«Болашақ» жоғары медициналық колледжі
Бекітемін
«Арнайы білім пәндер» бірлестік жетекшісі________Айтимова.Н
«___»________2026ж.
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №________
Өсімдіктер ботаникасының негізгі ұғымдары (анатомия, морфология)
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы:Фармакогнозия
Педагог:Әбдіреймова Жұлдыз Өмірбайқызы
Күні: 09.02.2026
Курс:2 курс
топтар: ФМ-11-24
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақ мақсаты, міндеттері:
-
Өсімдіктер ботаникасының негізгі ұғымдарын түсіндіру.
-
Өсімдік морфологиясы мен анатомиясының мәнін ашу.
-
Өсімдік мүшелерінің сыртқы және ішкі құрылысын таныстыру.
-
Морфология мен анатомияның айырмашылығын үйрету.
-
Өсімдік мүшелерінің қызметін түсіндіру.
-
Өсімдіктерді ботаникалық тұрғыдан сипаттау дағдысын қалыптастыру.
-
Білім алушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
-
Ботаника ұғымына анықтама бере алады.
-
Өсімдік морфологиясы мен анатомиясын ажыратады.
-
Өсімдік мүшелерін атайды.
-
Тамыр, сабақ, жапырақтың қызметін түсіндіреді.
-
Өсімдіктің ішкі құрылымын сипаттай алады.
-
Өсімдік ұлпаларының түрлерін біледі.
-
Морфологиялық және анатомиялық белгілерді анықтай алады.
-
Ботаникалық терминдерді дұрыс қолданады.
-
Теориялық білімді тәжірибеде қолдана алады.
-
Өсімдіктерге ғылыми көзқарас қалыптастырады.
Қажетті ресурстар: оқулықтар, интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар
Әдебиеттер:
Харкевич Д.А Фармакология.Мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы,2004
Қосымша дереккөздер :
https://ust.kz/word/farmakologiya_receptyrasy
Сабақтың барысы:
Ұйымдастырушылық кезең: Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақ барысы:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Өсімдіктер морфорлогиясы ( гр. morphe – пішін, бейнежәне гр. logos – ілім) – өсімдіктердің жекеше даму барысындағы ішкі құрылысы мен пішінін зерттейтін ғылым; ботаника саласы.
Қазақстанда Өсімдіктер морфорлогиясы саласындағы зерттеулер жоғары және төмен сатыдағы өсімдіктер флорасын зерттеуге, республикада өсетін өсімдіктер картасын жасауға байланысты 20 ғ-дың 50 жылдарында басталды. Зерттеу жұмыстарымен ҚР Білім және ғылым министлігінің Ботаника және фитоинтродукция институты, Бас ботаник. бақ, ҚазҰУ, кейбір ауыл шаруашылығы жоғары оқу орындары шұғылданады. Өсімдіктер морфорлогиясының негізгі зерттеу тәсілі – бақылау мен бейнелеу, сонымен қатар өсімдіктердің осы күнгі және ежелгі түрлерін салыстыру.
Сыртқы ортаның өсімдік құрылысына тигізер әсерін тәжірибе арқылы анықтайды.
Тарихи тұрғыдан өсімдіктер морфологиясы сипаттамалық морфология ретінде дами бастады, өсімдіктер әлемінің түрлерінің әртүрлілігін сипаттаумен айналысады[1]. Ботаника толыққанды ғылым ретінде сипаттамалық морфология бойынша Карл Линней (1707-1778) еңбектерінің арқасында ғана дами бастады[1].
Өсімдіктер морфорлогиясының негізінде ботаника ғылымының жеке салалары бөлінді:
-
органография — өсімдіктер морфологиясының негізгі бөлімі; өсімдік мүшелерінің сыртқы құрылымын сипаттаумен және салыстырмалы талдаумен айналысады;
-
өсімдіктер анатомиясы — жасуша мен ұлпалардеңгейінде өсімдіктердің құрылымын зерттеу;
-
өсімдіктер эмбриологиясы — өсімдік ұрығының пайда болу, құрылу және даму заңдылықтарын зерттеу;
-
өсімдіктер цитологиясы - өсімдік жасушасын зерттеу;
-
өсімдік гистологиясы — өсімдік тіндерін зерттеу;
-
биоморфология, немесе экологиялық морфология — өсімдіктердің жеке даму процестері, соның ішінде олардың мүшелерінің қалыптасу заңдылықтары мен қоршаған орта факторлары арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді зерттеу. Өсімдіктер морфологиясының бұл бөлімі әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында белсенді дами бастады[1].
Өсімдіктер морфорлогиясы зерттейтін нысанына қарай:
Өсімдіктер анатомиясы (грек. anatom – кесу, бөлу) — өсімдікоргандары мен ұлпаларының ішкі құрылысы туралы ғылым; ботаникасаласы.
Ғылым тарихы
Өсімдіктер анатомиясының дамуы микроскоптың пайда болуымен тығыз байланысты. 17 ғасырда итальян биологы Марчелло Мальпиги (1628 – 1694) мен ағылшын ботанигі Неемия Грюдің (1641 – 1712) микроскоппен өсімдіктердің ішкі құрылымын зерттеуінің нәтижесінде өсімдіктер анатомиясының негізі қаланды.
19 ғасырда неміс биологы Теодор Шванн (1810 – 1882) микроскоп арқылы жануарлар мен өсімдіктер жасушасының құрылымын зерттеп, жасуша теориясынашты. 20 ғ-дың басында өсімдік ұлпасы жасушалары мен органоидтарын зерттеу негізінде өсімдіктер анатомиясынан жасуша туралы ғылым – цитология бөлініп шықты.
Өсімдіктер анатомиясын зерттеуде жаңа әдістер – электрондық микроскоп, сол сияқты гистохимиялық зерттеулер, т.б. қолданылады. Анатомиялық зерттеулер көмегімен өсімдіктердің тегі, егістік дақылдарының түрлі сорттары, өсімдіктің сыртқы орта әсеріне төзімділігі анықталады.
Қазақстанда өсімдіктер анатомиясы жөніндегі зерттеулер 1930 – 1932 жылдары КСРО ға (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) Қазақстандық базасының Ботаника секторында (қазіргі ҚР Білім және ғылым министірлігінің ботаника және фитоинтродукция институты) басталды. Зерттеу жұмыстары, сондай-ақ Бас ботаник. бақта, ҚазҰУ-де (Қазақ Ұлттық Университеті), ҚазҰАУ-дың (Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті) арнаулы кафедралары мен ауыл шаруашылығы министірінің қармағындағы бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі. Алынған ғылыми мәліметтер биологияда, агрономияда, дендрохронологияда, фармацевтикада, тамақ және ағаш өңдеу, т.б. шаруашылықтарда пайдаланылады.
Ботаника бөліміндегі өсімдіктер анатомиясының орны
Өсімдіктер анатомиясы Өсімдіктер морфологиясы кең мағынада қарастырылған (морфология тар мағынада макроскопиялық (негізінен организмдік) деңгейде өсімдіктердің құрылымы мен қалыптасуын зерттеумен айналысады.
Өсімдік анатомиясы өсімдік физиологиясымен — ботаниканың өсімдік организмдерінде болатын тіршілік процестерінің заңдылықтарын зерттейтін бөлімімен тығыз байланысты>.
Өсімдік жасушалары құрылымын зерттеу уақыт өте келе ботаниканың тәуелсіз бөліміне айналды — өсімдік цитологиясы.
Бастапқыда өсімдіктер анатомиясы өсімдіктер морфологиясы — өсімдіктердің физикалық формалары мен сыртқы құрылымын сипаттаумен сәйкес келді, бірақ ХХ ғасырдың ортасынан бастап өсімдіктер анатомиясындағы зерттеулер ең алдымен ішкі, микроскопиялық құрылымды зерттеуге байланысты жеке сала ретінде қарастырылды
Өткен сабақ бойынша жұмыс
«Кім жылдам» тәсілі бойынша білімдерін бағалау. Осы тәсіл арқылы әр студент берілген сұрақтарға бірінші болып жылдам жауап береді.
Ойынның мақсаты:
білім алушыларды сұраққа жауап бере білуге
үйрету.
Ойынның шарты:
тақтаға сұрақты жазу. Студенттер бір - бірден
шығып сұрақтарға жауап беру керек.
Сұрақтар:
1. Ботаника
дегеніміз не?
Ботаника – өсімдіктерді зерттейтін ғылым.
2. Өсімдік
морфологиясы нені зерттейді?
Өсімдіктің сыртқы құрылысын зерттейді.
3. Өсімдік
анатомиясы нені зерттейді?
Өсімдіктің ішкі құрылысын зерттейді.
4. Морфология мен
анатомияның айырмашылығы неде?
Морфология – сыртқы, анатомия – ішкі
құрылыс.
5. Өсімдіктің
негізгі мүшелері қандай?
Тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым.
6. Тамырдың негізгі
қызметі қандай?
Су мен минералды заттарды сіңіру.
7. Сабақтың қызметі
қандай?
Зат тасымалдау және тірек болу.
8. Жапырақтың
негізгі қызметі қандай?
Фотосинтез жүргізу.
9. Өсімдік ұлпасы
дегеніміз не?
Ұқсас жасушалар тобы.
10. Өсімдік
ұлпаларының түрлері қандай?
Жабын, негізгі, өткізгіш, тірек, бөлінгіш.
11. Камбий
дегеніміз не?
Өсімдіктің өсу ұлпасы.
12. Өткізгіш
ұлпаларға не жатады?
Ксилема мен флоэма.
13. Гүлдің қызметі
қандай?
Көбею қызметін атқарады.
14. Жеміс не үшін
қажет?
Тұқымды қорғау және тарату.
15. Анатомия мен
морфология не үшін қажет?
Өсімдіктерді дұрыс тану үшін.
Жаңа тақырыпты бекіту:
Конспект жазу
Үй тапсырмасы
1-тапсырма
Өсімдіктің бір
мүшесін (тамыр, сабақ немесе
жапырақ) таңдап,
оның морфологиялық және анатомиялық
құрылысын жазып
сипатта.
2-тапсырма
Морфология мен анатомияның
айырмашылығын
кесте
түрінде көрсет.
3-тапсырма (қосымша)
Кез келген өсімдікке
(мысалы: бидай, жүгері, күнбағыс)
ботаникалық
сипаттама жаз.
1-тапсырма жауабы
Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы
Морфологиялық
құрылысы:
Жапырақ –
өсімдіктің негізгі вегетативті мүшесі. Ол жапырақ тақтасынан,
сағақтан және кейде қынаптан тұрады. Жапырақтың пішіні әртүрлі
болады (сопақ, ұзынша, тісті). Жапырақтар жай және күрделі болып
бөлінеді.
Анатомиялық
құрылысы:
Жапырақтың ішкі құрылымы жабын ұлпадан, негізгі ұлпадан және
өткізгіш ұлпадан тұрады. Жабын ұлпа – эпидерма, ол жапырақты
қорғайды. Негізгі ұлпа – мезофилл, онда фотосинтез жүреді. Өткізгіш
ұлпаға ксилема мен флоэма жатады.
? 2-тапсырма жауабы
Морфология мен анатомияның айырмашылығы (кесте):
|
Морфология |
Анатомия |
|
Сыртқы құрылысын зерттейді |
Ішкі құрылысын зерттейді |
|
Пішіні, мөлшері, түсі |
Ұлпа, жасуша құрылысы |
|
Көзбен көрінеді |
Микроскоппен көрінеді |
|
Өсімдік мүшелерін сипаттайды |
Өсімдік ұлпаларын сипаттайды |
? 3-тапсырма жауабы (қосымша)
Күнбағыс өсімдігінің ботаникалық сипаттамасы
Күнбағыс – біржылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндік тамыр жүйесіне жатады. Сабағы тік, жуан, түкті болады. Жапырақтары ірі, жүрек тәрізді. Гүлі себет гүлшоғырында орналасады. Жемісі – тұқымша. Күнбағыс жарықты жақсы көреді және ауыл шаруашылығында кең қолданылады.
Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау:
Білім алушылар тақырыпты жетік меңгергендігін.Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, тұжырым жасай алса 90-100% дұрыс жауап берсе. Студент тақырып бойынша білімін көрсете алды бірақ оқытушының ескертулерінен кейін жөнделген кейбір нақты емес жауаптары болса. Логикалық ойлау дағдысын көрсете алса және нақты мысалдар келтіре отырып тұжырым жасай алса 75-89% дұрыс жауап берсе. Студент тақырыпты толық меңгермеген және қойылған сұрақтарға жүйелі жауап бермейді. Бірақ келесі материалды игеру үшін жетерлік тақырып бойынша жалпы түсінігі бар екенін көрсетсе. Ұғымдардың анықтамаларын толық айта алмаса немесе терминдерді оқытушының бірнеше жөндеулерінен кейін ғана дұрыс айта алса 50-74% дұрыс жауап берсе Студент сабаққа қатысқан. Оқу материалының білмейтіндігін немесе толық түсінбегендігі байқалса, анықтамаларды мүлдем білмесе немесе елеулі қателіктер жіберсе, оқытушының жөндеулерінен кейін де қатесін түзете алмаса дұрыс жауабы 50%-дан төмен болса.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өсімдіктер ботаникасының негізгі ұғымдары

шағым қалдыра аласыз