жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Өсімдіктер әлемі" Биологиядан 7 сыныпқа арналған сабақтан тыс жұмыс
Бұланды орта мектебі
6-сынып оқушыларына арналған
сабақтан тыс жұмыс
Дайындаған: Адий Аманжол
6-сыныпқа арналған «Өсімдіктер әлемі» атты сабақтан тыс жұмыс.
Армысыздар, құрметті оқушылар!
“Әуенін тап!” телеойынның желісімен жүргізілетін “Өсімдіктер әлемі” атты сайысқа қош келдіңіздер! Осы ойынға апталықтың бірінші күні өткізілген ой өріс марафонынан жеңіп шыққан 3 оқушы қатысады. Ойын 3 кезеңнен тұрады.
І кезең.
Бұл кезеңде таңдап алған ұпайларыңызға әр 10 секунд сайын 100 ұпай қосылады. Жауабы қате айтылса, 2 реткі ойынға қатыса алмайсыңдар.
Жасуша |
600 |
800 |
1000 |
1200 |
Вегетативті мүше |
600 |
800 |
1000 |
1200 |
Генеративті мүше |
600 |
800 |
1000 |
1200 |
Түрөзгерістер |
600 |
800 |
1000 |
1200 |
Жасуша
1200- Өсімдік қандай нәзік болса да қатты дауылда, нөсер жаңбырда майысып барып, қайта қалпына келеді. Бұл қызметті қандай ұлпа атқарады?
(тірек ұлпа)
1000- Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттеп, керексіз улы заттарды ыдыратады.
(вакуоль)
800 -Микроскоппен көретін затты неше есе үлкейтетінін қалай білеміз? (Объективтегі санды окулярдағы санмен көбейту)
600 -Пластидтің неше түрі бар? (хлоропласт, хромопласт, лейкопласт)
Вегетативті мүше
1200 - Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақ неше қабаттан тұрады?
(Қабық (өң, тоз, тін), камбий, сүрек, өзек)
1000 - Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне қарай неше бөлімнен тұрады?
(тамыр оймақшасы, бөліну, өсу, сору, өткізу)
800 - Газ алмасу, су буландыру жасушалары болатын мүше (жапырақ)
600 - Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ. (өркен)
Генеративті мүше
1200 -Гүл бөліктері (гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша және күлте жапырақшасы, аталық, аналық)
1000 -Үйеңкінің жемісі қалай аталады?
(қанатша)
800 - Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса не деп аталады?
(екі үйлі өсімдік)
600 - Гүлдері реңді, хош иісті болса, олар қалай тозаңданады?
(бунақденелілер арқылы)
Түрөзгерістері
1200 - Тамырсабақ, түйнек, пиязшық қандай мүшенің түрөзгерісі? (жер асты өркен)
1000 - Сәбіз, қызылша қандай мүшенің түрөзгерісі? Ол қалай аталады?
(тамыр, жемтамыр)
800 - Долана, жабайы алма, жабайы алмұрт ағаштарындағы тікенекті сояулар
(сабақ)
600 – Кактустың түрөзгерістері қандай мүшенің түрөзгерістері (жапырақ)
ІІ кезең
Бұл кезеңге ұпайы жоғары 2 оқушы қалады. “Әуенін тап” телеойында 7 нотадан бастап саудаласатын болса, сендер, 1 мин, 50 сек, 40 сек, 30 секундқа дейін саудаласу арқылы 5 сұраққа жауап бересіңдер.
Гүлшоғырлар |
Тұқым |
Жеміс |
Ұлпалар |
Жапырақ |
Гүлшоғырларға байланысты сұрақ.
Масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар. Жүгеріге мұндай гүлшоғыр тән. (собық)
Тұқым.
Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. (су, ауа, жылу)
Жеміс
Тұқымы жеміс серігімен тұтасып, бірігіп кеткен жеміс қалай аталады? (дәнек)
Ұлпалар
Жасушалары жас, ұдайы бөлінетін ұлпа? (түзуші ұлпа)
Жапырақ
Жүйкелену деген не? (Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы.)
ІІІ кезең
Бұл кезеңде ІІ кезеңнен жеңіп шыққан бір оқушы ғана қатысады. 30 секунд ішінде 7 сұраққа жауап бересіңдер.
Жасушалар тобы – ұлпа
Қорықтар саны – 9
Тірі ағзалар туралы ғылым – биология
Бүршік өркеннің ең ұшына орналасса – төбе бүршік
Бидай жемісі – дәнек
15 жастағы ағаштағы камбий қабаты нешеу ? – 1
Қызыл кітап алғаш шыққан жыл. – 1978ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген