Білім беру саласы:
«Әлеумет»
Бөлімдері: Қоршаған ортамен
танысу.
Тақырыбы: Өсімдіктер түрлерімен
танысу
Мақсаты: Балаларды топқа келген кезде
бөлме өсімдігін алып күтеді. Бөлме
өсімдіктері балаларға қауіп
тудырмайтын болуға тиіс. Өсімдіктерді жақсы күтуге, жасыл достарға
зейін қойып, ұқыпты қатынас жасау үлгісін
көрсету.
Қажетті көрнекі
құралдар: Ыдыстағы бөлме
өсімдігі
Әдіс –
тәсілдер: сөздік, көрнекілік,
ойын.
Полегвальды компонент: өсімдік – растения –
piant
Шаттық
шеңбері:
Тәрбиеші балаларды «Күлімде
күн» атты шаттық шеңберге тұрғызады
Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын
Қырдың қызыл гүліндей
Қолдарына ту алсын
-Балалар, біз табиғаттың тірі
және өлі болып екіге бөлінетінін білеміз.
Қане, тірі табиғатқа не
жататынын кім айтып береді?
- Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге
бөлінеді.
-Біздің бүгінгі сабағымыз
бөлме өсімдіктері жайлы болмақ.
-Тәрбиеші бөлме гүлдерін көрсетіп,
әңгімелейді.
Барлық өсімдіктер күнді және
жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына
қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы
және гүлдері бар.
Біз енді өсімдіктерді қалай күтіп баптау керектігін білеміз.
- Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің
су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет.
Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз.
- Тәрбиеші гүлге су құйып, топырағын қопсытып көрсетеді.
- Мынау қандай гүл?
- Қане, иіскеп көрейік.
- Бегонияның түрі қандай?
- Ал жапырағы ше?
- Қандай әдемі гүлдер!
- Неліктен адамдар бөлме гүлдерін өсіреді?
Сергіту сәті
«Біз гүлдерше
өсеміз»
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып шайқалған
Балалар орыс тілінде өсімдік –
растения.дейді. Кәне бәріміз қайталайық.
Дидактикалық
ойын: «Тиісті бөлігін
тап»
Мақсаты: балаларды көрген
суреттерді есте сақтап, тиісті бөлігін тауып қоюға үйрету. Есте
сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын
дамыту.
Ойын барысы: балаларға қиылған
гүлдердің бөліктері беріледі. Тиісті бөлігін тауып, гүлді құрастыру
тапсырылады.
- Гүлдер бөлменің ауасын
тазартып, кейбір ауруларды емдеуге өте пайдалы, үйді де
әсемдейді.
Балалар бөлме өсімдіктерін бір-бірінен гүліне, жапырағына қарап
ажыратып, айырмашылығын табады.
Қорытынды.
балалар біз бүгін не туралы
әңгімеледік?
гүлдер жақсы өсі үшін оларға
не қажет?