400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдіктер - тірі ағзалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарламаны меңгеруде көмек құрал ретінде жасалған сабақ жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: бөлім: 1.1 Тірі табиғат

Күні: 13.11.2020 жыл

Сынып: 1


Мектеп: Сұлтанбек Қожанов атындағы №42 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Такихан Балхия


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы


Өсімдіктер - тірі ағзалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1. Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың тіршілік формаларын анықтау .

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын біледі,олардың тіршілік формаларын анықтай алады.

Көптеген оқушылар:Өсімдіктердің тірі ағзаға жататынын біледі.

Кейбір оқушылар: Өсімдік түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты ажырата алады.

Бағалау критерийлері

-Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын біледі;

-Олардың өмірлік формаларын анықтайды;

-Өсімдіктердің тірі ағзаға неліктен жататынын, ерекшелігін ату;

-Жанды табиғат нысандарын ( жануарлар, өсімдіктер) салыстырып, ерекшеліктерін айтады.

Тілдік мақсаттар

Жанды табиғат-живая природа-live nature

Жансызтабиғат-мертвая природа-dead nature

Өсімдік-растение-plant

Нысан-Объект-Object



Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғау,аялау,тәрбиелеу. Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады . Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, Көркем еңбек, Сауат ашу.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта ,Әуен

Бастапқы білім

Жанды және жансыз табиғатты ажыратады;

Өсімдіктердің тірі ағзаға жататынын біледі, болжайды,бақылайды.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут












3 минут


Психологиялық ахуал туғызу.

Армысыз Алтын Күн!

Армысыз жер АНА!

Армысыз Достарым,

Сіздерді көріп қуанам

Жылуыма жылу қос

Міне менің алақаным /алақандарымызды бір-бірімізге қосып жылуымызды сездіреміз/

«Қуанышты күн».  Мен үшін бүгін қуанышты күн, өйткені күн бізге жылуын шашып тұр.........т.с.с жалғастырады.


Топқа бөлу: «Суретті текшелер»

 Текшеде бейнеленген өлі- тірі табиғат суреттерін бір-біріне ажыратып айтып береді.

Текшеде ағаштың ,гүлдің,тастың ,үйдің суреттері бейнеленген.

Гүлдер, ағаштар арқылы 2 топқа бөлемін




1-ші топ Гүлдер

2-ші топ Тастар




























Сабақтың ортасы





15 минут




















7 минут



























3 минут




6 минут

1 тапсырма: Топтық жұмыс.


Shape1


«Болжау-бақылау» әдісі

Екі ыдыста гүл (біреуі қураған,біреуі өсіп тұрған)

І топ: Гүлдер тобы өсіп тұрған гүлді сипаттайды

ІІ топ:Тастар тастар тобы екінші ыдыста өсіп тұрған гүлдің не себепті қурағанын түсіндір

Балалар өз ойларын айтады.

Дескриптор: Өсіп тұрған гүлді сипаттайды;

Гүлдің қураған себебін түсіндіреді және қорытындылайды;

Өсімдіктің тіршілігі үшін не қажет екенін түсінеді;

Өсімдік-жанды ағзаға жататынын дәлелдейді.

ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалау.

Мақсаты: Гүл егерде оны күтіп-баптамаса тіршілігін тоқтатуы мүмкін, сөйтіп тірі табиғат өлі табиғатқа айналуы мүмкін екенін оқушылар біледі және екі жұлдыз ,бір тілек арқылы бағалап оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру.

2-тапсырма . Жұптық жұмыс: «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы суреттерді салыстырып, жанды және жансыз табиғатқа жататын нысандарды ажырату.

Өсімдіктер неліктен тірі ағзаға жататынын түсіндіру.



«Бұл суретте тірі ағза бар ма?»

Жанды және жансыз табиғат

Суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар? Олардың қайсысы жанды табиғатқа жатады? Қайсысы жансыз табиғатқа жатады? Ал қайсысы бұрын тірі ағза болған?

ҚБ: Мұғалім тарапынан «Сын-пікір сэндвичі»

Мақсаты: Оқушылар табиғатта болып жатқан құбылыстардан ойлау түйсігін қалыптастырып,өз шешімдерін дәлелдеуге үйрету.

Сергіту сәті

Әуенмен І топ ағаштар болып,ІІ топ гүлдер болып әртүрлі қимыл-қозғалыс жасап, билейді


3 тапсырма: Жеке жұмыс « Түймедағы» әдісі

Өлі Тірі

Екі топқа әр түрлі суреттер қиындысы беріледі.Сол суреттер арқылы 2 топ Өлі және тірі табиғатты ажыратып, түймедақты суреттермен толтырады, белгілейді (Т-тірі, Ө-өлі)

Дескриптор: Өлі және тірі табиғатты ажыратып белгілейді және атауын түймедақ көздеріне атауын жазады.

ҚБ «Көңілді смайликтер» арқылы өзара бағалау.

ӨЖ «Тиісті бағанға жаз!» әдісімен жазба жұмысы беріледі.

Мақсаты: Бағдарлап жазу дағдысын қалыптастыру.

Есте сақта!

Өсімдіктер — тірі ағзалар. Олар өседі, қоректенеді,­ тыныс алады, көбейеді. Жансыз табиғат нысандары өспейді,­ қоректенбейді, тыныс алмайды және көбеймейді.








Бөлме өсімдіктері; жанды және жансыз заттар­ дың суреттері.



Оқулықпен жұмыс

















Интербелсенді тақта























Оқулықпен жұмыс

















Сабақтың соңы





4 минут

Кері байланыс: «Мен – саған, сен - маған»

Оқушылар бір біріне тақырып бойынша сұрақтар береді

  • Бүгін сабақта қандай жұмыс жасадық?

  • Көңілкүйлеріңізқандай?

  • Не білдік?

  • Не білгің келеді?

  • Жануарлар неге тірі ағзаға жатады?

  • Өсімдіктің айырмашылығы қандай?

  • Сабақта не қызықты болды?

ҚБ: «Блоб ағашы» әдісі

Бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылау. Өздерінің пікірлерін, сезімдерін таратылған стикерлерге жазып, Блоб ағашына жабыстырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі