400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өсімдіктер туралы не білеміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарын жанартылған бағдарлама бойынша бесінші сыныпқа қазақ тілінен ұстаздарға үлгі ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктер туралы не білеміз?

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

5.ӘТН3.Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Омоним, антоним, синонимдер




Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Ағаштар

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут



Сәлемдесу.

Топқа бөлемін Қима қағаздар арқылы топқа бөлу

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

1-топ:

2-топ:



3-топ:



«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Жаңа білім

10 минут












Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші- араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмірт.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.

Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әртүрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр.

Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әртүрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден, сын есімдерден, етістіктерден және үстеулерден кездеседі.














Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут












Қолдану

«Салыстыру кестесі»

Ортақ тапсырма: Тақтада сызылған кестеге жауаптарын стикерге жазып жабыстырады немесе, маркермен жазады.



Омоним


антоним


синонимдер














Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.













Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер













«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу



Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синонимдерді анықтаңыз. 
А) Жаман – нашар. 
В) Үлкен – кіші. 
С) Қайрат – мұрат. 
D) Биік – аласа. 
Е) Ерте - кеш 
Дұрыс жауап:А

«Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз. 
А) Жаман. 
В) Үлкен. 
С) Сұлу. 
D) Ерте. 
Е) Кеш. 
Дұрыс жауап:С

Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз. 
А) Мағыналары жақын сөздер. 
В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. 
С) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер. 
D) Заттың атын білдіретін сөздер. 
Е) Заттың сынын білдіретін сөздер. 
Дұрыс жауап:А

«Сұлу», «көркем», «әдемі» сөздер екенін анықтаңыз. 
А) Антоним сөздер. 
В) Омоним сөздер. 
С) Синоним сөздер. 
D) Қыстырма сөздер. 
Е) Қаратпа сөздер. 
Дұрыс жауап:С

Синонимдік қатарды көрсетіңіз. 
А) Мұғалім – ұстаз. 
В) Биік – аласа. 
С) Ерте - кеш. 
D) Жарық - қараңғы. 
Е) Терезе - есік. 
Дұрыс жауап:А

Мағыналары жақын сөздер қалай аталатынын көрсетіңіз. 
А) Антоним. 
В) Омоним. 
С) Зат есім. 
D) Синоним. 
Е) Етістік. 
Дұрыс жауап:D





Бағалау



5 минут





















Кері байланыс

3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:



2:



Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:



2:



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі