15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы. Тыныс алу-энергия көзі.
Сабақ жоспары
|
|
|||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Өсімдіктер мен жануарлар үшін тыныс алудың маңызы Тыныс алу-энергия көзі |
|
||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.1.4.1- тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттау |
|
||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу және түсіну |
|
||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық:тірі ағзалар үшін тыныс алу маңызын анықтау Көпшілігі:өсімдіктер мен жануарлардағы тыныс алу ерекшелігін ажырату Кейбірі:оттектің адам мен жануарлардағы тыныс алу үдерісіне қатысын сипаттау |
|
||||||||||||
Бағалау критерийі
|
- тірі ағзалар үшін тыныс алу маңызын анықтайды - өсімдіктер мен жануарлардағы тыныс алу ерекшелігін ажыратады -оттектің адам мен жануарлардағы тыныс алу үдерісіне қатысын сипаттайды |
|
||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Тыныс алу. Фотосинтез. Оттегі. Энергия. АТФ.Тимириязев. Хлорофилл.Пигмент. О2, СО2, С6 Н12 О6 Оқытудың тілдік мақсаты: Тірі ағзалардағы тыныс алу үдерісінің жүруін оқиды, топта жұмыс істей (оқылым, айтылым, жазылым) алады Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: Тыныс алу дегеніміз- ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Фотосинтез- бұл өсімдіктердің жасыл жапырақтарында судан және атмосферадағы көмір қышқыл газынан хлоропластардағы хлорофиллдер сіңірген күн (жарық) энергиясын пайдалана отырып органикалық қосылыстарды синтездеу. Оттегі- түссіз, иіссіз және дәмсіз газ, таза ауа. Энергия- (гр. energeia-әсер, әрекет)- материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші. АТФ(аденозинүшфосфорқышқылы)- энергетикалық нуклеотид. Бұл- тірі жасушадағы негізгі энергия заты. Жазылым дағдысы: Тыныс алу үдерісінің маңызы мен қажеттілігін жаза алады |
|
||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
Зайырлы қоғам және жоғары руханият Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты. |
|
||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Химия пәні бойынша фотосинтез процесінің жүру үдерісі Физика пәні бойынша энергияның бөлінуі |
|
||||||||||||
Алдыңғы білім
|
-Әр құрылымның атқаратын қызметін сипаттаңыз? -Фотосинтез қандай үдеріс? -Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған кім? -Қант жапырақтың қай бөлігінде түзіледі? -Жапырақтың фотосинтез жүретін бөлімі қандай ұлпаға жатады? Алдыңғы білімдеріндегі іс-әрекетін Бағалау оқушыны мадақтап смайликтер беремін
|
Ресурстар
|
||||||||||||
Қ.б.35-36б А4 парағы
смайликтер |
||||||||||||||
Сабақ барысы |
|
|||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||
Сабақтың басы
|
Сыныппен сәлемдесу, түгелдеу, құрал-жабдықтарын тексеру,пазылдар арқылы топқа бөлу(мысалы, өсімдік жасушасы, жануар жасушасы, адам ағзасындағы тыныс алудың жүруі) сабаққа назарын аудару
«Әңгімелеу» әдісі негізінде жаңа сабақ мазмұны ашылады С6Н12О6 (глюкоза)+6О2=6СО2+6Н2О+36АТФ (энергия) реакцияны пайдалана отырып түсіндіремін - Біз не үшін тыныс аламыз? - Энергия қайдан пайда болады? - Ағзада түзілген энергия көзі қайда жұмсалады? |
оқу құралдары, өсімдік және жануар жасушасы, адам ағзасындағы тыныс алудың жүру суреттері |
||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
«Суреттер сөйлейді» әдісі Тапсырма-1 Суретке мұқият қараңыз (a) Тыныс алу үдерісін түсіндіріңіз (b) Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын түсіндіріңіз (c) Берілген химиялық реакция теңдеуін тыныс алу үдерісімен байланысын сипаттаңыз
Дескриптор Білім алушы - тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызын түсіндіреді; - химиялық реакция теңдеуін тыныс алу үдерісімен байланыстыра сипаттайды. Бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы
|
Қ.б.37б.
|
||||||||||||
Сабақтың соңы
|
(Ж)Қорытындылау: «Биологиялық диктант» №1.Биологиялық диктант 1. Алынатын энергия мөлшері каллория немесе ... өлшенеді 2. Органикалық заттар ыдыраған кезде тірі ағзалар пайдаланатын ...... бөлінеді №2.Биологиялық диктант 1. ...... – оттек қатысатын күрделі химиялық үдеріс 2. Оттек тек ..... арқылы пайда болады №3.Биологиялық диктант
1 2. Өсімдіктер.... барысында жарық энергиясын пайдаланып, нәруыздар, майлар, көмірсуларды өздері жасайды
Бағалау:
«Бағдаршам» әдісі
Рефлексия: «Тазалық» ойыны
|
Венн диаграммасы салынған плакат
Бағдаршам түстері
стикер |
||||||||||||
|
||||||||||||||
|
|
|
||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген