Өсімдіктердің негізгі бөліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өсімдіктердің негізгі бөліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
өсімдік түрлерімен танысу, өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім/бөлімше

Жанды табиғат/ 2.1 Өсімдіктер

Педагогтің аты-жөні

Калиева Б.Т

Күні


Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктердің негізгі бөліктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

        1. қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

        2. көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабақтың мақсаты

өсімдік түрлерімен танысу, өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату


Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

«Кел ойланайық»

«Ашық микрофон» әдісі бойынша мұғалім сұрақтар қояды:

  • Табиғат дегеніміз не?

  • Табиғат нешеге бөлінеді, түрлерін ата.

  • Жанды табиғатқа нелер жатады?

    • Жансыз табиғатқа нелер жатады?

    • Өсімдік дегеніміз не?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ҚБ: дұрыс жауап берген оқушыға қол шапалақтау арқылы қолдау көрсетіледі.



Оқулықпен жұмыс

  • Суреттен нелерді көріп тұрсың?

  • Оларды қалай топтауға болады? Оқулықтағы ағаш, бұта, шөптесін өсімдік суреттерін бақылау, бір- бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын анықтау мақсатында жұмыс жүргізіледі.

«Салыстырайық»

Суреттегі өсімдік түрлерін мына ерекшеліктер арқылы салыстырады: діңі, бұтағы, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі. Гүлдің сабағының әлсіз екендігіне, ағаш діңінің жуан болатынына назар аударады. Үш түрлі өсімдік тобындағы ұқсастықтарды анықтайды: тамыры болады, өседі, бүршік жарады, жапырақ шығады, ауаны тазартады. Олардың өсуіне жарық, жылу, топырақ, ауа қажет.



Сабақтың ортасы

«Тыңдайық» Оқулықпен жұмыс

Өсімдік үш түрлі қарапайым топқа бөлінеді. Олар: ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Ағаш

бір ғана діңі бар көпжылдық өсімдік.

Ал бұта – бірнеше сабағы бар көпжылдық өсімдік.

Бұталарда дің болмайды. Бұталар ағаштарға қарағанда аласа болады. Шөптесін өсімдіктер – жұмсақ сабақтары бар біржылдық және көпжылдық өсімдіктер. Қолайсыз жағдайда шөптесін



Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды.

Түсіндірме кезінде өздерінің ой қорытындыларын қосып айтады.




өсімдіктердің жерүсті бөлігі қурап қалады.

Өсімдіктер жабайы және мәдени болып екіге бөлінеді. Адам өсіретін өсімдіктер мәдени өсімдіктер деп аталады. Адам мәдени өсімдіктерге күтім жасайды. Оның жемісін тағам ретінде пайдаланады. Мәдени өсімдіктерге жемістер, көгөністер, дәнді дақылдар, сәндік өсімдіктер жатады.

Адам күтім жасамайтын өсімдіктер жабайы өсімдіктер деп аталады. Олар далада, шалғында, орманда өседі.





«Анықтайық»

Суретке назар аудар. Өсімдіктің бөліктерін ата. Тамыр қандай қызмет атқарады деп ойлайсың? Сабағы ше?

Анықтау жұмысын жүргізеді.

Сурет бойынша өсімдіктің бөліктерін атайды. Тамырдың қызметі туралы ойланып, өз болжамдарымен бөліседі. Сабақтың маңыздылығы туралы айтады.

Венн диаграммасы бойынша сыныптағы гүл мен партаны салыстырады.








ҚБ: мұғалімнің

«Жарайсың», «Керемет»,

«Жақсы» деген қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.


Жабайы және мәдени өсімдіктердің суреттері

«Салыстырайық»

Сыныптағы бөлме өсімдіктеріне назар аудар. Оларды сыныптағы жансыз заттармен салыстырып, айырмашылығын айт.



ҚБ: мұғалім жұптық жұмыста белсенділік танытқан оқушыларды

«Фигуралар» әдісі арқылы бағалайды. Жұлдызша –

«Жарайсың!».

Тіктөртбұрыш –

«Жақсы!».

Үшбұрыш –

Shape1 Shape2 Shape3





«Бес саусақ» әдісі. Параққа алақандарын қойып, жиегін қаламмен айналдырып өтеді. Бүгінгі сабақта танысқан материалдары бойынша саусақ бойын жаңа материалмен безендіру жұмысын жүргізеді.

Басбармақ – тамыры. Балалы үйрек – сабағы. Ортан терек – жапырағы.

Шылдыр шүмек – гүлі, жемісі.

Кішкентай бөбек – тұқымы.

«Талпын!


Оқушылардың жұмысын бақылайды. Көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетеді.









(Өзіндік) Дәптермен жұмыс

  1. Бос торкөзге сәйкес шартты белгіні салғызады.

  2. 2. Өсімдіктің даму ретін белгілеп көрсетуге тапсырма береді.

Оқушылар үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш белгілерін өсімдік түрлері бойынша қойып шығады.

Шартты белгілер: ағаштар – ; бұталар – ;

шөптесін өсімдіктер – .



2. Өсімдіктің даму ретін белгілеп көрсетеді.

ҚБ: мұғалімнің қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.


  • өсімдіктің үш тобын белгілеріне қарап анықтайды, ұқсастығы мен айырмашылығын зерделей алады.


  • өсімдіктің үш тобын белгілеріне қарап анықтайды, ұқсастығы мен айырмашылығын зерделеуде қиналады.


Shape4 Shape5 Shape6





өсімдіктің үш тобын белгілеріне қарап анықтайды, ұқсастығы мен айырмашылығын зерделей

алмайды.


Сабақтың соңы

Тірек сөздермен жұмыс Ағаш, бұта, шөптесін өсімдік Жетекші сұрақтар:

  • Қандай өсімдіктің діңі бар?

  • Бойы аласа, бұтағы жіңішке қандай өсімдік?

  • Сабағы жұмсақ өсімдік қалай аталады?

  • Өсімдіктің қанша түрі бар?


Сұрақтарға жауап береді:

  • Ағаштың діңі болады.

  • Бұтаның бойы аласа, бұтағы жіңішке болады.

  • Шөптің сабағы жұмсақ болады.

  • Өсімдіктің үш түрі бар: ағаш, бұта, шөптесін өсімдік.



Рефлексия

Рефлексия

Өздеріне ұнаған сөйлемдегі ойды жалғастыруды ұсынады.


Өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • Бүгінгі сабақта мен ... түсіндім, ... білдім, ... көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта мені қуантқаны – ...

.

  • Мен өзімді ... үшін мақтар едім.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2023
599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі