жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өсімдіктер тіршілік көзі 9-сынып
Кіріспе
|
Өсімдік – тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды. Шынында да, хадистер айтқандай, өсімдіктер бар болғандықтан «Дүние – жап-жасыл және әдемі».
|
|
|
Мен ғылыми зерттеу жұмысы барысында өсімдіктердің табиғатқа және адам өміріндегі маңызы туралы зерттей отырып, өсімдіктердің адам өмірінде үлкен рөл атқаратынын және пайдасы бар екенін зерттедім.
Дайын дәріні сатып алмай жергілікті жердің өсімдігімен емдеуге болатынын үйрене отырып, өз ауылымның байлығын ұқыпты пайдалануға үйрендім.
Осы дәрілік өсімдіктердің ішінде өз ауылымда және мектебімде өсетін: адыраспан, бақбақ, жалбыз, шырмауық, асқабақ, тұт, түймедақ, жантақ т.б. өсімдіктер.
Жеріміз өсімдіктер түрлеріне өте бай. Өсімдіктердің қасиеті – кейбірінің жапырағында, ал кейбіреулерінің тамыры немесе тұқымындарында болатыны анықталды. Қазақ халқы ежелден-ақ өсімдіктердің дәрілік қасиеттерін білген. Жанға шипа, дертке дауа емнің бәрі өсімдіктерден алынады. Тағамдық өсімдіктердің шипалық сырына анағұрлым терең қарау, олардың химиялық құрамын ғылымның бүгінгі жетістіктері деңгейінде анықтап беру. Жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.
Қазақстанның өзінде ғана әртүрлі дәрілер дайындалатын өсімдіктердің саны жүзден асады.
Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жератмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді.
Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.
Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі. Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", "көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор.
Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішінде балдырлардың 2 мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам жәнесаңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасындағана осындай 165—170 түрлі эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор.
Өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Топырақ өсімдіктері – бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ құнарлылығын көтеруде маңызды роль атқарады.
Жер асты өсімдіктері бактериялар түрунде кездеседі және 3км тереңдікте болады.
Жер беті өсімдіктерінің 500 мыңдай түрі кездеседі.Олардың көпшілігін адам баласы пайдаланады және өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль атқарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау – басты міндеттің бірі.
Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші көзі.
Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез – күрделі биологиялық процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті – хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осының натижесінде мол органикалық қосылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің иэнергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдырады.
Бұл қүралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара –пар.
Шамамен алғанда құрылықтың өсімдіктер қабаты жыл сайын 20-30, млрд т. көміртегін пайдаланады.
300 жылдың ішінде өсімдіктер жұтатын көміртегі мөлшері атмосферада және суларда болатын көміртегіне тең. Жер шарының өсімдіктері жыл сайын фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т органикалыө заттар құрады. Олардың 122 млрд тоннасы құрлық өсімдіктері үлесіне, 55 млрд тоннасы – мұхиттағы өсімдіктер үлесіне тиеді.
Жыл ішіндегі фотосинтез өнімінің химиялық энергиясы дүние жүзіндегі электростанциялардың қуатынан 100 есе асып түседі.
Фотосинтез миллиардтаған жылдар ішінде жүзеге асып келеді. Бұл уақыт ішінде көптеген органикалық заттар жиынтықталды, олардың бірқатары мұнай, жанатын газ, тас көмір, торф т.б. Көмір, мұнай күйінде кездесетін көміртегінің өзі барлық тірі организмдерде кездесетін көміртегінен 50 есе көп .
Өсімдіктер құрамына кіретін химиялық элементтер де көп. Бұған қосымша өсімдіктердің табиғатқа, адам өөміріне, өндіргіш күштердің дамуына тигізетін пайдалы әсерін ескерсек, өсімдіктерсіз өмір жоқ деген қорытырнды жасауға болады.
Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы зор. Ол әр түрлі тамақтық өнімдердің, техникалық және дәрілік шикізаттың, құрылыс материалдарын өндірудің негізгі көзі. Жерді күшті су ағыстарын қорғайды, құнарлы жерлерді құм басудан сақтайды. Өсімдік адам баласына психогигиеналық әсер етеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
Осы ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты жалпы өсімдіктердің түрлерін, адам өміріндегі маңызын, дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.
Өсімдіктердің табиғатта – ауаны тазартуы, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, тағамдық, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады.
- ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау
- өсімдіктердің өсірілуі, мерзімінің және мөлшерінің оның өнгіштігіне және көшеттерінің өсірілуі.
- өскіндердің биологиясын және морфологиясын анықтау.
- өсімдіктердің өсуінің ерекшеліктерін анықтау.
- өсімдіктің қоршаған ортаның әртүрлі кері әсерлеріне төзімділігін анықтау.
- өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.
Жұмыстың өзектілігі: Табиғат – адамзат атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы, өсіп-өнер мекені. «Табиғатым – тағдырым» деп халық айтқандай, біте қайнасып жатқан табиғат туындыларын бір-бірінен бөліп тастап байланысын бұзу қателікке әкеп соғары сөзсіз. Туған табиғатымыздың құрамдас бір бөлігі - өсімдік. Өсімдік – табиғаттың тірі перзенті. Жас ұрпақтың көзге көрінбес бір қызметі үшін ата-бабаларымыз «өркенің өссін» деп ризашылығын білдіріп бата берген. Бұл екі сөздің философиялық, тәрбиелік мәні өте зор. Халықтың даналығынан шыққан «өркен» деген сөз бойында бүршігі, жапырағы бар өсімдікті білдіреді. Өркен өсіп, дамып, бұтақтанып үлкен бәйтерекке айналғаны сияқты үлкейіп, бала-шағаң көбейіп, өміріңді жалғастырсын дегенді меңзейді. Сондай-ақ бұл бата адам баласы мен өсімдік арасындағы қарым-қатынастың тамыры тереңде жатқандығын көрсетіп тұр.
Өсімдік – табиғат қазынасы, халықтың байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Себебі өсімдік – тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі организмдер пайдаланады.
Адамдар мен жануарлардың тыныс алуы үшін оттегі қажет. Жылына бір адам тыныс алуы үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтындығын ғалымдар анықтап отыр. Өсімдіктер оттегін ауа қабытына бөліп шығарады. Біздің ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тоннадан артық оттегін бөледі. Жасыл желектер ауаны шаң мен улы газдардан тазартады. Өсімдіктер ауаға ауру туғызатын микроорганизмдерді жоятын ерекше ұшқыш зат бөліп шығарады. Бұл заттарды, әсіресе, қарағайлы ормандардан сезуге болады.
Өсімдіктер климатты жақсартады: ауаны салқындатады, қатты желге тосқауыл болады, аптап ыстықты қайтарады, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді. Сондықтан ауылшаруашылық өсімдіктерін қатты аңызақ желден, құрғақшылықтан сақтау, қар тоқтату, жыралар мен тау беткейлеріндегі топырақты бекіту үшін орман алқаптарын пайдаланады. Топырақ түзуде де өсімдіктер маңызы орын алады: топырақты қарашірікпен байытады.
«Ағаштарға қарасам дем аламын,
Ағаштардан тазалық таба аламын.
Алыстағы теңіздің демін сезіп,
Самғағанын көремін шағаланың»
Жинақтай айтқанда, өсімдіктердің табиғаттағы маңызы төмендегіше:
1. Өсімдік фотосинтез процесі кезінде жарықта көмірқышқыл газы мен су буынан органикалық зат - крахмал түзіп, ауаға оттегін бөліп шығарады.
2. Өсімдік – түрлі тірі организмдерге мекен жай.
3. Өсімдік – түрлі жан-жануарларға қорек.
4. Өсімдік – машиналардан шыққан шуды бәсеңдетеді.
5. Өндіріс орындарынан шыққан улы газдарды өзіне сіңіреді.
6. Өсімдіктер – зиянды микробтарды өлтіретін ұшқыш зат бөледі.
7. Топырақтың құрылымын жақсартып құнарландырады.
Зеттеудің әдістемесі
Мектепте немесе ауылымда өсетін өсімдіктермен танысып, мәліметтерді жинақтап, тәжірибе жүргізу.
Зерттеудің теориялығы және практикалығы: Зерттейтін өсімдігім ауылымда өсетін адыраспан жөнінде мектеп кітапханасынан, ғаламтордан мәліметтер жинақтау
Бақылайтыным: Өсімдіктің жиі кездесетінін анықтау. Өсімдікті фотосуретке түсіріп, оның шығу тегін, адам үшін пайдасы жөнінде мәліметтер жинақтау.
II. Негізгі бөлім
Флора туралы жалпы мәлімет
Флора (латынша flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, Солтүстік жарты шардың қоңыржай салқын аймағының флорада тал, қияқөлең, қоңырбас, сарғалдақ, т.б., ал қылқан жапырақтылардан: қарағай, кипарис, т.б. тән болса, өсімдіктер бірлестігінде — тундралық, тайгалық, далалық, т.б. өсімдіктер қауымдастығы кең тараған. Флораның тарихи дамуы түр түзілу процестерімен, бір түрді екінші түрдің ығыстыруымен, өсімдіктердің миграциясымен және түрлердің жойылуымен тығыз байланысты.
Әр Флораның өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар. Оған: Флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (Флораның байлығы), жасы, автохондық және эндемизм деңгейі, т.б. жатады. Флораның өзара айырмашылығы ең алдымен әр өңірдің геология тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының құнарлылығына байланысты. Аумақтық деңгейіне қарай: Жер Флорасы (500 мыңға жуық түр, оның ішінде 330 мыңға жуығы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер: гүлді өсімдіктер, ашық тұқымдылар, споралылар), жекелеген құрлықтар мен олардың бөліктерінің Флорасы, аралдық Флолалар, тау жүйелерінің Флорасы, сондай-ақ мемлекеттер мен жекелеген әкімшілік аудандардың Флорасы болып ажыратылады. Сонымен қатар, жекеленген жүйелік Флора, топтардың Флорасы, т.б. бар. Мыс., балдырлар Флорасы, мүктер Флорасы, т.б.
Флораны зерттейтін ғылым саласы — флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан басталады. География таралуына ұқсас түрлер Флораның географиялық элементін (геоэлемент) құрайды, кейбір зерттеушілер геоэлемент терминінің орнына ареалдар типі (тропик., бореалдық, голарктик., палеоарктик., т.б.) деген атауды қолданады. Шығу тегі ұқсас түрлердің тобы Флораның генет. элементтері не генет. қатпарлары деп аталады. Теор. тұрғыдан алғанда кез келген Флора. 4 генет. қатпарлардан тұрады: f1 — реликтер (мыс., гинкго); f2 — Флораның ежелгі ядросы, өткен геология дәуірлерден осы аумақта өсетін, қазіргі табиғи жағдайлармен үйлесімді түрлер; f3 — мигранттар (шығу тегі бойынша басқа өңірлерде пайда болып, осы аумаққа әр түрлі себептермен көшіп келген түрлер); f4 — автохтонды жаңа құрылымдар (ежелгі жерінде пайда болған жаңа түрлер). Кез келген Ф-ны F=f1+f2+f3+f4 деп кескіндеуге болады. Осы генет. қатпарлардың арақатынасына қарай: реликті Ф. (F=f1), миграц. Ф. (F=f3), эндемиктік Ф. (F=f4), т.б. бөлуге болады.
Пайда болу орны мен таралуының тарихи жолдары жақын түрлерді де кейбір ғалымдар генет. элементтерге жатқызады. Кейде мұның география-генетикалық элементтер (мыс., ортаазиялық, шығыс-сібірлік, сарыарқалық, т.б.) деп те атайды. Қазіргі Флораның шығу тегі мен таралуын білу үшін өткен геол. дәуірлер мен кезеңдердің Флорасын зерттеу маңызды болып саналады. Мыс., Гренландияның, Шпицбергеннің қазба Флорасын (троходендроидес, емен, жаңғақ, терек, ал қылқан жапырақтылардан — таксодиум, т.б.) зерттеу нәтижесінде қазіргі Арктиканың аумағындағы палеогендік Флора. арктик. болмай, қоңыржай-субтропик. болғанын көруге болады. Өсу ортасы ұқсас түрлердің тобы Флораның экология элементін құраса, тіршілік формалары бойынша ұқсас түрлер Флораның биол. элементтері болып табылады.
Өсімдіктер әлемін қорғау
Жер бетінде тек жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі өседі.
Өсімдіктер дүниесі-нағыз тіршілік атауларының тірегі. Ол өлі табиғат пен тірі табиғат аралығындағы дәнекер, яғни органикалық емес заттарды адам мен хайуанаттар қабылдай алатындай етіп, бойына түрлі микроэлементтерді, витаминдерді және басқа тіршілік негізіне қажетті заттарды жинақтайды.
Сонымен қатар жасыл өсімдіктердің басты ролі-табиғатты СО2-дан арылтып, оны О2-мен байытып отыруында, яғни ұлы ғалым К.А.Тимирязевтің сөзімен айтқанда О2 фабрикасы міндетін атқарады.
Өсімдіктің міндеті мұнымен ғана шектеліп қоймайды. Олар топырақ құнарлығын арттырып, оны N2-мен байытады, әрі ең бастысы адамның күнделікті өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Айталық, дастарханда қойылатын нан мен киетін киімге дейін осы өсімдіктің дүниесінен алынады.
Бүгінде адам баласы өзінің қажетіне өсімдіктің 2.5 мың түрін пайдаланатын болса, соның мыңға жуығы мәдени түрде өсірілетін өсімдіктер.
Пайдалы деген жабайы өсімдіктерді, практикалық маңызына қарай мынадай топтарға бөлуге болып:
1. Ағаш беретін сүректі өсімдіктер /отын, баға, тал, тіреу ағаш материалдары, фанера т.б./.
2. Өндіріс салалары мен медицинада түрлі заттар алу үшін пайдалантын өсімдіктер.
3. Тағамдық заттар беретін өсімдік /консервілеуге/.
4. Мал азығы ретінде пайдалантын өсімдіктер.
5. Көгалдандыру мен безендендіру мақсатында және эрозиядан қорғау үшін пайдалантын өсімдіктер.
6. Өзіндік ерекшелігімен қасиетіне байланысты комплекстік түрде пайдалантын өсімдіктер.
Үрі арша алқабы шығаратын фитонцидтермен үлкен бір қаланың барлық көшелерін микробтарын тазартуға болатындығын анықталған.
Жасыл өсімдіктер жер бетіне біркелкі таралмаған, олар түрімен қоры жағынан бір-біріне табиғат белдеулері бойынша ажыратылады.
Бүгінде Республика территориясында өсімдіктердің 5 600 түрі өсетіндігі белгілі, оның 758 түрі қазақ топырағында ғана өсетін эндемик өсімдіктер.
Сонымен қатар, өлкемізде сонау ертедегі дәуірлерден бері жойылып кетпей, бізге жеткен, яғни реликті өсімдіктердің көптеген түрлері де өседі. Мәселен, ¬аратауда реликті тобылғасы, Шу-Үлетауында, Жетісу инкавиллиясы өседі.
Республика территориясында мал азығына жарамды 400 ге жуық өсімдік өскен көк майса шалғынды жайлымдықтар мен шабындықтар да баршылық. Сол сияқты шипалы өсімдіктердің түрлері 500ге таяу.Қазіргі медицина өнеркәсібінде соның тек 30дан астамы ғана пайдаланылады. Дермене, қылша, қырық буын, қара аңыз киік оты, шайқурай сиқяты дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс. Жылдан-жылға артып отыр.
Керісінше, Республика территориясында сирек кездесетін өсімдіктердің 306 түрі өсетін болса, оның 20сы жойылып кету қауіпі бар.
Қазіргі кезде өсімдіктердің дүниесінен 20 мыңға жуық түрлі заттар алынады газ балансына ықпал етіп жер үсті және жер асты суларынан деңгейін реттейді, топырақ қабатын түзіп қалыптастырады, оны шайылудан, жел ықпалынан қорғайды.
Орман 1 жыл ішінде ауаға 3 тоннаға дейін О2 бөліп шығаратындығы есептелінген. Сол себепті де ормандар планетамыздың ”өкпесі” деп аталуы да тегін емес.
ªалымдар 1 га самырсын орманның 32 тоннадай түрлі шаң-тозаңдарды тұтып қалатындығының анықтаған. ¬арағаш терекке қарағанда шаңды 6 есе көп мөлшерде ұстап қалатын. Шаң сорғыш мықты қондырғының өзі 97%ке ғана тазарта алады екен.
Көптеген орман ағаштары /арша, самырсын, шырша/қарағай, емен, терек ағаштары/ ауаға түрлі зиянды микроорганизмдерді жоятын заттарды фитоциатарды бөліп шығарады.
Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Жасыл өсімдіктер әлемі жылына 450 млрд.тоннадай органикалық зат түзеді. Демек, жасыл өсімдік-күнмен тіршіліктің арасындағы дәнекер, яғни тұңғыш рет К.А.Тимерязев қалыптастырған өсімдіктің қосылыстық маңызы осында.
1. Жасыл өсімдіктер амосфералық ауаны бүкіл тіршіліктің тыныс алуына қажетті оттегімен қамтамасыз етеді.
2. Жасыл өсімдіктер тіршілігінің нәтижесінде анорганикалық заттар мен судан, бүкіл өсімдіктер, жануарлар мен адамдар керекке пайдаланатын, орасан мол органикалық зат қоры түзіледі.
3. Жасыл өсімдіктерде түзілген органикалық заттарда, күн сәулесінің энергиясы жинақталады. Соның нәтижесінде, әлемде тіршіліктің дамуына және адамның өндірістік қажетіне қолданылатын энергия қоры жинақталады. (Мысалы, көмір мұнай, торф және т.б.).
Атмосфераны оттегімен толықтыру жасыл өсімдіктерде жүреді.
Өсімдік адамдар тыныс алатын оттегімен ғана емес, оны тіршілігіне қажетті өнімдермен де (крахмал, қант, белок, май, антибиотик, ағаш, дәрі-дәрмек, витаминдер және т.б.) қамтамасыз етеді.
Барлық минералды заттардың айналымы әлемдегі тіршіліктің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етеді. Осы процессте өсімдік басты роль атқарады. Жасыл өсімдіктер әлемі биосферадағы тіршілікті, жалпы газ алмасуды және жердегі су балансын реттеуде басқарушы орын алады. Ол климаттың және топырақтың қалыптасуына, жануарлар тіршілігінің дамуына белсенді әсерін тигізеді.
Зат алмасудың негізін құрайтын химиялық құбылыстар 2 топқа бөлінеді: ассимиляция және диссимиляция.
Ассимиляция (лат.сіңіру, игеру) сыртқы ортадан қоректік заттарды сіңіру барысында, жай құрамды қосындылардан организмде күрделі заттардың есептелуі. Энергия сіңіріледі.
Диссимляция (лат.ұқсамайтын) зат алмасудың кейбір соңғы өнімдерін организмнің сыртқы ортаға бөліп шығаруы және олардың күрделі құрамдардан жай қосындыларға бөлшектенуі. Энергия бөлінеді. Осы 2 қарама-қарсы процестер тек өсімдіктер қатысуымен жүзеге асады.
Қорғау шаралары:
1. Қорықтар Ұйымдастыру
2. Ұлттық бақтар Ұйымдастыру
3. Қызыл кітапқа енгізу
4. Зерттеу, бақылау орталықтарын көптеп ашу
5. Заңды түрде қорғау
Өсімдікті қорғау жолдары
Өсімдіктер қоры таусылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады.
Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небары 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес. Ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсі үшін 100-150 жыл керек.
Біздің ормандарымызда дыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де, 460 млн га кесіледі.
Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отырылуы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда ғана қайталанып отырылуы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне мүмкіндік бермейді. Кесілген ағаштың 1/3 табиғи жолмен қалпына келеді, ал қалғанын адамдар өз күшімен отырғызуы керек. Өкінішке орай, тәжірибеде ол жүзеге аса бермейді.
Жердің ландшафтын сақтауда, жер эрозиясын болдырмауда, топырақтың құрылымын жақсартуда орман басты роль атқарады.Орманың пайдасы тек қана шаңды тұтуда, көміртегі газын жұтуда емес, сонымен қатар атмосфераға фитоцидтады бөлуде. Мысалы, бір гектар можжевельник тәлік ішінде 30 кг га дейін фитоцид бөледі.
Өсімдіктердің түр-тұқым құрамдарын зерттеу әдістері
Көбею туралы жалпы түсінік. Барлық тірі организмдер сияқты өсімдіктерге де қоректену, тыныс алу, қимыл, тітіркену, өсу, даму және көбею сияқты қасиеттер тән. Бұл қасиеттер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Осының ішінде көбею өзінің биологиялық мәні тұрғысынан басқа қасиеттерден ерекше. Өйткені көбею кезінде негізінен аналық особьке ұқсас жаңа организмдер пайда болады.
Көбею — тірі организмнің жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталып, табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Көбею барысында өсімдіктердің кейбір түрлерінде особь сандарының артып, өз ортасында кең таралып, жаңа кеңістіктерді қамтиды. Бұл прогрессивті түрлерге тән. Ал кейбіреулерінде особь саны тұрақты, олардың таралу кеңістігі, ареалы көлемін ұлғайтпайды не кемітпейді.
Өсімдіктердің келесі бір түрлерін особь сандары, соған сәйкес олардың таралу кеңістігі үнемі кеміп отырады. Бұл регрессивті түрлерге тән. Бұлар табиғи түрінде жойылып кетеді.
Көбеюдің үш кейпін ажыратады. Олар: жынысты көбею, жыныссыз көбею және вегетативтік көбею. Жынысты көбею кезінде жаңа организм әр түрлі жыныс жасушаларының қосылуынан пайда болады. Жыныссыз көбеюде жаңа организм жыныс тұрғысынан жіктеле қоймаған бір жасушаның өзінен жетіледі. Вегетативтік көбеюде жаңа организмге бастаманы вегетативтік мүшелер, олардың бөліктері және түр өзгерістері (метаморфоз) береді.
ВЕГЕТАТИВТІК ЖОЛМЕН КӨБЕЮ
Вегетативтік көбею деп вегетативтік денеден тіршілікке қабілетті бөліктер бөліну арқылы түрдің жеке санының артуын айтамыз. Вегетативтік көбею алуан түрлі және өсімдіктердің барлық топтарында кең таралған. Бір жасушалы балдырлар мен бактерияларда вегетативтік көбею жасушаларының екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Колониалды балдырларда, олардың жасушаларының вегетативті көбеюінен жас колониялар пайда болады.
Қыналар, денесінің арнаулы бөліктері — соредийлері, кейде сирек изидийлері, ал бауыр мүктері өнімтал бүршіктері арқылы көбейеді. Өсімдіктердің вегетативтік көбеюі оның регенерациялық қабілетіне негізделген. Регенерация (латынша «регенерацио» — жандану, қалпына келу) — өсімдік денесінде жетіспейтін мүшелердің немесе тұтас өсімдіктің өсімдік денесінің жеке бөліктерінен, тіпті жеке вегетативті жасушасынан қайта қалпына келуі. Көптеген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде өсімдіктердің регенарация қабілетінің өте жоғары болатынын байқаған. Мысалы, жасаңшөп жапырақ эпидермасының бір жасушасынан тұтас өсімдік, сол сияқты көптеген өсімдік топтарының гүл табанынан, гүл желегінен, аталығынан тұтас өсімдіктер өсірілетіні белгілі.
Вегетативтік көбею кезінде аналық өсімдіктен пайда болған жас особьтар жиынтығы клон деп аталады. Гүлді өсімдіктерде клонда тамырсабақтың бұтақталған ескі бөліктерінің біртіңдеп бұзылуынан, каудекс, кіндік тамырдың партикулдануынан, сол сияқты жер беті және жер асты столондарының ұшындағы түйнектер мен жуашықтардан жас өсімдіктер бастамасы ретінде жетіледі. Вегетативтік көбею табиғатта өздігінен жүретін табиғи және адамның қатынасуымен жүзеге асатын — жасанды деп екіге бөледі. Бұл екеуінің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Өйткені табиғи вегетативтік көбею өсімдіктердің регенерациялық қасиетіне, ал екіншісі түрлі әдістерді қолдану арқылы қолдан вегетативтік көбейтуге негізделген.
Жоғары сатыдағы сабақты-жапырақты өсімдіктер тамыр атпалары, тамыр сабақтары, мұртшалар, желілері (көген сабақтары), түйнектері, столондары, жуашықтары, өнімтал бүршіктері арқылы табиғи вегетативтік жолмен көбейеді.
Көптеген сүректі өсімдіктер және біраз шөптесін өсімдіктердің кейбіреуі тамыр атпалары (тамырдың эндогенді қосалқы бүршіктерінен өскен жас өркеңдер) арқылы көбейеді. Эндогенді бүршіктер жанама тамырлар сияқты жетіледі. Қосалқы бүршіктерден өсіп шыққан жас өркендер көбейіп, тез тарайды. Мәдени түрінде мұндай өсімдіктер тамыр атпалары арқылы көбейтіледі. Тамыр атпалары арқылы көптеген сүйекті жемістер — қара өрік, шие, алма, сол сияқты терек, тал, көк терек, қандағаш, жөке, ақ қараған, серігүл, сиыр бүлдірген көбейеді. Шөптесін өсімдіктерден — сүттіген, шырмауық, бақбақ, желкек, қалуен т.б.
Тамыр сабақтары арқылы көбею негізінен көп жылдық шөптесін өсімдіктерге тән. Тамырсабақты өсімдіктерге: жыланқияқ, папоротник, селеу, қамыс, қоңырбас, кияқ, жатаған бидайық, адыраспан т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың жер астындағы өркендерінің буыны және буын аралықтары бар. Буындағы бүршіктерден жас өркендер өсіп, вегетативтік көбеюді қамтамасыз етеді. Қысқарған тамырсабақтарда бүршіктер жиі орналасады да, олардың жер бетіңдегі өркендері де жиі шоқтанып жатады, ұзарған тамырсабақтарда бүршіктер сирек орналасады, сондықтан олардың жер бетіңдегі өркендері де сирек. Ұзарған тамырсабақты өсімдіктер жан-жаққа тарамданып, тез арада жайылып өседі.
Көптеген жатаған өсімдіктер мұртшалары арқылы, ал төселмелі сабақты өсімдіктер желілері арқылы көбейеді. Жатаған өсімдіктерге ақ бас беде, қой бүлдірген, қазтабан, жатаған, сарғалдақ, тас бүлдірген т.б. жатады.
Жатаған өркеннің топырақпен жанасқан буынынан қосалқы тамыр жетіліп, осы жердегі жапырақтың қолтық бүршігінен жас өркен шығып, көбеюін жалғастырады. Жатаған өркендердің буын аралықтары өліп, жас өсімдік пен аналық өсімдіктің байланысы үзіледі. Жас өсімдік те, аналық өсімдік те өз алдына жоғарыдағыдай көбею жолын қайталайды, яғни әрқайсысынан жаңа мұртшалар — жатаған өркендер жетіледі.
Қолдан вегетативтік көбейту. Қолдан вегетативтік көбейту ерте заманнан қолданылып келе жатқан әдіс. Қолдан вегетативтік көбейтудің бірнеше жолы бар. Соның бірі — телу әдісі.
Телу дегеніміз бір өсімдіктің бүршікті бөлігін екінші өсімдіктің денесіне ұластыру. Телуді кейде трансплантация деп те атайды. Өз тамырыңда өсіп тұрған өсімдікті телітуші (подвой) деп, ал оған әкеліп ұластырылатын бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды.
Телу үшін өсімдіктер таңдап алынады да бірнеше мынадай талаптар орыңдалуы қажет: телінушінің өткен жылдары жаппай гүлдеп, мол жеміс берген, ауруға шалдықпаған сау бұтақтары алынады, телітушінің тамыр жүйесі жақсы жетілуі, телінушіден шыққан өркендерді қоректі затпен қамтамасыз ете алатындай қуатты болуы керек; ауруға шыдамды, ортаның қолайсыз әсеріне төтеп берерліктей болуы қажет.
Осындай шарттар орындалғаңда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады, Мысалы, жеміс-жидекті өсімдіктерден жүзімді алайық. Оның аса қауіпті ауруы — филлоксера. Жүзімнің өнімін төмендетіп жіберетін осы дерт. Ғалымдар мәдени жүзімнің сорттарын жабайы жүзімге телу арқылы бұл аурудан құтқарды. Өйткені жабайы жүзім тамыры филлоксера ауруына төтеп бере алады. Сол сияқты раушан гүлін итмұрынға теліп телітушінің хош иісті, әсем гүлдерін алуға болады. Осы қасиеттеріне бола негізінде ғалымдар лимон, мандарин, алхоры, алманың мәдени сорттарын өзді-өзінің жабайы түріне теліп олардың жаңа сорттарын алды.
Компоненттер бір-біріне тез ұласуы үшін телінуші мен телітушінің түзуші ұлпасы — камбий, тағы басқа аттас ұлпалары бір-бірімен сәйкес келуі қажет. Компоненттердің арасындағы енген жасушалардан пайда болған қабат біртіндеп айналасындағы тірі жасушаларға сіңіп кетуі, телінетін екі өсімдік жүйелілік тегі жағынан бір-біріне жақын болуы керек. Алшақ болса, оңайлықпен теліне қоймайды және күткен нәтижені бермейді. Мысалы, екі тұқымдасқа жататын өсімдіктерге қарағанда бір туыстың екі түрі өзара тез ұласады.
Кейбір өсімдіктерді тамырының метаморфоздануынан пайда болған тамыр түйнектерінен көбейтеді. Мәселен, гүлді өсімдік нарғызгүлдің жанама тамырлары түйнекке айналған. Әсемдік үшін отырғызылатын жуашықты өсімдіктердің (лалагүл, қызғалдақ, нарцисс, сүмбіл, амарилис т.б.) пиязшықтары вегетациясының соңында баданалар береді. Бұл баданаларды 3-5 айдан соң қайта отырғызса. 4-5 жылдан соң қайтадан жетіліп жас өсімдік өседі.
Кейбір пиязшылықты өсімдіктерді түрі өзгерген жапырақтары — қабыршақтары арқылы көбейтуге болады. Мысалы, лалагүлін қабыршағы арқылы көбейтерде баданасының сыртқы қабыршақтарын сындырын алып, оның түп жағын құмға көміп қояды. Бір жылдан соң қабыршақты құмнан шығарып алады да қайта өсіре бастайды. Сонда бұл қабыршақтар 3-4 жылдан соң гүлдейді.
Түбін ажыратып көбейту — түптеніп өсетін өсімдіктердің тамырлары бар сабақтарын бір-бірінен ажыратып өсіру. Түбін ажыратып көбейтудің селекция жұмысында мәні зор. Жеке-жеке тамырлы сабақтарды көбейту арқылы бағалы сорттардың тұқымын алуға брлады.
Тамыр атпаларынан көбейту - тамырдағы қосалқы бүршіктерден жер бетіне өсіп шыққан өркендерді аналық өсімдіктерден бөліп алып өсіру. Бұл түбін ажыратып көбейтуге ұқсас, айырмашылығы өз тамырында өсіп тұрған аналық өсімдікті орнынан қозғамай тамыр атпаларынан өсіп шыққан жас өркенді бөліп алып өсіреді. Таңқурай, алхоры, шие, қара бүлдірген, мойыл, терек т.б. өсімдіктерді осы жолмен көбейтуге болады.
4. Негізгі дәрілік өсімдіктерге сипаттама
Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер: белок, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Әдетте өсімдіктердің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде қолданылады.
1. Жолжелкен – ірі жапырақты, екі жылдық өсімдік. Мамыр, маусым айында гүлдеп қыркүйек, қазан айларында піседі. Батпақты, сазды жерде көп өседі. Жолжелкеннің құрамында әртүрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар көп болғандықтан одан жасалған дәріні көптеген ауруларға қолданады.Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, қан қақырғанда ішедіОның жапырағын бозөкпе, созылмалы бронхит ауруларына қолданылады.
2. Жантақ - Қазақстанда кең таралған өсімдік. Шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі. Бұл әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді өсімдік. Күлте күлгін қызыл түсті, гүлдері жұқа тікеніктерге орналасқан. Гүлдеп тұрған шіліктер бал өндірудің бағалы көзі болып табылады. Жантақ – құмда, сортаң жерде өсетін көпжылдық өсімдік. Бойы 40-50см.
Сабағы тік өседі, гүлі қызыл. Қыркүйек, қазан айларында гүлдейді. Созылмалы гастритке, асқазанға, тік ішектің жарасына, геморойға қарсы қолданылады.
3. Бақ-бақ - орман ішінде өзен, арықтың жағаларында өсетін көпжылдық өсімдік. Сап-сары болып сәуір айында гүл ашады. Өт-несеп жолдарын тазартуға, қақырық түсіруге, қуық, бүйрек қатты түйіліп ауырған жерді басуға қолданылады.
4. Қызылмия – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Бау-бақша арасында, өзен мен арық жағаларында көп кездеседі. Қызылмияны Әбу-Әли Ибн Сина – Орта Азияның «женьщені» деп атаған. Қызылмия шілде, тамыз айларында гүлдейді. Мұны гастрит, қуық, бүйрек ауруларына, өкпенің қабынуына қолданылады.
5. Асқабақ – күй талғамайтын бау-бақшаның бәрінде өсе беретін біржылдық өсімдік. Жапырағы ірі, гүлі сары. Асқабақтың ұрығын ұнтақтап, қара мейізге қосып, келіде жаншып ішінде глистасы бар балаға 4-рет жегізсе іштегі құртты айдап шығады. Асқабақ сабағын суға қайнатып, ішсе несепті жүргізеді. Бүйрек пен жүректің ісініп, ауырғанын қайтарады. Өсімдік мамыр – шілдеде гүлдеп, дәні қыркүйек-қазан айларында піседі.
6. Адыраспан - кіндік тамырлы көпжылдық шөп тектес өсімдік. Адыраспанның дәрілік қасиеті ертеден белгілі. Адыраспаннан дәрі жасау үшін сабағын гүлдеген кезде орып алып, дәнін күзде жинайды. Адыраспанды нерв жүйесінің түрлі ауруларына емдеуге, аяқ, тері, қышыма, қотыр ауруларына қарсы қолданылады.
7. Шырмауық - көпжылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы жерге жайылып, басқа өсімдіктерді орап ұзарып өсе береді.Маусым-қыркүйек айларында ақ, көгілдір, қызғылт гүл ашады. Шырмауықтың кепкен ұнтағын сүтке салып ішсе, өкпені тазалап, созылмалы жөтелді кетіреді. Кепкен ұнтағын жараға, ауырған жерге тартса жақсы ем болады.
8. Тұт - субтропиктік өсімдік. Тұт ағашының жіңішке тамырын қазып, өзегімен кептіреді. Оны ұнтақтап суға салып қайнатып, ауызды шайса тіс түбінен аққан қанды тоқтатып, босаған тісті бекітеді. Сол сияқты өт жолының қабынуын, бүйрек, көкбауырдың жұмысын жақсартады.
9. Жалбыз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Оның түрлері көп. Қазақстанда оның 2 түрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Өзен мен көл жағалауларында өседі, тау баурайларында, шабындықтарды, бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына керекті заттар көп. Қазір ол шөпті көп жерлерде қолдан өсіріп дайындауда.
Осы дәрілік өсімдіктердің ішінде жалбыз өсімдігіне тоқталсам. Анамның айтуынша, кішкентай кезімде денсаулығым сыр бергенде осы жалбыз шөбін қолданып мені емдеген екен. Осы өсімдіктің дәрілік қасиеті туралы қысқаша тоқтала кетсем.
Жалбыз (мята) шөбінің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан білген. Жүздеген ауруға ем деп айтады.
Көктемде қара жалбызды теріп алып, кептіріп, ұнтақтайды. Осының 2 ас қасығын 0,5 кг балға араластырып жейді. Күніне 1 шай қасықпен 3 рет 2 ай ішсе, жүрек ауруына бірден-бір ем. Сондай-ақ, бүйрек, бауыр, өт қабынуы ауруларына пайдаланады.
Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары май қосып қабылдаса, демікпе дертіне, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Жөтелгенді тияды, қарлығып шығатын дауысты ашады.
Терлегіш адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып, демдеп, түнге қарай жарты стаканын ішсе, ал шуашы бар адамдар сол суға 3 рет аяғын жуып жүрсе, сырқатынан жазылады.
Бойға күш-қуат беретін қасиеті бар, қуық-несеп жолдарының қабынуын жазады.Сонымен қатар, жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып, өкпе туберкулезіне де қолдануда.
Жарақатқа, іріңді сыздауыққа, қотырға жалбыз тұнбасын жағып, таңып тастаса, тез жазылады.
Адыраспан
Адыраспан гүлі Ғылыми топтастыруы Дүниесі: Plantae Бөлімі: Magnoliophyta Табы: Magnoliopsida Сабы: Sapindales Тұқымдасы: Түйетабандар тұқымдасы Тегі: Peganum Түрі: P. Harmala
|
|
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік.
Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.
Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды.
Емдік қасиеті
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін алады. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. |
|
Өсімдіктің
химиялық құрамына көз жүгіртсек:
адыраспанның тұқымында 3,5-6 пайыз
алкалойд, Тамырында -3,3 пайыз, сабағында
-3,5 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде
– 1,08 пайыз, тұқымында 2,38 пайыз алкалоидты
заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас
өсімдіктің тамырындағы алкалоидты
заттың мөлшері 2 есе көп келеді.Фармакологияда
адыраспан шөбінен жасалған дәрілер
қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту,
тер шығару, ішек құрттарын өлтіру,
орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін
қолданылады. Ал адыраспан шөбінен қолдан
дайындалған тұнбаларды емшілер бұдан
да басқа алуан түрлі науқастарды жазу
үшін пайдаланады. Айталық, адыраспан
тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін,
малярия, безгек, мерез ауруларын жазған.
Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен
ірі қара малдарының қотырын
емдеген.
Адыраспан
ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы
зиянкестермен күресте де орны ерекше.
Адыраспан халық ұғымында
Халқымыз
дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті
мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан»
деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз
сондықтан оны үйдің босағасына іліп
қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі
бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы
өсімдіктің түтінімен
үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды,
жаман адамдардың лас ниеттері мен
қарғыстарын шаңырақтан аластайтын
болған. Атам қазақ өзі аса киелі деп
білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен
жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң
сақтаған.Ол сонымен қатар ертеден бояғыш
зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан
негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды
бояйтын бояу алынады. Түркияда ерте
кезеңдерден-ақ адыраспаннан қызыл бояу
алып, оны пайдаланған.
Дәрілік өсімдіктердің құрамында болатын химиялық заттар
1. Алкалойдтар – азотты органикалық қосылыстар.Олар көбіне орталық нерв жүйесінің қызметіне әсер етеді.
2. Глюкозидтер – көмірсулар мен басқа органикалық затардан тұратын күрделі қосылыстар. Бұны көбіне жүрек ауруларына, іш жүргізетін, запыран айдайтын дәрі есебінде қолданылады.
3. Дәрумендер – адам организміне аса қажетті күрделі органикалық заттар.
4. Сапониндер – егер қан жолдарына түссе, қызыл қан түйіршіктерін білдіреді. Ас қорытуын жақсартады.
5. Каротин – организм үшін аса қажет А дәрумені.
6. Эфир майы – ұшпалы, сүйкімді органикалық қосылыс. Дәрілік мәні бар өсімдіктер қасиетіне қарай: қан тоқтатқыш, температураны төмендеткіш, тәбет ашушы, тері ауруларын жоюшы, нерв қызметін тынышталдырғыш болып бөлінеді.
Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
Ас – адамның арқауы. Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты. Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі осы өсімдіктерден алынады. Өсімдік – адам үшін азықтық қайнар көзі.
«Өсімдік жақсы өссе – адамдардың да тіршілігі жақсармақ, өсімдік солып қалса, адамға да қатер төнгені», «Сенің денеңнің қуаты - өсімдіктің шырынында». Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден белгілі. Дәрілердің барлығы дерлік өсімдіктерден алынады. Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина былай деп жазды:
«Дәрігерде үш қару бар. Олар: сөз, өсімдік және пышақ». Бұл қағида осы күнге дейін өз күшінде. Дәрілік өсімдіктерді халық «өмір шөбі» деп атайды, сонымен бірге – «әр аурудың өз шөбі бар» дейді. Осы айтылғандардан-ақ емдік қасиеті бар өсімдіктерді халық өте ерте заманнан–ақ қолдана бастағанын аңғаруға болады.
Өсімдіктен алынған дәрілер жүрек-қантамыр, жүйке жүйелері, бүйрек, бауыр, асқазан, тыныс жолдары ауруларына қолданылады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінің шипалық қасиеті бар. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерге күнделікті тұрмыста кездесіп жүрген: бақбақ, жолжелкен, итмұрын, мыңжапырақ, түймедақ т.б жатады.
Адам ағзасына әсер ететін дәрілік өсімдіктерді былайша топтастыруға болады.
|
Дәрілік өсімдіктер |
|
№ |
Емдік топтары |
Түрлері |
1. |
Жүрек-тамыр жүйесіне арналған |
долана, сасық шөп, қазоты, шүйін шөп (валериана), жалбыз |
2. |
Жарақатты жазатын және тері ауруларына арналған |
Жалбыз, түймедақ, жөке, қалақай, қырықбуын, арша, жолжелкен, мыңжапырақ |
3. |
Зәр айдайтындар |
қырықбуын, бидайық, арша, бақ-бақ, қайың, зығыр |
4. |
Өтке арналған |
шашыратқы, қырықбуын, шайқурай, мыңжапырақ, итмұрын, бидайық, қалақай, жалбыз |
5. |
Бауыр мен бүйректегі тасты ерітетіндер |
лобия, шоңайна, шашыратқы, қалақай, андыз |
6. |
Қақырық түсіретіндер |
емен, жөке, тал, өгейшөп, қызылмия, жолжелкен |
7. |
Паразит құрттарды түсіретіндер |
дермене, сарымсақ
|
8. |
Қант ауруын емдейтін |
топинамбур (жералмұрт), лобия
|
Қорытынды
Өсімдіктің табиғи байлықтары сарқылмайтын қазына емес, оларды орынды пайдаланып, қорғап отырғанда ғана ұзақ уақыт керекті заттарды алу мүмкіндігі туады. Адам баласы өзіне қажет болған қорек, ауа, киім, баспана, дәрі күнделікті өмірде пайдаланып жүрген ұсақ-түйек заттардың бәрін өсімдіктерден алатын болса, оны барынша аялап қорғай білу - әрбір адамның борышы.
Табиғат – адамзаттың материалдық және рухани талабын қанағаттандыратын байлықтың негізгі көзі, табиғи қорлар азайса, байлық та кемиді. Сондықтан бүгінде күн тәртібінде табиғат байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселесі тұр.
Өсімдіктер тіршіліктің тірегі әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалуды қорғау.
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген.
Осы жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытынды-сына сүйене отырып, алға қойған мақсаттарымызға жетеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г.С.Калинова, А.Н.Мягкова. Методика обучения биологии //М.: «Просвещение», 1989.
2. Ю.П.Лаптев. Рассказы о полезных растениях //М.: «Просвещение», 1982.
3. // Қазақстан мектебі, №11-12, 1992.
4. Биология. // «Атамұра», 2002.
5. //Биология, География, Химия, №11-12, 1999.
6. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том
7. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет.
8. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
9. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
10. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
11. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
12. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы А, 2010
Пікір
Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы» деп аталады.Оқушы бұл жұмысты 2015 оқу жылынан бері зерттеп келеді.
Жұмыстың мақсаты – дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшіліктерін сонымен бірге өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшіліктерін сонымен бірге өсімдіктертердің шипалығын кеңінен насихаттау.
Жұмыстың тәрбиелік мәні бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол.Өсімдіктердің табиғатта ауаны тазартуы, тағамдық, сәндік сонымен бірге емдік қасиеттері бар екенін толығырақ жан-жақты зерттелінуде.Тақырып мазмұнды тәлім тәрбиелік мәні зор.Оқушы ғылыми жұмысты газет, журнал, кітап, интернет желісі, көмекші әдебиеттер,ғылыми мақалалардан жинақтаған.
Оқушы бұл материалдарды сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалануға дайындады деп сенім білдіруге болады.
Алдағы уақытта оқушының бұл тақырыптағы зерттеуі жалғастырылып, оның түрлері суреттермен,материалдармен толыға түсеріне сеніміміз мол.
Жаратылыстану бірлестігінің жетекшісі: Ж. Саламатова
Мазмұны
Пікір
I. Кіріспе....................................................................................................................3
а) мақсаты:................................................................................................................7
б) міндеті: ................................................................................................................7
2.Жұмыстың өзектілігі ...........................................................................................7
3. Зерттеудің әдістемесі.........................................................................................9
II. Негізгі бөлім
1. Флора туралы жалпы мәлімет ..........................................................................10
2. Өсімдіктер әлемін қорғау...................................................................................12
3. Өсімдіктердің түр-тұқым құрамдарын зерттеу әдістері...................................17
4.Негізгі дәрілік өсімдіктерге сипаттама...........................................................22
5.Адыраспан............................................................................................................25
6.Дәрілік өсімдіктердің құрамында болатын химиялық заттар..........................27
7. Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы................................................28
8. Өсімдіктерді зерттеудің нәтижесі....................................................................30
9. Қорытынды.........................................................................................................31
10. Пайдаланылған әдебиет..................................................................................

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген