Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Өсімдіктер. Табиғи бірлестіктің қандай түрлері болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама, айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым дағдылары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: жаратылыстану

Ортақ тақырып

Бөлімше:

Мұғалімнің аты-жөні: Толендиева Г №86 мектеп

«Жанды табиғат»

    1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

2.1 Өсімдіктер

Күні: 26 .09.18

3 Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы 7 сабақ

Өсімдіктер Табиғи бірлестіктің қандай түрлері болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.3 - өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттау;

3.2.1.4 - адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;

3.1.2.2 - ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттай алу

Көпшілігі; - адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіре білу
Кейбір оқушылар : ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай алу

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу,түсіну, қолдану,

Тілдік мақсат

Оқушылар: Оқушылар өз өлкеңдегі табиғи бірлестіктерді сипаттап үйренеді

Негізгі сөздер мен тіркестер табиғи бірлестік

Сабақта диалог/жазу үшін пайданылатын тіл:

Жазылым бойынша ұсыныстар: жұмыс парақтарындағы тапсырмалар

Бағалау критерийлері

өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттай алады

адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіре алады

ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтай алады

Құндылықты дамыту

жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; .

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка

АКТ қолдану дағдысы

Ноутбук.

Бастапқы білім

Өсімдік туралы білім бар

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт Сабақтың басы

5 мин


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сұрақтар бұрқасыны ҚБ

Үй тапсырмасы бойынша оқушылыр бір- біріне сұрақтар қояды? Өткен білімдерін қорытындылау

Ресурстар



Оқулық

Сабақтың ортасы/ Сабақтың негізгі бөлімі 4 мин

Ой қозғау

Ұжымжық жұмыс ҚБ Ой қозғау әдісі




























Топтық жұмыс Зерттеу жұмысы

«Үштік әдіс »


8






























Қосымша тапсырмалар


3











3














Дәптермен жұмыс

9 мин











Сабақтың соңы 5мин

Қосымша тапсырма


Өзектендіру

*«Өсімдіктер достаса ала ма?»

Эврикаға көмектесу

Әр фотосуретің атын табуға көмектесу

*«Қандай бірлестіктер болады?»

*. «Барлық жерде өсе беретін әрі кез келген жерде өзін жақсы сезінетін өсімдік бола ма?»

* «Бірдей жағдайды қажет ететін өсімдіктер бір-біріне кедергі келтірмей бір жерде өсе ала ма?»


(Қоршаған орта жағдайына бейімделе отырып, өсімдіктер ортақ аймақта бірлесіп өседі. Биік ағаштардың көлеңкесінде көлеңкеге төзімді шөптер өседі, онда ылғал мен жылу да жеткілікті, өсімдіктер суық пен желден қорғана алады).






Сабаққа байланысты деректік материалдар

Табиғи өсімдіктер бірлестігі – ұзақ уақыт бойы белгілі бір аймақта, белгілі бір қоршаған орта жағдайында өзара бір-бірімен және қоршаған ортамен тиімді әрекеттесіп өсетін өсімдіктер тобы.


Ылғалсүйгіш өсімдіктер судың жанында және суда өседі. Көлеңкеге төзімді өсімдіктер ағаштарды саялап өседі. Құрамындағы өсімдіктердің тұрақтылығы, олардың саны, бір-бірімен ерекше үйлесімділігі – бірлестікке тән белгілер.

Бірлестіктегі өсімдіктердің өзара қауымдасып, қатерлі жәндіктерден қорғануы, ауруға қарсы тұра алуы – таңғаларлық жағдай.

Жапондық әдіс бойынша әр топ бірін бірі бағалайды


  • Бірлестіктің негізгі түрлері – орман, дала, көл, шөл. Ормандар ылғалды жинаушы және сақтаушы маңызды орындар болып табылады. Орманда барлық жауған жауын жиналады. Қыста қалың қар жатса, жазда жаңбырды орман төсемігі сіңіреді. Орман көлеңкесі ылғалды буланудан қорғайды. Ормандағы өсімдіктердің қабат-қабат қатарласып орналасуы – бұрыннан қалыптасқан бірлестіктің белгісі. Өсімдіктердің жер үстіндегі қабаттары күн жарығын тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарса, тамырларының әр деңгейде орналасуы барлық өсімдікті қажетінше сумен қамтамасыз етеді.

  • Дала селеушөп, бетеге, еркекшөп шымтезегінің көп мөлшерде кездесуімен ерекшеле

неді. Барлық бірлестікте биологиялық тұрғыдан даму ырғағы әртүрлі өсімдіктер бір-бірімен өзара тиімді әрекеттесіп өседі. Мысалы, қарағай орманын ерекше атап айтуға болады. Олар құмды топырақта өседі. Қазақстанда Ертіс өзені жағасында қарағайлы ормандар шоғырланған. Дала мен шөлді қақ жарып ағатын Сырдария, Әмудария және Іле өзендерінің бойында тоғайлар өседі. Тоғайлардағы ағаштар мен бұтақтар бір-бірімен араласып кеткені соншалық, ит тұмсығы өтпейтін ну орманды құрайды.


. Әр бірлестіктердегі өсімдіктердің өзара қандай ерекшелігі бар?

Олар қоршаған ортаға қаншалықты тәуелді? (Бұл өсімдіктер бірлесіп өсуге бейімделген).



Ойлан. Оқушылардан орман бірлестігіндегі өсімдіктердің тығыз орналасуының артықшылығы туралы не ойлайтынын сұрау (Төменгі қабаттардағы өсімдіктер температураның күрт төмендеуі мен қатты аяздан, ыстықтан қорғалған. Олар жеткілікті ылғалды қабылдайды. Орманның төменгі жағында қатты жел болмайды). Оқушылар бірлестікте қалыптасқан өзара байланыстың өсімдіктердің тіршілігі үшін жағдайланған Мұнда маңызды емес бөлік болмайды, құрамындағы өсімдіктердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде барлығы да дамиды.




Саралап оқыту үшін ынтасы жоғары оқушыларға: *«Жағалауында ормандар өсетін өзенді құрғатса, не болар еді?»

Ықтимал жауап

*(Ормандар көп мөлшердегі суды буға айналдырады. Олардың қалыпты өмірі үшін сіңіретін ылғал мөлшері мен буландыратын ылғал мөлшері өзара сәйкес болуы керек. Орман мен өзен тұйық жүйені құрайды, өсімдіктерді нәрлендіретін су болмаса, орман солып қалар еді.


Жағалауында тоғайлар өсіп тұрған өзендерді егістіктерге бұрып әкетсе, онда тоғайлар қурап қалар еді).


Сен білесің бе? Табиғи бірлестіктердің ерекшелігі неде?. (Ерекшелігі – жүйенің барлық үдерісті өздігінен реттеп отыратынында. Бірлестікте өсетін өсімдіктер саны олардың алуан түрлілігіне байланысты). Жасанды бірлестіктер адамдардың қамқорлығы болмаса, ұзақ уақыт өмір сүре алмайды.


15-жұмыс парағы. Табиғи бірлестік түрлері.

Жұптық жұмыс «Бірге ойлаймыз» әдісі Бірін-бірі бағалау

Бағалау критерийі. Дескриптор

*Оқушылар суретте бейнеленген табиғи бірлестіктерді

атап, олардың атауы мен сипаттамасын сәйкестендіреді.. *Оқушылар кестені толтырады, табиғи және жасанды бірлестік аттарына мысал жазады.


1. Орман – құнарлы топырақты, алуан түрлі өсімдіктер әлемі, өсімдіктері қабат-қабат қатар құрып орналасады.

2. Дала – құнарлы топырақты, көлемді ашық аймақтар, шөптесін өсімдіктер өседі.

3. Шөл – өсімдік сирек кездесетін құнарсыз топырақты аймақ.

4. Көл – жағасында, беткейінде алуан түрлі өсімдіктер өсетін табиғи суқойма.


Жұптық жұмыс

«Бірге ойлаймыз» әдісі Бірін-бірі бағалау

Бағалау Дескриптор

Бірлестік түрлерін ажыратады

Бірлестік түрлерін жіктейді.

Табиғи бірлестік – шабындық, орман, көл, дала.

Жасанды бірлестіктер – бақ, орман белдеуі, егін алқабы, бақша.


Қалыптастырушы бағалау Жеке жұмыс







Оқулық

Жұмыс

дәптерлер



























Таратпа қағаздар


























































Жұмыс дәптерлер 15-16-жұмыс парағы


Кері байланыс 2 мин

ауызша

Сабақта нені үйрендік?

Сұрақтарға жауап береді?

Нені білдім нені түсіндім?

Нені толық түсінбедім ?

Қандай жұмысты жалғастыру қажет?

Сабақтын басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе?



Үйге тапсырма 1 мин

Табиғи бірлестіктің қандай түрлері болады?


Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы.

«Сұрақтар бұрқасыны» әдістері ұжымдық жұмыс. Ой қозғау,

«Үштік әдіс » және « Ойлан» Бірге ойлаймыз әдісі жұптық жұмыстар және

топтық жұмыс.

Осы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы,

оқушыларды өзін ортада еркін ұстауға, өз ойын еркін жеткізе білуге, жауапкершілікті сезіне білуге үйретемін.



Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.



Қаламмен жұмыс жасағанда абай болу

Сергіту сәтінде би қимылдарын жасағанда абай болу.



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақтың уақыттың кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
8907
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12