланады.

4-тапсырмада «Табиғат қорғаушысы» тәсілімен бағаланады

5-тапсырмада «Өсімдік топтары» тәсілімен бағаланады.


Кері байланыс «Алма ағашы»



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Тапсырмалар орындау барысында техникалық қауіпсіздік нұсқаулығы жүргізіліп отырады. Сергіту сәтін орындату арқылы оқушы денсаулығын нығайтады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі